Сатудан алынды

Amway Home™
L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал

₸ 4 730,00
₸ 4 020,004020.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 304821
Салмағы/көлемі: 500 мл

Құрал никельден, алюминийден, болат, мыс*, жез* және хромнан жасалған беттерді, сондай-ақ ұқыпты күтімді қажет ететін эмаль, керамика, шыны керамика және iCookтм ыдыстарды тиімді тазалауды қамтамасыз етеді.

L.O.C.™ Металл және керамикалық беттерге арналған тазартқыш құралдың жағымды лимон хош иісі бар, қол терісіне қауіпсіз және мына жағдайда қолдануға болады:

  • күйені, қақты, май, кір, қара күйе, сабын жолақтарын, су дақтары мен саусақ іздерін тиімді жою үшін;
  • бетті жылтыратпай жалтырату үшін;
  • сызаттарсыз ұқыпты күтім жасау.

Құрал дерматологиялық сынақтан өткен** және BIOQUEST Formula™ таңбасымен белгіленген, бұл концентраттың биоірітілетіндігін***, табиғат және адамзат үшін зиынсыз екендігін, құрамында табиғи көздерден алынған жоғары белсенді құрамдас бөліктердің бар екендігін растайды.

Өндіруші ел: Нидерланд
Өндіріс күнінен бастап жарамдылық мерзімі:
2 жыл. Сіз кез келген артикулдың ағымдағы жарамдылық мерзімін Телеграм ботынан біле аласыз @amway_order_bot.

* Мыс пен жез жұмсақ металдар болып табылады, сондықтан оларда азғантай сызаттар пайда болуы мүмкін.

** 2021 жылы сәуірде Eurofins Dermscan тәуелсіз аккредиттелген зертханасы жүргізген зерттеу деректері бойынша.

*** 2021 жылы сәуірде Eurofins Biolab Srl тәуелсіз аккредиттелген зертханасы жүргізген зерттеу деректері бойынша.

Свидетельство о государственной регистрации продукта

Сертификат соответствия

5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

Барлығын көрсету

<5% анионды ББЗ, <5% анионды емес ББЗ, <5% хош иістер, <5% консерванттар.

Барлығын көрсету

Нұсқаулық

Қолданар алдында құралдың әрекетін беттің байқалмайтын кішкентай аймағында сынап көру ұсынылады.

  1. Қолданар алдында жақсылап шайқаңыз.
  2. Құралды ылғал матаға тамызып, оны тазаланатын бетке жағып шығыңыз.
  3. Бетті сулы матамен айналма қимылмен сүртіп, жақсылап шайыңыз.
    Жұмсақ сіңіргіш матамен құрғатып сүртіп алыңыз.

Ескертпе. Нәзік беттерде (мысалы, пластмасса, мәрмәр, қалайы), күңгірт, күңгірттелген немесе щеткамен өңделген тот баспайтын болат, жабыспайтын материалдарда қолданбаңыз.

Сақтық шаралары: балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау.

Бөлме температурасында сақтау.

Тығыз жабылатын ыдыста сақтау. Мұздатпау.

Барлығын көрсету

Өнім туралы жиі қойылатын сұрақтар

BIOQUEST Formula™ нені білдіреді?

Қаптамадағы BIOQUEST Formula™ белгісі құралдың құрамында табиғи көздерден алынған белсенділігі жоғары ингредиенттер бар, адам мен табиғатқа зиянсыз биологиялық ыдырайтын* концентрат болып табылатынын, сондай-ақ дерматологиялық тестілеуден** өткенін көрсетеді.

* 2021 жылдың сәуірінде Eurofins Biolab Srl тәуелсіз аккредиттелген зертханасы жүргізген зерттеу деректері бойынша.

** 2021 жылы сәуірде Eurofins Dermscan тәуелсіз аккредиттелген зертханасы жүргізген зерттеу деректері бойынша.

Жаңартылатын табиғи көздерден қандай ингредиенттер алынды?

Органикалық қышқылдан күшті абразивті ингредиенттерге дейінгі шамамен барлық компоненттер химиялық синтез арқылы емес табиғи көздерден алынады, содан кейін оларға айрықша қасиеттер беру үшін белгілі бір жолмен өңделеді. Осы қасиеттердің арқасында оларды – тазартқыш құралдар, кір жуғыш ұнтақтар және басқалар сияқты әртүрлі өнімдерде қолдануға болады. Мысалы, L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралы үшін қоюлатқыш ретінде ксантан шайыры қолданылады – бұл өнімге тығыздық беретін табиғи полисахарид.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал қандай беттерге жарамды?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал тот баспайтын болаттан, никельден, алюминийден, жезден, мыс пен хромнан* жасалған металл беттерді, сондай-ақ жұмсақ өңдеуді қажет ететін керамикалық, эмальданған, шыны-керамикалық және басқа да қатты беттерді тазалауға арналған (сонымен қатар iCookTM Ыдыстарына жарамды).

* Мыс пен жезде кішкене сызаттар пайда болуы мүмкін, өйткені олар жұмсақ металдар.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралмен қандай материалдар мен беттерді тазалауға болмайды?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралы нәзік беттерге (пластмасса, мәрмәр, қалайы сияқты), сондай-ақ күңгірт, күңгірттелген немесе тот баспайтын болаттан, алюминийден және күюге қарсы жабыны бар материалдардан жасалған заттарға жарамайды.

L.O.C.™ Металл және керамикалық беттерге арналған тазалағыш құрал қандай ластанулармен күресе алады?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал майды, күйені, қақты, кірді, саусақ іздерін, күйені, сабын дақтарын, су дақтарын тиімді кетіруге қабілетті.

Күйіп қалған май мен қантты кетіру үшін L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралды қолдануға бола ма?

Иә, болады. Amway компаниясы жүргізген зертханалық сынақтардың нәтижелеріне сәйкес, L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал тазаланатын беттерден күйіп кеткен май мен қантты кетірумен өте жақсы күресе алады.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралмен болаттан жасалған iCook™ ыдыстарын сырып алуға бола ма?

Егер L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралды нұсқаулықта көрсетілгендей қолдансаңыз, онда ол iCook™ ыдысының түбіндегі тамақ қалдықтарын, шөгінділер мен күйікті – ішкі не сыртқы жағынан болсын қауіпсіз және тиімді түрде тазартады. iCook™ өнімдерінің жылтыр айна жағын сырып алмау үшін абай болу керек.

Арнайы күюге қарсы жабыны бар ас үй ыдыстарын тазалау үшін L.O.C.™ Металл және керамикалық беттерге арналған тазалау құралын пайдаланбаңыз.

Тот баспайтын болаттан жасалған тұрмыстық құралдардың сәндік панельдерін тазалау үшін L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралын пайдалануға бола ма?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал тот баспайтын болаттан жасалған беттерді тазалауға жарайды. Дегенмен, құралды қолданар алдында тазаланатын бетінің кішкене көрінбейтін жерінде сынап көруді ұсынамыз.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралды тегіс шыны және керамикалық қайнату беттерін тазалау үшін пайдалануға бола ма?

Иә, оның жұмсақ абразивті сипаттамалары тегіс қайнату беттері үшін өте жақсы.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралдың көмегімен кафельдік тақтадан тотты кетіруге бола ма?

Иә, L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал жаңа жылтыр кафельдік тақтадағы тоттың жеңіл ластануын жоюмен күресуге қабілетті.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралдың құрамында беттік-белсенді зат нонилфенол этоксилаты бар ма?

Жоқ. Нонилфенол этоксилаты (НФЭ) ЕО-да 2003 жылдан бастап рұқсат етілмеген.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал биологиялық тұрғыдан ыдырайтындықтан, ол қалай ыдырайды және ыдыраған кезде неге айналады?

Жұмыс жасалып, пайдаланып сұйылтылған өнім төгілген кезде, өнімнің құрамына кіретін беттік-белсенді заттар (көбік/тазартқыш заттар) микроорганизмдердің әсерінен су мен көмірқышқыл газына ыдырайды

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал ағынды сулар үшін қауіпсіз бе?

Автономды кәріз жүйелерінде Amway компаниясының өнімдерін пайдалануға болады. Amway компаниясы әрқашан өз өнімдерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға тырысады. Сондықтан Компания AMWAY Home™ брендінің өнімдерін әзірлеп, нарыққа ұсынды. Бұл брендтің жуғыш құралдарын экологиялық қауіпсіз деп жіктеуге болады, өйткені олар биологиялық ыдыраудың жоғары деңгейіне ие және құрамында фосфаттар жоқ.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралы концентрацияланған ба? Қолданар алдында оның негізінде ерітіндіні дайындау керек пе?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал концентрацияланған болып табылады. Бұл арнайы ерітіндіні дайындамай, ластанған беттерді тазарту үшін аз мөлшерде өнімді қолдануға болатындығын білдіреді.

L.O.C.™ Металл және керамикалық беттерге арналған тазартқышты қолғапсыз қолдануға бола ма? Теріге тиген кезде құрал қауіпсіз бе?

Иә. L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралы тікелей мақсаты бойынша пайдалану кезінде қауіпсіз, дерматологиялық тестіленген және қол терісін тітіркендірмейді, бұл осы құралды қолғапсыз пайдалануға мүмкіндік береді.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралымен тазартылған беттерді қосымша өңдеу немесе жылтырату қажеттілігі бар ма?

Жоқ, бұл талап етілмейді, өйткені L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал ластанумен тиімді күреседі және өнімдерге жылтыр және ұқыпты көрініс береді, оларды қорғаныш қабатымен жабады және кейінгі тез ластанудан қорғайды.

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралдың иісі бар ма және қандай?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал лимонның балғын және таза хош иісіне ие, ол сіздің тазалау жұмысыңызды жағымды етеді.

Жаңа L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұралдың және Amway Home™ брендінің ассортиментінде бұрын болған басқа ұқсас құралдардың арасында айырмашылықтар бар ма?

L.O.C.™ Метал мен керамикалық беттердi тазартуға арналған кұрал L.O.C.™ Металл беттерге арналған тазартқыш құралға немесе L.O.C.™ Жұмсақ тазартқыш құралға қарағанда кеңірек қолданылады, өйткені ол жұмсақ өңдеуді қажет ететін металл, керамикалық, эмальданған, шыны-керамикалық және басқа да қатты беттерге арналған (соның ішінде iCook™ ыдыстарына арналған).