Amway™ Хош иістері
FLORA CHIC иіс суы

₸ 42 520,00
₸ 36 142,0036142.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 119630
Салмағы/көлемі: 50 мл
Мөлшері:

    'Премиум-кластың бірінші өнімі ARTISTRY™ таңдаулы құралдарының желісін кеңейтеді. Немқұрайлы кербездік, еліктіруші әсемдік және, француздар айтатындай, joie de vivre — өмір сүруге шексіз құштарлықты өз бойларынан көрсететін әйелдер жаңа хош иісті әзірлеу үшін шабыт берді.

    ARTISTRY Flora Chic™ хош иісі премиум-класс өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын аса жоғары сапа шарттары мен өндірістің ерекше технологияларына сәйкес әзірленді. Көпқырлы қызғылт хрустальдан жасалған бағалы құтыда жүректі тәтті елітетін жарқын елестер жасырылған:

    Қуаныш қуаты

    Хош иістің жоғарғы нотасы өзіне мандарин гүлінің нәзік иісі мен апельсиннің тәтті жемістерінің иісін жинаған француз клементинінің шырынды балғындығын сыйлайды.

    Сезімтал ләззат

    Болгар раушаны жылдың тек бір айында ғана өзінің барқыт хош иісін сақтайды. ARTISTRY Flora Chic™ жүрек нотасы оның иісінің барлық байлығын керемет шоғырда жинады. Әр гүл қолмен кесілді.

    Үйлесім және еркелік

    Мадагаскар иланг-илангының толық жетіліп ашылған гүлінің тынықтыратын және жеңілдендіретін жұмсақ, қанық
    иісі хош иістің шлейфтік нотасының негізіне алынды.

    Артықшылықтары

    ARTISTRY Flora Chic™ хош иісі ARTISTRY™ бренді үшін күрделі парфюмерлік композицияларды әзірлеу
    саласында танымал әлемдік лидер — «Живодан» (Givaudan)
    компаниясымен арнайы әзірленді.

    ARTISTRY Flora Chic™ бірегей қайталанбас әйелдерге тән хош иісін әзірлеу үшін, 100-ге таман композиция таңдалып, кейіннен ерекше реңктермен толтырылды. Жоғары сапалы шикізатты пайдалану мен мұқият
    теңгерілген ноталар үйлесімі мінсіз хош иісті жасауға мүмкіндік берді.
    Әтір орамасы талғампаздығымен және сызықтарының әсемдігімен ерекшеленеді. Дизайны мен бірегей қақпағын жасауда 28 шебер жұмыс істеді, бұл бір кішкентай бөлшекте жиырма түрлі элементтерді үйлестіруге мүмкіндік берді.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

    Барлығын көрсету

    ARTISTRY Flora Chic™ — хош иістендіргіш майларының  концентрациясы жоғары парфюмерлік су (иіссуға 
    қарағанда). Олар хош иісті тұрақтырақ етеді және оны қолданудың ұмытылмас сәттерін береді.

    Барлығын көрсету

    ALCOHOL DENAT., FRAGRANCE / PARFUM , WATER/AQUA/EAU, ETHYLHEXYL METHOXYCINNAMATE, T-BUTYL ALCOHOL, BUTYL METHOXYDIBENZOYLMETHANE, ETHYLHEXYL SALICYLATE, RED 33 (CI 17200), VIOLET 2 (CI 60725), DENATONIUM BEONZOATE, BENZYL BENZOATE, BENZYL SALICYLATE, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL, CITRAL, CITRONELLOL, EUGENOL, FARNESOL, GERANIOL, HEXYL CINNAMAL, HYDROXYCITRONELLAL, ISOEUGENOL, LIMONENE.

    Барлығын көрсету

    Өз иесіне ілескен әтір иісі қол созым қашықтыққа дейін таралады, алайда одан артық емес – өйткені жақсы мінездің
    ережелері осындай. Біздің иісті сезуіміз хош иіске үйреніп кетеді және оны қоршаған адамдардан бұрын
    сезуді тоқтатады. Әтірді тым жиі жаңарту қажет емес, одан да оны қолдану алдында теріні жеңіл
    ылғалдандырған қолайлы – хош иіс ұзағырақ сақталады. Иістің қарқындылығын азайту қажет болса,
    әтірді өз алдына тозаңдатып, осы хош иіс тозаңынан өтіңіз.

    Барлығын көрсету