Amway Бестселлерлері

Nutrilite™
С плюс дәрумені

₸ 9 045,00
₸ 7 688,007688.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 109741
Салмағы/көлемі: 60 таб.
Мөлшері:

    СИПАТТАМАСЫ

    С дәрумені иммунитет жүйесінің жұмысына қатысады, ағзада негізгі оттек жеткізушісі болып табылатын темірді сіңіруге мүмкіндік береді. Қанда айналып жүретін липидтерді радикалдардың әсерінен қорғауға ықпалдасатын, жасушаның антиоксиданттық жүйесінің маңызды құрамдасы болып табылады. Коллагеннің және дәнекер тіннің негізгі заттегін синтездеуге қатысады.

    Адам ағзасы С дәруменін өздігінен синтездей алмайды: оған деген мұқтаждық тамақпен бірге қабылдау арқылы қанағаттандырылады.

    Қазіргі заманда өмір сүру жағдайларында көптеген адамда С дәруменінің тапшылығы әсіресе қыс пен көктемде байқалады. Көп адамдарда дәруменнің жетіспеушілігі кейде әлдеқайда қолайлы жаз бен күз айларында да сақталады.

    С дәруменін тұтынудың орташа деңгейі түрлі елдерде тәулігіне 70-170 мг арасында болады, ал Ресейде күніне 55-70 мг-ді құрайды. Ең алдымен климаттық-географиялық ерекшеліктер мен тамақтану сипатының есебінен болады: тазартылған тағамның шамадан тыс болуы және жас көкөніс пен жеміс-жидекті жеткіліксіз тұтыну. Ресей Федерациясы халқының тағамды тұтыну мөлшерінің орташа деңгейі ұсынылған нормадан төмен: картоп - 34,6%, көкөніс – 23,4%, жеміс-жидек – 21,8%.*

    С дәрумені – ең тез бұзылатын және сыртқы орта мен жылумен өңдеудің әсеріне сезімтал дәрумен. Жарық, температураның жоғарылауы, ұзақ сақтау – осы дәруменнің елеулі дәрежеде ысырап болуына (80%-ға дейін) әкеледі.

    *Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес ағзаны барлық қажетті заттектерімен сәйкес қамтамасыз ету үшін күніне 300–400 г балғын өсімдік өнімдерімен толтыру керек.

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Итмұрын, тәтті бұрыш, чили бұрышы, ақжелкек, қарақат, аскөк, қырыққабат, цитрус жемістері, шие

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    – Жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидекті күніне 300 грамнан кем тұтынатын адамдар
    – Көмірсуларды шектей отырып нәрлілігі төмен диеталарды ұзақ уақыт пайдаланатын адамдар
    – Денесіне немесе ақыл-ойына көп күш түсетін, күйзеліске көп ұшырайтын адамдар
    – Климаттық немесе экологиялық жағдайлары қолайсыз аймақтарда тұратын адамдар (ыстық климаттық жағдайларда және Қиыр Солтүстікте С дәруменіне деген мұқтаждық 30–50% жоғары болады)
    – Темекі тартатын адамдар және темекі түтінін ырықсыз жұтатын адамдар
    – Спиртті ішімдікті тым көп тұтынатын адамдар
    – Созылмалы қабынба аурулары бар адамдар

    Артықшылықтары

    • Бір таблетканың ыңғайлылығы. Күніне бірнеше рет бірнеше таблеткадан қабылдау қажет емес.
    • Біртіндеп босап шығады. 8 сағат бойы біртіндеп босап шығуы С дәруменінің жақсы сіңірілуіне және тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.
    • Асқазанды тітіркендірмейді. Күні бойы ақырын әрі біртіндеп босап шыға отырып, таблетка асқазанды тітіркендірмейді және ішек-қарын жолдарының бұзылуына әкелмейді.
    • Құрамында өсімдік тектес нәрлі заттектер бар. Лимон, мандарин және грейпфруттардың цитрусты биофлавоноидтарының табиғи антиоксиданттарымен үйлескен ацерол шиесінің концентратына негізделген. Өндірістік әдіспен алынған аскорбин қышқылы С дәруменінің ұтымды мөлшерін таблеткада қамтамасыз ету үшін қосылған.
    • Жасанды тәттілегіштері, бояғыштары жоқ.
    • Вегетариандар да қабылдай алады (глютен мен лактоза қосылмаған)

    8 сағатқа дейін жарамды (заттың таблеткадан жай босатылуы тағамдық талшықтардың болуының есебінен орындалады), әрекеті ұзақа созылатын түрі болып табылады. Әрекеті ұзаққа созылатын заттектің ағзада түрі күні жиналуына мүмкіндік беріп, дәруменнің жоғары мөлшерін бірден қабылдаған кездегі оның бұзылатын әсерін азайтады.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.


    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    С дәруменінің төмендегідей сипаттары бар:

    • жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін жоғарылатады 
    • темірді жеткізу мен сіңіру деңгейін жақсартады 
    • коллаген синтезіне қатысуы есебінен терінің және дәнекер тіннің (байламдардың, сіңірдің) күйін жақсартады
    • қалпына келу процестерін күшейтеді
    • антиоксиданттық қорғанысты қамтамасыз етеді

    ҚҰРАМЫ: С ДӘРУМЕНІ (АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ), ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; АНАР ЖАПЫРАҚТЫ МАЛЬПИГИЯ ЖЕМІСІНІҢ (АЦЕРОЛАНЫҢ) КОНЦЕНТРАТЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГИДРОКСИПРОПИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; ГРЕЙПФРУТ ЖЕМІСІНІҢ ҰНТАҒЫ, МАНДАРИН ЖЕМІСІНҢ ҰНТАҒЫ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: МАГНИЙ СТЕАРАТЫ; МАЛЬТОДЕКСТРИН, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; ЛИМОН ЖЕМІСІНІҢ ҰНТАҒЫ, ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН; КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ.

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері:

    • Ересектер тамақ ішкен кезде күніне 1 таблеткадан қабылдау керек.

    Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қажет болса қабылдауды қайталауға болады.

    Тағамға ББҮ қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

    Қарсы көрсетім

    Тағамдық ББҮ құрамдастарын адамның қабылдай алмауы, жүктілік, бала емізу.