Nutrilite™
Қаражидек плюс лютеин, 62 таб.

₸ 16 390,00
₸ 13 931,0013931.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 104144
Салмағы/көлемі: 62 таб.
Мөлшері:

    NUTRILITE™ – ГАДЖЕТТЕР ЭКРАНДАРЫНЫҢ КӨК СӘУЛЕЛЕНУІНЕН КӨЗДІ СЕНІМДІ ҚОРҒАУ.

    NUTRILITE™ Лютеинінің биологиялық белсенді қоспасы көз саулығы мен көру өткірлігін қолдауға көмектесетін лютеиннің, антоциандардың және А дәруменінің оңтайлы дозасын қамтиды.

    Қолдану:
    Өнім гаджеттердің өсіп келе жатқанын ескере отырып, көздің саулығы мен олардың визуалды функциялары туралы ойлайтындардың бәріне пайдалы болады - бұл смартфондар, ноутбуктар және теледидарлар сияқты сандық құрылғыларға қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы.

    ҚАРАЖИДЕК ПЛЮС ЛЮТЕИН NUTRILITE™ - ГАДЖЕТТЕРДІҢ КӨК СӘУЛЕЛЕНУІНЕН КӨЗДІ СЕНІМДІ ҚОРҒАУ.
    • Лютеиннің тәуліктік тұтыну нормасы бір таблетка.
    • Көруді кешенді қорғауға арналған А дәрумені мен антоциандар.
    • 4 капсуланың орнына бір таблетка қабылдау курсты 4 есе арзан сатып алуға мүмкіндік береді*!

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

    *Алдыңғы формуламен салыстырғанда.
    ӨНІМДЕР ЕАЭО-ДЕГІ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ. БАРЛЫҚ ӨНІМ КО ТР 021/2011 «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТАЛАПТАРЫНА; КО ТР 022/2011 «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ТАҢБАЛАУ ТҰРҒЫСЫНАН», КО ТР 029/2012 «ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАР, ХОШ ИІСТЕНДІРГІШТЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА» СӘЙКЕС КЕЛЕДІ.

    NUTRILITE™ ББҚ-ЛАРЫ ТЕК ЖЕКЕЛЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ТҰТЫНУЫНА АРНАЛҒАН. ББҚ-НЫ ТҰТЫНУДЫҢ ЖӘНЕ САТУДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ӘДІСТЕРІНЕ ҚР МЕН ЕАЭО ЗАҢНАМАЛАРЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА РҰҚСАТ ЕТЕДІ. NUTRILITE™ ББҚ-ЛАРЫН «AMWAY CENTRAL ASIA» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДҮКЕНДЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ. ДҮКЕНДЕРДІҢ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ӨНІМДЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН WWW.KZ.AMWAY.COM САЙТЫНАН НЕМЕСЕ 8-800-070-55-08 НӨМІРІ БОЙЫНША ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ.
    ӨНІМДЕР ЕАЭО-ДЕГІ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ. БАРЛЫҚ ӨНІМ КО ТР 021/2011 «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТАЛАПТАРЫНА; КО ТР 022/2011 «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ТАҢБАЛАУ ТҰРҒЫСЫНАН», КО ТР 029/2012 «ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАР, ХОШ ИІСТЕНДІРГІШТЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА» СӘЙКЕС КЕЛЕДІ.

    NUTRILITE™ ББҚ-ЛАРЫ ТЕК ЖЕКЕЛЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ТҰТЫНУЫНА АРНАЛҒАН. ББҚ-НЫ ТҰТЫНУДЫҢ ЖӘНЕ САТУДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ӘДІСТЕРІНЕ ҚР МЕН ЕАЭО ЗАҢНАМАЛАРЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА РҰҚСАТ ЕТЕДІ. NUTRILITE™ ББҚ-ЛАРЫН «AMWAY CENTRAL ASIA» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДҮКЕНДЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ. ДҮКЕНДЕРДІҢ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ӨНІМДЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН WWW.KZ.AMWAY.COM САЙТЫНАН НЕМЕСЕ 8-800-070-55-08 НӨМІРІ БОЙЫНША ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ.
    Барлығын көрсету

    Кішкентай кезімізде кітапты кеміріп, көп оқығанымыз үшін аналарымыз бен әжелеріміз сары уайымға салынатын, себебі ол көзді құртады. Бірақ олар қазіргі немерелері мен шөберелері көздерін қалай қинайтынын білмеді.

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Сары түс шағылысса, оның ешқандай зияны жоқ, ал көк түсті қысқа толқынды сәулелердің кері әсері әлдеқайда көп. Олар көздің ішкі тор қабығын зақымдайды. Қазіргі уақытта біз мобильдік құрылғылар мен компьютер экранының алдында бұрын теледидардың алдында отырғаннан бірнеше есе көп отырамыз. Кітап оқу соншалықты қауіпті болмай қалды, ал көзілдірік өміріміздің ажырамыс бөлігіне айналды.

    Біз жаңашылдыққа бейімделіп келеміз, сондықтан көзімізге жасайтын күтім түрлерін де өзгертуіміз керек. Біздің алдымызда екі жол тұр: біріншісі — онлайн оқу мен жұмыс істеуден бас тарту, екіншісі — көру органдарына күтім жасау.

    Лютеин қалай көмектесетінін қарастырып көрейік. Өсімдіктердің негізгі міндеті күн сәулесін өзіне сіңіру екенін және олардың қысқа ғұмыры күн сәулесіне тәуелді екенін жақсы білеміз. Өсімдіктер әлемі эволюциялық сатыладан өтіп, қоршаған ортаға бейімделгені соншалық, ешбір сәулені жібермейді. Спектрдің негізгі бөлігін хлорофилл сіңіреді. Сонымен қатар спектрдің көк, қызыл және жасыл сияқты басқа бөліктерін де жоғалтып алмау керек. Ол үшін гүлдердің, жапырақтардың және жемістердің реңктері әртүрлі болады. Демек, олардың сәуле сіңіретін түстері де әртүрлі.

    Хлорофилге қолжетімсіз көк спектрдің бөлігін лютеин сіңіреді. Бұл пигменттің смартфондар мен ноутбуктардан шығатын жарықты ұстап қалатын және көзді қорғайтын қасиеті бар. Спектрдің көкшіл күлгін бөлігін өзіне сіңіру арқылы лютеин еркін радикалдар мен қышқылдардың артық бөлігін зарарсыздандырады.

    Лютеин түрлі түсті реңктен тұратын каротиноидтерге жатады және оның биоқолжетімділігі өте жоғары (шамамен 80%). Ол жақсы сіңеді, бірақ ол үшін тұтынатын тамақтың құрамында май болуы керек. Сондықтан лютеині бар қоспаларды тамақ барысында қабылдау керек.

    Лютеиннің әсерін күшейтуге бола ма? Оның қорғағыштың функциясын барынша арттыратын заттар бар ма?

    Иә, олар антоциандар деп аталады (грек тілінен аударғанда «көк гүл» дегенді білдіреді). Бір таңғаларлығы, атауы сондай болғанымен, антоциандар көк түсті спектрді сіңірмейді. Дегенмен қабынуға қарсы тұратын қасиеті бар, қан тамырларының қабырғаларын күшейтеді және қалпына келтіру процесін жеделдетеді. Қаражидек пен лютеиннің антоциандар комбинациясының синергетикалық әсері бар және көзге қажетті қорғанысты қамтамасыз етеді.

    Дәрумендердің қайсысы көзге пайдалы? А дәрумені көзге пайдалы. Ол антиоксидант сияқты ультракүлгін және көк түсті жарық сәулелерінің әсерінен пайда болатын еркін радикалдардан көзді қорғайды. Сонымен қатар ол жанардың ерекше түс ферментінің бір бөлігі болып табылады. А дәруменінің жетіспеуі түстерді ажырату мүмкіндігін төмендетеді. Ондай жағдайлар әдетте ымырт уақытында, нысандарға жарық аз түскенде байқалады.

    Amway ұсынған NUTRILITE Көкжидек пен Лютеин деп аталатын биологиялық белсенді қоспасы көзге қажетті маңызды компоненттердің олқылықтарын толтырады.

    Көзді жиі демалдырыңыз. Компьютермен жұмыс істегенде үзіліс жасап тұруды ұмытпаңыз. Мүмкін болса, қаріптерді үлкейтіп алыңыз. Иероглиф жазбасын пайдаланатын аймақтардың тұрғындарында көз басқаларға қарағанда тез зақымдалатыны дәлелденген. Ол көзге түсетін жүктеменің жоғары болуына байланысты. Тағы бір тиімді әдістердің бірі — көзге жаттығу жасау: алыста тұрған заттар мен жақында тұрған заттарға алма-кезек қарауға тырысыңыз. Көзді міндетті түрде көкшіл күлгін спектрден қорғаңыз. Әлемнің мың түрлі бояуын көріп, шаттыққа кенеліңіз!

    Барлығын көрсету
    Тасымалдаушы: микрокристалды целлюлоза, қаражидек сығындысы (Vaccinium myrillus), сахароза, жүгері крахмалы, тұрақтандырғыш: агар, пальма майы (Elaeis Guineensis), қарақат экстракті (Ribes Nigrum), асжапырақтың ұнтағы (Spinacia Oleracea), жылтыратқыш: май қышқылдары, (Tagetes Erecta), мальтодекстрин, тұрақтандырғыш: кроксарамеллоза, антитығыздалғыштық агенті: аморфты кремний диоксиді, тотықсыздандырғыш: аскорбил пальмитаты, тұрақтандырғыш: гидроксипропил метилцеллюлоза, тұрақтандырғыш: май қышқылдары, кальций тұздары, антиоксидант: токофераттар, қоспалар kislitel натрий аскорбат тұрақтандырғыш: гумиарабик, ылғал ұстағыш агент: глицерин, А дәрумені (ретинол ацетаты), жылтыратқыш: карнаубский балауыз, тотықсыздандырғыш: альфа-токоферол.
    Барлығын көрсету
    Өнім гаджеттердің өсіп келе жатқанын ескере отырып, көздің саулығы мен олардың визуалды функциялары туралы ойлайтындардың бәріне пайдалы болады - бұл смартфондар, ноутбуктар және теледидарлар сияқты сандық құрылғыларға қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы.
    Барлығын көрсету