Екінші иектен қалай арылуға болады

Екінші иектің болуы көп адамдарға ұнамайды, бірақ барлығы дерлік бұл мәселеге тап болады. Оның пайда болу себептері, тиімді күресу және алдын алу әдістері туралы айтатын боламыз.

Женщина смотрит в зеркало на двойной подбородок

Неліктен екінші иек пайда болады

Бет терісінің астында 21 мимикалық бұлшықеттен тұратын бұлшықет корсеті орналасқан. Уақыт өте келе бұлшықеттер серпімділігін жоғалтады және бұл бет мүсінінің жас ұлғайюына байланысты өзгерістерінің негізгі себептерінің бірі.

Бірақ тіпті бір жастағы адамдарда бұл мәселе әртүрлі көріністе болатынын байқамау қиын. Бұл келесі факторларға байланысты:

  • артық салмақтың болуы немесе болмауы;
  • өмір салты;
  • тамақтану әдеттері;
  • арқаның түзулігі;
  • генетика.

Артық салмақ

Артық салмақ болған кезде май төменгі жақ астына жиналады, бұлшықеттер оны ұстап тұра алмайды. Осыған байланысты бет терісінің салбырауы кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Бұл тым тез салмақ жоғалтқанда да болады, себебі тері «қайтадан қалпына келіп» үлгермей қалады.

Өмір салты және тамақтану әдеттері

Көп қимылсыз өмір салтына байланысты бұлшықеттер тіпті мүсінді адамдарда да серпімділігін жоғалта бастайды. Тамақтану да беттің сұлбасына әсер етеді. Майлы, ащы және ысталған тағамдар денеде суды ұстайды, бұл ісінуді тудырады. Ал дәрумендердің жетіспеушілігі ерте қартаю белгілеріне, соның ішінде терінің серпімділігін жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Арқаның түзулігі

Арқаны тік ұстамау бет пен мойын бұлшықеттеріне әсер етеді. Әрдайым бүкірейіп жүру, ноутбукта еңкейіп жұмыс істеу бұлшықет теңгерімінің бұзылуына әкеледі. Бұл беттегі ісінуді тудыруы мүмкін.

Генетика

Генетикалық фактор иек-жақ бұрышының пішінімен байланысты. Егер ол өткір пішінді болса, онда беттің мүсіні әрқашан дөңгілік жүзді адамдарға қарағанда айқынырақ болады.

Екінші иектен қалай арылуға болады

Үй жағдайында массаж

Үй жағдайындағы ең тиімді тәсілдердің бірі - массаж. Ол қан айналымын жақсартады, жасушалардағы зат алмасуды жеделдетеді, эластин мен коллагеннің өндірілуіне ықпал етеді. Мұның бәрі тері серпімділігін жақсартады және бет бұлшықеттерін нығайтады.

Екінші иектен арылу үшін өзін-өзі массаждауды үнемі жасау керек - күн сайын ұйқыға дейін шамамен екі сағат бұрын.

Міне, негізгі ережелер:

  • Процедура алдында косметиканы жуып тастаңыз.
  • Қолдарыңыз теріде жақсы сырғуы үшін массажға арналған май немесе зәйтүн майын қолданыңыз.
  • Басыңызды жоғары көтеріңіз.
  • Төменгі жақ астындағы теріні орталықтан құлақтарға қарай жеңіл қозғалыстармен уқалау арқылы қыздырыңыз.
  • Әрі қарай, қолыңыздың сыртқы жағымен проблемалық аймақты жеңіл және баяу шапалақтау керек.
  • Бірінші процедураның ұзақтығы 5-10 минут, содан кейін уақытты біртіндеп арттырыңыз. Бір сеанс 60 минутқа дейін созылуы мүмкін.

Жаттығулар

Бет бұлшықеттерін күшейту және теріні нығайту үшін жаттығулар жасауға болады. Тілді созу көп көмектеседі. Тілді мүмкіндігінше сыртқа шығарып, алдымен жоғары (мұрынның ұшына дейін), содан кейін төмен (төменгі жаққа) созу керек. Егер сіз бұлшықет қатаюын сезсеңіз, онда сіз бәрін дұрыс істеп жатырсыз.

Тағы бір қарапайым және тиімді жаттығу - ауызды ашу. Басыңызды артқа еңкейтіп, аузыңызды мүмкіндігінше кең ашыңыз. Осы күйді сақтап және жақ астындағы бұлшықеттердің кернеуін сезініңіз. 10-ға дейін санап, аузыңызды жабыңыз.

Жақ пен ұрт бұлшықеттерін күшейту үшін еріннің қарқынды қозғалысы өте қолайлы. Ерніңізді түтікше формасына бұрап, кезекпен екі жаққа, жоғары және төмен созыңыз.

Классикалық жаттығу — басты бұру:

  1. Тік тұрып, аяқты иықтың кеңдігіне, қолды белге қойыңыз. Иықтар түзу болуы керек.
  2. Жақ астындағы бұлшықеттердің кернеуін сезіне отырып, басыңызды бір жаққа баяу бұрыңыз.
  3. Бастапқы күйге оралыңыз.
  4. Басыңызды баяу төмен түсіріп, бастапқы қалыпқа оралыңыз.
  5. Екінші жаққа бұрылу арқылы тура сондай әрекетті қайталаңыз.
Повороты головы — упражнение

Әрбір жаттығуды 10 рет қайталап, бұл кешенді күнделікті орындау ұсынылады.

Компресстер

Суық және жылы компресстерді ауыстыру бет бұлшықеттерінің серпімділігін қалпына келтіруге көмектеседі. Компресс үшін түймедақ немесе қырмызы қайнатпасы қолданылады. Қайнатпаның жартысын бөлме температурасына дейін салқындату керек, ал екіншісін 50 градусқа дейін қыздыру керек.

Екі түкті сүлгіні алыңыз. Біреуін жылы қайнатпаға салып, проблемалы аймақта 2-3 минут ұстап тұрыңыз. Содан кейін салқын қайнатпамен тура солай қайталаңыз. Компресстерді 6-8 рет кезектестіріп, содан кейін салқын сумен жуыныңыз.

Салондағы процедуралар

Сұлулық салондарында бет бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған кәсіби массаж курсынан өтуге болады. Әдетте маман бетке, мойын аймағына және иық белдеуіне массаж жасайды. Курс 8-10 процедураны қамтиды.

Егер мәселе төменгі жақ астындағы май шөгінділерінде болса, оларды липолитикалық инъекциялар арқылы жоюға болады. Жіңішке иненің көмегімен тері астына майды жағатын құрам енгізіледі, ол бірден әрекет ете бастайды. Нәтиже бірнеше күннен кейін байқалады.

Ең қарқынды және жылдам, бірақ қымбат әдіс - лазерлік липосакция. Кішкентай тесулер арқылы терінің астына лазерлік талшық енгізіледі, ол арқылы тері астына сәуле түседі. Тері астындағы май ериді, содан кейін оны вакуумды сорғы арқылы алып тастау қалады. Нәтиже бірден байқалады, бірақ процедурадан кейін 2-дан 6 аптаға дейін қысатын таңғышты кию керек.

Косметикалық құралдар

Лифтинг-әсері бар табиғи косметика* қосымша иекті алып тастауға мүмкіндік береді
ARTISTRY SKIN NUTRITION™ жаңартатын, қалыпқа келтіретін бетке арналған кремі эпидермистің жасушалық жаңаруының табиғи процесін ынталандырады, теріні серпімді етуге және рельефті біркелкі етуге көмектеседі.
ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ «Лифтинг» жиынтығы қартаюға қарсы соңғы технологиялар негізінде жасалған. Сарысу концентратының құрамында нығайтатын және қатайтатын әсері бар қызыл уылдырық сығындысы бар.
ARTISTRY SKIN NUTRITION Ультра көтеретін қатайтатын крем бет мүсінін айқынырақ етуге, тері тесігін азайтуға, терінің жарқырауын қалпына келтіруге және оны ылғалмен қанықтыруға көмектеседі. Өнімнің құрамында жасушалық алмасу процестерін ынталандыратын және эпидермисті күшейтетін пептидтер бар.
ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Бет терісіне арналған нығайтатын үлгілегіш маска терінің қоректенуін қамтамасыз етеді, нәтижесінде ол серпімдірек болады, ал майда әжімдер азырақ білінеді. Құрамында антиоксиданттық және қорғаныс әсері бар анар сығындысы бар.

Косметикалық құралдардың әсерін күшейту үшін ARTISTRY™ Dermasonic Бет терісінің күтіміне арналған көп функционалды аппаратын қолданып көріңіз. Ол үй жағдайында пайдалану үшін шығарылған. Ультрадыбыстық саптама өлі жасушалардан құтылуға көмектеседі, бұл регенерация процестерін ынталандырады. Гальваникалық саптама косметиканы пайдалану кезінде қолданылады. Ол белсенді заттардың эпидермиске тезірек және тереңірек енуіне мүмкіндік береді.

Дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану

Жақсы қалыпта болу үшін дұрыс тамақтану және белсенді өмір салты әдетке айналу керек. Физикалық жүктемелер бұлшықеттерді нығайтады, қалыпты қан айналымын және сұйықтықтың ағып кетуіне ықпал етеді. Тұрақты серуендеу және спортпен айналысу тек екінші иектен арылтып қана қоймай, сонымен қатар көптеген жылдар бойы жастықты сақтауға көмектеседі.

Бұл дұрыс тамақтануға да қатысты. Дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтынған дұрыс. Рацион теңдестірілген болуы керек, яғни ақуыздар, майлар және көмірсулардың күнделікті мөлшерлі тұтынуын қамтуы керек. Тұздалған және ысталған өнімдерден бас тартуға тырысыңыз. Қуырылған және тым майлы тағамдар, тәттілердің артық болуы денсаулыққа, демек, тері мен бұлшықеттердің күйіне теріс әсер етеді. Сондай-ақ темекі шегу мен алкогольді көп пайдаланудан бас тарту керек.

Екінші иекті визуалды түрде қалай алып тастауға болады

Әртүрлі тәсілдердің көмегімен проблемалық аймақтан назарды бұруға болады. Олардың ішінде:

  • шаштар мойынға түспейтін көлемді шаш үлгілері;
  • бет сүйектері мен көзді ерекше айқындайтын макияж;
  • бронзатормен төменгі жақты жасыру;
  • жарқын ерінге баса назар аударатын макияж.

Алдын алу шаралары

Екінші иектің пайда болуының алдын алудың ең қарапайым әдістері:

  • белсенді өмір салты және теңдестірілген тамақтану;
  • жеңіл өзін-өзі массаждау, оның ішінде массаж сызықтары бойына косметиканы қолдану;
  • арқа мүсінін тік ұстау.

Компьютерде жиі жұмыс істейтін болсаңыз, мониторды төмен емес, жоғары қарайтындай етіп қойыңыз. Сондай-ақ телефон мен планшетті тура алдыңызда ұстауды үйренуіңіз керек. Сізге қалыпты әрекеттеріңізге көп өзгерістер енгізуге тура келуі мүмкін, бірақ нәтижесі соған тұрарлық.

*Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.