КЛИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ МОНҒОЛИЯ АУМАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘРІПТЕСТІК ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

1. КІРІСПЕ: Бұл Шарттар мен Қағидалар Клиенттер мен Amway компаниясының өзара іс-қимыл шарттарын ресімдеп және құрылымдауға арналған.

2. АНЫҚТАУЛАР:

2.1 Клиент – Amway-дің ресми Faламтор-сайтында немесе Amway компаниясының

физикалық орын алу нүктесінде Клиент ретінде тіркелген адам;

2.2 VIP+ Клиент – Компания белгілеген мөлшерде тіркеу жарнасын төлеген Клиент, немесе тегін

тіркелу үшін қажетті жеке ұпайлардың белгілі бір санын жинаған. Бұл жағдайда осы санаттағы Клиенттер ғана басқа адамдарға Компаниямен әріптестік етуге ұсыныс жасауға құқылы.

3. ӨЗГЕРТУЛЕР: Amway Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидаларын толығымен немесе ішінара жетілдіріп отыруға құқылы, бұл жағдайда ол мұндай өзгертулер туралы ақпаратты Amway ресми әдебиеттерінде немесе Amway ресми Faламтор -сайтында, сондай-ақ заңмен рұқсат етілген басқа да әдістер мен механизмдер арқылы жариялап отырады. Өзгертулердің барлығы жарияланған күннен бастап немесе хабарламада көрсетілген одан кешірек күні күшіне енеді. Amway кез келген түрдегі сәйкессіздіктерді, кеңселік немесе типографиялық қателерге қатысты өзгертулерді тиісті хабарлама ұсынусыз енгізіп отыруға құқылы.

4. ТАЛАПТАР: Amway тіркеуден бас тартуға және кез келген тіркеу нысанын біржақты тәртіппен тіркемеуге құқылы. Amway компаниясының кез келген тұлғаны Клиент ретінде тіркеуден бас тарту құқығын шектеусіз, Клиент мәртебесіне үміткер тұлға келесі шарттарға сай болып отыруға міндетті:

4.1 Жасы 18-ден кіші болмауға;

4.2 Абақтыда болмауға немесе кез келген түзету мекемесінің бақылауында болмауға, сондай-ақ өзіне Клиент ретінде қызметін жүргізуге немесе Клиент ретінде тіркелу құқығына тыйым салынған тұлға болмауға;

4.3 Қолданыстағы АТК келісімшартын ұстаушы болмауға / VIP+ Клиент ретінде күші бар тіркеуге ие болмауға немесе қолданыстағы АТК келісімшарты / VIP+ Клиент + ретінде күші бар тіркеу бойынша Тағайындалған тұлға болмауға;

4.4 Қолданыстағы АТК келісімшартының / VIP+ Клиент ретінде күші бар тіркеудің тарапы болып табылатын тұлғамен ресми некеде болмауға;

4.5 АТК келісімшартының шарттарын, Клиенттерге арналған Ынтымақтастық Ережелері мен Шарттарды бұзуына байланысты Amway қызметінен шеттетілген тұлға болмауға.

VIP+ Клиент мәртебесін растау үшін жоғарыдағыларға қосымша түрде:

4.6 Дұрыс төлқұжат деректерін ұсынуға;

4.7 Тіркеу жарнасын төлеуге; немесе тегін тіркелу үшін қажетті жеке ұпайлардың белгілі бір санын жинаған,

4.8 VIP+ Клиент ретінде қолданыстағы тіркеуде болмауға;

4.9 VIP+ Клиент ретінде қолданыстағы тіркеуде бар тұлғамен ресми некеде болмауға.

5. ҚАБЫЛДАУ; КҮШІНЕ ЕНУ: Тіркеу нысаны ол Компанияда тіркелген күннен бастап ресімделген деп саналып, күшіне енеді. Нысанның тіркелу күні туралы ақпаратты Компания Клиентке оның сұратуы бойынша ұсынады немесе оны Компанияның ұйғарымы бойынша өзге кез келген әдіспен хабардар етеді. Бұл жағдайда Клиентке оның Компанияның деректер қорында тіркелген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Amway өнімдеріне тапсырыс беру қажет болады. Аталған мерзім ішінде Amway өнімдеріне тапсырыс берілмеген жағдайда Клиенттің тіркелуі жойылады, ал Клиенттің Компанияда қайта тіркелуге мүмкіндігі пайда болады.

VIP+ Клиент мәртебесі Клиентке оның қалауы бойынша беріледі. Ол үшін Amway-дің ресми Интернет-сайтында өз бетінше VIP+ Клиент мәртебесіне өтіп немесе тіркеліп, сондай-ақ дұрыс төлқұжат деректерін ұсынып және тіркеу жарнасын төлеу қажет болады, немесе тегін тіркелу үшін қажетті жеке ұпайлардың белгілі бір санын жинаған. VIP+ Клиент үшін Amway өнімдеріне жеңілдік көлемі 15% құрайды. VIP+ Клиенті мәртебесін сақтап қалу үшін жыл сайын Компания белгілеген көлемде тіркелуді ұзарту қызмет ақысын төлеп отыру қажет.

Егер VIP+ Клиент өз мәртебесін растамай отырған болса, оның ұсынысы бойынша тіркелген Клиенттер сол VIP+ Клиентпен Amway бизнесі туралы әңгімелеп берген тұлғамен әрекеттесе бастайды. Орын алған өзгертулер түпкілікті болып саналады.

6. ТІРКЕУ НЫСАНЫНЫҢ КҮШІН САҚТАУ МЕРЗІМІ: Егер тіркеу нысаны Клиенттің немесе Amway компаниясының бастамасы бойынша бұзылмаған болса, егер Клиент тіркелген күннен бастап 365 күнтізбелік күн ішінде Amway өнімдеріне тапсырыс бермеген болса, оның күшін сақтау мерзімі аталған мерзім өткеннен кейін автоматты түрде аяқталады. Осы мерзім өткеннен кейін тіркеу нысанының күшін сақтау мерзімін ұзарту ескерілмеген, соған сәйкес, Клиент Amway компаниясына жаңа тіркеу нысанын жасасу үшін жүгінуге құқылы болады.

6.1 СІЗГЕ AMWAY ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРГЕН ТҰЛҒАНЫҢ АУЫСУЫ: Егер Клиент оның тіркелуі кезінде ол өзінен Amway туралы естіп білген тұлға ретінде көрсеткен тұлғаны өзгерткісі келсе, оған www.kz.amway.com сайтындағы өзінің жеке парағында Клиент ретінде қолданыстағы тіркелуін жойып және оған Amway туралы айтып берген жаңа тұлғаның астынан қайта тіркелу қажет болады.

6.2 Егер VIP+ Клиент оның тіркелуі кезінде ол өзінен Amway туралы естіп білген тұлға ретінде көрсеткен тұлғаны өзгерткісі келсе, онда ол мұны келесі түрде жүзеге асыра алады:

• Компанияға өзіне Amway туралы айтып берген ағымдағы және жаңа тұлғалардың жазбаша растауымен бірге өзінің қалауы туралы жазбаша өтініш ұсыну, сонымен қатар қазіргі білікті Платина Көшбасшысы растауы; немесе

• Компанияға жазбаша өтінішін ұсынумен, қолданыстағы VIP+ Клиент ретінде тіркелу нысанын бұзып және 6.5 тармағына сәйкес әрекетсіздік кезеңі өткеннен кейін өзіне Amway туралы айтып берген жаңа тұлғаның астынан тіркелу.

6.3 Егер VIP+ Клиенттің ұсынысы бойынша Компанияда сондай-ақ басқа тұлға тіркелген болса, VIP+ Клиент өзінен Amway туралы естіп білген тұлғаны өзгерту мұндай VIP+ Клиент үшін басқа Клиенттермен бірге Компанияның ішкі рәсімдеріне негізделумен жүзеге асырылатын болады.

6.4 Егер Amway туралы басқа тұлғаларға айтып берген VIP+ Клиент тіркелуі кезінде өзіне Amway туралы айтып берген тұлғаны өз бетінше, яғни оның ұсынысы бойынша тіркелген тұлғалардың қатысуынсыз өзгерткісі келсе, онда мұндай VIP+ Клиентке Компанияға өзіне Amway туралы айтып берген ағымдағы, және жаңа тұлғаларды, сонымен қатар қазіргі білікті Платина Көшбасшысы жазбаша растаумен, өзінің қалауы туралы жазбаша өтініш ұсыну қажет болады. Егер қалған Клиенттер де VIP+ Клиенттің артынан ергісі келіп және өздеріне Amway туралы айтып берген тұлғаны өзгерткісі келсе, мұндай өзгертуді тек қана Компанияның ұйғарымы бойынша және 6.3 тармағында суреттелген шарттармен жүзеге асыруға болады.

6.5 Егер Клиент бұрында VIP+ Клиент болып артынан өзінің мәртебесін Клиент мәртебесіне өзгерткен болса немесе VIP+ Клиент ретінде тіркеуді жойса, тіркелу кезінде көрсетілген, өзіне Amway туралы айтып берген тұлғаны VIP+ Клиент/АТК ретінде тіркеле отырып өзгерту үшін VIP+ Клиент ретінде бастапқы тіркелудің мерзімі аяқталған сәттен бастап 6/24 әрекетсіздік кезеңінің өткенін күтуі қажет (әрекетсіздік кезеңінде өзіне тыйым салынатын қызмет 6.7 тармақта суреттелген).

6.6 Егер Клиент бұрында АТК болып, артынша өзінің мәртебесін Клиент мәртебесіне өзгерткен болса немесе АТК ретінде тіркеуді жойса, өзінің алдыңғы тіркелуі кезінде көрсеткен, өзіне Amway туралы айтып берген тұлғаны артынша VIP+ Клиент/АТК ретінде тіркеле отырып, өзгерту үшін АТК ретінде бастапқы тіркелу мерзімі аяқталған сәттен бастап 6/24 әрекетсіздік кезеңінің өткенін күтуі қажет (әрекетсіздік кезеңінде өзіне тыйым салынатын қызмет 6.7 тармақта суреттелген).

6.7 6.5 – 6.6 тармақтарында суреттелген іс-қимылдарға сәйкес, төменде аталған іс-қимылдардың кез келгені әрекетсіздік кезеңін бұзатын іс-қимыл деп бағаланады:

6.7.1 Amway-дің кез келген өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін тікелей Amway-ден сатып алу (айрықша жағдайға Amway өнімдерін Клиент мәртебесіне ие бола отырып, жеке басының мақсатына пайдалану үшін сатып алу жатады);

6.7.2 Басқа адамдарға Amway өнімдерін пайдалануға немесе Компаниямен әріптестік етуге кез келген ұсыныс жасау;

6.7.3 Кез келген АТК-ның Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Моңғолия немесе басқа елдердің аумағында ұйымдастырып өткізіп отырған кез келген оқытушы, ынталандырушы және өзге түрдегі іс-шараларға қатысу;

6.7.4 Amway компаниясы өткізіп отырған кез келген іс-шараларға қатысу;

6.7.5 Кез келген түрдегі қызметке басқа Клиенттің/АТК-ның атынан немесе оның өтініші бойынша өзінің немесе өзгенің есімімен қатысу.

7. ӨНІМДІ ҚАЙТАРУ ЕРЕЖЕСІ: Клиент ретінде тіркелудің күшін сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Клиент тіркелудің күшін өз еркімен жойғаннан кейін, Клиент Amway компаниясына Amway өнімдерін қайтарып алу туралы өтініш жасай алады; бұл жағдайда өнімдер бүтін, пайдаланылмаған және бастапқы қалпында болуы тиіс. Amway компаниясы мұндай өнімдерді Клиенттен оның оларды сатып алу сәтінде төлеген бағамен сатып алады, бұл жағдайда тапсырысты өңдеуге қатысты үстеме шығындарды, сондай-ақ Amway компаниясына қарыздарды «Amway Кепілдемесі» құжатында көрсетілген тәртіппен шегеріп қалады.

8. AMWAY ӨНІМДЕРІН ІЛГЕРІ ЖЫЛЖЫТУ: Клиент Amway өнімдерін қайта сату, ілгері жылжыту және/немесе үшінші тұлғаларға беру мақсатында сатып ала алмайды.

8.1 АШЫҚ ЕМЕС НАРЫҚТАРДАҒЫ ТІРКЕЛМЕГЕН ҚЫЗМЕТ: Amway-дің ресми өкілдігі жоқ кез келген елде немесе кез келген аумақта Amway компаниясына қатысы бар кез келген қызметпен айналысуға тыйым салынған.

9. ИНТЕРНЕТ – ҚАУЫМДАСТЫҚТАР: Интернет – қауымдастықтарды құру құқығы VIP+ Клиенттерге ұсынылған. VIP+ Клиент Интернет – қауымдастықтарды Amway өнімдерін талқылау үшін құрып және өзіне тиесілі болып табылатын немесе оның басқаруындағы цифрлық алаңшалардағы меншікті немесе қоғамдық орталарда контентін жариялап отыра алады. Мұндай контент ілеспе мәтін шынайы, дәлме-дәл және жаңылыстармайды деген шартпен аудио- және бейнематериалдарды, суреттерді (өнімдердің, адамдардың және басқ.), Amway өнімдерімен немесе онсыз түсірілген селфи суреттерді және басқа заттарды қамтып отыруы мүмкін.

Бұл контенттің алушылары оған жазылған/оны алуға ниет білдірген адамдар немесе VIP+ Клиентімен жеке қарым-қатынас орнатқан адамдар болып отыруы мүмкін. Спамның таратылуына жол берілмейді.

VIP+ Клиент төмендегі деректерді санамағанда, кез келген цифрлық алаңшаларда бағалар туралы ақпаратты (өнімдердің бағаларын немесе жеңілдіктер туралы кез келген ақпаратты) көрсетпеуі тиіс:

• жеке цифрлық коммуникация (жеке хабарлама, смс, электронды пошта бойынша хабарлама және т.б.);

• Amway ресми цифрлық алаңшасынан «бөлісу» функциясы арқылы орналастырылған тікелей сілтеме немесе пост;

• www.kz.amway.com сайтындағы өзінің жеке парағына сілтеме;

• VIP+ Клиентке тиесілі цифрлық алаңшадағы VKontakte әлеуметтік желісіндегі қауымдастықтар, олар келесі критерийлерге сай деген шартпен:

o өнімдердің бағасы Amway ресми цифрлық алаңшаларында көрсетілген бөлшек сауда бағаларынан өзгешеленбейді;

o сату Amway ресми цифрлық алаңшасында (www.kz.amway.com сайтында) жүзеге асырылады.

10. ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАР:

10.1 VIP+ Клиент тіркеу нысанын толтырған кезде Тағайындалған тұлғаны қосып енгізе алады, ол VIP+ Клиенттің жақын туысы1 болып табылады.

10.2 VIP+ Клиент Компанияны былай деп сендіреді:

10.2.1 Тағайындалған тұлға тіркеу нысанын жасасу сәтінде 18 жасқа толған болып табылады;

10.2.2 Тағайындалған тұлға Компаниямен және/немесе Amway компаниясымен өзге ешқандай келісімнің қатысушысы немесе тарапы болып табылмайды;

10.2.3 Клиент Тағайындалған тұлғаның кез келген іс-қимылы үшін жауапкершілікте болады;

10.2.4 Тағайындалған тұлғаның Клиенттің міндеттерінің бұзылуына әкеп соқтыратын кез келген іс-қимылы Клиенттің өзінің Клиенттер үшін әріптестік Шарттары мен Ережелерін бұзуы болып саналады;

10.2.5 Компания өз ұйғарымы бойынша Тағайындалған тұлғаны іс-шараларға қатыстырмауға және қандай да бір артықшылықтар ұсынудан бас тартуға құқылы;

10.2.6 Тағайындалған тұлға VIP+ Клиентке арналған қайсыбір артықшылықтар бағдарламасымен көзделуі мүмкін ешқандай жеңілдіктерге немесе VIP + Клиенттері үшін жеңілдік бағдарламасына ие болмайды.

10.2.7 VIP+ Клиент ретінде тіркелген некедегі тұлға оның Тағайындалған тұлға болып табылмайтын жұбайының Amway қызметі шеңберінде жүзеге асырып отырған кез келген іс-қимылдары алдыңғысының өтініші бойынша және оның тарапынан құқығы берілген түрде жасалған деп саналатынын, және сол арқылы VIP+ Клиент ретінде тіркелген жұбайы оның VIP+ Клиент болып табылмайтын жұбайының тарапынан орындалған Шарттар мен Ережелерге кереғар болып табылатын кез келген қызметі үшін жауапкершілікті арқалайтынын түсінеді.

10.3 ЖЕҢІЛДІКТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ: VIP+ Клиенттер жеңілдіктер бағдарламаларына қатысады және белсенді жеңілдіктерді пайдалана алады. Барлық бағдарламалар бойынша бонустар жеңілдік шотына аударылып отырады және оларды алдағы уақытта Amway өнімдерін сатып алуда жеңілдік ретінде пайдаланып отыруға болады.

10.4 АТК МӘРТЕБЕСІН АЛУ: Клиенттерге АТК мәртебесін, Компаниядан ақшалай Төлемдер алып, сондай-ақ АТК-ға арналған ынталандырушы бағдарламаларға қатысып отыру үшін салық органдарында тіркеліп және Ақылы қызмет көрсету келісімшартын ресімдеу қажет болады.

10.5 ТӨЛҚҰЖАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР: Клиентке Клиент мәртебесін басқа тұлғаларды Компанияға тіркелуге шақырту мүмкіндігіне ие болу үшін VIP+ Клиент мәртебесіне өзгерткен кезде Компанияға төлқұжаттық деректерді ұсыну қажет болады.

10.6 AMWAY АТАУЫН, ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ МЕН АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ: Клиенттің Amway компаниясының тауар белгілерін немесе басқа зияткерлік меншік мүлкін пайдалануға немесе иеленуге құқы жоқ.

10.7 ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ: Компанияның және/немесе Amway компаниясының өндірістік, басқарушылық, қаржылық қызметінің түрлі жақтары мен салалары туралы, Компанияның және/немесе Amway компаниясының өнімдері мен бизнес мүмкіндіктері туралы көпшілік қолды ақпарат болып табылмайтын ақпарат, сондай-ақ Демеушілік қолдау желісі (ДҚЖ) туралы кез келген ақпарат Компанияның және/немесе Amway компаниясының коммерциялық құпиясы болып табылады және соған сәйкес Компанияның және/немесе Amway компаниясының айрықша меншігі болып табылатын құпия ақпаратқа жатады. Клиент Клиенттің тіркеу нысанының күшін сақтау мерзімі бойы Компанияның және/немесе Amway компаниясының меншігі болып табылатын құпия ақпаратқа қатыну мүмкіндігіне ие болуына орай Клиент соған сәйкес Компанияның және/немесе Amway компаниясының алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға, сонымен бірге басқа Клиенттерге/АТК-ларға ұсынбау және/немесе жария етпеу міндеттемесін қабылдайды. Клиент осы ережені кез келген түрде бұзу соған сәйкес Компанияға және/немесе Amway компаниясына нұқсан келтіретінімен келіседі, бұл жағдайда Компания құпия ақпаратты қорғауға арналған кез келген іс-қимылдар жасауға құқылы болады. Құпиялылық міндеттемелері Клиенттің тіркеу нысанының күшінде болу уақыты бойы, сондай-ақ ол бұзылып немесе күші тоқтатылған сәттен бастап 1 (бір) жыл бойы күшінде болады.

10.8 ЗАҢДАРДЫ, ҚАУЛЫЛАР МЕН КОДЕКСТЕРДІ ҰСТАНУ: Клиенттер өздерінің Amway компаниясымен әріптестік қатынастарына арнап қолданылатын және Компания белгілеген қолданыстағы заңнамаға, нормалар мен ережелерге сәйкес түрде әрекет етіп отыруы тиіс және Клиенттің өзінің және/немесе Amway компаниясының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қызметті жүзеге асырмауы тиіс. Amway компаниясымен кез келген байланыстарды жүзеге асыру кезінде Клиенттер барынша ашық және адал әрекет етіп отыруы тиіс.

10.9 АЙЛАШАРҒЫЛАУ: Клиенттердің ешқайсысының артықшылықтар бағдарламаларының, Amway сатулар мен маркетинг жоспарының шарттарына сәйкес жинамаған жеңілдіктердің, басқа бонустардың немесе айыру белгілерін қосып есептелуіне әкелетін артықшылықтар бағдарламаларының, Amway сатулар мен маркетинг жоспарының компоненттерін және жеңілдіктер көлемін бұрмалауға құқы жоқ

10.10 ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҰСЫНУ: Клиенттердің белгілі бір мән-мәтінде және белгілі бір жағдайларда шынайы, дәлме-дәл және орынды болып табылмайтын қандай да бір қызметті жүргізуге, қандай да бір мәлімдемелер жасауға, қандай да бір іс-қимылдарды жүзеге асыруға, сонымен бірге, алайда өздерімен шектелмейтін төменде көрсетілген іс-қимылдар мен мәлімдемелер жасауға құқы жоқ:

10.10.1 Өзінің мәлімдемелерінде өнімдердің қасиеттерін асырып айтуға немесе Amway-дің тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне қатысты құжат түрінде бекітілмеген мәлімдемелер жасауға;

10.10.2 Amway-дің тауарларына немесе көрсетілетін қызметтеріне оларда жоқ қасиеттері, сапасы, қолдану әдісі немесе артықшылықтар туралы сипаттамаларды қосып жазуға; Amway компаниясын және Amway тарататын тауарларды алаяқтық деп бағалауға болатындай түрде әрекет етумен ұсынып отыруға немесе Amway компаниясына қатысы жоқ тауарларды Amway атауымен ілгері жылжытып отыруға;

10.10.3 Amway-дің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, Amway-дің ресми әдебиеттерінің түпнұсқа қаптамасын өзгертуге және сол арқылы олардың кез келген затбелгілерін өзгертіп немесе қайта жасауға;

10.10.4 Өзін өзгелердің тіркеу нысанын жасасқан және өз қызметін Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Ережелеріне сүйенумен жүргізетін Клиент ретінде емес, компанияға қызмет ететін қызметкер деп ойлауына себеп болатындай түрде таныстыруға немесе әрекет етуге.

10.11 СӨЗ БАЙЛАСУ; БҰЗУҒА ИТЕРМЕЛЕУ: Клиент Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидаларын бұзу немесе бұзуға жағдай тудыру мақсатында қайсыбір тұлғамен сөз байласпауы, сондай-ақ басқа Клиентті Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидаларын бұзуға итермелемеуі немесе көндірмеуі тиіс. Мұндай кез келген әрекет Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидаларын бұзу болып табылады.

10.12 БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ХАБАРДАР ЕТУ: Клиент Amway-ге Amway бизнесіне нақты, потенциалды түрде немесе іс-жүзінде қауіп төндіріп отырған, басқа АТК/Клиенттің тарапынан болып отырған бұзушылықтармен байланысты кез келген мәліметтерді уақытында ұсынып отыруы тиіс.

10.12.1 ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУГЕ КӨМЕКТЕСУ: Клиенттер Amway жүргізіп отырған және Amway Іс-қимыл ережелерін және Клиенттерге арналған әріптестік шарттарын потенциалды түрде бұзып отырған қызметті анықтауға бағытталған кез келген тергеу амалдарында көмек көрсетіп отыруы тиіс.

10.13 КЛИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘРІПТЕСТІК ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗУ: Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидалары бұзылған жағдайда Amway компаниясы Клиентпен келіскен түрде өз міндеттерін орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы, бұл жағдайда ол алдымен мұндай Клиенттің атына оның тіркеу нысанын бұзу туралы жазбаша хабарлама немесе электронды хабарлама жіберуі тиіс, сол арқылы Компания мұндай тұлғаның Amway өнімдерін Клиентке арналған шарттармен сатып алу құқығын тоқтатады.

10.13.1 Компания Клиенттің тіркеу нысанын бұзу көзделіп отырған күннен кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын сол Клиенттің атына тиісті жазбаша хабарлама жіберумен, Клиентпен келіскен түрде, себебін көрсетусіз өз міндеттерін орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға, сол арқылы кез келген уақытта Клиенттің тіркеу нысанының күшін жоюға құқылы.

10.13.2 Егер Amway Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидаларын бұзылуы орын алғаны, орын алатыны немесе оның алғышарттары бар екені мәлім болса, онда Amway компаниясы Клиенттің іс-әрекетіне тергеу жүргізуге құқылы. Amway компаниясы мұндай тергеуді өз бастамасы бойынша немесе Amway компаниясы компаниясының атынан жазбаша шағым берген басқа серіктестің сұратуы бойынша бастауы мүмкін.

10.13.3 Егер серіктестерің қайсыбіреуіне Клиенттің Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Қағидаларын оларды ұстанбау арқылы бұзғаны немесе осындай бұзушылықтарға ықпал ететін іс-қимылдары жайлы мәлім болса, мұндай серіктес Amway компаниясына күдікті бұзушылық пен сонымен байланысты фактілердің барлығы туралы жазбаша түрде хабардар етуі тиіс. Егер шағым мен жауапта шешім қабылдау үшін жеткілікті фактілер қамтылмаған болса, онда Amway тараптардың кез келгенінен қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.

10.13.4 Келіп түскен шағымға қатысты ұсынылған фактілер мен жағдайлар бойынша толық ақпаратты алғаннан кейін Amway компаниясы Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Ережелерін бұзушылықтың орын алған-алмағаны туралы шешім қабылдайды, содан кейін 10.13 және 10.14 тармақтарына сәйкес белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға құқылы болады.

10.13.5 Клиент Amway компаниясы жасап отырған кез-келген іс-әрекеттермен туындалған Amway атына жазылған кез келген шағымдардан бас тартады. Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Ережелерін бұзуы салдарынан қызметтен шеттетілген немесе өзіне арнап одан басқа жазалау шаралары қабылданған Клиент өзінің тіркелуінің тоқтатылуына немесе оның қызметінің өзге түрде шектелуіне байланысты Amway компаниясының атына шағымданбауы тиіс.

10.14 САНКЦИЯЛАР: Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Ережелері бұзылған жағдайда Amway компаниясы шарттардың бұзылуын түзеу, осындай бұзушылықтан туыдап отырған кез келген нұқсанды өтемақылау мақсатында өзінің біржақты шешімі бойынша төменде көрсетілген бір немесе бірнеше іс-әрекетті қабылдауға немесе Клиенттің Компаниядағы тіркелуін тоқтатуға құқылы:

10.14.1 Клиенттің өз міндеттерінен хабардар екеніне көз жеткізу үшін Amway компаниясы ұйымдастырған оқудан өтуін талап ету;

10.14.2 Клиенттің басқа тұлғаларды Amway компаниясымен таныстыру, Amway компаниясының тауарларын немесе көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе Amway компаниясымен байланысты кез келген іс-әрекетті жүзеге асыру құқығын уақытша тоқтату;

10.14.3 Клиентті Компанияның қалауы бойынша оған ұсынылған жеңілдіктерден толығымен немесе ішінара айыру;

10.14.4 Клиенттерге арналған әріптестік Шарттары мен Ережелерін бұзғаны туралы жазбаша мойындау құжатын беруін және бұдан арғы уақытта оларды бұзбау міндеттемесін қабылдауын талап ету;

10.14.5 Тіркеу нысанын бұзумен қатар осындай жағдайда заңмен рұқсат етілген және қолдануға келетін және Amway компаниясының қалауы бойынша нақты бұзушылықтардың түзелуіне ықпал ететін басқа шараларды қолдану.

10.15 БАС ТАРТУДЫҢ БОЛМАУЫ: Егер Amway компаниясы бұзушылық туралы мәліметтер түскеннен кейін қандай да бір шара қабылдамай отырған болса, бұл Amway компаниясының келешекте осындай бұзушылыққа қатысты шағым беру құқығынан бас тарту деген мағынаны білдірмейді.


1 Жұбайы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған тұлғалар, туған аға-інілері мен туған әпке-қарындастары(сіңлілері), аталары, әжелері, немерелері.