Гранола

Гранола (granola) – сұлы жармасы, жаңғақтар, жемістер, бал, өсімдік майынан жасалған қытырлақ күйге дейін пісірілген пайдалы таңғы ас. Пайдалы қасиеттері мен ерекше дәмінің арқасында тағам бүкіл әлемде танымал болды.

Құрамында не бар?

Хрустящая гранола с малиной и голубикой

Бұл дұрыс тамақтану ережелеріне сәйкес келетін жылдам дайындалатын тағам, құрғақ таңғы ас. Көптеген рецепттер бар, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады: сұлы немесе олардың баламасы - қара бидай, күріш, қарақұмық немесе өнген бидай.

Қоспа құрамында сонымен қатар қосымшалар бар:

  • кептірілген жемістер: құрма, қара өрік, мейіз, кептірілген өрік;
  • жаңғақтар мен тұқымдар;
  • жемістер мен жидектер;
  • дәмдеуіштер: даршын, зімбір және т.б.

Құрғақ ингредиенттер шәрбатпен немесе балмен араласып, қытырлақ күйге дейін пісіріледі. Пісіру кезінде ұсақталған құрылымды сақтау үшін қоспаны уақытымен араластырып отырады. Оған сүт, қышқыл сүт өнімдерін, балғын немесе қаптамадағы шырындарды қосуға болады.

Гранола мен мюсли арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Дәмі бойынша біріншісі көптеген сипатымен ұтымды. Біріншіден, пісірген кезде бал карамельденіп, қоспаға ерекше дәм мен хош иіс береді. Екіншіден, құрылымы жағынан ол көбірек қытырлақ.

Граноланың пайдасы

Құрамындағы дәрумендер, минералдар, талшықтар және басқа қоректік заттардың арқасында гранола денсаулыққа бірқатар артықшылықтарға ие:

  • Ас қорыту процестерін қалыпқа келтіру үшін пайдалы. Талшық ішек жиырылуын ынталандырады, асқазан-ішек жолдары арқылы тағамның қозғалысын, оның қорытылуын және заттардың сіңуін жеңілдетеді. Рациондағы талшықтың жеткілікті мөлшері жүрек-тамыр жүйесінің күйі мен жұмысына оң әсер етеді: қандағы триглицеридтердің деңгейі төмендейді.
  • Гранола – ағза үшін қуат көзі, ұзақ тоқтық сезімін қамтамасыз етеді, грелин – аштық гормонының түзілуін азайтады. Бұл әсерлер шамадан тыс тамақтануды болдырмайды және тіпті отырмалы өмір салтында да салмақ жоғалтуға көмектеседі.
  • Қоспаға бадам және грек жаңғағының қосылуы оны жүйке жүйесінің толық жұмыс істеуі, жүрек және қан тамырларының жұмысының бұзылысының алдын алу үшін қажетті омега май қышқылдарының көзіне айналдырады. Мұндай таңғы ас егде жастағы адамдарға, сондай-ақ денсаулығын қадағалайтындар үшін де пайдалы.

Гранола - марганецтің көзі болып табылады, ол бауырдың, бүйректің жұмыс істеуі және ағзадағы зат алмасу процестері үшін маңызды. Бұл элемент энергияны бөлуге көмектеседі. Сондай-ақ қоспада бос радикалдарды бейтараптандыратын, ерте қартаюды болдырмайтын және бізге әсем көрінуге көмектесетін табиғи антиоксидант С дәрумені бар.

  • Деректер бойынша бала сүйю жасындығы әйелдердің 20%-дан астамы темір тапшылығы жағдайында өмір сүреді [1]. Темір қызыл қан жасушаларының жетілуіне қажет, тіндерге оттегін тасымалдайтын гемоглобиннің бөлігі болып табылады. Оның жетіспеушілігі шаршаудың жоғарылауының, ақыл-ой белсенділігінің төмендеуінің себебі болып табылады. Граноланың құрамында құрамында темір және оның сіңуіне қажетті компоненттер бар.
  • Токоферол – Е дәрумені – ерте қартаюды, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуын болдырмайды, шаш пен тырнақтың сұлулығын сақтайды. Таңғы асқа арналған гранола бұл дәруменге күнделікті қажеттіліктің 20% дерлікқұмтамасыз етеді. Сонымен қатар, токоферол теріні ультракүлгін сәулеленудің зиянды әсерінен қорғайды.

Пісірілген қоспаның түрлері

Ол әртүрлі қалыпта жасалып шығарылады: құрғақ қоспалар, батончиктер, жеңіл тағамдар. Пішін пайдалы қасиеттерге және дәмге әсер етпейді.

Граноланың көптеген түрлері бар, айырмашылығы тек қолданылатын ингредиенттерде:

  • жидектермен;
  • қарапайым тағам;
  • шоколадпен;
  • тропикалық жемістермен;
  • қуырылған күрішпен;
  • әртүрлі жаңғақтармен;
  • өсімдік майларымен: зәйтүн, зығыр, кокос және т.б.;
  • дәмдеуіштермен.

Граноланы тұтынудың дұрыс жолы қандай?

Девушка заливает гранолу молоком

Үйде граноламен тамақтанған кезде оған сүт, йогурт, шырындар қосылады. Тағамдық құндылығы мен денсаулыққа пайдасын арттыру үшін қосымша ингредиенттерді қосуға болады. Бұл кептірілген жемістер, жаңғақтар, жармалар болуы мүмкін. Температурасы 30 ° C аспайтын суық сұйықтықты қосқан дұрыс. Әйтпесе, қоспа ісінеді, дәмін және кейбір пайдалы қасиеттерін жоғалтуы мүмкін.

Гранола баяу (күрделі) көмірсулардың, соның ішінде глютеннің көзі екенін есте сақтаған жөн. Сондықтан кейбір адамдар ас қорытудың жағымсыз көріністерін сезінуі мүмкін. Өнімнің бөлігі болып табылатын бал иммундық жүйенің жағымсыз реакциясын тудыруы мүмкін. Ағзаңыздың сипаттамаларын біле отырып, қажетсіз ингредиенттерсіз гранола дайындауға болады.

Қалай әзірлеу керек?

Рецепттердің алуан түрлілігі бар, себебі негізгі ингредиент - сұлы, бидай және үлпектердің басқа түрлерін өнімдердің сан алуан түрлерімен біріктіруге болады. Кептірілген жемістер, тұқымдар, туралған жаңғақтар, жемістер, жидектер және цукаттар қосылады - қалағаныңызша көптеген нұсқалар бар. Ингредиенттер араластырылып, пеште пісіріледі, әдетте осы ережені сақтайды: үлпектердің саны қосымша ингредиенттер санына тең болуы керек.

Бұл тағамды үйде дайындау оңай. Әдетте Геркулес қолданылады, бірақ басқа үлпектердің қосылуы да дәмді байытады. Бал тәттілендіргіш ретінде таңдалады, және де қоспаға сіңіп, оны қытырлақ етуге көмектесетін сироптар да қолданылады. Зәйтүн немесе кокос майы сияқты өсімдік майлары граноланың жабысқақ ботқаға айналуын болдырмайды. Ал майлар оны қосымша қоректік заттармен байытады. Аздап тұз және дәмдеуіштерді қосу ұсынылады, бұл тағамға жағымды дәм береді.

Алдымен құрғақ ингредиенттер араласады, бал немесе сироп, майлар қосылады. Барлығын араластырып, пергаментпен қапталған табаға салып пісіру қажет. Пісіру кезінде қоспаны үнемі араластырып отыру керек. Қоңыр түске боялған кезде хош иіс пайда болады – барлығы дайын. Ол пісіру табағында салқындауы керек, содан кейін оны банкаларға немесе жабылатын полиэтилен қаптамаға салуға болады.

Кептірілген жемістер, жидектер, балғын ингредиенттерді тек қолданар алдында қосады. Әйтпесе, пісіру процесінен олар тым қытырлақ болып қалады, құрылымы мен пайдалы қасиеттері жоғалады.

Готовая гранола с орехами, киви, бананом и семенами кунжута

Рецепттер

Өсімдік майымен жаңғақ граноласын дайындау үшін терең ыдыста араластырыңыз:

  • 200 г сұлы жармасы;
  • 70 г ұсақталған жаңғақтар;
  • 50 г асқабақ және күнбағыс тұқымдары;
  • 40 г қуырылған жержаңғақ.

Қоспа үшін су мен өсімдік майы (зығыр немесе зәйтүн) тең пропорцияда біріктіріледі, 150 г бал қосылады. Мұқият араластырғаннан кейін бұл қоспа құрғақ ингредиенттерге құйылады және кейде араластыра отырып, пеште 140-150 ° C температурада 30 минут пісіріледі.

Граноланы алма және даршынмен әзірлеуге болады. Ол үшін сізге қажет:

  • сұлы жармасы - 350 г;
  • күнжіт тұқымдары - 60 г;
  • күнбағыс тұқымдары - 50 г;
  • ұсақталған бадам - ​​40 г;
  • төмпешіксіз бір шай қасық даршын.

2 тәтті алмадан алынған алма езбесін 3 ас қасық бал мен зәйтүн майымен араласады. Сұйық және құрғақ бөліктер араласады, 120-130 ° C дейін қыздырылған пеште 5 минут пісіріледі.

Зімбір қосылған жаңғақ граноласы - ең танымалдардың бірі. Оны дайындау үшін сізге қажет:

  • 300 г геркулес;
  • 200 г тұтас бадам;
  • 100 аршылған күнбағыс тұқымы;
  • 80 г күнжіт тұқымы;
  • 50 г қоңыр қант;
  • даршын мен ұсақтап туралған зімбір қоспасы - шай қасықтан.

Сіңдіру үшін бал мен өсімдік майы қолданылады, олар 3: 1 қатынасында араласады. Қоспа 170 ° C температурада 40 минут бойы пісіріледі. Бір шымшым тұз қосуға болады.

Өкінішке орай, таңғы асқа пайдалы тағам дайындау әрдайым мүмкін емес. Бұл жағдайда дайын қоспалар* көмекке келеді. Қыздырып пісірілген қытырлақ мюсли. PLANT TO TABLE by nutrilite Құлпынай & Тропикалық жемістер граноласы құрамында ГМО, жасанды тәттілендіргіштер және хошиістендіргіштер жоқ. Өнім** пайдалануға дайын, жай ғана сүт, йогурт немесе басқа сусындарды қосу жеткілікті.

Пісірілген қоспаны құрайтын пайдалы ингредиенттер сізге күніңіздің бірінші жартысына қуат береді және ағзаны маңызды қоректік заттармен қанықтырады.

*Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.

Дереккөздер тізімі:

  1. Percy L, Mansour D, Fraser I. Iron deficiency and iron deficiency anaemia in women. Best Pract Res Clin Obstet Gynaecol. 2017 Apr;40:55-67. doi: 10.1016/j.bpobgyn.2016.09.007. Epub 2016 Oct 1. PMID: 28029503. Электронный ресурс: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/28029503/.