Глицериннің косметикада қолданылуы: тері мен шашқа арналған пайдасы

Глицерин көптеген косметикалық құралдардың құрамына енеді. Мұның қандай зат екені туралы, оның косметологияда неліктен қолданылатыны туралы және оның таптырмайтын қасиеттері жайлы әңгімелейік.

Капля глицерина крупным планом

Глицериннің косметикадағы қасиеті

Глицерин үшатомдық спирт болып табылады, яғни оның формуласында судың үш молекуласы бар. Соның арқасында ол суда еритін зат болып табылады, бұл оны крем, лосьон, маска, скраб, гельдер мен өзге де косметикалық құралдарда қолдануға барынша лайық етеді.

Бұл заттың тағы бір қасиеті — су сіңіргіштігі, яғни бойына қоршаған ортадан суды тарту қасиеті. Ол ылғалдандырғыш болып табылады және косметиканың ең тиімді компоненттерінің бірі болып саналады.

Глицерин зияны жоқ десе де болады, себебі ол:

  • уытсыз;
  • канцероген болып табылмайды;
  • тері мен шаштың барлық типтеріне арнап қолдануға келеді;
  • оны қолдануға болмайтын жағдайлар өте аз, сонымен бірге оны жүктілік кезінде пайдалануға болады.

Глицериннің косметикада қолданылатын түрлері

Глицериннің үш түрі болады:

  • жануар тектес, ол шошқаның майынан алынады;
  • өсімдік тектес — жаужапырақтан, кокос немесе пальма майынан бөліп алынады;
  • синтетикалық — пропиленнен өндіріледі.

Жануар тектес зат қазіргі уақытта онша қолданылмайды, себебі оның өсімдік тектес баламасы экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза болып табылады.

Бет терісіне арналған пайдасы

Өзінің әсері бойынша бұл өнім гиалурон қышқылына ұқсас— ол теріні ылғалдандырып және оның бетінде ылғалды ұстап қалатын қабықша түзеді.

Бұл заттың бір молекуласы бойына судың 10 молекуласын тарта алады. Оны теріге жаққан кезде алдымен эпидермистің жоғарғы қабаттары ылғалдандырылады, ал артынан аквапориндер (су арналары) ашылады, осылайша ылғал терінің терең қабаттарына енеді.

Глицериннің бет терісі үшін өзге де пайдалы қасиеттері:

  • теріні жұмсартып және оның қабыршақтануымен күресуге көмектеседі;
  • клеткалық метаболизм өнімдерінің сыртқа шығарылуына ықпал етеді;
  • бетті күннен және басқа да жағымсыз әсерлерден қорғайды;
  • жасушалардың жаңару процесіне ықпал етеді;
  • антисептикалық әсерінің арқасында безеумен күресуге және жараны жазуға көмектеседі;
  • тері қуыстарын тазартады;
  • терінің түсін біркелкі етіп және қарайған дақтардың пайда болуына жол бермейді;
  • мимикалық әжімдердің жазылуына ықпал етеді.

Шашқа арналған пайдасы

Желден желбіреген жылтыраған шаш

Бұл зат төмендегі қасиеттерінің арқасында көп жағдайда сусабындардың, бальзамдар мен маскалардың құрамына еніп отырады:

  • ылғалдандырады;
  • шаштың бойындағы ылғалды ұстап және шашты қоршаған ортаның қиратушы факторларының әсерінен қорғайтын қорғағыш қабықша түзеді;
  • шаштың құрылымын жақсартады;
  • белсенді компоненттердің тазартқыш әсерін күшейтеді;
  • шашты жылтыратып және жібектей сусылдағыш етеді.

Қолдануға қатысты шектеулер

Бұл заттың кейбір түрлері терісі сезімтал адамдардың жағымсыз реакциясын тудыруы мүмкін. Гипоаллергендікке қатысты тексеруден өткен қымбатырақ баламаларының мұндай әсері жоқ және олар тіпті балаларға арналған косметикалық құралдарда қолданылуы мүмкін.

Artistry™ желісінің құрамында глицерині бар құралдары

ARTISTRY™ сауда белгісінің органикалық фермаларда өсірілген фитонутриенттерге негізделген косметикалық өнімдеріне* шолу жасауды ұсынамыз.

ARTISTRY SKIN NUTRITION™ «Терінің майланып жылтырауын басу және теңгерім» жиынтығы майлы, майлануға бейім, қалыпты және аралас түрдегі тері күтіміне арнап әзірленген. Ол

  • тері жабынының теңгерімін қалпына келтіруге;
  • жас ұлғаюдың алғашқы белгілерін кейінге шегеруге;
  • майланып жылтырауын кетіруге;
  • терінің сау және жарқыраған қалпын қайтаруға көмектеседі.

Жиынтықтың құрамына кіретін құралдар:

  • бет терісінің майланып жылтырауын басатын тазартатын желе;
  • бет терісінің майланып жылтырауын басатын сергіткіш тоник;
  • SPF 30 күннен қорғайтын сүзгісі бар, бет терісінің майланып жылтырауын басатын лосьон.

Бет терісін жууға арналған желе макияждың қалдығын күтіммен кетіріп және тері қуыстарын тазартады. Тониктің сергіткіш әсері бар және ол эпидермисті алдағы күтім шараларына дайындайды. Ол сондай-ақ терінің микробиомын қолдауға және тері майының бөлінуін бақылауға арналған. Лосьон күтім шараларын аяқтайды, терінің майланып жылтырауын өте жақсы басады, күшті күңгірттеуші әсерге ие және ультракүлгін сәуледен қорғауды қамтамасыз етеді.

ARTISTRY SKIN NUTRITION™ «Ылғалдандыру» Кешенді күтім жиынтығы — құрғақ, құрғауға бейім, қалыпты және аралас түрдегі тері күтіміне арнап әзірленген. Ол терінің барынша ылғалдануына ықпал ететін бес өнімнен тұрады. Құралдар сондай-ақ қосымша әсерге ие:

  • микробиомның теңгерімін қалпына келтіріп қолдайды;
  • терінің қабыршақтануын және терінің тартылғандай сезімін кетіреді;
  • фотоқартаю белгілерінің пайда болуының, сонымен бірге мимикалық әжімдердің, тері түсінің көмескі тартуының, терінің әртүрлі текстураға ие болуының алдын алуға;
  • тері жабынының серпімділік, созылғыштық және жұмсақтық қасиеттерінің сақталуына ықпал етеді.

Жиынтыққа көз айналасындағы сезімтал терінің күтіміне арнап арнайы әзірленген ылғалдандырғыш крем кіреді. Ол көз айналысының ісінуін және көздің түбіндегі қараюларды азайтуға көмектеседі.

Құрғақ және икемге келмейтін шашты күту үшін SATINIQUE™ ылғалдандырғыш сусабынын қолданып көріңіз. Оның құрамында тунг ағашының дәндері, B5 провитамині, сондай-ақ липидтерді, кератинді және теріні жазатын қаныққан май қышқылын қамтыған кешен бар. Құрал шашты жұмсақ, тегіс етіп және жылтыратады, оны іштей ылғалдандырады және шаштың таралуын жеңілдетеді.

SATINIQUE™ 2-уі 1-де сусабын-кондиционері — барлық типтегі шаштарға арналған табиғи косметикалық өнім. Ол 5 бағыт бойынша жұмыс істейді:

  • шашты жұмсақ тазартады;
  • кондиционерлейді;
  • шаш өзегінің құрылымын қалпына келтіреді;
  • шаштың жұмсақтығын және жеңіл таралуын қамтамасыз етеді;
  • шашқа сау сыртқы күй сыйлайды.

G&H Baby «Балалардың басынан аяғына дейін пайдалануға болатын» балалар сусабыны —офтальмологтар мен дерматологтармен мақұлданған гипоаллергенді құрал. Ол сезімтал теріге арнап қолдануға келеді және баланың дүниеге келген алғашқы күндерінен бастап күнделікті қолдануға арнап ұсынылған. Сусабын бейтарап pH деңгейіне ие, құрамында бояғыштар, парабендер мен сульфаттар жоқ. Құрамына теріні ылғалдандырып және жұмсартатын алоэ мен түймедақ сығындылары кіреді.

Біз сізге глицериннің әртүрлі косметикалық өнімдерде – бет терісінің майланып жылтырауын кетіруге арналған кремдерден бастап әсері күшті ылғалдандырғыш құралдарға дейін қолданылуы мүмкін екендігін көрсеттік.

*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың сайтта көрсетілген суреттері олардың іс-жүзіндегі сыртқы бейнесінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com. сайтынан танысуға болады.