Увлажняющая косметика для лица Artistry Skin Nutrition™

Artistry Skin Nutrition™
Теріңіздің жарқыраған күйін ашыңыз
Теріңізге терең ылғалдану сезімін сыйлаңыз
Artistry Skin Nutrition™ ылғалдандыратын желісінің құралдары терінің 24 сағат бойы терең ылғалдануын қамтамасыз етеді және уақытынан бұрын қартаю белгілерінің алдын алуға көмектеседі. Аса жеңіл Текстурасысылар теріні жарқыратып, оның негізгі 5 қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Бет терісін ылғалдандырып тазартатын, жуынуға арналған мусс
Құрал тері бетіндегі барлық ластаушы бөлшектерді, сонымен бірге PM 2,5* ұсақ түйіршікті шаңды мұқият кетіреді.
2 999,00 ₽
Сатып алу
Бет терісін ылғалдандырып жұмсартатын тоник
Теріні терең ылғалдандырады, ластанулардың қалдықтарын кетіреді және теріні әрі қарайғы күтім шараларына дайындайды.
2 999,00 ₽
Сатып алу
Көз қабағының терісін ылғалдандыратын крем-гель
Көз айналасындағы теріні ылғалдандырады және уақытынан бұрын қартаю белгілерін азайтады, көз астындағы қараюларды азайтады, ісінуді басады.
2 999,00 ₽
Сатып алу
Бет терісін ылғалдандыратын крем-гель
Теріні 24 сағат бойы терең ылғалдандырады, оған жайлылық сезімін сыйлайды. Теріні тегістеп, ішінен жарқырата түседі.
2 999,00 ₽
Сатып алу
SPF 30 UVA/UVB PA++++ күннен қорғайтын сүзгісі бар, бет терісіне арналған ылғалдандыратын лосьон
Теріні ылғалдандырып нығайтады, оның УК-сәулелерден кешенді қорғалуын қамтамасыз етеді
(SPF 30 сүзгісі)
2 999,00 ₽
Сатып алу
Ылғалдандыру
Тері типі
құрғақ
құрғақтыққа бейім
қалыпты
аралас
Жасы
18–35
Негізгі проблема: «Мен… қалаймын»
  • Терінің ылғалдануы мен жарқырағанын
  • Терінің жастығын сақтап, уақытынан бұрын қартаю белгілерінің алдын алуды
  • Tерінің түсін жақсартуға
  • Теріні тегіс, серпімді және жұмсақ етуді
Кімге көбірек сәйкес келеді?
  • Терісін күні бойы жылдам және тиімді ылғалдандыруға мұқтаж адамдарға
  • Терісі өзіне ұнайтын және оны мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы осы қалпында сақтап қалғысы келетіндерге
  • Терісіне анағұрлым сау және жарқыраған қалып сыйлағысы келетіндерге
Nutrilite™-тың негізгі құрамдас заттары
Ылғалдандыратын желі құралдарына арналған формулалардың барлығы спецификалық қасиеттері мен артықшылықтарын ескере отырып, мұқият іріктеп алынған фитонутриенттер мен өсімдіктен алынатын құрамдас заттарды қолдану арқылы әзірленген.
Сақтандырғыш фитокешен
Құрамында Nutrilite™ фермаларында өсірілген ацерола шиесінің, австралиялық түймедақ пен тау бүлдіргенінің сығындысы бар. Ол жасуша сыртындағы матрикстің (терінің тұтастығын қамтамасыз ететін ақуыздар мен полисахаридтер жүйесінің) ыдырауының алдын алуға және тері жасушаларының қалыпты жұмысын реттеуге көмектеседі және антиоксиданттық қорғаныс механизмін іске қосып, табиғи қорғау жүйесін 350%-ға күшейтеді *.
* In-Vitro RPT-CS 20,002 (Analytical Science) зертханалық зерттеуге сәйкес
Анар
Nutrilite™ фермаларында өсірілген анар тері жасушаларын қорғауға ықпал ететін, коллагендік және эластиндік талшықтардың зақымдалуына кедергі келтіретін антиоксиданттық әсерге ие. Ол липидтік тосқауылды қалпына келтіруге көмектеседі және лифтинг әсерге ие
Ақ чиа дәндерінің сығындысы
Nutrilite™ фермаларында өсірілген ақ чиа дәндерінің сығындысы фитонутриенттерге барынша бай суперфудтың бірі. Чиа дәндері тері микробиомының теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі, оған жарқыраған күй сыйлайды, қоректендіріп, қорғайды, антиоксиданттық қасиеттерге ие.
Күнделікті күтім
Күнделікті таңертең және кешкісін осы қарапайым ережелерді
орындап, сұлулығыңыз бен жастығыңызды ұзақ
уақытқа сақтаңыз
1-қадам. Тазарт
2-қадам. Нәрлендір
3-қадам. Ылғалдандыр
4-қадам. Қорға
Терінің майлы жылтырын
кетіру мен теңгерім
Теріні қалпына келтіру,
көтеру және серпімділік