Ингредиенты косметики Artistry Skin Nutrition™

Artistry Skin Nutrition™
Табиғаттың күші мен ғылыми жетістіктер теріңіздің салауатты сұлулығы үшін
Біз пайдасы мол өсімдіктен алынған құрамдас заттарды қолданамыз. Өсімдіктердің табиғи күші ғылымның озық жетістіктерімен үйлескен кезде теріні сауықтыратын, тамаша нәтижелерге қол жеткізетін өнімдер шығарылады.

Біздің құрамдас заттарымыз жайлы көбірек біліңіз.

Біздің құрамдас заттар
Nutrilite™ қадағаланатын фитонутриенттері
Табиғи құрамдас заттар
Ғалымдар іріктеп алған құрамдас заттар
Әрбір Artistry Skin Nutrition™өнімдерінің құрамында Nutrilite™ органикалық фермаларында өсірілген фитонутриенттер бар. Пайдаланылатын сығындылар мен құрамдас заттар дәннен бастап түпкілікті өнімге дейін әрбір кезеңде қадағаланып отырады.
Қадағалау туралы көбірек білу
Ақ чиа дәндері
Мексикадағы Ранчо Nutrilite™ El Petacal* ранчосында өсіріледі
Ақ чиа дәндерінде пайдалы заттардың көптігі соншалықты, бұл Artistry Skin Nutrition™ формулаларына терінің сау қалпын сақтау үшін қажетті оның бірден 5 негізгі қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Чиа дәндері тері микробиомының теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі, оған жарқыраған күй сыйлайды, қоректендіріп қорғайды, антиоксиданттық қасиеттерге ие.
*Эль-Петакаль
Ацерола шиесі
Amway Nutrilite™ do Brasil фазендасында
өсіріледі**
Ацерола шиесінде лимон және апельсинмен салыстырғанда,С дәруменінің мөлшері ондаған есеге көп (әр 100 г-на 1000 бастап 3300 мг дейін). Оның құрамында сондай-ақ А дәрумені, тиамин, рибофлавин және ниацин бар.
С дәрумені коллагеннің өндірісін арттырады, терінің көзге байқалатын қартаю белгілерін азайтады, қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерінен қорғайды, сондай-ақ мықты антиоксидант болып табылады.
**До Бразил
Анар
Мексикадағы Nutrilite™ El Petacal* ранчосында өсіріледі
Антиоксиданттық әсерге ие, тері жасушаларын қорғауға ықпал етеді және коллагендік және эластинді талшықтардың уақытынан бұрын зақымдалуына жол бермейді. Ол липидтік тосқауылды қалпына келтіруге көмектеседі және лифтинг әсерге ие.
Табиғи құрамдас заттар – теріңіздің сыртқы сау көрінісінің кепілі. Artistry Skin Nutrition™ құралдарының барлығында фитонутриенттер бар. Біздің пікірімізше тері күтіміне арналған қауіпсіз және тиімді құралдар олардың құрамындағы табиғи компоненттерден басталады.
Алоэ вера
Суккулент сығындысы теріні тыныштандырады.
Австралиялық түймедақ
Терінің антиоксиданттық қорғаныс механизмін іске қосады.
Тау бүлдіргені
Жасуша сыртындағы матрикстің ыдырауына болдырмауға және тері жасушаларының қалыпты жұмысын қолдауға көмектеседі.
Көгілдір Агава
Терінің табиғи ылғалдану деңгейін арттыратын суккулент сығындысы.
Мия
Теріні тыныштандыратын тамыр сығындысы.
Тобылғы
Терінің май теңгерімін реттейді.
Өсімдік тектес планктон
Терінің табиғи ылғалдануын жасқартатын теңізден алынған құрамдас зат.
Киноа дәндері
Дәнді дақыл сығындысы көз айналасындағы терінің қараюын азайтуға көмектеседі.
Қызыл балдырлар
Терінің құрғауымен күресуге көмектесетін теңіз өсімдіктерінің сығындысы.
Перилла
Теріні тыныштандыратын өсімдіктен алынатын сығынды.
Қарбыз
Жеміс сығындысы терінің бос радикалдардың әсерінен болатын зақымдалудан қорғалуына ықпал етеді
Гамамелис
Тері майының бөлінуін реттейді және тері қуыстарының тарылуына ықпал етеді.
Күріш протеині
Тері қаңқасының зақымдалуының және қартаюының алдын алуға көмектеседі.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде алынған құрамдас заттарды қолдану фитонутриенттердің әсерін күшейтуге және терінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңтайлы шешім ұсынып отыруға көмектеседі . Құрамдас заттардың барлығының «тазалығы», қауіпсіздігі мен тиімділігі сынақтан өткізілген
Жұмсақ амин қышқылды ББЗ
Тазартқыш құрамдас заттар. ББЗ негізін құрайтын амин қышқылының арқасында мұқият және жұмсақ тазартады.
Карнозин
Терінің көк және инфрақызыл жарықтың әсерінен туындаған көзге көрінетін зақымдануларының алдын алуға көмектеседі.
Мицеллалар
Ластануларды магнит тәрізді бойына тартып алатын молекулалар.
Жарық таратқыш оптикалық бөлшектер
Микроскоптық жарық таратқыш оптикалық бөлшектер терінің түсін лезде жақсартуға көмектеседі.
Пребиотиктер
Тері микробиомын қалпына келтіріп, оның қорғаныш функциясын жасқартады.
PCA мырышы
Терінің майлылығын бақылап, оған жарқыраған күй сыйлауға көмектесетін опа.
Біз теріңізге жаққыңыз келмейтін ешқандай заттарды қолданбаймыз
Қандай да бір құрамдас зат Artistry™ тері күтіміне арналған құралдың құрамына кірмес бұрын біз оның «таза сұлулық» талаптарымызға сай екеніне көз жеткізу үшін оған ішкі сынақ жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ өзге зертханаға қосымша тәуелсіз баға беруге жібереміз
Artistry Skin Nutrition™ өнімдерінің құрамында мына заттар жоқ:
Парабендер
Фталаттар
Сульфаттарға негізделген ББЗ
Минералды майлар
Жануарлардан алынған құрамдас заттар
Бидай мен арпа
Терінің майлы жылтырын кетіру мен теңгерім
Теріні қалпына келтіру,
көтеру және серпімділік