Эхинацеяның иммунитет үшін қолданылуы: Amway-ден пайдалы қасиеттері мен қабылдауға болмайтын жағдайлар

Эхинацеяның иммунитетті арттыру үшін қолданылуы

2022 жылдың 4 тамызы

Колумбтың аяғы Америка континентіне аяқ басқанға дейін, үндістер барлық дерлік аурулардан – суық тию мен бас ауруынан бастап күйік пен жылан шағуына дейін эхинацеямен емделді. Қазір XXI ғасыр және көптеген зерттеулер алғашқы адамдардың нағыз қазынаға тап болғанын растауда. Бүгінде ол әлемдегі ең танымал дәрілік шөптердің бірі, ал оның адамға жағымды әсер етуі және көптеген ауруларды емдеудегі тиімділігі ресми медицинамен мойындалған. Мыналар жайлы оқыңыз: эхинацеяны кім және қалай қабылдау керек, қабылдауға болмайтын жағдайлар, ал ең бастысы ол шынымен де иммундық жүйені нығайтып және ағзаның ауруларға төтеп беру қабілетін арттыра ала ма.

Эхинацея дегеніміз не

Эхинацея дегеніміз не

Бұл өсімдіктің шамамен ондаған түрі бар. Медициналық мақсатта негізінен қанқызыл эхинацея қолданылады, алайда әсерін күшейту үшін оған кейде сонымен бірге жіңішке жапырақты және бозғыл эхинацеяны қосып отырады.

Эхинацеяны қандай түрінде қабылдаған дұрыс

Өсімдік әртүрлі түрінде қолданылады: қайнатпалар, спирттік тұнбалар, шайлар. Өсімдік сығындысына негізделген ББҚ-лар барынша тиімді және ыңғайлы болып келеді. NUTRILITE™ Эхинацея плюс қоспасына арнап сығындыларын алудың ерекше патенттелген технологиясы оның құрамындағы әсер етуші заттарды толық көлемде сақтап отыруға мүмкіндік береді.

Эхинацеяның иммунитет үшін қолданылуы: пайдалы қасиеттері

Эхинацеяның маңызды қасиетіне оның иммундық жүйені нығайтып және ағзаға оның патогендермен күресінде қолдау көрсетіп отыру жатады. Өсімдік Коннектикут Скул оф Фармаси университеті 2 қызметкерлерінің зерттеулеріне сәйкес, ЖРА даму ықтималдығын 58%-ға және суық тию ауруларының ұзақтығын 1,4 күнге азайтады.

Эхинацея екі типтегі иммунитеттің, яғни генетикалық түрде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын иммунитетті және өмір сүру барысында пайда болып және жаңа қауіп-қатерлерді үнемі танып ажыратуды «үйреніп отыратын» иммунитеттің1 артуына ықпал етеді.


Эхинацеяның қасиеті

Зерттеушілер

Зерттеу жылы

Ағзаға пайдасы

Құрамында антиоксиданттар көп

Патшалық ветеринарлық және ауылшаруашылық университеті, Фармацевтикалық ғылымдар университеті (Дания)

2007

Антиоксиданттар жасушаларды уақытынан бұрын ыдыраудан қорғайды. Алкамидтер антиоксиданттардың тиімділігін күшейтеді33.

Безеуге қарсы көмектесе алады

Британиялық Колумбия Университеті (Канада)

2011

Зертханалық экспериментте эхинацея сығындысы безеуді тудыратын бактерияларды оңай жойды4.

Үрей сезімін басады

Экспериментальді медицина институты (Венгрия)

2013

Эхинацея сығындысына негізделген құралды ішіп отырған дені сау еріктілерде үрей күйі көрсеткіштерінің ұзақмерзімді жақсаруы байқалып отырды 5.

Қандағы қант деңгейін реттейді

Хунгкуанг Университеті (Тайвань)

2017

Көмірсулардың қорытылуы үшін жауапты ферменттерді тежеудің арқасында қанттың қанға түсіп отыратын мөлшері азаяды. Бұл өз кезегінде сусамырдың даму тәуекелін азайтады 6.

Исфахан технологиялық университеті ғалымдарының деректеріне сәйкес, өсімдіктің құрамында сондай-ақ басқа да пайдалы белсенді компоненттер бар, олардың арасында кофе мен гүлшетен қышқылдары, фенол қышқылдары, полиацетилендер7.

Эхинацеяны кімге және қандай жағдайда қабылдауға кеңес беріледі


Эхинацеяны иммунитетіне қауіп төніп тұрған адамдардың барлығына қабылдауға ұсынуға болады. Бұл климаты және экологиялық жағдайы қолайсыз жерлерде тұратын, көп жұмыс істейтін, жиі күйзеліске ұшырап отыратын адамдар. Иммундық жүйеге жағымсыз әсер етеді, сондай-ақ дәрумендер мен микроэлементтердің қажетті теңгерімі қамтамасыз етілген дұрыс тамақтану режимін ұстанудың мүмкін болмауы.
Егер сіз өзіңізден келесі белгілерді байқаған болсаңыз, осы өсімдіктің сығындысына негізделген препараттарды қабылдаңыз:

Эхинацеяның иммунитет үшін қолданылуы: Amway-ден пайдалы қасиеттері мен қабылдауға болмайтын жағдайлар

  • инфекцияларды қабылдап алғыштық;
  • бәсең көңіл-күйі;
  • тез шаршау;
  • ұйқы кестесінің бұзылуы;
  • созылмалы шаршағыштық.

Ересектер өзінде осы белгілердің кез келгенін байқаған жағдайда ұзақтығы 2-3 аптаны құрайтын курстан өтуі тиіс.

Қабылдауға болмайтын жағдайлар және жанама әсері

Өсімдіктің сығындысына негізделген препараттар нұсқаулыққа сүйенген жағдайда қабылдау үшін қауіпсіз және жанама әсері жоқ. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда ББҚ-ны қабылдауды тоқтатып және өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге көріну керек. Үдеп бара жатқан жүйелік аурулар (туберкулез, лейкоз, шашыраңқы склероз, коллагеноз) кезінде қабылдауға болмайтын жағдайлар болады. Сондай-ақ оны жүктілік және бала емізу кезінде тұтынбаған жөн.

Сонымен қатар, өсімдіктің сығындысына негізделген ББҚ-ларды қолданудағы тағы бір маңызды жайт: өндірушілердің барлығы бірдей адал түрде жұмыс істемейді. Колорадо Университеті қызметкерлерінің эхинацея препараттарының таблеткаланған формаларына жүргізген талдауы дүкеннен сатып алынған қоспалардың 10%-ның құрамында олардың қаптамасының сыртында көрсетілген әрекет етуші заттың жоқ екенін, ал 52%-да оның мөлшері таңбалауға сәйкес келмейтінін, көрсетті8.

Әлбетте, мұндай препаратты қабылдаған жағдайда иммунитетті елеулі түрде арттыра алмайтынымыз белгілі. Ақшаңыз бен уақытыңызды текке жұмсамау үшін өзінің беделін бағалайтын аты әлемге белгілі тексерілген сауда белгілерінің ББҚ-ларын ғана сатып алып отырыңыз.

* Nutrilite™ тағамдық қоспалары дәрі емес. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.

**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты +7-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.

1 Zhai Z., Liu Y., Wu L., Senchina D.S., Wurtele E.S., Murphy P.A., Kohut M.L., Cunnick J.E. Enhancement of innate and adaptive immune functions by multiple Echinacea species // Journal of Medicinal Food. 2007 Sep. №10(3). С. 423-434.

2 Shah S.A., Sander S., White C.M., Rinaldi M., Coleman C.I. Evaluation of echinacea for the prevention and treatment of the common cold: a meta-analysis // The Lancet Infectious Diseases. 2007 Jul. №7(7). С. 473-480.

3 Thygesen L., Thulin J., Mortensen A., Skibsted L.H., Molgaard P. Antioxidant activity of cichoric acid and alkamides from Echinacea purpurea, alone and in combination // Food Chemistry. 2007. №101(1). С. 74-81.

4 Sharma M., Schoop R., Suter A., Hudson J.B. The potential use of Echinacea in acne: control of Propionibacterium acnes growth and inflammation // Phytotherapy Research. 2011 Apr. №25(4). С. 517-521.

5 Haller J., Freund T.F., Pelczer K.G., Füredi J., Krecsak L., Zámbori J. The anxiolytic potential and psychotropic side effects of an echinacea preparation in laboratory animals and healthy volunteers // Phytotherapy Research. 2013 Jan. №27(1). С. 54-61.

6 Chiou S.Y., Sung J.M., Huang P.W., Lin S.D. Antioxidant, Antidiabetic, and Antihypertensive Properties of Echinacea purpurea Flower Extract and Caffeic Acid Derivatives Using In Vitro Models // Journal of Medicinal Food. 2017 Feb. №20(2). С. 171-179.

7 Jahanian E., Jahanian R., Rahmani H.-R. Alikhani M. Dietary supplementation of Echinacea purpurea powder improved performance, serum lipid profile, and yolk oxidative stability in laying hens // Journal of Applied Animal Research. 2017. №45:1. С. 45-51.

8 Gilroy C.M., Steiner J.F., Byers T., Shapiro H., Georgian W. Echinacea and truth in labeling // Archives of Internal Medicine. 2003 Mar 24. №163(6). С. 699-704.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: