Күннен қорғайтын құралдар

Бет пен денеге арналған күннен қорғайтын косметиканы таңдап алған кезде өз фототипіңізге, яғни шашыңыз пен теріңіздің түсіне сүйеніп отырыңыз. Осы белгілер бойынша дермаңыздың меланин пигментін өндіруге деген қабілетін бағалауға болады, меланин пигменті ультракүлгін сәуледен қорғайды. Дермаңыз меланин затын неғұрлым көбірек бөлген сайын, табиғи қорғаныс соғұрлым жоғары болмақ және қосымша тосқауылдарды қажетсіну шамасы да соғұрлым төмен болады.

Егер теріңіз сүттей ақ немесе жай ғана ақшыл түсті болып және шашыңыз сары немесе сары-сұрғылт түсті болса, демек, сіз күннен қорғанудың ең жоғары дәрежесіне мұқтажсыз. Мұндай қорғану қамтамасыз етілмеген жағдайда сіз күнге тез күйіп кетесіз, ал уақыт өте келе теріңізде пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін. SPF50 белгісі бар кремдер мен лосьондарды сатып алып отырыңыз.

Егер сіздің теріңіз ақшыл немесе секпілсіз аздап қоңырқай болып және шашыңыздың түсі қызғылт-қоңыр немесе қоңырқай-сұрғылт болса, сізге SPF30 күннен қорғау факторы бар бет пен денеге арналған өнімдер келеді.

Шашы қаралтқым, терісі қоңырқай адамдар да күннен қорғайтын құралдармен қорғалып отырғаны дұрыс. SPF15 күннен қорғау факторына ие кремдер мен лосьондарды таңдап отырыңыз.

Artistry өнімдері ассортиментінің құрамында күнге күюге арналған түрлі құралдар бар:

  • Лосьондар барынша сұйық болып келеді. Олар жылдам сіңіп, із қалдырмайды. Қалыпты және аралас теріге арнап қолдануға келеді.
  • Кремдер қоюлау болып келеді, сол себептен баяу сіңеді, оның есесіне терең енеді. Құрғақ бет терісін күтудің жақсы әдісі: мұндай күтім теріні ылғал мен пайдалы заттармен қанықтыратын болады.

Amway-дің қауіпсіз түрде күнге құюге арналған құралдары фотоқартаю белгілерінің пайда болуының алдын алуға көмектеседі, бетті сыртқы күйзелістік факторлардан қорғайды, теріні ылғалдандырып қоректендіреді. Сайтта тіркеліп, косметиканы сатып алуға жеңілдік алыңыз.


*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін.
Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.Amway.com сайтынан танысуға болады.