Бетке арналған косметикалық маскалар: не үшін қажет және қалай дұрыс қолдану керек?

Қазіргі уақытта танымал болып келетін бетке арналған маскаларды қолдану керек пе, жоқ па деп әлі ойланып жүрсіз бе? Бұл сұрақтың жауабы қысқа: әрине, қолдану керек. Ал қандай маскаларды, қашан және қаншалықты жиі қолдану керектігі жайлы толығырақ айтып кеткен жөн болады.

Бетіне жасыл маска жағылған бойжеткен

Маска дегеніміз не?

Бұл теріге қосымша қарқынды күтім жасауға арналған концентрацияланған құрамға ие құрал. Дұрыс таңдалған өнім небәрі 15-20 минутта тері қуыстарын тазартып, терінің майланып жылтырауын кетіруге мүмкіндік береді, теріні ылғалдандырып және сергітеді.
Сонымен қатар, оны қолдану процесінің өзі – бұл тек қана косметикалық шара емес, бұл нағыз спа-шара және оны үй жағдайларында өзіңіз оңай жасай аласыз.

Масканы не үшін жасап отыру керек ?

Бұл құралды қосымша түрде төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болған кезде қолданып отыру керек:

  • тиімді тазарту;
  • терең ылғалдандыру;
  • толыққанды қоректендіру.

Маскалардың жедел нәтиже беретін түрлері де бар – бірер минутта терінің ісінуін басып, теріге әдемі сыртқы күй сыйлап және оны іштей жарқырату керек болған жағдайдағы құтқарғыш құрал.

Сондай-ақ маскалар белгілі бір проблемаларды шешу үшін қолданылып отыруы мүмкін:

  • теріні ағарту және текстурасын біркелкі ету;
  • тері майының бөлінуін реттеу;
  • бөртпелердің, қарайған дақтардың байқалуын азайту;
  • жасарту және т.с.с.

Құралдардың құрамына тек теріні ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесін тыныштандырумен әсер ететін құрамдас заттар енуі мүмкін, олар шара кезінде босаңсуға көмектеседі.

Нені таңдау керек?

Құралды таңдаған кезде бірнеше негізгі критерийлерге сүйеніп отыру керек:

  • терінің типі (құрғақ, майлы, аралас, проблемалық);
  • жасы (жас, кемелді, солып бара жатқан);
  • нақты проблемалардың немесе ерекше қажетсінулердің болуы (бөртпе, қара нүктелі безеулер, тітіркену, бет түсінің әркелкі болуы).

Сондай-ақ косметикалық құралды таңдаған кезде оның консистенциясын, текстурасы мен иісін ескеріп отырған маңызды. Ол жақсы нәтижені қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар нағыз ләззат сыйлап отыруы тиіс.

Түрлері

Маскалардың түрлері көп, олар бір-бірінен консистенциясы мен текстурасы бойынша, қолдану әдістері мен ерекшеліктері бойынша өзгешеленіп отырады. Дегенмен де, оларды таңдаудың негізгі критериі – құралдың белсенді компоненттерінің әсер ету бағыты. Және бұл жағдайда олардың барлығы келесі түрлерге бөлінеді.

Ылғалдандырғыш

Бұл нағыз әмбебап өнім, себебі ылғадандыру кез келген типтегі теріге және кез келген жаста қажет. Ылғалдың жетіспеушілігі терінің тартылу, құрғау сезімін тудырады, сондай-ақ уақытынан бұрын қартаю себептерінің бірі болып табылады.

Тері жасушаларын бір сәтте қажетті ылғалмен қанықтыруға мысалы ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ бет терісін ылғалдандыратын маска көмектеседі. Оның құрамында натрий гиалуронаты және арнайы ылғалдандырғыш липосома бар. Бұл пайдалы компоненттері шын мәнінде суды бойына тартып және оны эпидермистің терең қабаттарында ұстап қалады. Өнімді* күнделікті өзін ғана, сондай-ақ басқа құралдармен бірге қолданып отыруға болады.

Тазартқыш

Бұл майлы немесе аралас теріге тиімді күтімді қамтамасыз ету керек болатын жағдайдағы таптырмайтын шешім. Тері қуыстарын терең тазартып және терідегі артық майды кетіруге ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ бет терісін тазартатын маска көмектеседі. Ол терідегі артық майды бойына сіңіріп, теріге күңгірт рең және сергектік сезімін сыйлайды.

Ал егер терінің мүйізденіп кеткен бөлшектерін күтіммен кетіріп, терінің текстурасын біркелкі етіп және тері түсінің көмескі тартуын кетіру керек болса, онда көмекке ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ беттің терісін қабыршақтандыратын маска келеді.

Жоғарыда аталған құралдың екеуін де аптасына бірнеше рет жеке-жеке немесе мультимаскинг әсеріне ие болу үшін басқа өнімдермен бірге қолданып отыруға болады.

Тыныштандырғыш

Бұл терінің жиі қызарып және тітіркенуімен асқын сезімталдығы жағдайында таптырмайтын құрал. Тері рецепторлары жаңа кремге, әдеттен тыс тағамдарға немесе ауа-райы жағдайларына дәл осылай жауап қатуы мүмкін. Бұл жағдайда олардың күйін қалыпқа келтіріп және тыныштандырғыш әсерін қамтамасыз еткен маңызды.

Сіз таңдаған құрал бірден бірнеше бағытта жұмыс істеп отырса, тіптен жақсы, мысалы, ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE™ бет терісін қарқынды түрде қалпына келтіріп және тыныштандыратын, түнде қолдануға арналған маска. Құрамындағы азиялық центелла сығындысының арқасында ол тері жасушаларының табиғи жаңаруына ықпал етеді, терінің тітіркенуін басады, оны қоректендіріп және текстурасын біркелкі етеді. Ал жиынтығына енген массаждық стик беттің бұлшық еттерін босаңсытуға және құралдың әсер етуші компоненттерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қалай қолдану керек?

Екі бойжеткен бетіне маска жағуда

Құралдар жалпы ереже бойынша келесі түрде жағылады:

  • теріні алдымен тазартып және нәрлендіріп алғаннан кейін ғана;
  • тек қана уқалау сызықтары бойынша жаққышпен немесе саусақтардың жастықшаларымен жағылады;
  • бірнеше минутқа жағылады, артынан жуылады.

Сіз құрамның біреуін ғана қолданып немесе мультимаскинг әсеріне ие болу үшін лайықты рецептіні таңдасаңыз болады.

Қалған жағдайлардың барлығында теріңіздің күйі мен қажетсінулеріне, сондай-ақ өнімнің ерекшеліктеріне байланысты әрекет етіп отырыңыз.

Қай кезден бастап қолдана бастау керек?

Егер сіздің теріңіз қандай да бір айқын ерекшеліктерге ие болмаса, онда 25 жастағы тері қосымша күтімді қажет етпейді. Сіз жай ғана жағымды спа‑шараны қолдансаңыз болады.

Алайда егер сізде қара нүктелі безеулер, бөртпелер болып, теріңіз қатты майланған болса, онда тазартқыш және тыныштандырғыш құрамдарды кез келген жаста қолдануға болады.

Қаншалықты жиі қолдану керек?

Күндізгі және түнгі кремдермен салыстырғанда бұл құралдардың құрамы анағұрлым қанықтырылған болып келеді, сол себептен олар, әдетте, терінің ерекшеліктері мен қажетсінулеріне қарай аптасына 1 реттен 4 ретке дейін қолданылып отырады. Сондай-ақ күнделікті қолдануға болатын түрлері де бар.

Қай кезде қолданған жақсы?

Қатаң ұсынымдар жоқ, алайда жалпы ережеге сәйкес ылғалдандырғыш және ісінуге қарсы құрамдарды күннің алғашқы жартысында, ал тыныштандырғыш, қоректендіргіш және қабынуға қарсы әсері бар құрамдарды түнге қарсы жағып отырған дұрыс.

Мультимаскинг

Жас кезде және ерекше қажетсіну болмаған жағдайда бір құраммен шектеліп отыруға болады. Ал терінің шамадан тыс құрғақтығы, сезімталдығы кезінде және 35-40 жастан кейін бір мезгілде терінің әртүрлі аймақтарына арнап қолдану керек болатын 2-3 өнімді алып қойған дұрыс.

Қандай қателіктерді жібермеген жөн?

  • Шамадан тыс жиі түрде қолданбаңыз: жиі дегеніміз тиімді деген сөз емес.
  • Құрамдарды зақымдалған теріге жақпаңыз: бұл оның жағдайын нашарлатуы мүмкін.
  • Антилифтинг әсеріне ие болмау үшін құралды жаққаннан кейін жүрмеңіз және отырмаңыз, ең дұрысы 15-20 минут көзіңізді жұмып жата тұрыңыз.
  • Нәтижені бекіту үшін шарадан кейін кремді қолдануды ұмытпаңыз.
*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың сайтта көрсетілген суреттері олардың іс-жүзіндегі сыртқы бейнесінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com. сайтынан танысуға болады.