Dermasonic™
Бет терісінің күтіміне арналған көп функционалды аппарат

₸ 169 385,00
₸ 143 977,00143977.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 122147
Салмағы/көлемі: 1 дана
Мөлшері:

    Бет терісіне үй жағдайында кешенді күтім жасауға арналған аппарат. Теріні терең тазалауға және теріге күтім көрсетуге арналған өнімдердің әсерін барынша арттыруға арналған.
    Аппарат 2 саптамадан тұрады: ультрадыбыстық және гальваникалық.

    ARTISTRY Dermasonic ультрадыбыстық тазалау арқасында теріге косметикалық құралдардың кіруін жеңілдетіп, өлі жасушалардан құтылуға көмектеседі және гальваникалық саптама арқылы сарысудың белсенді заттарының тері қабатына кіру жылдамдығы мен тереңдігін күшейтеді.

    Қарсы көрсетімдері

    • Жүкті әйелдер.
    • 18 жасқа толмаған.
    • Ағзаның қатты аллергиялық реакциясы, металдарға аллергия.
    • Тері бетінің кез келген зақымданулары, қабыну, ұшық, күйік.
    • Қан қысымыңыз жоғары болса.
    • Электр өрістеріне сезімтал болсаңыз.
    • Тұтынушы жүректің электр ширатқышын немесе басқа электр. құрылғыларын тағып жүрсе.
    • Басқа аурулар мен операциялар болғанда, аппаратты одан әрі пайдалану туралы дәрігермен кеңесіңіз.

    Ұсыныстар:

    • Ультрадыбыстық саптаманы майлы теріге аптасына 2 реттен көп, құрғақ және сезімтал теріге 2 аптада 1 рет пайдалану ұсынылады.
    • Гальваникалық саптаманы күнде пайдалануға болады.
    • Екі саптаманы бір күнде пайдалануға кеңес берілмейді.
    • Құрылғыны бет терісіне арналған ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE™ Жаңартқыш пилингпен немесе ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE™ «14 түн» қалпына келтіру бағдарламасымен бір күнде пайдалануға болмайды.
    • Бет терісінде тітіркенудің пайда болуының алдын алу үшін ультрадыбыстық саптама мен бет терісіне арналған ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE ™ жаңартылатын плингті/ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE ™ «14 түн» қалпына келтіру бағдарламасын қабылдау арасында 3–4 күндік үзіліс жасау ұсынылады.
    Сервистік Орталықтың мекенжайлары (сілтеме)
    Барлығын көрсету

    Ультрадыбыстық тазалау

    Бүгінгі таңда ультрадыбыс — ең нәзік әрі әсер ететін терең тазалау әдістерінің бірі. Арнайы саптама-күрекше арқылы ARTISTRY Dermasonic аппаратымен бет терісін өзіңіз мұқият тазалай аласыз.

    • Тері бетімен сырғанайтын металл пластина жергілікті температураны арттыратын және ұсақ тесіктерді кеңейтетін ультрадыбыстық дірілдердің (секундына 30 000 Гц) берілісін орындайды.
    • Ылғал аэрозольге айналып, ұсақ тесіктерге кіргенде, эпидермистің жоғарғы қабатын жұмсартып, терінің ластануларын жояды.

    Гальваника

    Гальваникалық саптама әрқайсысы таңдалған ARTISTRY сарысуымен бірге мақсатты әсер ететін және теріге күтім көрсетудің ағымдағы қажеттілігін шешуге көмектесетін бес режимде жұмыс істейді.

    Режимдер мен сарысулардың тіркесімі:

    Lift режимі ARTISTRY YOUTH XTEND™ Ultra концентрацияланған сарысу-лифтингімен — лифтинг әсеріне, жұмсақ және жарқырайтын теріге арналған.
    Wrinkle режимі ARTISTRY YOUTH XTEND™ концентрацияланған сарысуымен — әжімдерді азайтуға және теріні тегістеуге арналған.
    Hydrate режимі ARTISTRY HYDRA-V™ бет терісіне арналған сергіткіш концентрацияланған сарсуымен — теріні ылғалдандыруға, теріні тегістеуге және балғын етуге арналған.
    Radiant режимі ARTISTRY IDEAL RADIANCE™ Тері реңкін туралайтын сарысуымен — терінің реңкін туралап, түрін жарқыратуға арналған. 
    Vitamin C режимі құрамында С дәрумені мен жабайы батат бар ARTISTRY™ арнайы күтім көрсету құралымен — С дәруменінің оңай кіруіне, теріні тегістеуге және ұсақ әжімдерді азайтуға арналған.

    Барлығын көрсету

    Ультрадыбыстық тазалау:
    Ультрадыбыстың әсерінен жасушалардың құрылымы қайта құралып, ескі жасаушалар жойылып, коллаген мен эластин белсендірек өндіріле бастайды, жасушалар оттегімен және дәрумендермен қанығады.

    Гальваника:
    Гальваникалық токтардың әсерінен сарысудың биобелсенді заттары одан да ұсақ бөлшектерге бөлінеді, сол себептен сарысудың тиімділігін арттыру арқылы жасушааралық кеңістікке, терінің терең қабаттарына дейін бұрынғыдан да белсенді кіре алады.
    Электр тогының айнымалы және тұрақты екі түрінің әсері арқылы ARTISTRY™ сарысуының әсерін оңтайландырады.
    Ауқымы аз айнымалы гальваникалық токтың әсерінен электр зарядының ағыны периодтық түрде бағытын өзгертіп, бет терісінің бұлшықеттерін жиырылтып, БЕТТІҢ СОПАҒЫН БЕРІКТЕНДІРІП, МИМИКАЛЫҚ ӘЖІМДЕРДІ ТЕГІСТЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.

    Ауқымы аз тұрақты гальваникалық токтың әсерінен сарысулардың белсенді құрамыны ионданып, сарысу компоненттерінің биобелсенділігі артады және ол тері қабатына ТЕРЕҢІРЕК ЖӘНЕ БАҒЫТТАЛЫП кіреді.

    Бет терісіне күтім көрсетуге арналған ARTISTRY™ Dermasonic көпфункционалды аппараты күнделікті күтім көрсетуге жақсы үйлеседі, сондай-ақ «6 апта кешендік күтім көрсету» бағдарламасының таптырмайтын бөлігі болып табылады.

    ARTISTRY™ Dermasonic құралы жарқырап тұрған, жас теріге апаратын жолдағы таптырмайтын көмекші болады!
     

    Барлығын көрсету

    Ультрадыбыстық саптаманы қолдану әдісі:

    • Макияжды кетіру құралы мен ARTISTRY жуынуға арналған көбігі арқылы макияжды кетіріңіз.
    • Ультрадыбыстық саптаманы қосыңыз.
    • DERMASONIC жұмысы үшін аппараттағы POWER түймесін басыңыз.
    • Терінің бетіне жылы суды шашыңыз немесе тозаңдатыңыз. (Ескерту: теріні жылы сумен сулау үшін мақта тампонды пайдаланыңыз.)
    • CLEAN UP режимі аппарат қосылғанда бірге қосылады.
    • Күрекшені массаждық сызықтар арқылы қажетті жерге жүргізіңіз.
    • Терінің бір аймағында тым көп уақыт пайдаланудан теріде тітіркену пайда болуы мүмкін.
    • Жұмыс біткеннен кейін, толық өшіру үшін POWER түймесін басып тұрыңыз. Бетті жуыңыз немесе салқын сүлгімен сулаңыз.
    • Терінің күйіне сәйкес пайдалану уақыты мен пайдалану жиілігін реттеңіз.
    • Терінің құрғап қалмауы үшін оны жылы сумен жиі сулаңыз.
    • Күрекшені мақта дискісімен тазалаңыз.
    • Режимнің жұмыс істеу уақыты: 1 минут 30 секунд.

    Гальваникалық саптаманы қолдану әдісі:

    • ARTISTRY макияжды алу құралы және жуынуға арналған көбігі арқылы макияжды алып, бетті ARTISTRY тонигімен сүртіңіз.
    • Гальваникалық саптаманы қосыңыз.
    • Теріге ARTISTRY™ сарысуларының бірін тегіс жағыңыз.
    • Аппараттың тақтасынан қолданылатын сарысуға сәйкес режимді және қажетті діріл деңгейін таңдаңыз. Аппаратты терімен бірқалыпты жүргізіңіз; теріні массаждық сызықтар бойынша өңдеңіз.
    • Терінің күйіне сәйкес пайдалану уақыты мен мөлшерін реттеңіз.
    • Мақта дискісі арқылы гальваникалық саптамада қалған косметиканы алып тастаңыз.
    • Режимдердің жұмыс істеу уақыты: 1 минуттан бастап 1 минут 30 секундқа дейін.

    Барлығын көрсету

    Өнім туралы жиі қойылатын сұрақтар

    Неге сіз бір күнде ультрадыбыстық және гальваникалық қондырманы пайдалануды ұсынбайсыз?
    Тітіркенуді, қызаруды және терінің басқа да жағымсыз реакцияларын болдырмау үшін 1 күнде 2 саптаманы пайдалануды ұсынбаймыз.
    Терінің бір бөлігінде гальваникалық қондырманы қалай қолдануға болады? Терінің бір бөлігінде ғана 1,5 минут қолдануға бола ма?
    Терінің бір бөлігінде пайдалану уақыты бойынша үзілді-кесілді шектеулер жоқ. Сіз өз сезіміңізбен және уақытпен шектелуге болады. Бірақ ұзақ уақыт пайдалану көп ұсынылған уақыт нәтижелі емес.
    Көз айналасындағы гальваникалық қондырманы "қаз таяқшалары"аймағында пайдалануға бола ма?
    Біз теріс реакцияларды болдырмау үшін көздің айналасындағы тері өте сезімтал болғандықтан, көз аймағында орбиталық сүйектерден тыс құралды пайдалануға кеңес бермейміз.
    Аспапты мойында және декольте аймағында пайдалануға бола ма?
    Аспапты қалқанша безінің аймағын болдырмай мойында және декольте аймағында пайдалануға болады.
    ARTISTRY Dermasonic бутолотоксин және филлерах инъекция кезінде пайдалануға бола ма?
    Құралдың әсері мүмкін. Бірақ микроциркуляцияны белсендірудің арқасында филлерлер, ботулотоксин тез шығарылуы мүмкін. Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
    ARTISTRY Dermasonic басқа artistry сарысуымен пайдалануға бола ма?
    ARTISTRY DERMASONIC тек ARTISTRY сарысуларында ғана бағдарламаланғандықтан, құрылғымен бірге басқа өнімдерді пайдалану тиімділігі мен жанама әсерлері бойынша болжау мүмкін емес.