Жиынтығы жеңілдікпен

Artistry Signature Select™
«Барлығы және бірден» жинағы

₸ 49 716,00
₸ 42 259,0042259.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 124919
Салмағы/көлемі: 1 жинақ
Мөлшері:

    «Боди фитнес» дене терісіне арналған күтім көрсету жинағымен бірге күнделікті дербестендірілген спа-процедураңыз сізге ыңғайлы уақытта!

    КӨРІҢІЗ! ҮЙЛЕСТІРІҢІЗ! РАХАТТАНЫҢЫЗ!

    Дене терісіне күтім көрсету әлі ешқашан осындай жеңіл әрі жағымды болған емес! Түрлі текстуралар мен хош иістер күтім көрсету процедурасын сұлуықтың нағыз салтына айналдырады.

    Бодимаскинг техникасын қолдана отырып, қарапайым ережені орындаған маңызды: кремдерді алдын ала тазаланған теріге жағу.

    «БОДИ ФИТНЕС» БОДИМАСКИНГІНІҢ РЕЦЕПТІСІ:

    1. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫРШАҚТАНДЫРҒЫШ СКРАБТЫ – теріні күшейту және тазарту үшін қолданыңыз. Проблемалы аймақтар – сан, жамбас, іш, сондай-ақ терінің ең құрғақ жерлеріне көңіл бөліңіз. Теріні табаннан бастап, қолдарға қарай жоғары жылжып, ақырын уқалаңыз. Шайып тастаңыз. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген қара қарақат сығындысының, сондай-ақ асаи, наурызгүл және перилла эфир майлары қоспасының арқасында тері жұмсақ және серпінді болады.
    2. ЛИФТИНГ ӘСЕРІ БАР ЦЕЛЛЮЛИТКЕ ҚАРСЫ ЛОСЬОНДЫ тері әрдайым жазық болуы үшін таңертен және кешке қолданыңыз. Құралдың толық сіңуіне дейін проблемалы аймақтардағы теріні шеңбер бойынша қимылмен уқалаңыз. Кофе дәндерінің майы, кофеин және теңіз балдырларының сығындысының арқасында тері жазық және тегістеу болады. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген анар сығындысы оны қоршаған ортаның зиянды әсер етуінен қорғайды.
    3. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН НӘРЛЕНДІРГІШ ТЕГІСТЕГІШ КРЕМ таңертеңгі шараны аяқтайды. Кремнің құрамында наурызгүл майы мен NUTRILITE™ чиа ақ дәндерінің сығындысы бар, олар дененің терісін терең нәрлендіріп, оның ылғал ұстаушы бөгетін күшейтеді. Тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген ацерола шиесі сығындысының арқасында тері бос радикалдар мен ластанулардың әсерінен қорғалады және күтілген болады.
    Барлығын көрсету

    БОДИМАСКИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Бодимаскинг – ол оңтайлы нәтижеге жету үшін дене терісіне күтім көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында бірнеше құралдарды қадамдап қолдану.

    БОДИМАСКИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

    • Теріге күтім көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
    • Терінің нақты қажеттіліктерін шешеді.
    • Жағымды хош иістердің және түрлі текстуралардың арқасында ерекше сезімдік ләззат сыйлайды.
    • Тиімдірек және жылдамырақ нәтижелерді қамтамасыз етеді.
    • Жуыну бөлмеңізде керемет спа-күтім жасауға мүмкіндік береді.
    Барлығын көрсету

    ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

    Целлюлитке және терінің тегіссіздігіне қарсы күресудің ең қолайлы нәтижесін алу үшін массажерді немесе люфадан жасалған арнайы қолғапты пайдаланыңыз. Душ қабылдағаннан кейін денені сүлгімен ысқылап, лифтинг әсері бар целлюлитке қарсы лосьонды жағыңыз. Денені одан да жетілген ету үшін оны жүйелі түрде құрғақ щеткамен уқалаңыз, спортпен айналысуға және дұрыс сусын ішу режиміне бейқам қарамаңыз.

    Барлығын көрсету