Жазылым бойынша тиімді
Amway Бестселлерлері
Жеңілдікпен жиынтығына кіреді

NUTRILITE™ Омега-3 кешені, 90 капс.

₸ 14 290,00
₸ 12 146,0012146.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 4298
Салмағы/көлемі: 90 капс.
Мөлшері:

    Омега-3 қышқылдары тағамның ажырамас немесе бас ештеңемен ауыстырыла алмайтын факторларына жатады. Басқа сөзбен айтқанда, олар ағзада синтезделмей, өмір бойы жеткілікті мөлшерде тұтынылуы қажет.
    Салауатты теңгерімді сақтау үшін қаныққан және қанықпаған майларды тұтынудың арақатынасы 50/50 шегінен аспауы керек.

    Ал қазіргі кезде тамақтану құрылымы бойынша аустырылмайтын май қышқылдарының ағзаға түсетін мөлшері өте аз. Түсіп жатқан майлардың негізін қаныққан май қышқылдары мен холестерин құрайды.

    Біздің денеміздегі басқа тағамдық майларға қарағанда, энергия жеткізуші ретінде, әсіресе омега-3 қышқылы жасуша жарғақтарының құрылымдық құрамдастары болып табылады.

    Омега-3 май қышқылдарының (ЭПҚ – эйкозапентаен қышқылы және ДГҚ - докозагексаен қышқылы) ұтымды қатынасын қамтитын, NUTRILITE™ Омега-3 комплексі тамақ рационында балықты және бірнеше өсімдік майларын аптасына 1-2 рет тұтынатын ересектерге және 14 жастан асқан балаларға арналған. Май мөлшері аз диетаны ұстайтын адамдарға арналған. Тамақтағы майдың түсуінің 20%-ға дейін төмендеуі полиқанықпаған май қышқылдарының (ПҚМҚ) қажетті мөлшерін алу үшін қиындық тудырады. Тамақ рационында тек күнбағыс майын қолданатын адамдар үшін, күрделі жаттығулар барысында, спортсмендер үшін де

    NUTRILITE™ Омега-3 комплексінің бір капсуласы ағзаны 28 г ақсерке, тунец немесе сардина сияқты, омега-3 май қышқылдарының (ЭПҚ және ДГҚ) шамамен сондай мөлшерімен қамтамасыз етеді.

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Тағамдық әр түрлі өнімнің ішінде омега-3 қышқылы ағза үшін жеткілікті болатын мөлшерде тек суық сулардағы балықтардың (тунец, сардиналар, қызыл балық, скумбрия, макрель) тінінде болатын. Эйкозопентаен және докозогексаен қышқылдары балық майындағы май қышқылдарының 25% жалпы мөлшерін құрайды. Балық майы өсімдік майында жоқ, өте ұзын қабырға тізбегі бар таптырмас омега-3 ПҚМҚ қамтиды.

    Омега-3 қышқылының басқа көздеріне зығыр, рапс, соя майлары, сонымен қатар, жұмыртқа сарысы жатады.
    Тамақпен бірге омега-3 тобының ПҚМҚ жеткілікті тұтыну жоғарыда аталған өнімдерді тамақ рационына күнделікті қосу арқылы ғана мүмкін болады. Жетіспеушілік балықты аптасына 2 реттен аз мөлшерде тұтынғанда пайда болады.*

    *Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    • Балық және кейбір өсімдік майларын аптасына 1-2 реттен аз мөлшерде тұтынатын адамдар
    • Май мөлшері аз диетаны ұстайтын адамдар
    • Тамақ рационында тек күнбағыс майын қолданатын адамдар, сондай-ақ, күрделі жаттығулар барысында, спортсмендер

    Артықшылықтары

    • Омега-3 МҚ - әр адамның тіршілігін оңтайлы түрде қамтамасыз ету үшін оның рационында болуға тиісті құрамдас.
    • Ажырамас (орнын толтырмас) май қышқылдар түріне жатады, яғни адам ағзасында синтезделмейді және тамақпен бірге тұтынылуы қажет.
    • Май алмасуды қалыпты сақтайды.
    • Омега-3 май қышқылдары жүйке жүйесінің қызметін жақсарту арқылы, зейін қою, есте сақтау, көру қабілетін жақсартуға, жүйке және писхикалық ауруларды тудыруды болдырмауға мүмкіндік береді.
    • Тері, тырнақ және шашқа комплексті түрде күтім жасаудың ажырамас түрі болып табылып, тері жасушаларының жаңаруына сапалы түрде әсерін тигізеді, құрғауды, қабыршақтануды және қызаруды азайтады.
    • Глютен қосылмаған.
    • Лактоза қосылмаған.
    • Жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосылмаған.
    • Омега-3 май қышқылдары жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сақтап тұрады.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады.

    Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    • Мұхиттан ауланатын балықты, әсіресе ақсеркені, тунец және сардинаны жеткіліксіз мөлшерде тұтыну салдарынан күнделікті тағам құрамында жетіспейтін майлы қышқылдарды ағзаға қамтамасыз етеді.
    • Бір капсуласы ағзаға омега-3 майлы қышқылдарының (ЭПҚ және ДГҚ) 28 г ақсерке, тунец немесе сардина беретіндей мөлшерін қамтамасыз етеді.
    • Омега-3 майлы қышқылдары ағзаның жасушаларын бүлінуден қорғайтын антиоксидант болып табылады.

    Омега-3 кешені

    Владимир Чикунов
    15 жылдық тәжірибесі бар практикалаушы диетолог маман, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Ағза энергия бөлу, жүйке жасушаларының қабықшасын құру, жыныс гормондарын синтездеу және жасуша қабырғаларын қалыптастыру үшін майларды қолданады. Кейбір май қышқылдары қасиеттері бойынша дәрумендерге ұқсас: оларды кезінде «F дәрумені» деп те атаған. Олар аса маңызды рөлге ие.

    Дәрумендер тәрізді бұл қышқылдар ағзамен өндірілмейді, сондықтан эссенциады деп аталады. Олардың дефицитін болдырмау үшін рационға үнемі өнімдердің ерекше топтарын қосу қажет.

    Бұл жерде омега-3 және омега-6-май қышқылдары жөнінде айтамыз. Екі топ та өзінше пайдалы. Бүгінгі күнде омега-3-ПҚМҚ 11-ден астам түрі ашылған. Оларды ішінде ең маңыздысы докозагексаен (DHA) және эйкозапентаен (EPA) қышқылдары. DHA жасушалық фосфолипидтік мембрана құрамына кіреді. EPA жүйке импульсін беруге қатысады. Олардың екеуі де гормонтәрізді заттар - қабынуға қарсы цитокиндердің синтезделуі үшін қажет. Ол қабынуды, ауырсынуды төмендететін, бронх спазмының алдын алатын, қан тұтқырлығын жоятын микробөлшектер.

    Омега-6-ПҚМҚ қарама-қарсы әсер ететін қосылыстарды өндіреді. Сондықтан олар ауырсынуды, қабынуды, бронх спазмын күшейтеді және қысымды арттырады. Қабыну - біздің денеміздің физиологиялық қорғаныш реакцияларының бірі. Міне сондықтан Омега-6-ПҚМҚ ағзаның табиғи қызметі үшін қажет. Бірақ олардың мөлшері шамадан тыс өссе, цитокинді шторм басталады - қабыну бақылаудан шығып, қауіптіге айналады.

    Кәдімгі адамның рационында бүгінгі күнде омега-6-ПҚМҚ артықтығы мен омега-3-ПҚМҚ жетіспеушілігі байқалады. Ол май алынатын кең таралған өсімдіктер: күнбағыс, мақта, рапс, жүгері омега-6-май қышқылдарымен бай болғандықтан. Омега-3-ПҚМҚ шөппен қоректенетін малдың етінде болады: олар айтарлықтай кемірек қолжетімді. Осылайша жалпы қабынуды, аутоиммунды процестерді, аллергияларды іске қосатын және гипертонияға, қанның қойылуына ықпал ететін дисбаланс орын алады.

    Ағзаға майлы қышқылдардың келіп түсу теңгерімін қадағалау маңызды. Не үшін? Бұл оп-оңай: қай өнімдердің үлесін арттыру, ал қайсысын азайту керек екенін түсіну үшін. Ол үшін тамақтану күнделігінің көмегі зор болуы мүмкін, оны үнемі жүргізу керек.

    Омега-3-ПҚМҚ мөлшері мен сапасына адамның денсаулық күйі байланысты. Табиғи көздерінің бірі суық теңіздердің майлы балығы болып табылады. Алайда сатып алмас бұрын балық қай жерде ауланғанына немесе өсірілгеніне назар аударған жөн. Оның құрамында қауіпті заттар болуы мүмкін, мысалы, ауыр металдар. Бұл жағдайда, әрине, пайдасы туралы айта алмаймыз.

    Егер сіздің аптасына 2–3 рет сапалы балық жеу мүмкіндігіңіз болмаса, маманмен кеңесіңіз және мәзіріңізді NUTRILITE™ Омега 3 кешенімен байтыңыз. ББҚ бір капсуласында - тазартылған балық майының оңтайлы мөлшері, концентрацияланған омега-3-ПҚМҚ, DHA, EPA, Е дәрумені бар. Ұсынылатын тәуліктік дозасы - 14 жастан асқан балалар мен ересектер үшін 2 капсула. Егер жоғары дене жүктемелеріне шалдықсаңыз, инсулинрезистенттілігі немесе артық салмағыңыз болса, 1–2 капсула артық қабылдаңыз. Amway Омега 3 кешені ББҚ полиқанықпаған май қышқылдарының дефицитіне жол бермейді.

    Майлардың дұрыс теңгерімін сүйемелдеңіз және денсаулығыңызды күтіңіз!

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    ҚҰРАМЫ: БАЛЫҚ МАЙЫ, ЖЕЛАТИН, ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ АГЕНТ: ГЛИЦЕРИН, D-АЛЬФА ТОКОФЕРОЛ (Е ДӘРУМЕНІ), СОЯ МАЙЫ.

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері:

    • Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға күніне 2 рет тамақ ішу кезінде 1 капсуладан қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы - 3 ай.

    Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.