Nutrilite™
Эхинацея плюс, 120 таб.

₸ 19 285,00
₸ 16 392,0016392.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 5986
Салмағы/көлемі: 120 таб.
Мөлшері:

    Иммуниттетің төмендеуі бірқатар себептердің салдарынан болуы мүмкін, солардың ішінде: жағымсыз климат пен экология, еңбек пен демалыс режимінің бұзылуы, сағаттық және климаттық белдеулердің ауысуы, ақуызбен, орны толтырылмайтын май қышқылдарымен, дәрумендер мен минералдармен байтылмаған, толыққанды емес тамақтану, созылмалы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың болуы.

    Иммуностимуляторлар - ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын ынталандыратын заттар және оның оларға кешенді жауабы (иммунитет). Оларды пайдалану бірқатар жағдайларда инфекциялық үдерістің дамуының алдын алуға, ал жұқтыру жағдайында - аурудың ұзақтығы мен білінуін азайтуға мүмкіндік береді.

    Эхинацея - жоғары тиімді табиғи иммуностимулятор. Оның құрамындағы заттар иммундық жүйенің спецификалық емес факторларын белсенді етеді, интерферондардың бөлінуін ынталандырады, сол арқылы ағзада вирустар мен бактериялардың таралуына кедергі жасайды.

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    • Үлкен ұжымдарда жұмыс істейтін адамдар
    • Балалар ұжымдарында жұмыс істейтін адамдар (тәрбиешілер, педагогтар)
    • Суық тиіп ауырудың індетті өршуі кезеңдерінде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер
    • Қоғамдық көлікпен жиі жүретін, ірі қалаларда тұратын адамдар
    • Экологиясы мен ауа райы қолайсыз аудандарда тұратын адамдар
    • Зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдар
    • Суық тиетін аурулармен жылына 2–3 реттен жиірек ауыратын адамдар
    • Спортшылар мен жоғары физикалық салмақ түсетін адамдар
    • Өзінің иммундық жүйесін қолдауға мүдделі адамдар

    Артықшылықтары

    • Құрамында жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер мен консерванттар жоқ
    • Құрамында гүлдеп тұрғанда жиналған жас өсімдіктерден алынған және патенттелген алу әдісі арқылы мұқият өңделген эхинацеяның екі түрінің сіріндісі бар
    • Құрамында ГТА жоқ
    • Құрамында глютен, лактоза жоқ
    • Диабетпен ауыратын адамдарға жарайды (құрамындағы көмірсулар мен калориялардың мөлшері мардымсыз)*

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.


    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    *Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады

    Барлығын көрсету
    • Гидрокси даршын қышқылдарының көзі болып табылады
    • Эхинацея иммунитетті ширықтырады, ағзаның жұқпалы ауруларға қарсыласу қабілетін арттырады
    • Ағзаның иммундық күйінің әлсіреуімен қоса жүретін түрлі жай-күйлер кезінде иммунитетті қолдау үшін пайдаланылады
    Барлығын көрсету

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Көбінесе біз иммунитет туралы тым кеш ойланамыз: вирустық немесе бактериялық инфекция жұғу қатері туындаған кезде ғана. Аурудың басталуы иммун жүйесінің күйіне тікелей байланысты. Сондықтан иммунитетті алдын ала күшейте бастау маңызды.

    Иммунитетті қалыптастыру 70% асқазан-ішек жолында орын алады. Сонымен бірге, ағзаның жұқтыруға қарсылық білдіру қабілетіне тұтынылатын ақуыздың мөлшері ықпал етеді. Рационға жасұныққа және протеинге бай өнімдер енгізу, сондай-ақ өттің ағуын қалыптандыру қажет. Иммунотропты белсенділікке ие дәрумендер: А, D, Е және С, сондай-ақ осы дәрумендердің әсер етуі үшін қажет минералдар – мырыш пен селен туралы да ұмытпаған жөн. Олардың бәрі NUTRILITE™ дәрумендік-минералдық кешендерінің құрамында қамтылған.

    Сонымен бірге, иммунитетті күшейтуге көмектесетін табиғи заттар да бар. Иммун жасушаларын сүйемелдеу үшін эхинацеяны қолдануға болады, оның осы мақсатта қолданылуы жеткілікті кең таралған. Бұл өсімдік өте әсерлі екенін, оны қолданғанда белгілі бір ережелерді сақтау қажеттілігін ұмытпаған маңызды.

    Эхинацеяның әсер ететін заттары – ерекше полисахаридтер, эфир майлары, флавоноидтер, илік заттектер және фитостериндер. Олардың бірегей үйлесімі бейспецификалық иммунитетті күшейтеді, ол ағзаның жалпы күйін көрсетіп, оның вирустарға, зеңге, паразиттерге қарсылық білдіру қабілетін сипаттайды. Эхинацея иммун жүйесінің ерекше жасушалары – нейтрофилдер мен макрофагтардың белсенділенуіне ықпал етеді. Олар патогенді сіңіріп, оның зияндылығын жояды.

    Иммунитет үшін эхинацея қалай жұмыс істейді? Ол интерлейкин-1 көмегімен реакциялар каскадын іске қосады. Оның орын алуын температураның артуымен, қан ағысының күшеюімен, қантамырлардың кеңеюімен ілесетін қабынудың басталуы білдіреді. Ошақта инфекциямен күресіп, оның белсенділігін жоятын иммун жасушаларының саны өседі.

    Сонымен бірге эхинацея қан жасушалары: оның ішінде иммунитет үшін жауап беретін жасушалар синтезделетін сүйек майына әсер етеді. Ол жаңа жасушалардың түзілуін және қанға шығарылуын ынталандырады, яғни олардың концентрациясының өсуіне жауап береді. Эхинацея иммунитетке қосымша сүйемелдеу қажет кезде әсіресе пайдалы — созылмалы процестердің асқыну кезеңінде, ЖРВИ, суық тию аурулары, иммунодефицит кезінде.

    Иммунитетті алдын ала күшейткен өте маңызды: суық тию басталмай тұрып, пандемия кезеңінде, күзгі-қызқы мезгілде, үлкен эмоциялық жүктеме, күйзеліс кезінде.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету

    ҚҰРАМЫ: ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; ЭХИНАЦЕЯ (ECHINACEA PURPUREA, ECHINACEA ANGUSTIFOLIA) СІРІНДІСІ, ЦИТРУС ЖЕМІСТЕРІНІҢ (ГРЕЙПФРУТ, МАНДАРИН, ЛИМОН) КОНЦЕНТРАТЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: СТЕАРИН ҚЫШҚЫЛЫ; ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КАЛЬЦИЙ ОРТО-ФОСФАТЫ 3-АЛМАСТЫРЫЛҒАН; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КАРБОКСИМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА НАТРИЙ ТҰЗЫ АЙҚАС БАЙЛАНҒАН; ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН; ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ.

    Барлығын көрсету

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

    • Ересектер тамақ ішкен кезде күніне 1-2 таблеткадан қабылдауға тиіс. Қабылдау ұзақтығы 2-3 апта. 

    Цефалоспориннің туындыларымен және алкогольмен бірге қабылдау ұсынылмайды. Артық мөлшерлеу кезінде болуы мүмкін: жүрек айну, лоқсу, нәжістің бұзылуы, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық.

    Қарсы көрсетімдер: үдемелі жүйелік аурулар (туберкулез, лейкоз, шашыраңқы склероз, коллагеноз), өнім компонеттерін жеке көтере алмау, жүктілік, емшек емізу. 
     

    Барлығын көрсету