Терінің кез келген қажеттіліктілігіне арналған дербестендірілген шешімдер

Artistry Skin Nutrition™
Терінің кез келген қажеттіліктілігіне арналған дербестендірілген шешімдер
Сіздің сұлулығыңыз ерекше. Теріңіз де сондай. Сол себепті косметикаңыз да тері қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Artistry Skin Nutrition™ - бұл текстуралар мен тиімді формулалардың кең таңдауы, олардың арасынан сіз міндетті түрде дәл сіздің теріңіздің қвжеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдерді таба аласыз.
Artistry Skin Nutrition™ құралдарында қолданылатын формулалар мен құрамдас заттар теріңіз үшін биоқоспалар* тәрізді жұмыс істейді, оны ішінен қоректендіріп отырады, теріңіздің жас ерекшелігіне қарамастан, жаңаруына ықпал етеді, оған жарқыраған сыртқы күй сыйлайды.
*Теріні өсімдік ингредиенттері сияқты заттармен қоректендіру арқылы оның серпімділігі мен қорғаныш қызметін жақсартып, зақым келтіретін жағымсыз әсерлермен күресу қасиетін арттырады. Парфюмериялық-косметикалық өнімдер, ББҚ-ның баламасына жатпайды.
Сіздің қалтаңыздағы Бьюти-сарапшы
Артистри Виртуал Бьюти (12+) қосымшасы — сұлулық саласындағы цифрлық сарапшы. Оны әзірлеу үшін бет-бейнені танып-ажыратудың озық технологиясы қолданылған, бұл оны аса пайдалы және функционалды етеді.

Қосымша сіздің теріңіздің күйін талдап, негізгі проблемаларды анықтап, жеке күтім бағдарламасын, сізге ғана лайық келетін өнімдерді ұсына алады!

Барынша шындыққа сәйкес суреттердің арқасында сіз өзіңізге кез келген жағдайға арнап макияж таңдап алуыңызға болады.

Нақты уақыт режимінде немесе селфи-фотосуреттерді қолдану арқылы тәжірибе жасап көріңіз.