Клиентті тіркеу талаптары

  1. Клиент ретінде (мәтін бойынша – «Клиент») тіркеу мақсатында тіркеу нысанында мен көрсеткен барлық ақпарат шынайы. Көрсетілген ақпараттың өзектілігіне кепілдік беремін және қолдауға және ол өзгерген жағдайда бұл туралы Компанияға дереу хабарлауға міндеттенемін;
  2. Клиенттерге арналған талаптармен және серіктестік ережелерімен (осы жерде және бұдан әрі – «Қағидалар»); Amway веб-сайтының құпиялылығы туралы Ережемен, Веб-сайтты пайдалану талаптарымен, «Amway Central Asia» ЖШС-дегі дербес деректерді өңдеу туралы ережемен; тапсырыстарды ресімдеу, өнімдерді сатып алу және жеткізу талаптарымен; Компания бір жақты тәртіпте өзінің қарауымен белгілеген және қайта қарайтын және kz.amway.com веб-сайтына қойылатын Клиенттерге қойылатын талаптармен және шарттармен немесе Компания белгілеген өзге де тәсілдермен осы Клиентті тіркеу талаптарының 6 т. көзделген тәртіпте таныстым (осы жерде және бұдан әрі – «Тіркеу талаптары»), және келісемін
  3. «Amway Central Asia» ЖШС-де дербес деректерімді өңдеу туралы Ережеде баяндалған талаптарда дербес деректерімді өңдеуге келісімімді, сондай-ақ Компания атынан Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген мазмұндағы, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей ақпараттық, жарнамалық, ұсынымдық сипаттағы СМС, электрондық поштамен хабарлама және IOS және Android-қа арналған қолданбаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, кез келген басқа байланыс каналдары арқылы таратпаларды тіркеу нысанында өзім көрсеткен телефон Нөміріне не электрондық пошта Мекенжайына алуға келісімімді ұсынамын.
  4. Электрондық поштамен және кез келген басқа байланыс каналдары арқылы, IOS және Android-қа арналған қолданбаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей Компания атынан СМС, таратпалар алудан бас тарту үшін осы Тіркеу шарттарының 13 тармағында көрсетілген пошта мекенжайы бойынша, не infokz@amway.com">infokz@amway.com мекенжайына электрондық поштамен Компанияға тиісті сұраныс жолдауым тиіс.
  5. Электрондық поштамен және кез келген басқа байланыс каналдары арқылы, IOS және Android-қа арналған қолданбаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей Компания атынан СМС, таратпалар алудан бас тарту Компания ұсынатын клиенттік қызмет көрсету сапасына әсер етуі мүмкін екенінен хабардармын, сезінемін және келісемін.
  6. Компанияның Клиенттер үшін мына тәсілдердің бірімен белгілейтін қағидаларымен, шарттарымен, процедураларымен, талаптарымен және т.с.с. және оларға өзгерістермен уақытылы танысып отыруға міндеттенемін:
    1. kz.amway.com веб-сайтында не Компанияның өзге сәйкес ресми сайтында,
    2. Компанияның сәйкес сауда орталығында осындай ақпаратты ұсынуға уәкілетті тұлғадан,
    3. Клиент Эмвэй туралы хабардар болған тұлғадан,
    4. Тиісті ақпаратпен танысу үшін Компания белгілеген кез келген өзге тәсілмен.
  7. Егер Компания мұндай тәсілге жол беретін болса, жазбаша немесе электрондық түрде ресімделген Компания атынан менің атымен кез келген хабарламалар, талаптар, хабарлаулар, растаулар немесе сұраныстарды жеткізілген және қабылданған деп есептеуге міндеттенемін. Мұндай хабарламалар, талаптар, хабарлаулар, растаулар немесе сұраныстар мына жағдайларда бағытталған және тиісті түрде алынған деп есептел

    Бұл ретте Компания Компаниядан шығатын хабарламалар, талаптар, хабарлаулар, сұраныстар, растаулар ресімдеудің және беру тәртібінің қосымша тәсілдерін белгілей алады.

    1. осы тіркеу нысанында көрсетілген тиісті мекенжай бойынша жеке өзіне, поштамен немесе курьермен жеткізген жағдайда,
    2. осы тіркеу нысанында көрсетілген электрондық поштамен алған жағдайда, немесе
    3. Компанияның ресми сайтында – kz.amway.com менің жеке кабинетім арқылы жеткізген жағдайда.
  8. Компания мұндай тәсілге жол берсе, жазбаша немесе электрондық түрде Компания атына хабарламалар, талаптар, хабарлаулар, растаулар немесе сұраныстар жолдауға міндеттенемін. Мұндай хабарламалар, талаптар, хабарлаулар, растаулар немесе сұраныстар мына жағдайларда тиісті түрде жолданған және алынған деп есептеледі:

    Бұл ретте Компания Компания атына хабарламалар, хабарлаулар, талаптар, сұраныстар, растаулар ресімдеудің және беру тәртібінің қосымша немесе өзге мекенжайларын, тәсілдерін белгілей алады.
    Мен жоғарыда көрсетілген талаптар мен шарттарды сақтамаған жағдайда Компанияның менен шыққан хабарламаларды, талаптарды, хабарлауларды, сұраныстарды олардың тиісті түрде ресімделмеуі себебінен қарамау құқығын өзіне қалдыратынын сезінемін және келісемін.

    1. осы тіркеу нысанында көрсетілген Компания мекенжайы бойынша жеке өзіне, поштамен немесе курьермен жеткізген жағдайда,
    2. осы тіркеу нысанында көрсетілген Компанияның электрондық поштасы бойынша алған жағдайда, немесе
    3. Компанияның ресми сайтында – kz.amway.com менің жеке кабинетім арқылы жеткізген жағдайда.
  9. Компаниядан өнім сатып алуды мен кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ жеке пайдалану үшін ғана жүзеге асырамын.
  10. Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды сатып алуды (бұдан әрі – «ББҚ») мен, атап айтқанда, бірақ онымен шектелмей мына шарттарды ескерумен жүзеге асырамын:
    1. Компания Клиентке тауар жөнелтпе құжатында және/немесе Компания ресімдейтін өзге құжаттарда кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ жеке пайдалану үшін ББҚ беруге, ал Клиент ББҚ алуға және Компания белгілеген талаптарға сәйкес оларға төлем жасауға міндеттенеді;
    2. Компания Тараптардың келісуі бойынша Клиент мекенжайына ББҚ жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. Жеткізу құны мен шарттарын бұл жағдайда Компания қосымша белгілейді;
    3. Компания атына ББҚ сапасы бойынша шағымдар ББҚ жарамдылық мерзімінің ішінде қабылданады;
    4. Қазақстан бойынша немесе басқа елге Клиентке ББҚ сатудың кез келген нысаны және/немесе ББҚ жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе өзге қолданылатын заңнамада жол берілсе ғана жүзеге асырылуы мүмкін;
    5. ББҚ үлгілерімен (соның ішінде қолдану, сақтау шарттарымен) таныстым және тізімі kz.amway.com сайтында және Amway әкімшілік ететін өзге ресми сайттарда көрсетілген Компанияның сауда объектілерінің бірінде ББҚ сатушы және әзірлеуші туралы ақпаратты алдым.
  11. Компания мен Қағида ережелері мен талаптарын, Тіркеу талаптарын немесе Компания белгілеген өзге талаптарды бұзған жағдайда Клиент ретінде тіркеуден бас тартуға, бар тіркеуді болдырмауға немесе тоқтатып қоюға құқылы.
  12. Компания белгілеген және төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен білдірілген жағдайларда Клиенттің келісуі:
    1. ресми веб-сайттарында, соның ішінде kz.amway.com-да әрекеттерді қоса алғанда Клиенттің Компания айқындаған әрекеттерді жасауымен, немесе
    2. Компания айқындаған өзге тәсілдермен, заң күші бойынша жазбаша нысанда білдірілген және өз қолымен қол қойған келісімге баламалы түрде.
«Amway Central Asia» ЖШС байланыс ақпараты және деректемелері
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7 үй, 2b т.о.
БИН 160640019152;
Алматы қ. «Ситибанк Қазақстан» АҚ Банкіндегі е/ш (теңге) KZ3083201T0200473001,
БИК CITIKZKA
Телефон: 8 (800) 080-5508 (Қазақстанның басқа аймақтары үшін)
Электрондық пошта адресi (e-mail): infokz@amway.com
веб-сайт: kz.amway.com