Бәрі дұрыс!
Body Detox бағдарламасын өту арқылы сіз белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздіңіз,
енді оларды сақтау қажет.
Nutrilite™ BodyDetox бағдарламасын кемінде жылына 2 рет өткізіп отыруды ұсынады.
Ағзаңыз сіздің қолдауыңызды ерекше қажет ететін кезеңдерді естен шығармаған маңызды:
мейрам немесе еңбек демалысынан кейін, яғни біз тағамдарды саны мен сапасына қарамай жей беретін кездерден кейін
біздің иммунитетіміз төмендеген кезде
қыстың соңы – көктемнің басы, яғни сіз өзіңізді шаршағандай сезінген кезде
Ағзаңызды қалпында ұстау үшін бағдарламаның пайдалы ұсынымдарын орындап, салауатты әдеттерді күн сайын бекіте беріңіз.
Дұрыс тамақтану
Дәрумендер мен минералдардың тапшылығын түзету
Кешкі асты аптасына З рет Detox-коктейльдермен алмастыру
Ертеңгілік ас
Дұрыс
ертеңгілік ас
(тәрелке ережесі)
Пайдалы жүрек жалғау
Түскі ас
Дұрыс
түскі ас
(тәрелке ережесі)
Пайдалы жүрек жалғау
Кешкі ас
NUTRILITE™ Протеин ұнтағы
NUTRILITE™ Инулинмен тағамдық талшықтар қоспасы
Теңгерімделген коктейль
Кешкі ас рационның маңызды бөлігі болып табылады. Алайда кешкі ас кезінде артық тамақтану ағзаңыздағы тәртіпті бұзады – сіз ертеңгісін тамақтанғыңыз келмейді, құнарсыз түскі ас және кешкісін қайтадан ауыр тамақтану …бұл теңгерімделмеген тамақтану мен денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелетін тұйық шеңбер!
Кешкісін ағзамыздағы зат алмасу процестері баяулайды, тұтынған көмірсулар энергетикалық қажеттіліктерге арнап жұмсалмайды сөйтіп көмірсулы тағамдарды тұтынған кезде бөлінетін инсулин гормоны артық жеген тамақты майға айналдырады. Ауыр калориялы кешкі ас ұйқының бұзылуына, ал келешекте қант диабетінің туындауына, гипертоникалық ауруға және атеросклерозға әкеп соқтыруы мүмкін.
Дұрыс кешкі ас дегеніміз:
Бұл жеңіл ақуызды тағамды көкөністі гарнирмен үйлестіру.
Кешкі асты бір мезгілде ішіп отырыңыз.
Кешкі ас кезінде көмірсуларды көп мөлшерде жемеуге тырысыңыз.
Ұйқыға дейін 3 сағат бұрын тамақтанған маңызды*.
Кешкі астан бас тартпаңыз**.
*Кешкі тамақтану уақытын әркім өзі таңдайды, ол жұмыс кестесі мен өмір салтына байланысты.
**Бұл зат алмасу процестерінің баяулауы мен ас қорытудың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Detox-коктейль – бұл ақуыздың және көкөністік немесе жемістік құраушының мінсіз үйлесімі. Ол тек қана пайдалы болып табылмай, сонымен қатар оңай әзірленеді.

Ағзаңызды ретке келтіріңіз, кешкі асты аптасына 3 рет Detox-коктейльдермен алмастырыңыз!
ПАЙДАЛЫ ЖҮРЕК ЖАЛҒАУЛАР BODY DETOX ҰСЫНАДЫ:
Жемістер, жаңғақтар, көкөністер
Ал тәтті құмарлар үшін ерекше ұсыныс:
Жүрек жалғап алудың ыңғайлы әдісі!
Қара түсті шоколад пен тропикалық жемістердің дәмі бар құнарлы және дәмді bodykey батончиктерімен сіздің жүрек жалғау асыңыз олардың құрамындағы тағамдық талшықтардың жоғары мөлшерінің, 13 дәрумен мен 11 минералдың болуының, жасанды бояғыштардың, консерванттар менГМА болмауының арқасында теңгерімделген және пайдалы болады.
Каталогқа
Күреңот алмамен және даршынмен қосылған фитошайы.
Құрамында: алма, күреңот, даршын, алатікен, бақбақ. Ингредиенттердің арқасында зат алмасуды жақсартатын және ас қорытуды қалыпқа келтіретін Body Detox бағдарламасының таптырмас көмекшісі. Кофеин, жасанды қоспалар және ГМА жоқ.
Каталогқа
СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ ҮШ ТІРЕКТІК НҮКТЕСІ
ЭНЕРГИЯ
ИММУНИТЕТ
ТӨЗІМДІЛІК
ЭНЕРГИЯ
1
NUTRILITE™
Протеин ұнтағы
Жоғары сапалы ақуыз белсенді өмір сүруге арналған.
Жалпы жұмыс қабілетіңізді сақтап отыру үшін өзіңізді ақуыздармен жеткілікті мөлшерде қамтыңыз!
Өнімнің құрамында ағзаңыз өздігінен өндіре алмайтын тоғыз таптырмайтын аминоқышқыл бар.
Каталогқа
ИММУНИТЕТ
2
NUTRILITE DOUBLE X™
Дәрумендермен, минералдар мен фитонутриенттермен
Қоректік заттардың ең толық* кешені.
Ағзаңызды жоғары жүктемелер кезінде қолдап және оны қажетті дәрумендер мен фитонутриенттердің ең толық кешенімен қамтамасыз етіңіз!
Өнімнің құрамында 13 дәрумен, 9 минерал, 24 өсімдік көздерінен алынған 21 табиғи концентрат, барлық 5 түстегі фитонутриенттер.
Каталогқа
ИММУНИТЕТ
3
NUTRILITE™
Дэйли
Ағзаңызды қолдау оңай!
Негізгі дәрумендердің, минералдар мен фитонутриенттердің тапшылығын күніне 1 таблеткамен толтырыңыз!
Өнімнің құрамында дәрумендер мен минералдардың кең кешені бар, олардың тиімділігін NUTRILITE™ өсімдік концентраттары күшейтеді.
Каталогқа
ТӨЗІМДІЛІК
4
NUTRILITE™
Омега-3 Кешені
Егер балықты аптасына 2 реттен аз жесеңіз!
Ағзаңыз өздігінен өндіре алмайтын бағалы май қышқылдарының тапшылығын толтырыңыз!
Өнімнің құрамында омега-3 топтамасындағы полиқанықпаған май қышқылдары, сондай-ақ дененің жасушаларын зақымданудан қорғайтын Е дәрумені бар.
Каталогқа
Керемет қалпыңызды сақтау үшін денсаулығыңыздың тіректерін, яғни энергияны, төзімділік пен иммунитетті үнемі нығайтып отыру қажет.
Nutrilite™ өнімдері микро және макро элементтердің тапшылығын күнделікті толтырып отырады. Бұл денсаулығыңызды күнделікті тұрақты түрде қолдау.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАЙДАЛЫ ӘСЕРІН DETOX-КОКТЕЙЛЬДЕРМЕН ЖАҚСАРТА ТҮСІҢІЗ!
«Қарбыз балғындығы»
коктейлі
«Шоколад»
коктейлі
«Болгар»
коктейлі
«Банан»
коктейлі
«Денсаулық»
коктейлі
«Алма штруделі»
коктейлі
«Қаймақ қосылған құлпынай» коктейлі
«Асқабақ ләззаты»
коктейлі
«Ащы манго»
коктейлі
«Сәбіз»
коктейлі
«Қарбыз балғындығы» коктейлі
Ингредиенттер:
250 г піскен қарбыз
Протеин ұнтағы 20 г
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Мұз 50 г
Микронутриенттік құрамы: В2, С, РР, К, В6, В9
320 г коктейльде - 149 ккал
Ақуыз 19 г / Май 0,8 г / Көмірсулар 15 г / Клетчатка 3,2 г
Бұл жеңіл жаздық коктейль артық салмақтан арылу бойынша кез келген бағдарламамен жақсы үйлеседі, бүйректің тазаруына және ағзадағы артық сұйықтың сыртқа шығарылуына ықпал етеді. Қант диабеті кезінде абайлап қолданыңыз.
«Шоколад» коктейлі
Ингредиенттер:
Лактозасыз ыстық сүт 250 г
Протеин ұнтағы 20 г
Кэроб 1 ас қасық (кэробты какаомен алмастыруға болады, алайда бұл жағдайда майдың мөлшері арта түсетінін ескеру қажет)
Шашырама стевия – дәміне қарай
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Микронутриенттік құрамы: В1, В2, холин, В5, В12, биотин, РР, К, кальций, фосфор, темір, йод, калий, селен, мырыш, хром
300 г коктейльде - 237 ккал
Ақуыз 29 г / Май 6,6 г* / Көмірсулар 14 г / Клетчатка 7,5 г
*(какаоға қатысты есеп)
Ыстық десерттік коктейль детокс-бағдарламаларына, сондай-ақ салмақты бақылау бағдарламаларына пайдалы және жағымды сан-алуандылық береді. Бай микронутриенттік құрамы ағзаға кешенді нығайтушы және тазартушы әсерін тигізеді, зат алмасудың күшеюіне ықпал етіп, қан түзілу процесіне жағымды әсерін тигізеді. Фитнеспен белсенді түрде айналысатын адамдарға жақсы келеді.
«Болгар» коктейлі
Ингредиенттер:
Ішілетін табиғи йогурт 3,2-3,5% 200 г
Протеин ұнтағы 20 г
Болгар бұрышы 50 г
Балғын насыбайгүл 10 г
Кептірілген қызыл бұрыш 15 г
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Микронутриенттік құрамы: А, бета-каротин, В2, В6, С, Е, К, РР, кальций, магний, фосфор, темір, йод, мыс, мырыш
300 г коктейльде - 272 ккал
Ақуыз 30,9 г / Май 9,2 г / Көмірсулар 19,8 г / Клетчатка 8,1 г
Бұл коктейльмен жаз мезгілінде кешкі асты керемет алмастыруға болады. Қозғалыс белсенділігі жоғары, сонымен қатар денеге күш салатын жаттығулармен айналысатын адамдарға арналған сергіткіш және жеңіл микс. Жоғары қоректік, антиоксиданттық және тазартқыш қасиеттерге ие.
«Банан» коктейлі
Ингредиенттер:
Қантсыз бадам майы (3,2% лактозасыз сүтпен алмастыруға болады) 170 г
Банан 1\2 дана
Ерігіш шашыратқы - 1 ас қасығын 30 г ыстық сумен араластыру, тоңазытқышқа қойып суытып алыңыз.
Протеин ұнтағы 20 г
Мұз 30 г
Шашырама стевия – дәміне қарай
Микронутриенттік құрамы: В2, В6, РР, калий, кальций, темір, йод, фосфор, мырыш, мыс
300 г коктейльде - 272 ккал
Ақуыз 25 г / Май 7 г / Көмірсулар 27 г / Клетчатка 3,5 г
Бұл коктейльді денеге күш салумен жаттығу жасағаннан кейін қолдануға арнап ұсынуға болады. Құрамындағы ақуыз бен көмірсулардың жоғары мөлшері бұлшық ет ұлпасының оңтайлы түрде қалпына келуіне ықпал етеді, ерігіш талшықтар ас қорыту процестерін жылдамдатып, ал цикорийдің хош иісі жағымды кофе иісін береді.
«Денсаулық» коктейлі
Ингредиенттер:
Мацони 200 г
Протеин ұнтағы 20 г
Корн салаты 50 г
Каперсалар 30 г
Сарымсақ 5 г
Суықтай сығылған зәйтүн майы 3-5 г Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Микронутриенттік құрамы: А, бета-каротин, В1,В2, холин, В5, В6, В9, В12, Е, Н, К, РР, калий, кальций, магний, фосфор, темір, йод, кобальт, марганец, селен, мырыш, омега-9 ПҚМҚ
300 г коктейльде - 262 ккал
Ақуыз 25,2 г / Май 12,2 г / Көмірсулар 12,2 г / Клетчатка 3,5 г
Коктейль-суперфуд кез келген артық салмақтан арылу және/немесе салмақты бақылау бағдарламаларында қолдануға келеді. Оның құрамы ағзаның антиоксиданттық жүйесіне, зат алмасуға, жүйке жүйесіне, иммунитетке кешенді қолдау көрсетеді. Бай микронутриенттік құрамының арқасында кез келген жас тобындағы адамдардың қолдануына арнап ұсынуға болады.
«Алма штруделі» коктейлі
Ингредиенттер:
Ішілетін табиғи йогурт 1% - 2% 150 г
Піскен алма 120 г
Дәміне қарай даршын
Протеин ұнтағы 20 г
Бадам 6 г
Қантсыз ваниль сығындысы
Стевия - таңдауыңызға қарай
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Микронутриенттік құрамы: В2, В6, С,Е, РР, кальций, фосфор, калий, магний, темір, йод, мыс, хром
300 г коктейльде - 254 ккал
Ақуыз 25,5 г / Май 6,8 г / Көмірсулар 22,6 / Клетчатка 5,1 г
Коктейль асқазан-ішек жолдарына жұмсақ әсер етеді, ас қорыту мен зат алмасу процестерін жақсартады. Артық салмақтан арылу және/немесе салмақты бақылау бағдарламаларымен жақсы үйлеседі, қоректік және жалпы нығайтушы әсерге ие. Зат алмасу процестерін реттейді.
«Қаймақ қосылған құлпынай» коктейлі
Ингредиенттер:
Лактозасыз сүт 1,5% 150 г
Балғын қүлпынай 100 г
Протеин ұнтағы 20 г
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Көпіршітілген 35% қаймақ 15 г - топ (қаймақ ҚАНТ ҚОСПАЙ көпіршітіледі.Қаймақ жақсылап суытылған болуы тиіс)
Микронутриенттік құрамы: А, В1, В2, В5, В12, С, Е, РР, кальций магний, фосфор, йод, марганец, мыс
300 г коктейльде - 231 ккал
Ақуыз 22,8 г / Май 8,2 г / Көмірсулар 15,6 г / Клетчатка 4,2 г
Бұл жаздық коктейль ағзаны сергітіп, тазартқыш қасиеттерге ие болып қана қоймай, сонымен қатар рационыңызды антиоксиданттармен, бірқатар дәрумендер мен минералдармен байыта түседі, олар әсіресе күннің астында ұзақ уақыт болған жағдайда тері мен шаштың сұлулығы мен жастығын сақтауға жағымды әсерін тигізеді.
«Асқабақ ләззаты» коктейлі
Ингредиенттер:
Лактозасыз сүт 170 г
Қаймақ 10% - 30 г
Буға пісіріліп және суытылған асқабақ 100 г
Асқабақ дәндері 5 г
Дәміне қарай куркума
Протеин ұнтағы 20 г
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Микронутриенттік құрамы: А, бета-каротин, В1, В2, Е, РР, К, кальций, фосфор, йод, мырыш, омега-3 ПҚМҚ
300 г коктейльде - 233 ккал
Ақуыз 25,5 г / Май 6,9 г / Көмірсулар 17,2 г / Клетчатка 5,5 г
Коктейльді детокс бағдарламасы кезінде, сондай-ақ артық салмақтан арылу және/немесе салмақты бақылау бағдарламалары кезінде қолдануға болады. Жоғары тазартқыш әсерге ие, зат алмасуға, иммунитетке, көзге, жүрек пен қан тамырларының денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Орта және егде жастағы адамдарға арнап ішуге келеді.
«Ащы манго» коктейлі
Ингредиенттер:
Айран 1% 200 г
Протеин ұнтағы 20 г
Манго 100 г
Тартылған зімбір 20 г
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Мұз 30 г
Микронутриенттік құрамы: А, бета-каротин, В2, В1, холин, В5, В6, В12, С, Е, РР, К, кальций, маний, фосфор, йод, селен, мырыш
300 г коктейльде - 275 ккал
Ақуыз 25 г / Май 7,5 г / Көмірсулар 27 г / Клетчатка 4,2 г
Коктейль денеге күш салатын жүктемелермен сүйемелденетін артық салмақтан арылу және/немесе салмақты бақылау бағдарламаларында қолдануға келеді. Бай микронутриенттік құрамы жалпы нығайтушы әсерге ие, ал зімбірдің эфир майлары қарқынды жаттығулардан кейін сергітіп және күш береді.
«Сәбіз» коктейлі
Ингредиенттер:
Лактозасыз сүт 1-1,5% 150 г
Сәбіз 100 г
Зығыр ұнтағы немесе зығырдың тартылған дәндері 5 г Протеин ұнтағы 20 г
Қаймақ 10% - 25 г
Инулинмен тағамдық талшықтар 1 саше
Микронутриенттік құрамы: А, бета-каротин, В1, В2, РР, К, кальций, магний, фосфор, йод, мырыш, селен, омега - 3
300 г коктейльде - 246 ккал
Ақуыз 25 г / Май 8 г / Көмірсулар 20 г / Клетчатка 6 г
Бұл коктейль денесінің артық салмағы бар орта және егде жастағы адамдарға арнап ішуге келеді. Оның құрамдас бөліктері жүрек-қан тамырлары жүйесіне, иммунитетке, көзге кешенді сауықтырғыш және профилактикалық әсерін тигізеді. Оған қоса сүйек ұлпасының нығаюына ықпал етеді.