BB крем

BB-крем — терінің кемшіліктерін жасыратын, беттің түсін біркелкі ететін, алайда оның табиғи реңін сақтайтын жеңіл құрал. Оның бірнеше артықшылығы бар:

  • байқалмайтын макияж жасау үшін мінсіз болып табылады;
  • бірнеше әдіспен қолдануға болады;
  • кез келген типтегі теріге арнап қолдануға келеді;
  • теріге күтім жасауды, ылғалдауды, УК-сәулелерден қорғауды қамтамасыз етеді.

BB-кремді қалай қолдану керек?

Кремді ылғалдандырғыш құралдан кейін немесе таза теріге жағуға болады. Сіз кез келген ыңғайлы әдісін таңдасаңыз болады:

  • макияжға арналған қылшақпен (оның көлемді және жұмсақ болғаны жақсы);
  • кішкентай спонжбен (біркелкі жұқа қабат түзіледі);
  • саусақпен теріні ақырын соққылай отырып.

ББ-кремді терінің кемшіліктерін жасыру үшін немесе беттің пішінін айқындау үшін басқа құралдармен бірге қолданыңыз:

  • консилерлермен;
  • түзеткіш құралдармен;
  • опамен;
  • праймерлермен және басқа құралдармен бірге.

Көп жағдайда дәл осы ББ-крем реңдік құралдардың жеке рейтингісінің алғашқы ондығында болып отырады. Оған бірнеше себеп бар:

  • ол жеңіл, тері тартылғандай сезім пайда болмайды, терінің тыныстауына кедергі жасамайды;
  • теріні тітіркендірмейді, терінің аса сезімтал бөліктеріне (мысалы, көз айналасындағы теріге) арнап қолдануға келеді;
  • қандай әдіспен жағылғанына қарамастан теріде байқалмайды, сонымен бірге терідегі кеңейген ұсақ тесіктерді, терінің қызаруын және басқа да кемшіліктерін жақсы «жасырады».

Amway-дің ARTISTRY EXACT FIT™ — табиғи сұлулыққа арналған

Amway ARTISTRY EXACT FIT™ кремі мінсіз рең жасауға көмектеседі және теріге жұмсақ күтімді және оны тіпті аса ыстық күндері УК-сәулелерден қорғауды қамтамасыз етеді. Ол мінсіз макияж бен жұмсақ күтім жасау үшін бірден бірнеше технологияларды қолданумен шығарылған:

  • Құрамында жарық шағылыстырғыш бөлшектер мен меруерт бар. Олар теріні іштей жарқыратады.
  • Жеңілдік пен тұрақтылықтың теңгерімі. Реңдік құрал теріде сезілмейді, ал Color Lock технологиясы пигменттерді кез келген жағдайларда тіпті ыстық немесе ылғал ауа-райы жағдайында ұстап тұрады.
  • ARTISTRY™ косметикасы қауіпсіз және бұл дерматологиялық сынақтармен расталған. Ылғалдандырғыш, қоректендіргіш құрамдас заттардың арқасында бет терісінің күні бойғы күтімі қамтамасыз етіледі.
  • SPF-сүзгілер ультракүлгін сәуледен қорғауды қамтамасыз етеді.

Amway ARTISTRY EXACT FIT™ желісінің құралдарын* басқа түзеткіш құралдардың әсерін жақсартып және ұзарту үшін оларды жағудың алдында негіз ретінде қолданып отыруға болады. Олар терінің реңін анағұрлым қарқынды түрде түзетуге арналған CC-кремдерге қарағанда жеңілдеу болып келеді.

ARTISTRY EXACT FIT™ желісінің косметикасын ресми интернет-дүкенінен сатып алуға болады. Көбірек ақпарат алып, өнімдер туралы пікір қалдыру үшін немесе тапсырыс жасау үшін хабарласыңыз.

*Сатылымдағы тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан танысуға болады.