Шашты ылғалдандыру үшін

Шаш сұлу және икемді болу үшін оны ылғалдандырып отыру қажет — олай болмағанда шаш құрғақ және сынғыш болып, түсі көмескі тартып, ұшталып кетуі мүмкін. Ылғалдандырғыш күтім әсіресе боялған шашқа, сондай-ақ үнемі түрде УК-сәулелердің әсерінде болатын, үнемі кермек сумен жуылатын немесе шаш сәндеу құралдары қолданылатын шашқа қажет.

Ылғалдың тапшылығын толтыратын арнайы сусабындар мен бальзамдар бар. Олар шаштың жұмсақ және тиімді күтімін қамтамасыз етумен, оның саулығы мен сұлулығын қалпына келтіреді.

Сусабындар, бальзамдар, кондиционерлер мен жақпалар екі бағытта жұмыс істеумен шашты ылғалдандырып отырады:

  • шаштың ішіндегі ылғалдың тапшылығын толтырады;
  • ылғалды жоғалтудан қорғайды.

SATINIQUE™ топтамасындағы сусабындар мен бальзамдардың* құрамында осы мәселелерді шешетін арнайы компоненттер бар. B5 провитамині шашқа керемет сіңеді, шаштың түбірін қоректендіріп, нығайтады және сонымен бірге бас терісін ылғалдандырып, оған күтім жасайды. Ол шаш пен тері үшін аса пайдалы заттар рейтингісінің алғашқы ондығына кіреді. Тунга ағашының дәндерінен алынған май да шашты ылғалдандырып, сусызданудан қорғайды, шаштың жылтырауы мен иілгіштігін қалпына келтіреді.

SATINIQUE™ құралдарының артықшылығы

SATINIQUE сусабындары мен бальзамдарының құрамында кератинмен, нығайтқыш липидтермен, қаныққан май қышқылдарымен ENERJUVE™ кешені бар. Осы компоненттердің арқасында құрғақ және зақымдалған шаш қалпына келіп, тегіс және иілгіш бола түседі. ENERJUVE™ кешені шаштың сабағына еніп, сондағы зақымдануларды тауып жояды. Бұл шаштың типіне байланыссыз жұмыс істейтін кәсіби ылғалдандырғыш күтім.

SATINIQUE™сусабындары мен бальзамдары:

  • шашты күтіммен тазартады;
  • пайдалы заттармен қанықтырады;
  • бас терісіне күтім жасайды;
  • алғашқы қолданудан-ақ шашты елеулі түрде ылғалдандырып, жұмсақтығы мен жарқырауын қалпына келтіреді;
  • шаштың таралуын жеңілдетеді.

SATINIQUE™ құралдарын Amway ресми сайтынан сатып алыңыз. Тіркелгеннен кейін өнімдер жеңілдікпен сатылады.

*Сатылымдағы тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан танысуға болады.