Жазылым бойынша тиімді
Amway Бестселлерлері
Жеңілдікпен жиынтығына кіреді

NUTRILITE™ Протеиндік ұнтақ, 450 г.

₸ 17 850,00
₸ 15 172,0015172.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 110415
Салмағы/көлемі: 450 г
Мөлшері:

    Ақуыздар ағзаға 11 орны толтырылатын және 9 орны толтырылмайтын амин қышқылдарының түсу көзі болып табылады. Олардың біріншілері де, екіншілері де ақуыздық алмасу үшін тең дәрежеде маңызды екенін басып айтқан дұрыс.

    2 абсолюттік орны толтырылмайтын амин қышқылдары бар: лизин және треонин. Олар еш жағдайда ағзада синтезделмейді. Басқа орны толтырылмайтын амин қышқылдары (7: валин, лейцин, изолейцин, метионин, фенилаланин, триптофан, гистидин) әртүрлі реакцияларда түзілулері мүмкін, алайда метаболизмді толыққанды қамтамасыз ету тұрғысынан бұл ешқандай орын алмайды. Сондықтан, егер аталған амин қышқылдарының тамақтан түсуі жеткіліксіз болса, онда ағзаның қалыпты дамуы мен қызмет етуі бұзылады.

    Ағзаға орны толтырылатын және орны толтырылмайтын амин қышқылдарының түсуі синтез-ыдырау үдерістерінің тең салмақтылығын қамтамасыз етеді. Адамның ақуызға деген тәуліктік мұқтаждығы тамақтың жалпы нәрлілігінің 9-14%-ын құрайды, ал ағзадағы ақуыздың жалпы қоры 6 кг-ға тең. Тамақпен бірге нормамен алғанда (орташа) 25-тен 60 г дейін ақуыз түседі, және сол уақытта ас қорыту сөлдерімен тәулігіне 17 г-ға дейін меншікті ақуыздар бөлінеді, ал ішек-қарын жолының шырышты қабығының бөлініп шығатын жасушаларымен бірге тәулігіне 70 г-ға дейін бөлінеді. Ақуыздардың жартылай ыдырау кезеңі 21 тәулікті құрайды. Ағзада арнайы ақуыздар деполары - жоқ. Сондықтан ақуыздың тиісті мөлшерде түспеуі теңгерімнің синтез үдерістерінен ыдырау үдерістерінің басымдылығы жағына аутқуына әкеп соғуы мүмкін.

    NUTRILITE™ Протеин ұнтағы соя, бидай мен асбұршақтан алынған ұнтақ нысанындағы өсімдік протеинін қамтамасыз етеді. Біздің ағзамыз протеиндердің артығын сақтауға қабілетсіз, сондықтан ағзамен барлық өмірлік маңызды қызметтерді орындау үшін ақуыздар санын тиісті деңгейде сақтау үшін оларды күн сайын тұтыну қажет.
    Протеин ұнтағы орны толтырылмайтын тоғыз амин қышқылының теңгерімді мөлшерін қамтамасыз ететін жоғары сапалы протеин болып табылады. Ұнтақтың салмағы 10 г бір порциясында 8 г протеин болады.

    Тамақтанудың теңгерімді рационы мен салауатты өмір салты тұжырымдамасын назарға алғанда, бұл өнім қызыл ет, ірімшік, жұмыртқа мен қаймағы алынбаған сүт тәрізді протеиннің дәстүрлі көздерінің барынша теңгерімді баламасы деп айтуға болады.

    Ал вегетариан рациондары осы қатер болмаған жағдайда, биологиялық құндылығы төмен ақуыздың түсуімен сипатталады.

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Құрамында орны толтырылмайтын амин қышқылдарының толық жиыны бар толыққанды ақуыздардың көздері малдан алынған өнімдер (сүт, сүзбе, ірімшік, жұмыртқа, мал, құс және балық еті, теңіз өнімдері) болып табылады. Олардың тәуліктік рациондағы үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс. Алайда, жануарлардан алынған толыққанды ақуызбен бірге ағзаға қаныққан майлар мен холестериннің қосымша мөлшерлері түседі.

    Артықшылықтары

    • 100% өсімдік компоненттерде - ақуыздың көздерінде (соя, бидай, асбұршақ) негізделген формуласы
    • Құрамындағы ақуыздарда барлық орны толтырылмайтын амин қышқылдары бар
    • Коктейль түрінде де, немесе тамақ пен сусындарға қосып пайдалануға да болады
    • Өнімнің құрамында жасанды қоспалар, бояғыштар, хош иістендіргіштер, консерванттар, ГТА жоқ
    • Ұнтақтың ұсынылатын тәуліктік мөлшерінде (2 үйме ас қасық) небары 1 г май және 80 ккал бар
    • Құрамында холестерин жоқ
    • Вегетариандарға жарайды
    • Қатаң вегетариандарға жарайды

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    • Өсімдік негізіндегі протеин ұнтағы түгелдей табиғи әрі құрамында май мүлде жоқ дерлік протеин болып табылады.
    • Өсімдік негізіндегі протеин ұнтағы жоғары сапалы протеинді қамтамасыз етеді және құрамында орны толтырылмайтын тоғыз амин қышқылының теңгерімді мөлшері бар.
    • Ұнтақтың салмағы 10 г бір порциясында 8 г протеин бар.
    • Протеиннің табиғи көздерінен алынған құрамдас бөліктері: соя, бидай және асбұршақ.
    • Тағамдар мен сусындардың дәмін өзгертпестен қосуға болады. 
    • Ешқандай жасанды бояғыштар, хош иістендіргіш және дәмдеуіш үстемелер немесе консерванттар жоқ.

    Протеин

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Дүкендегі азық-түліктің мол таңдауына қарамастан ақуызды тұтыну, палеолит заманындағы адамдардың рационымен салыстырғанда, 37%-дан 20% дейін төмендеді. Ал оларға ақуызға бай тағамды (балық, ет) табу айтарлықтай қиын болды. Қазіргі заманғы адамның рационында майлар мен көмірсулар басым. Ақуыз дефицитінің аясында олардың артықтығы ағзадағы жағымсыз реакцияларға әкеліп соғады.

    Осы дисбаланс протеинкиназа арнайы ферменті — mTOR гиперстимуляциясын іске қосады. Ол көптеген ақуыздардың синтезін реттейді, оның ішінде жасушаның өсуі мен оның көбеюіне байланысты. Шамадан тыс стимуляция кезінде алмастыру процестері бұзылады, жасушалардың бақылаусыз бөлінуі туындауы мүмкін. Ол обыр ауруларына, ерте қартаюға, эмоциялық күйіп кету синдромына әкеледі.

    Міне сондықтан тамақтанудағы таза ақуыздың жеткілікті мөлшерін қадағалау маңызды. Және рационға үнемі өсімдік протеиніне бай өнімдерді: асбұршақ, жасымық, ноқат, үрмебұршақ, бұршақ, жаңғақ қосу керек. Өсімдік өнімдеріндегі ақуыз формуларының құрамында адамға қажетті толық амин құрамы жоқ, бірақ дұрыс үйлестірген кезде толыққанды ақуыз профилін береді.

    Ақуыз дефициті профилактикасы үшін Amway компаниясы NUTRILITE протеин ұнтағын жасап шығарды. Оның құрамында адам үшін қажетті барлық амин қышқылдары бар. Ол асбұршақ, соя және бидайдың патенттелген үйлесімі арқасында мүмкін. Өнімнің амин қышқылдарының үйлесімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына барынша жақын.

    Осыған қатысты NUTRILITE протеин ұнтағы сарысу протеиндерінен жасалған көптеген аналогтарға қарағанда неғұрлым теңгерімделген. Құрамы бойынша әйел жыныс гормондарына ұқсас изофлавондарға байланысты сояның онша емес атағы шыққан. Бірақ бұл өнімде олар жоқ. Соя ақуызы қоспаларсыз изолят түрінде берілген. Мұндай құрам арықтау үшін немесе бұлшықет массасын жинау үшін кедергі болмайды. Керісінше, ақуыздың жеткілікті келіп түсуі кезінде ағза табиғи теңгерімге жету үшін қалпына келеді: иммунитет жақсарады, қысым қалыптанады, ақуыз маңызды рөлге ие қалған процестер — жасушалар, гормондар, бұлшықет талшықтары синтезі, қантүзілім, тері, тырнақ, шаш өсу дұрысталады.

    Ақуызға бай тамақтану ұзақ уақыт тойынуды қамтамасыз етеді, артық тамақ ішпеуге, жылу сақтауға көмектеседі. Ол бұлшықеттер үшін және метаболизмді жақсарту үшін пайдалы. Протеин ұнтағы ұзақ сақтау мерзіміне ие және рационды түзетуге көмектеседі. Онымен артық холестериннен және трансмайлардан қорықпауға болады.

    Орташа алғанда ересек адамға тәулігіне бір килограмм салмаққа 1 г таза протеин керек. Жоғары жүктемелер кезінде, бұлшықет массасы өсу, инфекциялар мен аурулардан кейін қалпына келу кезеңінде протеиндегі қажеттілік бір килограмға 1,4-1,6 г дейін өседі.

    Дүкенде сапалы ет сатып алу немесе үнемі өсімдік өнімдеріндегі амин қышқылдарының пропорцияларын есептеп отыру әрқашан сәтті бола бермейді. Сапалы ақуыз ББҚ сізге кез келген жағдайда ақуыз дефицитіне ұшырамауға көмектеседі.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    ҚҰРАМЫ: СОЯ АҚУЫЗЫНЫҢ ИЗОЛЯТЫ, БИДАЙ АҚУЫЗЫ, АСБҰРШАҚ АҚУЫЗЫ, ЭМУЛЬГАТОР: СОЯ ЛЕЦИТИНІ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

    Ұнтақтың ұсынылатын тәуліктік мөлшерінде (2 ас қасық) Коктейль түрінде де, немесе тамақ пен сусындарға қосып пайдалануға да болады.

    Ересектердің ақуызға деген физиологиялық мұқтаждығы төмендегідей: әйелдер үшін мінсіз дене салмағының бір килограмына - 0,8-0,9 г, ерлер үшін мінсіз дене салмағының бір килограмына - 0,9-1,2 г.

    Ақуыз қажеттілігі өсу мен даму кезеңдерінде, жүктілік кезінде, жарақаттар мен ауыр сырқаттардан кейін қалпына келу кездерінде, қарқынды физикалық жүктемелер кезінде (ауыр жұмыс, спорт) арта түседі.