Nutrilite™
Мультидәрумендері бар шайналатын таблеткалар, 120 капс.

₸ 10 445,00
₸ 8 878,008878.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 100930
Салмағы/көлемі: 120 табл.
Мөлшері:

    Апельсин дәмі бар шайнайтын таблеткалар пішініндегі полидәруменді және мультиминералды биологиялық белсенді үстеме. 4 жастан асқан балалар мен ересектер үшін әзірленген. Ағзаны барлық қажетті дәрумендермен, маңызды минералдармен және бета-каротинмен қамтамасыз етеді.

    БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҮСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМЫ:

    • 11 дәрумен;
    • 4 микроэлемент.
    • NUTRILITE™ бета-каротині мен эксклюзивті концентраттары.

    4 жастан асқан балаларға, әсіресе балалардың қоректік заттар мен энергияға мұқтаж болатын тез өсуі мен дамуы кезеңінде өте пайдалы.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

    Барлығын көрсету

    NUTRILTE™ Балаларға арналған шайнайтын мультивитаминді таблеткаларының құрамында 12 дәрумен, 4 микроэлемент және өзекке бай NUTRILITE Тропикалық жеміс концентраты бар.

    Коферментті топтың нәрлі микрозаттектері (В1, В2, РР, биотин, В6, В5, В12, фолий қышқылы) ағзаның өсуі мен дамуы үшін қажетті тағамдық заттардың (ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың) сіңімділігінің энергетикалық үдерістерінің реттегіштері болып табылады. Рациондағы ақуыздар, майлар, көмірсулар көбейген сайын микроэлементтердің осы тобына деген қажеттілік арта түседі.

    РР дәрумені (ниацин) микроайналымды жақсартады, есте сақтауды, қозғалыс координациясын жақсартады.

    Мырыш энергетикалық метаболизмде, белсенді өсу кезеңдерінде қажетті ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының синтезінде қатысады.

    D дәрумені, кальций, магний, фолий қышқылы сүйек-бұлшық ет жүйесiнің қалыпты дамуын қамтамасыз еді.

    Бета-каротин иммунитеттің күшеюіне көмектеседі, жұқпалы аурулардың қаупін төмендетеді, қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерін жұмсартады.

    Полидәруменді жиын апельсин дәмі бар шайналатын пішінде ұсынылады, бұл балалар мен жасөспірімдер тұтынушыларға, сондай-ақ полидәруменді ББ үстемелерді осы пішінде қабылдауды артық көретін ересектерге тамаша жарайды.

    Ересектерге де, 4 жастан асқан балаларға да жарамды.

    • Ересектер мен балалардың маңызды дәрумендер мен минералдарға қажеттілігін қанағаттандыруға көмектеседі (көп дәрежеде).
    • Құрамында тұтас жемістерден алынған өсімдік құрамдастары бар NUTRILITE тропикалық жеміс концентраты бар.
    • Шайнайтын таблеткалардың пішіні балалар мен ересектерге таблеткаларды жұтуды жеңілдетеді.
    • Табиғи апельсин дәмі таблеткаларды жұту үшін дәмді және жағымды етеді.
    • Табиғи қантпен (глюкоза және фруктоза) қаныққан.
    • Шайнайтын таблеткалардың жақсы дәмі жасөспірімдердің қабылдауын жеңілдетеді.

    Барлығын көрсету

    NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған балалар шайнайтын таблеткалары

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Баланың өсіп келе жатқан ағзасы үшін дәрумендер мен минералдардың күн сайын және үнемі келіп түсуі талап етіледі. Бұл олардың жеткілікті деңгейін сақтау үшін қажет, себебі дәрумендер жинақталмайды және айтарлықтай тез шығарылады.

    Алайда қазір олардың қажетті мөлшерін тамақпен бірге алу оңай емес. Сондықтан түрлі жастағы барлық сау балаларда дерлік дәрумендермен субқалыпты қамтылу — дәрумендік жетіспеушіліктің ең кең таралған түрі байқалады.

    Балалардың дәрумендермен және минералдық заттармен сәйкессіз қамтылуының бірнеше себебі бар:

    • Тиімсіз және теңгерімделмеген тамақтану

    Оңтайлы тамақтану жөніндегі ұсынымдарға сәйкес балалардың тәуліктік рационы тәулігіне 3-6 порция көкөніс, 2-ден 4 дейін жаңа піскен жеміс порциясын, кемінде 2 порция сүт пен сүт өнімдерін, 2-3 порция ет және/немесе балықты қамтуы тиіс. Балалар мәзіріндегі майлы сұрыпты теңіз балығының аз мөлшері D дәруменінің, йодтың, эссенциалды полиқанықпаған майлардың (докозагексаен қышқылының) жеткіліксіз келіп түсуіне әкеледі.

    • Өнімдердің сапасының төмендігі, оларда дәрумендер мен минералдар мөлшерінің аздығы

    Жаңа піскен көкөніс пен жеміс — дәрумендер көзі деген пікір бар. Бірақ бұл тұжырымға толық сенуге болмайды. Жемістер, әрине, жоғары тағамдық құндылыққа ие, алайда оларда D және В12 дәрумендері жоқ деуге болады, ал B тобының дәрумендері елеулі емес мөлшерде қамтылған.

    • Азық-түлік тағамдарын таңдаудағы біркелкілік («аз жейтін балалар»)

    • Тазартылған жоғарыкалориялы, бірақ дәрумендері жетпейтін азық-түлік өнімдерін тұтыну

    Оларға ақ нан, макарон және кондитерлік өнімдер, қант, тым майлы тағамдар жатады. Біздің еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің көпшілігінің рационы айтарлықтай калориялы: энергетикалық құндылығы энергия шығыны деңгейінен артады. Нәтижесінде балалардың 20% дененің артық салмағына және май басуға шалдыққан.

    • Аспаздық өңдеу кезіндегі дәрумендерді жоғалту

    Олар 10-30%-дан 40-90 % дейін құрауы мүмкін. Мысалы, көкөніс, етті пісіру кезінде фолий қышқылын жоғалту 70-90%; жұмыртқаны пісіру кезінде — 50% құрайды.

    Дәрумендермен субқалыпты қамтылуды қандай да бір айқын симптомдар бойынша анықтауға болмайды. Алайда ол бала ағзасының түрлі инфекцияларға төзімділігін елеулі төмендетеді, дене және ақыл-ой жұмысқабілеттілігіне әсер етеді, сондай-ақ суық тию аурулары кезінде сауығу мерзімін арттырады. Дәрумендер мен минералдардың жеткіліксіздігі кезінде көптеген жағымсыз күйлердің туындау қаупі артады.

    Дәрумендерді қайдан алуға болады?

    Ас қорыту үшін балаларға белгілі бір өнімдер мен нәрлі заттар қажет. Егер рационның дәрумендік құрамын түзету үшін мәзірге дәстүрлі қолданылатын өнімдерді қосымша енгізсе, елеулі түрде калоражы арта түседі. Бұл қолайсыз, себебі дене салмағының артық ұлғаю қаупі бар. Сондықтан, бала өсу үшін қажетті дәрумендер алу үшін, өзге тәсіл таңдаған жөн — құрамы теңгерімделген ББҚ сатып алу керек.

    Сарапшылармен әзірленген қоспалар барлық қажетті дәрумендерді қамтиды. Балалардың қажеттіліктері ересектерден ерекшеленеді, сондықтан, дәрумендік-минералдық кешенді таңдағанда, балаларда дефициті жиірек анықталатын дәрумендер мен минералдық заттар (йод, кальций, темір, магний және мырыш) кешенін құрайтындарды артық көріңіз. Сонымен бірге олардың мөлшері жас ерекшелігіне сәйкес ұсынылатын тәуліктік тұтынуға пара-пар болуы тиіс.

    Amway «NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар» апельсин дәмі бар шайнайтын таблеткалар пішініндегі мультиминералды ББҚ барлық аталған талаптарға жауап береді. Ол 4 жастан асқан балалар мен ересектер үшін әзірленген. Шайнайтын таблеткалар — қабылдау үшін ыңғайлы пішін. Сонымен бірге, олардың құрамында жасанды бояғыштар мен дәмін күшейткіштер жоқ (олардың жағымды дәміне өсімдік концентраттары есебінен қол жеткізіледі), ендеше, аллергиялық реакциялар туындау қаупі елеулі төмен. Формуланың құрамында 12 дәрумен мен 4 негізгі минерал бар, оларды тропикалық жемістердің: ацерол шиесінің, гуаваның, маракуйяның, ананастың, сондай-ақ кешьюдің фитонутриенттері толықтырады. Құрамы жасұныққа бай — ол өте маңызды, себебі балалар онымен бай өнімдерді айтарлықтай зауықсыз тұтынады. Шайнайтын таблеткалар ас қорытуды және АІЖ моторикасын жақсартады, сондай-ақ қышқылдықты теңгерімдеуге көмектеседі.

    «NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар» бала ағзасының жоғары зат алмасуы мен энергетикалық шығындарын қажетті дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз етеді.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету
    ДЕКСТРОЗА, ФРУКТОЗА, КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫ, МАГНИЙ ТОТЫҒЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, С ДӘРУМЕНІ (АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ), АЦЕРОЛА ШИЕСІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ (MALPIGHIA PUNICIFOLIA), КЕШЬЮ КОНЦЕНТРАТЫ (ANACARDIUM OCCIDENTALE), ГУАВА КОНЦЕНТРАТЫ (PSIDIUM GUAJAVA), МАРАКУЙЯ КОНЦЕНТРАТЫ (PASSIFLORA EDULIS), АНАНАС КОНЦЕНТРАТЫ (BROMELIA ANANAS), ПАЛЬМА МАЙЫ, ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; ҚАНТ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ (СТЕАРИН ҚЫШҚЫЛЫ); ҚЫШҚЫЛДЫҚ РЕТТЕГІШ: ШАРАП ҚЫШҚЫЛЫ; ТАБИҒИ АПЕЛЬСИН ХОШ ИІСТЕНДІРГІШІ (ДЕКСТРОЗА, ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ, КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ); ПУНШ ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШІ (ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН КРАХМАЛ, ЖҮГЕРІ ШӘРБАТЫ, ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШТЕР, ҚАНТ, ТОКОФЕРОЛДАР); ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ (ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ, ҚАНТ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, ТРИКАЛЬЦИЙ ФОСФАТ); ТЕМІР ФУМАРАТЫ, НИКОТИНАМИД, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГУММИАРАБИК; ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; Е ДӘРУМЕНІ (D-АЛЬФА – ТОКОФЕРОЛ АЦЕТАТЫ), МЫРЫШ ТОТЫҒЫ, D-ПАНТОТЕНАТ КАЛЬЦИЯ, B6 ДӘРУМЕНІ (ПИРИДОКСИД ГИДРОХЛОРИД), В1 ДӘРУМЕНІ (ТИАМИН МОНОНИТРАТЫ), В2 ДӘРУМЕНІ (РИБОФЛАВИН), БЕТА-КАРОТИН, ФОЛИЙ ҚЫШҚЫЛЫ, БИОТИН, D3 ДӘРУМЕНІ (ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ), В12 ДӘРУМЕНІ (ЦИАНОКОБАЛАМИН). ҚҰРАМЫНДА СОЯ БАР.
    Барлығын көрсету
    Қолдану бойынша ұсыныстар:
    • 4 жастан асқан және 14 жасқа дейінгі балалар күніне 1 рет тамақпен бірге 1 шайнайтын таблеткадан, ал 14 жастан асқан балалар мен ересектер күніне 1 рет тамақпен бірге 1 шайнайтын таблеткадан ішеді. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.
    Барлығын көрсету