Пайдалану талаптары

Күшіне енген күн: 2020 жылғы «15» қыркүйек

Осы келісім сіз және «Эмвэй Қазақстан» (бұдан әрі — Амвэй, Amway) ЖШС арасында, сіздің Amway Business Center (бұдан әрі — BCA) қолданбасын пайдалануыңызға қатысты. BCA пайдалана отырып, сіз осы Пайдалану талаптарын (бұдан әрі – «Талаптар»), www.kz.amway.com веб-сайтында орналасқан Amway Қазақстан www.kz.amway.com веб-сайтын Пайдалану талаптарын сақтауға келісесіз, сондай-ақ Amway компаниясы және оның лицензиарлары осы Талаптардың орындалуына мәжбүрлі тәртіппен қол жеткізуге құқылы екеніне келісесіз. Егер сіз осы Талаптарды сақтауға келіспесеңіз, сіздің BCA пайдалануға құқығыңыз жоқ және барлық құрылғыларыңыздан BCA жоюға міндеттісіз.

1. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА ЛИЦЕНЗИЯ

Осы арқылы Amway компаниясы сізге меншік құқығында иеленген немесе сіздің жеке пайдалануыңыз үшін ғана және егер ондайлар бар болса, тиісті дүкенде немесе ВСА сатып алған тиісті сауда алаңында белгіленген пайдалану қағидаларына сәйкес машиналық объектілік код түрінде басқаратын құрылғыда ВСА бір көшірмесін осы Талаптарға сәйкес орнатуға және пайдалануға айрықша емес, шегінуге және беруге жатпайтын лицензияны (бұдан әрі – «Лицензия») қосалқы лицензиялау құқығынсыз ұсынады. Бұл Лицензия болашақ модификацияларды, жаңартуларды, жетілдірулерді немесе ВСА-ға толықтыруларды алуға ешқандай құқық бермейді. Алайда модификацияларды, жаңартуларды, жетілдірулерді және ВСА-ға толықтыруларды алған жағдайда мұндай модификацияларды немесе жаңартуларды пайдалану осы Талаптармен және оған кез келген түзетулермен реттеледі, егер тиісті модификациялар, жаңартулар немесе толықтырулар басқа талаптармен реттелмесе: бұл жағдайда соңғысы қолданылады.

2. ШЕКТЕУЛЕР

BCA және онымен байланысты кез келген құжаттама авторлық құқық туралы заңнамамен және халықаралық шарттар ережелерімен қорғалған. Сіздің Amway алдын ала жазбаша келісуінсіз ВСА негізіндегі туынды өнімдерді көшіруге, өзгертуге, кез келген тілге аударуға, таратуға немесе жасауға құқығыңыз жоқ. Сіздің осы Талаптардан немесе осы Талаптарға сәйкес ұсынылатын қандай да бір құқықтарды немесе лицензиялардан шегінуге, немесе жалға беруге, лизингке беруге немесе қандай да бір жеке тұлғаға немесе ұйымға ВСА уақытша пайдалануға беруге құқығыңыз жоқ. Осы Талаптарды бұза отырып, кез келген қосалқы лицензиялау, беру немесе шегіну талпынысы жарамсыз боп табылады. Алайда біз осы Талаптардан еркін шегінуге құқылымыз. Сіз ВСА Amway компаниясының коммерциялық құпияларынан тұратынын мойындайсыз. Сіз, жоғарыда аталған шектеу қолданыстағы заңнамада тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылық интерфейсті немесе ВСА алгоритмдерін орындау техникасының негізінде жатқан, идеясының негізінде жатқан кез келген бастапқы кодты сіздің және басқа тұлғалардың қандай да бір түрде өз бетінше толықтыруына, бөлшекке бөлуіне, инженерлік талдауға ұшыратуына немесе қайта құрылымдауына, бірегейлендіруіне немесе табуына жол бермейтініңізге келісесіз.

3. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

BCA осы Талаптар негізінде сізге меншікке берілмейді, лицензия бойынша ұсынылады. Сізде ВСА-ға немесе онымен байланысты құжаттамаға меншік құқығы жоқ. Amway BCA-ға (оның кез келген өзгерістерін, модификацияларын немесе түзетулерін қоса алғанда) және онымен байланысты құжаттамаға құқықты өзінде қалдырады.

4. ҚЫЗМЕТ ЕТУ

ВСА қызмет етуі арасында үзіліп кетуі мүмкін екенін мойындайсыз. Сондай-ақ ВСА-да қателер болуы мүмкін екенін мойындайсыз. Amway және оның лицензиарлары осы Талаптарға сәйкес сіздің сымсыз құрылғыңыздың қызмет етуі үшін ВСА-ға қатысты ешқандай жауапкершілік алмайды. Amway және оның лицензиарлары ВСА пайдаланған кезде кез келген пайдаланушының алаяқтығына немесе заңсыз қызметіне негізді сенімділікті қоса алғанда орынды негіздемеде сіздің ВСА-ға кіруіңізді тоқтатуға құқылы. Сіз құқық қорғау органдарының Amway-ден және оның лицензиарларынан сіздің ВСА пайдалануыңыз туралы ақпаратты ашуыңызды талап етуі мүмкін екенін және Amway мен оның лицензиарлары осындай сұрауларды орындайтынын түсінесіз.

5. ЗАҢНАМАНЫ САҚТАУ

Сіз ВСА-ға, оны пайдалануға және оның мазмұнына қолданылатын барлық нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Талаптарды сақтауға келісесіз.

6. ҚАҒИДАЛАРДЫ САҚТАУ

BCA ТЕК ҚАНА НПА ҰСЫНЫЛАДЫ (AMWAY КОМПАНИЯСЫ ЖҮРІС-ТҰРЫС ҚАҒИДАЛАРЫНДА БЕРІЛГЕН АНЫҚТАМАҒА СӘЙКЕС). СІЗГЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ВСА-ДА ЖӘНЕ ВСА АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ВСА МЕН АКТИВТЕРДІ СІЗДІҢ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА ҚАТЫСТЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР НПА ШАРТЫ ЖӘНЕ КЛИЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫ МІНДЕТТІ КҮШКЕ ИЕ (AMWAY КОМПАНИЯСЫ ЖҮРІС-ТҰРЫС ҚАҒИДАЛАРЫНДА ЖӘНЕ СӘЙКЕСІНШЕ КЛИЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНДА БЕРІЛГЕН АНЫҚТАМАҒА СӘЙКЕС).

7. ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІН АНЫҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Сіздің ВСА пайдалану үшін орналасқан жерді анықтау қызметтерін пайдалануыңыз қажет болмайды, бірақ орналасқан жерді анықтау қызметтерін пайдаланусыз кейбір міндеттерді сәтті орындай алмай қалуыңыздың ықтималдығы бар.

8. ЖАРАМДЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУ

Осы Талаптар олардың жарамдылығы тоқтағанға дейін жарамды болады. Сіз өзіңіздің қарауыңыздағы немесе бақылауыңыздағы ВСА барлық көшірмелерін және онымен байланысты құжаттаманы жойып, кез келген уақытта осы Талаптардың әрекетін тоқтатуға құқылысыз. Сіз оның қандай да бір ережелерін бұзсаңыз, Amway осы талаптардың әрекетін дереу тоқтатуға құқылы. Егер Amway-дің жеткізушімен немесе ВСА лицензиарымен келісімі бұзылса немесе қандай да бір себепен шектелсе, тиісті хабарлама жіберіп, осы Талаптардың дереу күшіне енуімен әрекетін тоқтатуға құқылы. Осы Талаптардың жарамдылығы тоқтағаннан кейін сізге берілген барлық лицензиялық құқықтардың әрекеті дереу тоқтатылады және ВСА пайдалануға барлық құқықтар күшін жояды. Сіз ВСА жоюға және Amway немесе оның лицензиарларының сұрауы бойынша жою дерегін ресми түрде растауға міндеттісіз. Осы Талаптардың жарамдылығы тоқтатылғаннан кейін мына бөлімдер күшін сақтайды: 9 («Кепілдікті беруден бас тарту»), 10 («Жауапкершілікті шектеу»), 11 («Шығынның орнын толтыру»), 16 («Реттеуші құқық») және 17 («Келісімнің толықтығы»).

9. КЕПІЛДІК БЕРУДЕН БАС ТАРТУ

AMWAY ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ БАСҚАСЫНА ҚОСА ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ТҰСПАЛДАНЫП ТҰРҒАН КЕПІЛДІКТЕРДІ, СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА АРАЛАСПАУ, ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗБАУ, ТАУАРДЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН, САПАСЫН, БЕЛГІЛІ БІР НЕМЕСЕ ОРТАҚ МАҚСАТ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҚТЫ, СОНДАЙ-АҚ ВСА ҚАТЕСІЗДІГІ МЕН ТОЛЫҚТЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕР МЕН ТАЛАПТАРДЫ ҚОСА АЛҒАНДА ВСА-ҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢМЕН, ӘДЕТПЕН, ПАЙДАЛАНУМЕН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ТҮРДЕ БЕРІЛГЕН НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНАТЫН ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК, ТАЛАПТАР, РАСТАМА НЕМЕСЕ ӨТІНІШТЕР БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ ОСЫ АРҚЫЛЫ ОСЫНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР МЕН ТАЛАПТАРДАН БАС ТАРТАДЫ. BCA «ҚАЛАЙ БАР СОЛАЙ» ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІКТЕРСІЗ НЕМЕСЕ ТАЛАПТАРСЫЗ ҰСЫНЫЛАДЫ. СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМГЕ ІСКЕРЛІК АЙНАЛЫМ ӘДЕТТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫНЫНА КЕЛІСЕСІЗ. СІЗ AMWAY ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНА ҰСЫНА АЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ШАҒЫМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ ТІКЕЛЕЙ КӨЗДЕЛГЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ ҒАНА СІЗБЕ БАР ЕКЕНІН МОЙЫНДАЙСЫЗ.

10. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

13 БӨЛІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, AMWAY ЖӘНЕ ОНЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ, ЛИЦЕНЗИАРЛАР НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТЫСҚАРЫ ЖЕТКІЗУШІЛЕР ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА МЫНАУ ҮШІН ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ МОЙНЫНА АЛМАЙДЫ:

  1. КЕЗ КЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, ОДАН КЕЙІНГІ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ ІСТІҢ ЕРЕКШЕ МӘН-ЖАЙЫМЕН АНЫҚТАЛАТЫН ЗАЛАЛДАР, НЕМЕСЕ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ПАЙДАДАН, ТҮСІМНЕН НЕМЕСЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДЕН АЙРЫЛУ, НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ВСА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНЕН, НЕМЕСЕ ТУЫНДАУ СЕБЕБІНЕ ҚАРАМАСТАН БАСҚА ТАРАПТАР АЛДЫНДА КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗДІ ЖОҒАЛТУ (БАСҚАСЫНА ҚОСА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАЛАЛДАРДЫ, ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ ТУРАЛЫ ТАЛАПТАРДЫ НЕМЕСЕ СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА); НЕМЕСЕ
  2. ОСЫ КЕЛІСІМ НЕГІЗІНДЕ НЕМЕСЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ СІЗГЕ КЕЛТІРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ ЗИЯН (САЛАҚТЫҚ НӘТИЖЕСІНДЕ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ТҮРДЕГІ НӘТИЖЕДЕ ШАРТ, ДЕЛИКТ САЛДАРЫНАН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ НЕГІЗДЕМЕЛЕР БОЙЫНША ТУЫНДАҒАН), КЕЗ КЕЛГЕН БІР ОҚИҒА НЕМЕСЕ ЕКЕУІНЕН ТҰРАТЫН ТОПТАМА НЕ ОДАН КӨП БАЙЛАНЫСТЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ҚОЮ КҮНІНЕ ОСЫ КЕЛІСІМГЕ СӘЙКЕС AMWAY КОМПАНИЯСЫНА СІЗДІҢ ТӨЛЕУІҢІЗ ТИІС АЛЫМДАРДЫҢ (ҚҚС ҚОСПАҒАНДА) ЖЫЛДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІНЕ ТЕҢ СОМАНЫ ҚОСПАҒАНДА; НЕМЕСЕ
  3. КЕЗ КЕЛГЕН ДӘЛСІЗДІКТЕР, ТОЛЫҚ БОЛМАУ, ІРКІЛІС, БЕРМЕУ, ҮЗУ, БЕРУДІ ТОҚТАТУ, АҚПАРАТ МАЗМҰНЫ, АҚПАРАТТАҒЫ ҚАТЕЛЕР НЕМЕСЕ ТАСТАП КЕТУ, АҚПАРАТТЫ БЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕУ, СЕБЕБІНЕ ҚАРАМАСТАН; НЕМЕСЕ
  4. AMWAY КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН НЕМЕСЕ БЕРЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН АҚПАРАТТЫ БЕРЕТІН НЕМЕСЕ ОСЫ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ, ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ АҚАУЛЫҒЫ.

Кейбір юрисдикцияларда келтірілген залал үшін жауапкетшілікті белгілі бір болдырмауға немесе шектеуге жол берілмейді және бұл дәрежеде жоғарыда баяндалған сізге қолданылмауы мүмкін. Осы Талаптардың бір немесе бірнеше қандай да бір ережесі жарамсыз, заңсыз немесе талап күші жоқ деп танылған жағдайда, қалған ережелер заңда рұқсат етілген шамада талап күшін сақтайды және жарамсыз, заңсыз немесе талап күші жоқ ережелер осы Талаптардың мақсатына барынша сәйкес келетін жарамды, заңды және талап күші бар ережелермен айырбасталуы тиіс.

11. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ЖӘНЕ ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУДАН ҚОРҒАУ КЕПІЛДІГІ

Сіз Amway, оның лицензиарларын, құқық мирасқорларын және үлестес тұлғаларын, сондай-ақ, бірге, олардың сәйкес серіктестерін, директорларын, лауазымды тұлғаларын, қызметкерлері мен агенттерін, және де ВСА жасауға, өндіруге немесе жеткізуге тартылған басқа тұлғаларды (бірге «Жауапкершіліктен қорғалған тараптар» деп аталатын) сіздің ВСА пайдалануыңызға байланысты кез келген тұлғаның Жауапкершіліктен қорғалған тараптарға қарсы алға тартылған немесе бастамаланған кез келген шағымдар немесе талқылауы нәтижесінде Жауапкершіліктен қорғалған тараптарға келтірілген барлық залалдарға, шығындарға, шағымдар мен міндеттемелерге қатысты (адвокаттардың негіздемелі қолақысы мен заңгерлік және кәсіби қызметтерге шығындарды қоса алғанда) жауапкершіліктен қорғауға міндеттенесіз.

12. ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ

Сіз басқа тараптарға деректерді беруді бізге тапсыра аласыз. Мысалы, бізге өзіңіздің есептік жазбаңызды тысқары қолданбамен байланыстыруға немесе Facebook немесе Twitter есептік жазбаларыңыздың мәртебесін жаңартуды трансляциялауға, немесе Google Maps-қа қосылуға өкілеттік бере аласыз. Өзіңіздің деректеріңізді үшінші тарапқа беруге нұсқау берген бетте, бұл деректер тиісті үшінші тараптың құпиялылық саясатымен реттемеленеді. Сіз кез келген уақытта ВСА-да өз есептік жазбаңыздың баптауларында үшінші тарапқа деректерді беруге келісімді қайтып ала аласыз.

Сіз ВСА пайдалануды тоқтата отырып, біздің деректеріңізді пайдалануымыздан, сақтауымыздан және/немесе ұсынуымыздан бас тартуға құқылысыз. Егер ВСА пайдалануды жалғастырсаңыз, бұл сіздің деректеріңізді пайдалануға, сақтауға және ұсынуға келісіміңізді сақтауды білдіреді.

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеудің мақсаты сізге ВСА қолданбасын пайдалану мүмкіндігін беруде болып отыр.

Amway-дің сіздің деректерді қалай жинайтыны, пайдаланатыны, сақтайтыны және қорғайтыны туралы қосымша ақпарат алу үшін Тәуелсіз кәсіпкерлер және Amway Клиенттерінің дербес деректерін өңдеу туралы Ережемен танысыңыз. Тәуелсіз кәсіпкерлер және Amway Клиенттерінің дербес деректерін өңдеу туралы ереже осы Талаптардың бір бөлігі болады.

13. КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАР

BCA тұрғылықты жері бойынша юрисдикцияда кәмелет жасына толмаған пайдаланушыларға есептелмеген. Егер өз юрисдикцияңызда кәмелет жасына толмаған болсаңыз, сізге пайдаланушы ретінде тіркелуге немесе ВСА пайдалануға рұқсат берілмейді.

14. ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ВЕБ-САЙТТАРЫНА СІЛТЕМЕЛЕР

BCA-да тысқары веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Мұндай веб-сайттар біздің бақылауымызда емес, және де олардың мазмұны үшін жауап бермейміз. Бұл сілтемелерді тек ыңғайлы болу үшін ғана ұсынамыз, және сілтеме біздің мақұлдауымызды, тиісті веб-сайтқа демеушілік қолдауымызды немесе біздің оған қатыстылығымызды тұспалдамайды. Осындай үшінші тараптың кез келгенімен мәмілеге кіріспей тұрып, сіздің қажет немесе мақсатқа лайық деп тапқан тексерісті жүргізгеніңіз дұрыс.

15. AMWAY КОМПАНИЯСЫНА БЕРГЕН ИДЕЯЛАР

Егер сіз ВСА-ға қатысты идеялар берсеңіз немесе ұсыныстар жолдасаңыз («BCA-ға түсініктер»), ВСА-ға түсініктер сіздің жеке-дара меншігіңіз деп есептеледі және солай қалады. ВСА-ға түсініктердің ешбірі сізге құпиялылықты сақтау міндеттемесін жүктемейді және біз бен біздің үлестес тұлғалар ВСА-ға кез келген түсініктерді кез келген пайдалану немесе ашу үшін жауапкершілік алмаймыз. Жоғарыда баяндалғанның мағынасын шектеусіз біз кез келген мақсатта, коммерциялық немесе өзге, кез келген тәсілмен, кез келген тасығыштарда, ВСА-ға түсініктерді жеткізушіге, авторға, жасаушыға немесе құрастырушыға өтемсіз ВСА-ға түсініктерді шектеусіз пайдалануға және өзге қолдануға құқылымыз.

16. РЕТТЕУШІ ҚҰҚЫҚ

Осы Талаптар негізінде туындайтын немесе онымен байланысты даулар басқа юрисдикция заңнамасын қолдануды көздеуі мүмкін қандай да бір қағидаттарды қолданусыз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндірілуі тиіс. Осы Талаптармен немесе ВСА-мен байланысты барлық даулар сотқа дейінгі тәртіппен қаралуы тиіс. Сотқа дейінгі тәртіппен дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда НПА және Амвэй арасында дау «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраждық орталығына қарауға беріледі, Клиенттер мен Амвэй арасында дау Алматы қаласының мемлекеттік соттарына қарауға беріледі.

17. КЕЛІСІМНІҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ

Осы Талаптар ВСА-ға сіздің кіруіңіз және оны пайдалануға қатысты сіз бен біздің арамыздағы уағдаласудың толық көлемін білдіреді. Осы Талаптардың кез келген құқығын немесе ережесін біздің жүзеге асырмауымыз немесе сақталуын қамтамасыз етпеуіміз тиісті талап ету құқықтарынан бас тарту ретінде әрекет етпейді. Егер осы Талаптардың қандай да бір ережесі қандай да бір себеппен заңсыз, жарамсыз немесе талап күші жоқ деп танылса, осы Талаптардың қалған ережелері күшін сақтайды.

18. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫ БҰЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАҒЫМДАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

Amway басқа тұлғалардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтайды және өзінің пайдаланушыларынан дәл соны күтеді. Amway оның жеке қарауы бойынша басқа пайдаланушылардың құқықтарын бұзып отыр деген контентті жоя алады.

19. ОСЫ ТАЛАПТАРДЫ ӨЗГЕРТУ

Біз осы Талаптарға өзгеріс енгізуге құқылымыз. Егер өзгеріс енгізсек, өзгертілген Талаптарды ВСА-ға жариялаймыз және жоғарыда көрсетілген күшіне енген күнді жаңартамыз. Егер біздің жеке қарауымыз бойынша өзгерістер маңызды болса, біз сонымен қатар бұл туралы сізге ВСА арқылы хабарлай аламыз. Қайта қаралған Талаптар күшіне енген күні немесе осы күннен кейін ВСА-ға кіруге рұқсатты ала отырып және пайдалана отырып, сіз қайта қаралған Талаптарды сақтауға келісесіз. Егер қайта қаралған Талаптармен келіспесеңіз, өзгерістер күшіне енгенге дейін ВСА-ға кіруді және ВСА пайдалануды тоқтауға міндеттісіз.