Жиынтығы жеңілдікпен

Artistry Signature Select™
«Боди фитнес» жинағы

₸ 72 599,00
₸ 61 709,0061709.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 124903
Салмағы/көлемі: 1 жинақ
Мөлшері:

    «Барлығы және бірден» дене терісіне арналған күтім көрсету жинағымен бірге күнделікті дербестендірілген спа-процедураңыз сізге ыңғайлы уақытта!

    КӨРІҢІЗ! ҮЙЛЕСТІРІҢІЗ! РАХАТТАНЫҢЫЗ!

    Дене терісіне күтім көрсету әлі ешқашан осындай жеңіл әрі жағымды болған емес! Түрлі текстуралар мен хош иістер күтім көрсету процедурасын сұлуықтың нағыз салтына айналдырады. Бодимаскинг техникасын қолдана отырып, қарапайым ережені орындаған маңызды: кремдерді алдын ала тазаланған теріге жағу.

    «БАРЛЫҒЫ ЖӘНЕ БІРДЕН» БОДИМАСКИНГІНІҢ РЕЦЕПТІСІ:

    1. ДУШҚА АРНАЛҒАН ЖҰМСАРТҚЫШ ТАЗАЛАҒЫШ ГЕЛЬДІ осы керемет күтімнің бірінші кезеңі ретінде қолданыңыз. Көпіртіңіз: гель сергіткіш көбікке айналады, осыдан кейін шайып тастаңыз. Перилла мен наурызгүлдің нәрлендіргіш эфир майлары теріні жұмсартады, тегістейді және ылғалдандырады, ал NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген цитрус тұқымдастардың сығындылары теріні құрғақтықтан, ластанулардан, микрошаңнан және басқа да зиянды сыртқы факторлардан қорғай отырып, оның қорғаныш бөгетін белсенді күшейтеді.
    2. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫРШАҚТАНДЫРҒЫШ СКРАБТЫ екінші қадам ретінде қолданыңыз. Скраб бүкіл дененің терісін жұмсартумен және тазалаумен бірге проблемалы жерлерде целлюлитке қарсы құралдың әсерін толықтырады. Денені төменнен жоғары қарай жылжып, ақырын скрабтаңыз. Шайып тастаңыз. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген қара қарақат сығындыларының, сондай-ақ асаи, наурызгүл және перилла эфир майлары қоспасының арқасында тері жұмсақ және серпінді болады.
    3. ЛИФТИНГ ӘСЕРІ БАР ЦЕЛЛЮЛИТКЕ ҚАРСЫ ЛОСЬОН теріні бұрынғысынан да жазық етеді. Кофе дәндерінің майы, кофеин, теңіз балдырларының сығындысының және сондай-ақ NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген анар сығындысының арқасында тері жазық және тегістеу болады. Құралдың толық сіңуіне дейін проблемалы аймақтардағы теріні шеңбер бойынша қимылмен уқалаңыз. Лосьонды таңертең және кешке қолданыңыз.
    4. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН НӘРЛЕНДІРГІШ ТЕГІСТЕГІШ КРЕМ теріні едәуір жылтыраған және жаңартылған етіп, күтім көрсетуді толықтырады. Кремнің құрамына кіретін наурызгүл майы мен NUTRILITE™ чиа ақ дәндерінің сығындысы дененің терісін терең нәрлендіріп, оның ылғал ұстаушы бөгетін күшейтеді. Құралдың құрамында NUTRILITE™ ацерола шиесі сығындысының негізінде жасалған эксклюзивті ағартушы кешен бар, ол теріні жылтыраған етеді.
    5. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫШ ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ ГЕЛЬДІ душтан кейін жағу керек. Ол теріні күні бойы қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды және оны 48 сағатқа ылғалдандырады. Оның зияткерлік формуласы ылғалдандыру деңгейін реттеп, терінің жеке қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген көк шай мен шабдалы гүлінің сығындылары антиоксиданттарды қамтиды және теріні бос радикалдардан қорғайды, сыртқы факторлардың жағымсыз әсерімен күреседі.
    Барлығын көрсету

    Бодимаскинг дегеніміз не?

    Бодимаскинг – ол оңтайлы нәтижеге жету үшін дене терісіне күтім көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында бірнеше құралдарды қадамдап қолдану.

    Бодимаскингтің артықшылықтары

    • Теріге күтім көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
    • Терінің нақты қажеттіліктерін шешеді.
    • Жағымды хош иістердің және түрлі текстуралардың арқасында ерекше сезімдік ләззат сыйлайды.
    • Тиімдірек және жылдамырақ нәтижелерді қамтамасыз етеді.
    • Жуыну бөлмеңізде керемет спа-күтім жасауға мүмкіндік береді.
    Барлығын көрсету

    Колдану бойынша ұсыныстар

    Жазда денеге арналған қорғаныш ылғалдандырғыш гельді ылғалды теріге табаннан бастап мойынға қарай шеңбер бойынша қимылмен жағып, жиірек қолданыңыз. Қыста – нәрлендіргіш тегістегіш крем. Шынтақтың, тізенің және табанның терісін жұмсарту үшін денеге арналған қабыршақтандырғыш скрабты қолданыңыз.

    Барлығын көрсету