Ауыз қуысының микрофлорасы: бұл не, оны қалай қалпына келтіруге болады

Сау адамның ауыз қуысын микроорганизмдердің 700 астам түрі мекендейді. Олардың арасында пайдалы, сондай-ақ ауру тудырғыш түрлері де кездеседі. Сол түрлердің теңгеріміне тіс пен қызыл иектің жағдайы, демнің тазалығы, ас қорыту, иммундық және ағзаның басқа жүйелерінің жағдайы байланысты. Сол себептен ауыз қуысының микрофлорасын теңгерімді қалпында ұстап отырған маңызды.

Ауыз қуысының микрофлорасы дегеніміз не?

Бұл тістің, тілдің бетін, сілекейді мекендейтын микроорганизмдердің жиынтығы. Олар ағзаға түрлі жолдармен түсіп отырады:

  • Аспен және сумен бірге,
  • Ауа арқылы,
  • Басқа адамның сілкейімен, сүйісу арқылы,
  • Қолдан, түрлі заттардан — мысалы, егер қарындашты кеміру, саусақты жалау, беті мен ернін ұстау сияқты әдеттер болған жағдайда.

Ауыз қуысындағы қолайлы жағдайлар — үнемі түрдегі ылғалдылық, шамамен 37 градусты құрайтын температура, оттегіге, қоректік заттарға қол жеткізу — микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне ықпал етеді.

Алайда барлығы бірдей тірі қала бермейді. Ауыздағы микробтық флораның құрамы гигиенаға, денсаулыққа, генетикаға байланысты.

Семья

Анасы, әкесі, қызы және ұлы диванда отыр

Микробиомға әртүрлі топтағы микроорганизмдер кіреді:

  • бактериялар,
  • актиномицеттер,
  • спирохеттер,
  • ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар,
  • қарапайымдылар,
  • вирустар.

Бактериялық организмдер — стрептококтар, вейлонеллалар, дифтероидтар басым болып келеді. Бұл бактериялар пайдалы функцияларды атқарады: мысалы стрептококтар шіру процестерімен күресуге көмектеседі, ал вейлонеллалар қышқыл өнімдерді бейтараптандырып және тісжегіден қорғауға ықпал етеді.

Сондай-ақ ауыз қуысында лакто- және бифидобактериялар болып отырады — олар қалыпты микробтық флора үшін қолайлы ортаны құрады.

Тұрақты микрофлора ас қорытуға, дәрумендердің синтезіне, иммунитетті қолдауға қатысады.

Микробиом — это саморегулирующаяся система. В норме полезные бактерии преобладают над патогенными.

Егер теңгерім бұзылса, зиянды микробтардың саны көбейіп, дисбактериоз туындайды, бұл көп жағдайда ауыздан жағымсыз иістің шығуымен сүйемелденіп отырады.

Ауыздағы жағымсыз иістің себептері

Ең көп тараған себептер:

  • шырышты қабаттардың құрғауы — мысалы, егер сіз суды аз ішсеңіз, көп және ұзақ уақыт сөйлесеңіз, мұрын арқылы тыныс алуға қиналсаңыз;
  • ағзадағы патологиялар — стоматологиялық проблемалар, ас қорыту және басқа жүйелердің жұмысының бұзылуы;
  • жеткіліксіз гигиена;
  • шылым шегу.

Кейде брекет-жүйелердің, тіс протездерінің иісі болып отырады, күтім нашар болған жағдайда оларда бактериялар жиналып отырады.

Жағымсыз иістің себебі тағам өнімдері: пияз, сарымсақ, кофе болып отыруы мүмкін.

Алайда көп жағдайда анаэробты бактериялар кінәлі болып отырады: өзінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде олар жағымсыз иіс шығаратын күкірттің ұшқыш қосылыстарын бөліп отырады. Проблеманы шешу үшін бұл бактериялардың көбеюін не тудырғанын және сау теңгерімді қалай қалпына келтіруге болатынын түсініп алу керек.

Ауыз қуысындағы бактериялардың теңгерімі неліктен бұзылады?

Тіпті пайдалы бактериялардың өзі зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, Streptococcus mutans өзін жеке алғанда қауіпсіз, алайда қанттармен әрекеттескен кезде тіс эмалі үшін залалды болып табылатын қышқылды бөледі. Сол себептен күні бойы гигиенаны қадағалап отыру керек: тоқбасар жеп немесе тәтті шай ішкеннен кейін бактерияға қарсы әсері бар шайғышты немесе демді тазартқыш спрейді қолданып отырыңыз.

Сондай-ақ микробты флораның теңгерімсіздігін аурулар, зиянды әдеттер және әсіресе тіршілік салтының ерекшеліктері тудыруы мүмкін. Мысалы:

  • дұрыс емес гигиена,
  • тістем ерекшеліктері,
  • тіс пен қызыл иекті уақытында емдемеу,
  • дәрумендердің тапшылығы,
  • кейбір препараттарды қабылдау,
  • иммунитеттің төмендеуі,
  • АІЖ жұмысының бұзылуы.

Бұл факторлар ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда микроорганизмдер штамдарының арақатысы өзгере бастайды, бұл түрлі асқынуларға әкеп отыруы мүмкін.

Микробиом

Микрофлораның бұзылуы неге әкеп соқтыруы мүмкін?

Дисбактериозға тән белгілердің бірі — ауыздағы жағымсыз иіс. Уақыт өте келе тіс эмалінің қирауымен және шырышты қабаттардағы қабыну процестерімен байланысты стоматологиялық проблемалар туындауы мүмкін.

Сонымен қатар ауыз қуысы микробтық флорасының күйі мен жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелері қызметінің арасында байланыс бар екені белгілі.

Ауыз қуысының микрофлорасын қалай қалпына келтіруге болады?

Теңгерімді қалпына келтіру әдістері дисбактериоздың сатысына байланысты. Асқынған формалары кезінде тіс дәрігері қаралу қажет.

Ол санация жұмыстарын жүргізеді, олар мыналарды қамтиды:

  • Тісті тіс қағы мен тіс тасынан тазалау,
  • Шырышты қабаттардың қабынуын жою,
  • Антисептиктермен өңдеу.

Артынан маман пробиотиктерді, дәрумендер мен басқа да құралдарды қабылдауды тағайындауы мүмкін.

Дисбактериоздың алдын алып және микроорганизмдердің сау теңгерімін қолдап отыру үшін ауыз қуысына мұқият күтім жасап отыру керек.

Дұрыс күтімнің үш негізі — бұл:

  • әрдайымдылық,
  • кешенді тұрғы,
  • сапалы гигиена құралдары.

Осы үш ереженің барлығын бірдей ұстанып отырған маңызды.

Әрдайым күтім жасап отыру

Тісті аптасына бір рет тазалайтын болсаңыз, тіпті ең жақсы пастаның өзі тіс қағын кетіре алмайды. Әрдайымдылық, яғни күнделікті гигиена қажет: ертеңгісін және кешкісін толыққанды күтім жасау, әр тамақтанып болған сайын тіс тазалайтын жіпті пайдаланып отыру.

Кешенді гигиена

Кешенді тұрғы мына жағдайға байланысты қажет болып табылады: әдеттегідей щёткамен тазалаған кезде тіс бетінің 40% дейінгі бөлігі тазартылмаған қалпында қалып отырады. Толыққанды гигиена үшін шайғышты және тіс тазалайтын жіпті пайдаланып отыру керек. Осылайша сіз тіс аралығындағы кеңістікті тазалап және тілдің, таңдайдың ұрттың бетіндегі микроорганизмдерді жоя аласыз.

Гигиена құралдарын дұрыс таңдау

Ауыз қуысын күтуге арналған өнімдер барынша пайдасын тигізіп және денсаулыққа нұқсан келтірмеу үшін олардың сапалы түрлерін таңдап отырған маңызды.
Мысалы, тіс пастасындағы парабендер күшті иммундық реакция тудырып, эндокринді жүйенің жұмысына жағымсыз әсер етіп отыруы мүмкін. Спирттік шайғыштар микрофлораның теңгерімін бұзып, шырышты қабаттардың құрғауы мен зақымдалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ал ыңғайсыз тіс жібі немесе тым қатқыл щётка қызыл иекті жарақаттауы мүмкін, бұл ауру тудыратын бактериялардың көбеюіне әкеледі.
Гигиена өнімдерін таңдаған кезде келесі критерийлерге көңіл бөліп отырыңыз:

  • құрамы,
  • тиімділігі,
  • қолдануда ыңғайлы болу.

Ауыз қуысының күтіміне арналған сапалы өнімдердің мысалы — Glister™ жүйесі. Бұл үй жағдайында толыққанды гигиенаға арналған құралдардың жиыны* кіретін жаңартылған өнімдер желісі. Жаңа жүйеде тексеруден өткен және жақсартылған формулалар қолданылады: құралдардың құрамында парабендер, фталаттар, спирт, қанттар, жануар тектес құрамдас заттар жоқ.

Glister™ құралдарының кешеніне мына өнімдер кіреді:

  • құрамында фтор бар көп функционалды тіс пастасы (тістердің тазартылуын, минералсыздануын, эмальдің ағаруын қамтамасыз етеді);
  • көпфункционалды шайғыш (микробтық флораның сау теңгерімін қолдайды, құрамында Nutrilite™ органикалық фермаларында өсірілген жалбыз бар),
  • Тіл мен ұртты тазалауға арналған қондырмасы бар тіс щёткасы (қылы жұмсақ немесе қатқылдығы орташа),
  • Табиғи балауызпен қапталған тіс тазалайтын жіп (жеңіл сырғиды, тіс арасындағы қақты тиімді кетіреді),
  • Қантсыз және бояуышсыз дем тазартқыш-спрей (ауыздан жағымсыз иістің шығуына себепкер бактериялардың 99,99% дейін жояды).
*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың ұсынылған суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгешеленуі мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан танысуға болады.

Сондай-ақ мынаны біліңіз:

Дереккөздер тізімі

  1. Тіс дәрігерлеріне арналған микробиология және иммунология, [ағыл.ауд.] / Ред. Р. Дж. Ламонт, М. С. Лантц, Р. А. Берне, Д. Дж. Лебланк; ағыл.ауд. Ред. В. К. Леонтьев. — М.: Практикалық медицина, 2010. — 504 б.: сур., 4-тар.,104-бет.
  2. Захаров А. А. және бірл. авт. Түрлі аурулары бар тексеруден өткен адамдардың ауыз қуысының микрофлорасын талдау. Заманауи жаратылыстанудың жетістіктері. – 2007. – № 12 (3-бөлім) – 141-143 бет.
  3. Хитров В.Ю., Заболотный А.И. Галитоз медициналық және әлеуметтік проблема. Практикалық медицина. Наурыз 2009; 1 (33): 12-17.
  4. Тарасенко С.В., Катола В.М. және бірл. авт. Ауыз қуысы микробиотасының қабынулардың және соматикалық аурулардың дамуына тигізетін әсері. Ресей стоматологиялық журналы. 2018; 22 (3): 162-165.
  5. Роспотребнадзор. Ақпараттық бюллетень. Тұтынушының назарына: ауыз қуысының гигиенасы. https://www.rospotrebnadzor.ru/about/info/predpr/news_predpr.php?ELEMENT_ID=14023 (жүгінген күні: 10.02.2023).