Тобылғы: емдік қасиеттері, қабылдауға болмайтын жағдайлар және қабылдауға арналған жағдайлар

2022 жылдың 22 желтоқсан

Бұл өсімдікті жиі түрде тоғайларда, саябақтарда және тіпті үйреншікті саяжай телімдерінде кездестіруге болады. Тобылғы — гүлдері көп көпжылдық шөп. Оның құрамында пайдалы заттар көп және ол көптеген аурулардан емдейтін дәрілік зат қана емес, сондай-ақ косметологияда қолданылатын бағалы компонент болып саналады. Тобылғының сығындылары кейінгі кезде теріні жасартып және сауықтыратын құралдарды әзірлеу үшін барған сайын жиі қолданылуда.

Сыртқы түрі қандай және қай жерде өседі?

Тобылғы – гүлдері қауырсын тәрізді, гүлшоғырлары сыпыртқы түрінде болып келетін биік шөп. Ол раушангүлділер тұқымына жатады. Өсе келе ол бұтаққа ұқсас болып кетеді, екі метр биіктікке дейін өсуі мүмкін. Гүлдері әрдайым ақ бола бермейді: олардың түсі сарғылт, қызғылт немесе қызыл болып отыруы мүмкін.

Тобылғының сыртқы түрі қандай?

Әдетте тобылғы тоғайларда өседі. Ол көбінесе ашық, күн түсетін, жеткілікті мөлшерде ылғал болып келетін, алайда суы тым көп емес жерлерде кездеседі. Сондай-ақ шалғындарда, бақша немесе саяжай телімдерінде, қалалық саябақтарда өсіп отыруы мүмкін.

Тобылғының негізгі түрлері

Тобылғы — өсімдіктің 10 астам түрін қамтыған шөптердің тобы. Олар бір-бірінен биіктігі, түсі, жапырағының пішіні бойынша, сондай-ақ басқа да кейбір қасиеттерімен өзгешеленеді:

  • Шегіршін алажапырақты — сондай-ақ кәдімгі деп аталады. Басқа түрлерімен салыстырғанда косметологияда және дәрілік өсімдік ретінде жиі қолданылады.
  • Қызғылт — жапырағы қалың, қою жасыл түсті және гүлшоғыры ақшыл-қызғылт түсті болып келетін биік декоративті шөп (1,5 м дейін), тамыры, гүлі және жапырағы косметика өндірісінде және дәрілік құралдарды әзірлеу үшін қолданылып отыруы мүмкін.
  • Венуста — биіктігі 180 см дейін баратын декоративті өсімдік, гүлдері түкті (шілде айынан бастап қыркүйек айына дейін өседі), барлық бөліктері бағалы қасиеттерге ие және косметологияда қолданылып отыруы мүмкін.
  • Elegans — жарқын қызыл-күрең гүлдері бар, биіктігі 1 метрге дейін, көбінесе бау-бақшалар мен саябақтарда өсіріледі. Емдік қасиеті бар және косметологияда жоғары бағаланады.
  • Амбрелла — өсімдіктің биіктігі 75 см дейін, жапырағы ақшыл жасыл түсті, қызыл тарамдары бар, гүлінің түсі қызғылт.
  • Магнифика — шілде айынан тамыз айына дейін гүлдейді, гүлдері қызыл немесе қызыл күрең, гүлшоғыры ірі, жапырағын үйкеген кезде қанық хош иіс сезіледі.
  • Камчаткалық, немесе шеломайник — биіктігі 3 метрге дейін жететін ірі жапырақтын түрі, Қиыр Шығыста тараған.
  • Күлгін — ұзақ мерзім бойы гүлдейді (маусымның соңынан бастап тамыз айына дейін), биіктігі шамалы - 1 метрге дейін, гүлдері түкті.
  • Алақан тәрізді — биіктігі 1 метрге дейін, жапырақтары ұзындау, гүлі көп. Шалғындар мен ұсақ ағаштардың арасында өседі.

Тобылғының түрлері

Тобылғының пайдалы қасиеттері

Тобылғы өзінің емдік қасиеттерімен белгілі, сол себептен халық медицинасында қайнатпалардың, жақпа дәрілердің, тұнбалардың құрамында бұрыннан бері қолданылады. Көбінесе өсімдіктің тамырлары қолданылады, жапырағы немесе гүлі оларға қарағанда сирек түрде қолданылады.

Бұл шөптің құрамында флавоноидтер — дерманы қартаюдан қорғаумен, антиоксиданттық әсерді қамтамасыз ететін, терінің қабынуын басып және залалсыздандыратын, ісінулермен күресетін заттар бар. Соның арқасында тері тартылған, серпімді және тегіс болып көрінеді. Сондай-ақ құрамында салицилаттар (емдік, қабынуға қарсы әсерге ие) бар.
Оған қоса, тобылғының құрамында келесі заттар бар:

  • зақымдалуларды жазатын илік заттар;
  • қанның тұтқырлығын азайтатын, қан айналымын жақсартатын;
  • жүректің жұмысын жақсартатын гликозидтер;
  • табиғи антиоксиданттар.

Тобылғының косметологияда қолданылуы

Тобылғы теріге күтім жасау үшін жақсы. Оның негізінде жақпамайлар мен майлар жасалып отырады. Тобылғының құрамында терінің саулығына пайдалы болып келетін бірнеше компонент қамтылған:

  • Рутин антиоксиданттық әсерін қамтамасыз етеді және қартаюмен тиімді түрде күреседі.
  • C дәрумені рутиннің әсерін күшейтеді және жергілікті иммунитетті іске қосады, коллагеннің өндірісіне ықпал етеді және қосымша түрде фотоқартаюдан қорғайды.
  • A дәрумені тері қуыстарын тарылтып, беттің түсін біркелкі етеді және дерманың қалыпты тонусын қалпына келтіреді.
  • Табиғи флавоноидтер қабынуды басады, терінің жазылуын жылдамдатады, коллагенді ыдыраудан қорғайды, сол арқылы дерманың серпімділігін сақтауға көмектеседі.

Осы қасиеттерінің арқасында тобылғы косметикалық құралдардың құрамында жиі кездесіп отырады. ARTISTRY SKIN NUTRITION™ желісінің құралдарында табиғи компоненттердің пайдасы қолданылып отырады, оның арасында тобылғы да бар. Оның сығындысы SPF 30 ARTISTRY SKIN NUTRITION™ күннен қорғайтын сүзгісімен бет терісінің жылтырауын басатын лосьон*. Тобылғы құралдың өзге компоненттерінің әсерін күшейтіп отырады. Ол SPF-сүзгісін толықтырып отырады, теріні іштей қартаюдан қорғайды, тері қуыстарын тарылтады, тері майының өндірісін реттейді, қабынудан қорғайды. Табиғи компоненттердің арқасында лосьон жұмсақ әрі табиғи түрде әсер етумен, теріні қорғап, қалпына келтіріп, ылғалдандырып, сауықтырып, нәрлендіреді.

Қолдануға арналған жағдайлар

Тобылғы сығындысын қамтыған тері күтімі ең алдымен тері майы тым қарқынды түрде бөлініп отыратын, бет терісі ісініп жүретін және терісі қабынуға бейім, сезімтал болып келетін адамдарға қолдануға арналған. Аталған компоненті бар косметиканы қолдану — кемелді дерма күтіміне арналған жақсы нұсқа.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Тобылғыға негізделген тері күтіміне арналған құралдар әдетте реакция тудырмайды және оларды адамдар жақсы көтереді. Сол себептен оларды қолдануға жалғыз қарсы көрсетілім — сығындының құрамындағы заттарға жеке түрдегі төзе алмаушылық.

Өзінің антиоксиданттық және қабынуға қарсы әсерінің арқасында тобылғы косметологияда жоғары бағаланады: ол жастық пен сұлулықты ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі!

*NUTRILITE™ ББҮ дәрілік зат болып табылмайды. Қарсы көрсетімдері бар. Маманмен кеңесіңіз.

**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: