Ас үйге арналған жуғыш заттар

Amway каталогында ұсынылған ас үйге арналған концентрацияланған тазартқыш құралдар кез келген кеуекті емес беттердегі ластануларды жақсы кетіреді. Олар тіпті сіңіп кеткен майды, қатып қалған тамақ қалдықтарын, күйіп жабысқан қант пен күйені кетірумен, барлық негізгі жұмысты тындырады: сізге құрамды ластанған жерге жағып, артынан күш салусыз сүртіп алу ғана қалады.

Amway Home™ ұсынған ас үйге арналған жуғыш құралдардың тек кейбір ғана артықшылықтары:

  • Үнемділік. Біз жоғары концентрацияланған құрамдарды шығарамыз. Олар аз мөлшерде жұмсалады. Home™ өнімдер желісінде өздерін сумен араластыру керек болатын тұрмыстық құралдар бар, соған орай олардың көлемі артып, жұмсалу мөлшері азаяды.
  • Қауіпсіздік. Тұрмыстық химияның негізін адамға, жануарлар мен қоршаған ортаға қауіпсіз табиғи құрамдас заттар құрайды. Сіз жақындарыңыздың денсаулығына алаңдамасаңыз болады: жиі қолданылатын құралдардың құрамында күйдіргіш заттар, фосфаттар мен хлор құрамды ағартқыштар жоқ.
  • Қолданылуы қарапайым. Ас үйге арналған құрамдар майды, қатып қалған тамақты, күйіктерді және басқа да кетуі қиын ластанулардың жақсы жұмсартады. Сізге ластанған бетті тазалау үшін оны ысқылап немесе қырғыштап жатудың қажеті жоқ: Amway барлығын өзі жасайды.
  • Әсері бетті зақымдамайды. Amway Home™ құралдарының құрамында қажағыш заттар жоқ, сол себептен духовка, плита, үстелүсті немесе жиһаздың бетінде сызаттар қалады деп қорықпасаңыз болады.

Ерекше күрделі тапсырмаларды орындау үшін Home™ өнімдер желісінде әсері күшті өнімдер бар. Олар қалған тазартқыш құралдар кетіре алмайтын жерлердегі: тамақ пісіретін панельдің бетіндегі, духовканың қабырғаларындағы, барбекюге арналған табалардағы және грильге арналған торлардағы май мен күйені кетіруге көмектеседі. Amway Home™ өнімдері

көзге көрінетін тазалықты емес, нағыз тазалық сезімін сыйлайды, ал бұл ас үй үшін ерекше маңызды болып табылады, себебі біз тамақтанатын жерлерге жоғары гигиеналық талаптар қойылады емес пе.

Ас үйді тазалауға және майды кетіруге арналған құралдардың барлығын сайтымызда тіркеліп жеңілдікпен сатып алыңыз! Жеткізудің ыңғайлы әдісін таңдаңыз: керекті мекенжайына курьермен жеткізу немесе өзі келіп алып кету орнына.


*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін.
Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.Amway.com сайтынан танысуға болады.