Көз айналасындағы тері күтімі

Бойжеткен саусақтарымен  жүрек жасап, соның ар жағынан қарап тұр

Көз айналасындағы теріге неліктен ерекше күтім қажет?

Көз қабағы — көзіміздің қалқаны. Ол шырышты қабатты құрғау мен ластанудан қорғайды. Қорғауды қамтамасыз ету үшін көзімізді тәулігіне 24 мың рет қысып отырамыз: таңқаларлық жайт, солай ғой? Бұл жердің терісі беттегі қалған эпидермистен 4 есе жұқа. Ол қанмен аз қамтылған, онда тер және май бездері жоқ десе де болады. Коллагенді талшықтардың текстурасы анағұрлым кеуекті болып келеді. Сондай-ақ бұл аймақта үнемі түрде мимикалық қозғалыстар орын алып отырады. Мінеки сол себептен де көз қабағының сырттай солу белгілері бет, мойын, декольте аймағындағы теріге қарағанда анағұрлым ерте байқала бастайды.

Көз айналасындағы теріге қалай күтім жасау керек?

Дұрыс және дер кезінде жасалған күтім сезімтал дерманың проблемаларын тіпті үй жағдайында шешуге көмектеседі.

Тазарту

Көз қабағының аймағын сіз макияжды аз қолданып немесе декоративті косметиканы мүлде қолданбаған жағдайдың өзінде тазалап отыру керек. Жай ғана сумен жуу көз аймағын сіздің оған осыған дейін жаққан креміңізден тазалай алмайды.

Теріні мейкап қалдықтарынан және сыртқы ластанулардан мицеллярлы су немесе қосфазалы құрал қауіпсіз түрде тазартады. Сіздің дәл нені таңдағаныңыз мағызды емес: бастысы, ол сізге текстурасы, иісі, консистенциясы бойынша лайық келсе болғаны. Екі мақта дискіні (немесе оның екі жартысын) тазартқыш құралмен жақсылап шылап алыңыз. Дискінің бірін көзіңіздің түбіне, екіншісін қозғалғыш көз қабағына қойыңыз. Бірер секундқа қоя тұрыңыз, құралдың терінің бетіне жайылуын күтіңіз. Макияжды үстіңгі мақта дискімен теріңізді уқаламай, ақырын қозғай отырып сүртіп алыңыз. Макияжды етіріп, крем жағып немесе бетіңіздің терісін ылғалдандырып отырсыз ба мейлі қалай болғанда да қозғалыстардың барлығын теріңіз барынша аз созылатындай етіп сызықтар бойынша орындаңыз.

Көзін жұмсан бойжеткен  жымиып тұр

Қоректендіру және ылғалдандыру

Теріні қоректендіруге және қанықтыруға арналған құралдардың барлығын біз ылғал теріге жағамыз. Бұл ереже көз қабағының аймағына да қатысты. Бет терісін ылғалдандыратын тоник терінің ph теңгерімін қалпына келтіріп, келесі күтім кезеңіндегі құралдардың теріге жағылуы мен енуін жақсартады. Ол микробиомды - жасушалардың ішіндегі ылғалдың деңгейін реттеп және сақтап отыратын гидролипидтік тосқауылды қолдайды.

Келесі күтім кезеңі бастапқы немесе белсенді болып отыруы мүмкін.

  • Бастапқы күтім. Егер сіздің көзіңіздің түбі ісініп немесе қараюға бейім болса, бұл проблеманы үйдегі күтімнің өзімен шешуге болады. Проблемалық теріге арнап ARTISTRY SKIN NUTRITION™ көз қабағына арналған ылғалдандырғыш крем-гельді қолдануға болады, ол көз айналасындағы аймақтың терісін жұмсақ, тегіс, сыртқы ортаның факторларына барынша төізмді етеді, сондай-ақ оны ластаушы заттардың тітіркендіргіш әсерінен қорғайды.
  • Белсенді күтім. Көз айналасындағы аймаққа белсенді күтім жасау үшін аптасына 1—2 рет жақпаларды немесе патчтерді қолданып отырыңыз. Сондай-ақ гель құрылымына ие арнайы майлармен уқалау пайдалы. Саусақтарыңызбен ақырын соққылай отырып майды орбиталық бетке – көз айналасындағы сүйекке жаймалап жағыңыз. Уқалап болғаннан кеін майдың қалдығын алып тастаңыз, артынан крем жағыңыз.

Бойжеткен көз айналасын көрсетіп тұр

Жас ұлғаю белгілеріне қарсы күтім

Жас ұлғайған теріге арнап тері бедерін тартыңқырап және жазатын құралдарды қолданыңыз. ARTISTRY SUPREME LX™ көз қабағының терісін қалпына келтіретін бальзам — күнделікті күтім жасауда таптырмайтын көмекші. Ол терінің қалпына келу механизмдерін іске қосады. Гүлі ірі гарденияның бағаналық жасушаларының сығындысы бар тері қыспасын босатады және сол арқылы көз айналасындағы сызаттар мен әжімдерді жазады.

ARTISTRY SKIN NUTRITION™ көз қабағының терісін ылғалдандырғыш крем-гель жеңіл текстурасымен ерекшеленеді, көз айналасындағы аймақтың нәзік тері жабынының созылғыштығын қамтамасыз етеді және сыртқы ортаның агрессивті әсерінен қорғайды. Құралдың құрамында жарықты ыдырататын бөлшектер бар, олардың арқасында бетіңіз жаңарғандай және тыныққандай қалпына келеді. Макияждың астынан жағуға арналған құрал ретінде қолдануға болады.

Макияжды кетіру

Көпшілігі макияжды кетіргеннен кейін ағынды сумен жуынудың қажеті жоқ деп ойлайды. Бұл көп жағдайда қате пікір болып табылады. Егер тері бетіндегі тазартқыш құралды жуып тастамаса, ластанулар тері бетінде қалып қалады. Сол себептен макияжды кетіргеннен кейін бетіңізді көп мөлшердегі салқын сумен жуып алыңыз.

Ережеден айрықша — ARTISTRY™ сауда белгісінің қос фазалы құралы. Оны қолданғаннан кейін жуынудың қажеті жоқ, себебі өнімнің құрамында кірпіктердің өсуі мен құрылымына жағымды әсерін тигізетін испаниялық сальвия дәндерінің майы бар.

Қалпақ және көзілдірік  киген бойжеткен

Күннен қорғау

Күн — теріміздің жастығына қауіп төндіретін негізгі супержауыз. Фотоқартаюдың алдын алу үшін УК-сүзгілері бар кремдерді қолданып отырыңыз және күн ашық болған кезде әрдайым күннен қорғайтын көзілдірік тағып жүріңіз: бұл жай ғана сәнді бұйым емес, ол көз айналасындағы терінің тегістігі мен серпімділігін сақтайды.

Әртүрлі жастағы күтім ерекшеліктері

Барлығымыздың теріміздің жағдайы әртүрлі болып келеді. Мимика, өмір салты, тұқым қуалау, қоршаған орта, тіпті компьютердің алдында өткізген уақыттың өзі — осының барлығы көз айналасындағы сезімтал теріге әсер етеді. Теріге қай кезден бастап күтім жасау керектігі осы факторлардың жиынтығына байланысты.

Солу процестері орта есеппен 25 жастан басталады, алайда олар біреулерде белгілі бір өмір жағдайларында ерте басталуы мүмкін (мысалы, бассейнде күніне бірнеше сағатын өткізетін суда жүзгіштерде, себебі бұл көз қабағының терісіне жағымсыз әсерін тигізеді).

Қандай жасқа қандай күтім құралдарын қолдану керектігін айтып кетейік.

25–30 жаста

Көз айналасындағы жас тері күтіміне арнап жеңіл ылғалдандырғыш құралдарды қолданған жеткілікті. Оны ылғалмен қанықтырыңыз — сол кезде ол жылдам жазылып, жұмсарып және ұзақ уақыт тонуста қалып отырады.

30–40 жаста

Әдетте, бұл жасқа қарсы дерма сусыздануға бейім. Сол себептен 30 жастан кейін дәруменді кешендері бар құралдарды қолданған дұрыс: олар ылғалдың булануының алды алумен эпидермистің микробиомын қалпына келтіреді және қарқынды түрде қоректендіреді.

40 жаста

Солу процестерін баяулату үшін коллагенге негізделген антиоксиданттық қорғанысы бар күнделікті күтімге арналған косметиканы таңдап отырыңыз.

50 жастан кейін

Айқын лифтинг-әсерге ие гидротұрақтандырғыштарға (пилингіні және су-липидтік теңгерімнің қалпына келуін қамтамасыз ететін AHA және BHA қышқылдарына) негізделген аnti-age косметика терінің жастығын ұзартуға көмектеседі және көз жанарыңызды жарқыратады.

Көз айналасындағы теріге арналған косметикадағы қандай компоненттерді қолданбаған жөн?

Құрамында натрий хлориді (Sodium Chloride), этилгексил стеарат (Octyl Stearate), нзопропил миристат (Isopropyl Myristate) бар құралдарды қолданбаңыз: бұл күшті аллергендер, олар теріні қатты құрғатып және тері қуыстарын бітеп тастайды.

Тағы бір маңызды ереже: егер өндіруші мұны жасауға кеңес беріп отырмаса, кремді қозғалғыш көз қабағына жақпаңыз.

Көз айналасындағы теріге дұрыс күтім жасаңыз, сонда уақытынан бұрын қартаю, көз түбіндегі ісінулер мен қарайған жерлер сізге айналаңыздағы әлемге мәнерлі көзқарас сыйлауға кедергі болмайды.


Сондай-ақ біліңіз: