Amway – Веб-сайтты пайдалану шарттары

www.kz.amway.com сайтына кіру және пайдалану (әрі қарай "Amway веб-сайты"), сондай ақ, Amway веб-сайтынан алуға болатын ақпарат, материалдар, өнім мен қызметтер осы пайдалану шарттарымен ("Веб-сайтты пайдалану шарттары") реттеледі.

Бұған қоса, Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлері (АТК) үшін "Amway әрекет ету ережелері" қолданылады, ал тауарлар не қызметтерді сатып алу кезінде оларды орындау қажет.

Веб-сайтты пайдалану шарттарына кейде өзгеріс енгізілуі мүмкін. Жаңартылған нұсқалары Amway сайтында жарияланып, бірден күшіне енеді. Amway сайтын қолдану кезінде "Веб-сайтты пайдалану шарттарына" өзгеріс не жаңартулар енгізілгенін-енгізілмегенін үнемі тексеріп отырыңыз.

Amway веб-сайты Amway компаниясы, Amway бизнесі мүмкіндіктері, сондай-ақ, Қазақстанда ұсынылған Amway өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты қамтиды. Amway веб-сайты өзге елдерден пайдалану үшін жауап бермейді.

https://www.kz.amway.com/ сайтында тапсырыс бере отырып, сіз «Эмвэй Қазақстан» ЖШС өнімдерін сатып аласыз және осы дереккөз арқылы Пайдалану ережелері мен шарттарын оқығаныңызды растайсыз.

1. Құпия сөзбен қорғалған Amway веб-сайтының бөлімдері

Amway веб-сайтының құпия сөзбен қорғалған бөлімдері тек АТК мен олардың Ресейдегі және Қазақстандық клиенттеріне арналған. Егер бірде-бір АТК білмесеңіз, алайда, олардың біріне хабарласқыңыз келсе, www.kz.amway.com сайтында бар байланыс формасын пайдаланыңыз.*

2. Amway құпиялылық ережесі және саясаты

Amway сайтын қолдану кезінде Amway компаниясына берілген барлық жеке деректер "Веб-сайт пайдаланушыларына арналған құпиялылық ережесіне" сәйкес өңделетін болады. Егер АТК ретінде тіркелсеңіз не веб-сайтқа кірсеңіз, сіз үшін қосымша "АТК арналған Amway құпиялылық саясаты" қолданылады. Егер Клиент ретінде тіркелсеңіз не веб-сайтқа кірсеңіз, сіз үшін қосымша "Клиенттерге арналған Amway құпиялылық саясаты" қолданылады.

Amway веб-сайтын пайдалану кезінде Amway компаниясына ұсынылатын ақпараттың барлығы анық, толық және өзекті болуы тиіс. Егер ұсынылған ақпараттың толықтығы, анықтығы және өзектілігіне қатысты күмән туындаса, Amway веб-сайтына кіру рұқсаты шектелуі не блокталуы мүмкін.

3. Авторлық құқықтар және Amway веб-сайты материалдарын пайдалану

Amway веб-сайты және Amway веб-сайтында жарияланған материалдар интеллектуалдық меншік құқықтарымен, соның ішінде авторлық құқықтармен, Amway компаниясының меншігі болып табылатын «Amway» сауда белгісі не Amway компаниясы лицензия арқылы пайдланатын не бұл құқық иелерінің рұқсаты негізінде пайдаланатын сауда атаулары мен сауда белгілері құқығымен қорғалған. Мұндай интеллектуалдық құқықпен қорғалған материалдар қатарын дизайн, макет, сыртқы пішін, безендіру, графика, суреттер, кескіндер, мақалалар, әңгімелер және Amway веб-сайтында қол жетімді өзге материалдар (әрі қарай «Веб-сайт материалдары») құрайды.

Веб-сайт материалдарын көшіру, тарату, жариялау не өзге жолмен қолдану үшін Amway компаниясынан алдын ала жазбаша түрде келісім алу қажет. Бұл ережеден ерекшелік ретінде Amway АТК үшін веб-сайт материалдарын АТК бизнесін жүргізу мақсатында веб-сайт материалдарын жүктеу, сақтау, басып шығару, көшіру, тарату не көпшілік назарына ұсыну арқылы пайдалану үшін веб-сайт материалдарын өзгертпеу, егер веб-сайт материалдары үшінші тұлғаларға көрсетілетін болса, ақпарат көзіне сілтеме беру шарттары сақталғанда шектелген, жай және кері қайтарылатын лицензия бере алады. Веб-сайт материалдарын қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз бар болса, бізге тікелей байланыс формасы арқылы хабарласыңыз.

Amway веб-сайтының құпия сөзбен қорғалған бөлімдерін пайдалану құқығы АТК үшін АТК келісімі күшін жойған күннен бастап, Amway тарапынан еш қосымша әрекеттер жасалмай тоқтатылады. Келісім күшін жойғаннан кейін АТК барлық сақталған, басып шығарылған не көшірілген материалдарды олардың заңнама талаптарына сәйкес сақталуы қажет болмаса, жоюы керек.

4. Өзге веб-сайттарға сілтеме

Amway компаниясы Amway бақылауы аясынан тыс өзге веб-сайттарға сілтемелер жариялай алады. Мұндай веб-сайттарда берілген ақпарат не материалдар үшін Amway жауап бермейді. Мұндай веб-сайттарды қолданбас не бұл веб-сайттарға не олар арқылы қандай да бір жеке ақпараттарды көрсетпес бұрын бұл веб-сайттардың пайдалану шарттарымен және құпиялылық ережелерімен танысуға кеңес береміз.

5. Өзге веб-сайттардағы Amway веб-сайтына сілтемелер

Өзге веб-сайттардан www.kz.amway.com сайтына сілтеме жариялау үшін Amway компаниясының жазбаша рұқсаты болуы тиіс. Егер өзге веб-сайттарда сілтеме жариялауды қаласаңыз, бізге тікелей байланыс формасы арқылы хабарласыңыз.

6. Жауапкершілікті шектеу, кепілдік беруден не шығынды өтеуден бас тарту

Қолданыстағы заңнаманың әрекет ету шеңберінде материалдық шығын, пайдалану мүмкіндігін жіберіп алу, сауда мүмкіндігін жіберу алу, экономикалық шығындар, деректерді жоғалтып алу немесе жіберіп алған табыс мүмкіндігін қоса алғанда, бірақ онымен ғана шектеліп қоймай, Amway веб-сайтын не оның мазмұнын қолдану алмау не оған кіру рұқсатын ала алмау нәтижесінде не соған байланысты туындаған қандай да бір тікелей, жанама және өзге шығын үшін Amway компаниясы жауап бермейді.

Amway веб-сайтта ұсынылатын ақпараттар мен материалдардың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады. Бірақ, соған қарамастан, Amway барлық ақпарат пен материалдардың дәлдігіне кепілдік бере алмайды және осы сайтта қамтылған ақпараттар мен материалдардың дәлдігі, толықтығы және дұрыстығына жауап бермейді. Бұл веб-сайттың жұмысы үздіксіз болатынына, не онда ешқандай қателер кездеспейтіндігіне, не осы веб-сайтта құрылғыға не бағдарламаға зиян келтіруі мүмкін вирус не өзге де компоненттер болмайтындығына кепілдік бермейміз. Amway компаниясы Amway веб-сайты сіз қолданатын барлық құрылғылармен және бағдарламалық жасақтамалармен үйлесімді болатындығына кепілдік бермейді және Amway веб-сайт барлық уақытта қол жетімді болатындығына немесе қандай да бір нақты мезетте қол жетімді болатындығына кепілдік бермейді.

Веб-сайтты пайдалану арқылы осы "Веб-сайтты пайдалану шарттарын" бұзу не Amway веб-сайтын сіздің пайдалануыңызға қатысты туындауы мүмкін ықтимал шағымдар мен шығындардан Amway компаниясын қорғауға және шығындарды өтеуге келісесіз.

7. "Веб-сайтты пайдалану шарттарын" бұзғаны үшін Amway веб-сайтына кіру рұқсатын шектеу немесе блоктау

Осы "Веб-сайтты пайдалану шарттары" бұзылған жағдайда, әсіресе, Amway веб-сайтын немесе Amway веб-сайтының жекелеген элементтерін осы Пайдалану шарттарында қарастырылмаған өзге мақсаттарда пайдалану орын алған жағдайда Amway веб-сайтына кіру рұқсаты шектелуі немесе блокталуы мүмкін.

Жалпы алғанда, Amway компаниясы Amway веб-сайтын кез келген уақытта біршама не толықтай өзгерту, блоктау не оның жұмысын тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

8. Бөлектік туралы ереже

Егер осы "Веб-сайтты пайдалану шарттары" ережелерінің бірі жарамсыз болса, не сот шешімімен жарамсыз деп танылса, ол басқа шарттардың жарамдылығына еш әсерін тигізбейді.

9. Қолданылатын заң

Amway веб-сайтын пайдалану және осы "Веб-сайтты пайдалану шарттары" заң бойынша өзгелер қарастырылмаған болса, Ресей Федерациясының заңнамаларымен реттеледі.

Назар аударыңыз: Құпия сөздерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды және оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау қажет. Егер құпия сөзіңіздің рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы белгілі болса, бірден Amway компаниясына бұл туралы хабарлауыңыз қажет. Құпия сөзді дұрыс қолданбау нәтижесінде пайда болған шығынға Amway жауап бермейді.