ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ АВТОРЛАНДЫРУ НЫСАНЫ

«Эмвэй Казахстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ары қарай мәтін бойынша -«Эмвэй Казахстан» ЖШС) өз білгенінше осы, заңды тұлғаны авторландыру нысанымен (ары қарай –«ЗТАН» немесе «Авторландыру нысаны»), АТК шартымен, Ақылы қызмет көрсету шартымен белгіленген талаптарға, сонымен қатар, «Эмвэй Казахстан» ЖШС белгілеген басқа да талаптарға сәйкес келетін, АТК Шарты шегінде құрылған шаруашылық жүргізуші субъектіге (заңды тұлғаға, атап айтқанда, ЖШС) (ары қарай мәтін бойынша - «АТК компаниясы», Авторландыру нысаны толығымен толтырылып, барлық тиісті тұлғалар қол қою шартымен, Amway Бизнесінің мүмкіндіктірен ұсына алады. АТК компаниясы төменде көрсетілген деректердің дұрыстығына кепіл болады және өзінің Авторландыру нысанындағы ережелермен келісетінін растайды.

I. АТК компаниясы, құрылтайшылар құрамы және өкілетті өкілдері туралы деректер

1. АТК компаниясы туралы деректер

2. АТК компаниясының жарғылық капиталындағы үлестерді иеленушілердің тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және телефоны.
Әрбір қатысушының үлесінің бағасы мен пайыздық ара салмағын көрсетіңіз (үлестердің жалпы мөлшері 100% болуға тиіс). АТК компаниясында Amway Бизнесін жүргізуге келісімін білдірмеген құрылтайшылардың саны 2 (екеуден) аспау керек. Төменде көрсетілген тұлғаның әрқайсысы осы Заңды тұлғаны Авторландыру нысанының соңғы жағына қол қоюға тиіс.

3. АТК компаниясы атынан шарттарға, құжаттарға және с.с. қол қоюды қосқанда, АТК компаниясы мүддесіне ұжыммен немесе жеке сөйлеуге өкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және телефоны. 2 тармақта көрсетілген жеке тұлғалар АТК компаниясы басқармасының немесе басқа да басқарушы органы мүшелерінің басым көпшілігін құрау керек. Қажет болған жағдайда, тізім қосымша парақтарда жалғастырылуы мүмкін. Төменде көрсетілген тұлғаның әрқайсысы осы, Заңды тұлғаны Авторландыру нысанының соңғы жағына қол қоюға тиіс.

4. «Эмвэй Казахстан» ЖШС атынан мойындау алатын тұлғалардың (жоғарыда 2 және 3 тармақтарда көрсетілген тізімнен) тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және телефоны (екеуден асырмай).

ІІ. Авторландыру нысанының міндетті ережелері

1. АТК компаниясы АТК тарапынан тек қана АТК шартының Amway Бизнесі бөлігіндегі ережелерін ескерумен құрылған, Шаруашылық жүргізуші субъектісі болып табылатынын растайды. Осыған орай, сәйкестендіру мақсатында, осы Авторландыру нысанындағы Amway Сәйкестендіру нөмірі тиісті АТК нөміріне/АТК шартының нөміріне сәйкес болуға тиіс.

2. Демеушілік қолдау желісі осы Авторландыру нысанының бас жағында көрсетілген Amway Сәйкестендіру нөміріне сәйкес дұрыс белгіленуге тиіс. Егер бұл АТК компаниясының «Эмвэй Казахстан» ЖШС-не АТК компаниясы атынан немесе жоғарыда көрсетілген, кез келген ортақ құрылтайшының, директордың, қызметкердің немесе әріптестердің (бар болса) атынан Amway Бизнесін жүргізуге рұқсат алу мақсатындағы алғашқы рет берілген өтінім болмаса, онда а) Демеушілік қолдау желісі солардың біреуі бұрын жасаған АТК шарттарындағыдай болып сақталады, немесе, б) АТК компаниясы және жоғарыда аталған ортақ құрылтайшының, директордың, қызметкердің немесе әріптестің әрқайсысы алты (6) ай бойы немесе, АТК шарты талабына сәйкес, одан да ұзақ мерзім бойы Белсенді болмау ережесін сақтаса.

3. АТК компаниясы Авторландыру нысанына қол қоймастан бұрын, АТК шартымен белгіленген, АТК міндеттерімен танысқанын растайды және келіседі.

4. АТК компаниясы Авторландыру нысанының I Тарауы 1.8. тармағында көрсетілген тұлғаны өкіл етті және өз өкілі ретінде тағайындап, оған АТК компаниясы атынан «Эмвэй Казахстан» ЖШС-мен қарым-қатынас жасау құқығын берді. «Эмвэй Казахстан» ЖШС және оның филиалдары АТК компаниясын авторландыру нәтижелері бойынша АТК компаниясымен жоғарыда аталған өкілетті өкілі арқылы қарым-қатынас жасай алады.

5. АТК компаниясы осы Авторландыру нысанының бірінші бетінде аталған, «Эмвэй Казахстан» ЖШС мен АТК компаниясы арасында жасалған АТКшартының, талаптарын орындайды және растайды, және АТК шартымен салынған міндеттемелерді өз міндетіне алуға келіседі. «Эмвэй Казахстан» ЖШС осы Авторландыру нысанын қабылдау барысында соңғысы АТК шартының бөлігіне айналады, ал АТК шартының АТК компаниясына қатысты қолданылатын бөлігіндегі ережелер, сәйкесінше, АТК компаниясына таралады.

6. АТК компаниясы «Эмвэй Казахстан» ЖШС АТК компаниясымен есеп айырысуды, заңда рұқсат етілген жағдайларды қосқанда, ақшалай қаражаттарды акцептісіз есептен шығару (төлем талабын ұсыну немесе банк шотын тікелей дебеттеу арқылы) жолымен, Авторландыру нысанында көрсетілген деректермелер бойынша жүзеге асыра алатынын растайды. АТК компаниясы, осындай есептен шығаруға келісімді банкқа жолдауды қосқанда, АТК компаниясының банкі ақшалай қаражаттарды акцептісіз есептен шығаруды жүзеге асыру үшін қажетті әрекеттерді жасауға міндетті.

7. АТК компаниясы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет жүргізуге заңды құқығы барын, атап айтқанда, барлық қажетті рұқсаттарды алғанын, қолданылатын салықтарды төлеп жатқанын, тиісті құжаттарды рәсімдегенін, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолданыстағы заңмен талап етілетін басқа да талаптардың барлығын орындағанын растайды.

8. АТК компаниясы өзінің Amway Бизнесін жүргізу құқығын алуға ниеттілігін мәлімдейді.
«Эмвэй Казахстан» ЖШС осындай ниетті куәландырған жағдайда, АТК компаниясы келесі шарттарды орындауға міндеттенеді:

1) АТК компаниясы тиісті түрде «Эмвэй Казахстан» ЖШС–ін Авторландыру нысанында қамтылған деректердің кез келген өзгерісі туралы хабардар етеді;
2) АТК компаниясы оның қызметіне қатысты қолдануға болатын заңдарды, сонымен қатар тиісті АТК шартымен және Ақылы қызмет көрсету шартымен белгіленген АТК міндеттемелерін орындайды.
3) АТК компаниясының атқарушы органындағы (алқалы немесе жеке-дара) және/немесе АТК компаниясының жарғылық капиталындағы үлестердің иелері құрамындағы кез келген өзгерістер туралы, олар заңды күшіне енбей тұрып, «Эмвэй Казахстан» ЖШС ескертілуге тиіс. «Эмвэй Казахстан» ЖШС-не осындай өзгерістер туралы ескертпеу немесе «Эмвэй Казахстан» ЖШС тарапынан осындай өзгерістерге келісім болмауы АТК шартын және Ақылы қызметтер көрсету шартын бұзушылық деп қаралады. Осындай, АТК шартының ережелерiн және Ақылы қызметтер көрсету шартының ережелерін, Демеушілік қолдау желісінің тұтастығын бұзуға келтірген өзгерістің қайсысы болмасын, АТК шартын және Ақылы қызметтер көрсету шартын бұзушылық деп қаралады. Осындай жағдайда «Эмвэй Казахстан» ЖШС алдын ала ескертусіз АТК шарты мен Ақылы қызметтер көрсету шартының әрекетін тоқтатуға (орындаудан бір жақты бас тарту арқылы) және/немесе АТК шартына және Ақылы қызметтер көрсету шартына қатысты басқа да әрекеттер жасауға құқылы.
4) АТК компаниясы қандай жағдайда болмасын, «Эмвэй Казахстан» ЖШС алдын ала ескертуге міндетті:
а) АТК компаниясының жарғылық капиталындағы акциялардың/үлестердің 100% сатылуы немесе басқаша берілуі туралы;
б) АТК компаниясының барлық негізгі активтері сатылуы туралы (нәтижесінде АТК компаниясы мен оның филиалдарының негізгі активтерінің 51% немесе одан азы иеліктен шығарылатын, кез келген қаржылық операцияларды немесе соған ұқсас әрекеттерді жүзеге асыру сату деп қаралмайды).

9. АТК компаниясы Авторландыру нысанының I Тарауы 1.8. тармағында көрсетілген, АТК компаниясының өкілетті өкілі, сонымен қатар АТК компаниясының өзі АТК міндеттемелерін, АТК шартын, Ақылы қызметтер көрсету шартын, Авторландыру нысанын, сонымен қатар «Эмвэй Казахстан» ЖШС тарапынан АТК мен АТК компаниясына қойылатын басқа да шарттар мен талаптарды, «Эмвэй Казахстан» ЖШС, осындай құжатта көрсетілгендей, оларды бір жақты тәртіпте оқтын-оқтын өзгертіп тұратынын ескерумен, сақтауына және орындауына кепіл болады және жауапкершілік көтереді.

10. Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша ретінде, мынадай жағдайларда «Эмвэй Казахстан» ЖШС АТК шарты бойынша және Ақылы қызметтер көрсету шарты бойынша «Эмвэй Казахстан» ЖШС міндеттерін немесе басқа да шартты мiндеттерін толық немесе ішінара орындауды уақытша тоқтатуға және/немесе бас тартуға, АТК шартын және Ақылы қызметтер көрсету шартын, сол сияқты басқа да, «Эмвэй Казахстан» ЖШС-мен жасасқан шарттарды бір жақты тәртіпте тоқтатуға (орындаудан бір жақты бас тарту арқылы), немесе басқа да, «Эмвэй Казахстан» ЖШС белгілеген әрекеттерді жасауға құқылы:

(a) кез келген мәлімдеулер, мәліметтер немесе АТК шартына әлде Авторландыру нысанына тікелей немесе жанама қатысы бар сілтемелер күмәнді болып шықса, немесе
(б) АТК компаниясы тарапынан немесе оған қарсы қайта құру, берешектер бойынша төлеу шарттарын өзгерту, төлемді кейінге шегеру туралы іс бойынша, немесе басқа да себептермен басталған сот процесінің нәтижесінде АТК компаниясы төлемдерді тоқтатса; немесе(в) АТК компаниясы кредит төлеу қабілетінен айырылса және оны қалпына келтірмесе немесе қолданыстағы заңдарға сәйкес таратылуға шалдықса, немесе
(г) АТК компаниясы, оның Авторландыру нысанының I Тарауы 1.8. тармағында көрсетілген өкілетті өкілі немесе оның кез келген құрылтайшысы немесе қатысушысы, қызметкері немесе атқарушы органының мүшесі «Эмвэй Казахстан» ЖШС-не және/немесе басқа да АТК–ге зиян келтіретін әрекеттер жасаса (әдеттегі бәсекелестік нәтижесінде орын алатынан басқаша) немесе «Эмвэй Казахстан» ЖШС және/немесе басқа АТК беделіне және зияткерлік меншігіне, сонымен қатар, басқа да мүлігіне зиян келтіретін әрекет жасаса; немесе
(д) қандай да болмасын, басқа да Авторландыру нысанының ережелерін бұзушылық орын алса.

11. АТК компаниясы «Эмвэй Казахстан» ЖШС-не қызмет көрсету барысында АТК компаниясының қызметкерлері, директорлары, және, бар болса, әріптестері, менеджерлері, қатысушылары «Эмвэй Казахстан» ЖШС немесе Amway тобының басқа компанияларының қызметкерлері болып табылмайды және саналмайды.

12. Бас әріптен жазылып қолданылған, бірақ, осы Авторландыру нысанында айқындалмаған терминдердің барлығы АТК шартында және Ақылы қызметтер көрсету шартында көрсетілген мәндерге ие болады.

13. АТК шартының, Ақылы қызметтер көрсету шартын немесе Авторландыру нысанының бір немесе одан көр ережелері қандай да болмасын себептермен жарамсыз, заңсыз немесе талап ету күшіне ие болмайтын болып табылған жағдайда, қалған ережелер толық мөлшерде жарамды болып қала береді. Тараптар Авторландыру нысанында қарастырылған мерзімдер, шарттар және тәсілдер, осындай сәйкессіздік арнайы жасалмаған жағдайда, АТК шарты мен Ақылы қызметтер көрсету шартында келісілген мерзімдерді, шарттарды және тәсілдерді алмастырмастан, толықтыруына ниетті. Авторландыру нысанының, АТК шартының және Ақылы қызметтер көрсету шартының қандай да болмасын ережелері сәйкес келмеген, немесе тиянақсыз болған жағдайда, «Эмвэй Казахстан» ЖШС басқаша көрсетпесе, Авторландыру нысанының ережелері басым күшке ие болады.

14. АТК компаниясы Авторландыру нысаны мен АТК шартында көрсетілген ақпараттың барлығы қай жағынан болмасын, шынайы және дұрыс екенін куәландырады және растайды. АТК компаниясы «Эмвэй Казахстан» ЖШС талабы бойынша оны АТК компаниясының қызметі туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге, өзінің кәсіпкерлік қызмет жүргізуге құқығын және «Эмвэй Казахстан» ЖШС Amway Бизнесін жүргізу үшін белгілеген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар мен ақпарат, сонымен қатар, шарттар мен басқа да құжаттарға қол қоюды қосқанда, АТК компаниясы атынан әрекет жасауға өкілетті тұлғалардың өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсынуға келіседі.

15. Авторландыру нысанының ережелерін түсіндіру және сақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Нысан орыс және қазақ тілдерінде құрылды. Мәтіні басқаша оқылған жағдайда, орыс тілінде жазылған мәтінге басымдық беріледі.

АТК Компаниясы «Эмвэй Казахстан» ЖШС-нен Amway Бизнесін жүргізу үшін авторландыру алған соң Авторландыру нысанының І тарауы 2 және 3 тармақтарында тізіліп, төменде қол қойған, АТК Компаниясының қызметкерлері, менеджерлері, қатысушылары, директорлары және әріптестері болып табылатын тұлғалар осы, Заңды тұлғаны авторландыру нысанында және АТК шартында қамтылған ақпарат барлық жағынан дұрыс және шынайы болып табылатынын растайды. Одан басқа, төменде қол қойған, АТК Компаниясының қызметі мен оны басқаруға белсенді қатысушылар осы екі құжатта да көрсетілген ережелер мен қағидаларды сақтауға және орындауға (1); сонымен қатар (2) бірге және жекелеп АТК Компаниясы Авторландыру нысанында көрсетілген, өз міндеттемелерін орындау үшін қолынан келгендерінің жасауға келісімдерін білдіреді.


Материалы для скачивания

PDF

Жүктеп алу
құжат | 385 KB