Қара нүктелерден қалай арылуға болады

Беттегі қара нүктелер - бұл әсіресе жасөспірімдерге, майлы және аралас тері түріне ие адамдарға таныс жиі кездесетін мәселе. Олардың неліктен пайда болатынын, олардан қалай құтылуға болатынын және алдын алу үшін не істеу керектігін айтып береміз.

Қара нүктелер дегеніміз не

Безеудің бұл түрінің ғылыми атауы - ашық комедондар. Олар тері тесігін бітейтін, тері майы, өлі жасушалар мен ластанулардан тұратын саңылаулардағы тығындар. Сырттан бұл тығынның үстіңгі жағы ғана көрініп тұрады, ол оттегімен жанасқанда қара түске енеді.

Черные точки на носу

Ашық комедондар көбінесе терідегі майдың артық бөлінуінен пайда болады, сондықтан олар майлы және аралас тері түріне ие адамдарда жиі кездеседі. Бірақ дұрыс емес күтіммен мұндай безеу түрі кез келген теріде пайда болуы мүмкін.

Пайда болу себептері

Тамақтану

Жылдам көмірсулар тері майы - себумның өндірісін жеделдетеді. Сарапшылар рациондағы ұн өнімдері мен тәттілердің артық болуы беттегі ашық комедондардың және басқа да безеу түрлерінің пайда болуының себебі болуы мүмкін деп санайды.

Гормоналды ауытқулар

Тестостерон өндірілген тері майының мөлшеріне әсер етеді. Егер денеде бұл гормонның артық мөлшері болса, комедондар пайда болуы мүмкін. Әйелдерде тестостеронның жоғарылау қаупі жүктілік және менопауза кезінде пайда болады. Дәл сол себепті жасөспірімдер жиі безеуден зардап шегеді.

Стресс

Стресс кезінде себумның шығарылуын ынталандыратын кортизол өндіріледі. Егер стресс созылмалы болса, бұл ашық комедондардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Дұрыс емес күтім

Майлы және аралас бет терісі тесіктері бітеліп қалмас үшін арнайы тазартуды қажет етеді. Жуу үшін гельді, көбікті немесе муссты пайдалану ұсынылады, ал макияжды кетіруге мицеллярлық су жарайды. Бұл күтім процедурасын өткізіп алатын болсақ, безеудің пайда болу ықтималдығы артады.

Тағы бір қателік - тері тесіктерін бітеп тастайтын сапасыз немесе сәйкес келмейтін кремдерді қолдану. Тым майлы нәрлендіретін кремдер құрғақ теріге өте қолайлы, бірақ оларды майлы және аралас теріге қолданбаған дұрыс.

Алдын алу үшін күтім жасау

Тазарту

Құрамында қышқылдары бар қарқынды өнімдер тұрақты жууға жарамайды. Олар тері тесігін терең тазартады, бірақ майдың өндірілуін ынталандырады, яғни кері әсер беру қаупі бар. Күнделікті күтім үшін жұмсақ көбік пен гельдерді таңдаңыз.

Девушка умывается

Теріні терең тазарту үшін табиғи маскаларды, соның ішінде саз негізіндегі маскаларды қолданған дұрыс. Саздың зарарсыздандырғыш әсері бар, яғни бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Бұл әсіресе безеуге бейім тері үшін өте маңызды. Саздан жасалған маскаларды аптасына 3-4 рет қолдануға болады, оларды қалай пайдалану керектігі туралы толығырақ қаптамадан оқыңыз.

Қабыршақтандыру

Ашық комедондар, басқалармен қатар, өлі жасушалардың тері тесіктерінде жиналуына байланысты қалыптасады. Сондықтан аптасына бір рет қабыршақтандырғыш күтім түрін жасау керек. Бұл үшін бетке арналған жұмсақ құралдар қолайлы - скрабтар мен гоммаждар. Энзимдер мен қышқылдарға негізделген пилингтер тек қабынуға бейім проблемалы тері түрлеріне ұсынылады.

Нәрлендіру

Эпидермисте ылғал болмаған кезде, май бездері белсенді жұмыс істей бастайды, нәтижесінде безеулер пайда болуы мүмкін. Сондықтан ылғалдандыратын кремдер міндетті күнделікті күтім болып табылады. Егер теріңіз құрғаса, гиалурон қышқылына негізделген кремдерді қолданып көріңіз. Барлық басқа жағдайларда жеңіл құрылымы бар өнімдерді таңдаған жөн.

Үй жағдайында қара нүктелерді қалай кетіруге болады

Бетіңіздегі ашық комедондарды өзіңіз сықпаңыз - бұл қабынуды тудыруы мүмкін. 3 кезеңді апта сайынғы үй күтімін қолданып көріңіз:

  1. Терінің түріне қарай скраб немесе пилинг.
  2. Бүкіл бетке немесе тек проблемалы аймаққа (мұрын, маңдай, иек) арнап тазартқыш саз маскасын жағу.
  3. Нәрлендіргіш крем.

Косметологиялық процедурадар

Бет тазарту - косметологтың кеңсесіндегі ең кең таралған процедуралардың бірі. Оның үш түрі бар:

  • қолмен;
  • механикалық (вакуумдық аппараттың көмегімен);
  • ультрадыбыстық.

Комедондарды жою - бұл өте ауыртпалы процедура, содан кейін ештеңені жоспарламаған дұрыс, себебі бетте қызару пайда болады. Қызару бірнеше күнге созылуы мүмкін және осы уақыт ішінде косметиканы пайдалануға болмайды.

Қара нүктелерге қарсы құралды қалай таңдауға болады

Табиғи құрамдас бөліктерге негізделген косметиканы таңдауға тырысыңыз. Дұрыс өнімді табудың ең жақсы тәсілі - құрамын мұқият зерделеу. Ашық комедондармен күресу үшін косметика құрамына келесі өнімдер кіреді:

  • салицил қышқылы (salicylic acid) - эпидермистің өлі тері жасушаларын нәзік қабыршақтайды;
  • ива қабығының сығындысы (salix alba bark extract) - бактерицидтік әсері бар;
  • гамамелис (hamamelis) - тері тесігін тартады және қабынуды емдейді.

Өнімдерге шолу жасау

Проблемалы теріге күтім жасау үшін жасалған үш табиғи косметикалық өнімді* қарастырайық - тоник, гель және желе.

ARTISTRY SKIN NUTRITION™ Бет терісінің майлылығын азайтатын тазартқыш желе макияж қалдықтары мен ластануларды ақырын кетіреді, тері тесігін тазартады. Құрамында теріс әсерлі компоненттер жоқ және сезімтал теріге жарамды. Композицияға перилла сығындысы мен алоэ вера сығындысы қоспасы кіреді, ол тыныштандыратын әсерге ие, тітіркенуді азайтады.

essentials by ARTISTRY™ Проблемалы бетке арналған гель құрамында гамамелис, салицил қышқылы және көк шай бар. Өнім тері майының түзілуін бақылап, майлы жылтыр мен бөртпелердің санын азайтуға және комедондардың түзілуін болдырмауға мүмкіндік береді. Гельдің құрамында хош иістендіргіштер жоқ, яғни тітіркену мен қызару қаупі аз.

essentials by ARTISTRY™ Проблемалы бетке арналған сергітуіші тоник лимон, алоэ және салицил қышқылымен бірге бірнеше мәселені бірден шешеді:

  • тері тесіктерін терең тазартады және тарылтады;
  • өлі жасушаларды қабыршақтайды;
  • тері майының түзілуін бақылайды;
  • майлы жылтырды кетіреді;
  • безеудің алдын алуға көмектеседі.

Дұрыс таңдалған косметика комедондармен күресу құралы ғана емес, сонымен қатар терінің сау және әдемі көрінісін сақтауға мүмкіндік беретін алдын алудың тиімді әдісі болып табылады.

*Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.