2022 жылдың 4 тамызы

Инулин оның ағзаға тигізетін пайдасы. Инулинді қалай дұрыс қабылдау керек

Инулиннің табиғи көзі – цикорий тамыры

Қазіргі кезде функционалды өнімдер барынша тұтынушылық танымалдыққа ие болуда. Бұл дәстүрлі тағамдық құндылығымен қатар денсаулыққа жағымды әсер ететін немесе аурулардың дамуын болдырмайтын қосымша қасиеттерге ие өнімдер. Мұндай өнімдердің біріне инулин жатады, оның танымалдылығы оның адам ағзасы үшін айрықша бағалы қасиеттерімен түсіндіріледі. Инулин деген не, оның пайдасы неде, ол қандай өнімдерде бар және оны қалай қолдану керектігін мақаладан оқып біліңіз.

Инулин дегеніміз не?

Инулин — бұл сызықтық полисахарид, полифруктозан, ол фруктозаның көп мөлшердегі қалдықтарынан тұрады (10 бастап 36 дейін). Ол тағамдық талшықтарға жатады және өсімдіктер үшін «қосалқы» көмірсу, крахмалдан кейін таралуы бойынша екінші заттек болып саналады. Инулин негізінен түйнектер мен тамырларда жиналып отырады, оның жералмұрт, цикорий, агава, бақ-бақтағы мөлшері жоғары болып келеді.

Инулин пайдалы ішек фикрофлорасы үшін ас - тиімді пребиотик болып табылады. Полисахарид суда жақсы ериді, алайда адам ферменттерімен қорытылмайды, сол себептен ішектегі бактериялармен толық көлемде қолданылады. Инулин өнімдердің пайдалы қасиеттерін жақсартып қана қоймай, сондай-ақ дәмдік қасиеттеріне әсер етуге мүмкіндік беретін функционалды құрамдас зат болып саналады. Салауатты тамақтану – өмірдің сапасы мен оның ұзақтығына тікелей әсер ететін денсаулықтың аса маңызды аспектісі екені баршаға мәлім. Көптеген өндірушілер инулинді өз өнімдеріне олардың ағзаға пайдасын және профилактикалық қасиеттерін арттыру үшін қосып отырады.

Инулиннің пайдасы

Инулиннің пайдалы қасиеттерінің тізбесі үнемі кеңейтіліп отырады. Мысалы, оның жағымды әсері ас қорыту жолынан едәуір тысқары жерлерге тарап отырады.

Бүгінде инулиннің денсаулық үшін анықталған артықшылықтары мыналарды қамтиды [1]:

  • ішек микрофлорасының өсуін қолдау;
  • үлкен дәреттің қалыпқа келуі және сипаты;
  • иммунитеттің артуы;
  • күйзеліске қарсы әсер;
  • дәрумендер мен минералдардың зат алмасуын қалыпқа келтіру;
  • көмірсулы және липидтік зат алмасу көрсеткіштерінің жақсаруы;
  • салмақтың азаюы.

Төменде полисахаридтің барынша зерттелген және елеулі әсерлері толығырақ қарастырылған.

Ас қорытудың қалыпқа келуі

Инулиннің ағзаға аспен бірге түсіп отыруы ішектің пайдалы микрофлорасының өсіп-дамуына арнап оңтайлы жағдайлар тудыруға мүмкіндік береді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша артишоктан алынған полисахарид 5 түрлі лактобациллалар мен 4 түрлі бифидобактериялардың өсуін қолдап отыруға көмектеседі [1]. Қалыпты ішек микроорганизмдері инулинді ыдыратын және тіршілік әрекеті барысында биологиялық белсенді заттарды, сонымен бірге ішектің моторикасына ықпал ететін қысқатізбекті май қышқылдарын бөліп отырады. Олар астың асқазан-ішек жолы арқылы өтуін жылдамдатады, іштің кебуіне жол бермейді, нәжіс шығаруды жеңілдетеді. Сонымен қатар, пайдалы ішек бактериялары патогенді микробтардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың ішектің шырышты қабатын мекендеуіне жол бермейді, бұл ішек инфекцияларының қаупін төмендетеді.

Егер ішек қалыпты түрде жұмыс істеп отырса, ол қауіпті микробтардың ағзаның ішіне енуіне мүмкіндік бермейтін тосқауыл құрады.

Инулиннің ішектің тосқауылдық функциясына және тұтастай иммунитетке жағымды әсер ететіні дәлелденген. Полисахарид пайдалы ішек бактерияларымен бірге сүйек миында иммундық жасушалардың қалыптасуына ықпал етеді, антиденелердің өндірісін жандандырады, қабынудың күші мен ұзақтығын төмендетеді[2].

Инулиннің арықтау үшін пайдасы

Полисахарид артық салмақты азайту үшін функционалды өнім ретінде қолданылады. Инулин келесі механизмдердің арасында аруға ықпал етеді [1]:

  • Ұзақ уақыт бойы тоқтық сезімін тудырады. Су қосқан жағдайда гель тәрізді субстанцияны түзеді. Бұл зат жұтқаннан кейін асқазанға түседі, оның асқа толу иллюзиясын тудырады, асқазанның рецепторларын басады және оның босауын баяулатады.
  • Ас қорыту жолындағы холестеринді, өт қышқылдары мен майларды өзара байланыстырып, сыртқа шығарады, яғни сорбент ретінде әсер етеді. Полифруктозан шырышты талшықты құрылымға ие, ол ішектің қабырғасын қаптап және ірі молекулалардың өтуі қиын болатын, олардың сіңірілуіне жол бермейтін тосқауыл түзеді.
  • Тамақ өнімдерінде алмастырғыш ретінде қолданылады. Полисахарид тәтті дәм мен гель тәрізді құрылымға ие, сол себептен онымен өнімдердегі жоғары калориялы құрамдас заттар – қаныққан майлар мен қарапайым қанттар алмастырылып отырады.

Инулиннің калориялылығы небәрі 1-1,5 ккал/г құрайды (салыстыру ретінде: майлардың калориялылығы — 9 ккал/г), көмірсулармен салыстырғанда оның энергетикалық құндылығы небәрі 25-35% құрайды [1]. Полисахаридтің қаныққан қаймақ дәмінің арқасында ол майлардың дәмдік қасиеттерін өте жақсы қайталап отырады [3].

Инулиннің тәттілік деңгейі шамамен сахарозаның 10%-ын құрайды, сол себептен ол сондай-ақ қант алмастырғыш ретінде қолданылады [1].

Көмірсулы зат алмасу көрсеткіштерінің жақсаруы

Көмірсулы зат алмасу көрсеткіштерінің жақсаруы Инулин тікелей өзі, сондай-ақ артық дене салмағын азайту арқылы қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отыруы мүмкін. Инулин бір мезгілде осы екі бағытта жұмыс істеп отырады, оның тиімділігі биохимиялық талдаулармен расталуда: полифруктозаны тұтынған жағдайда қан глюкозасының, гликозилденген гемоглобиннің, инсулиннің концентрациясының және инсулинге қарсы төзімділіктің төмендеуі байқалып отырады[1].

Инулинді қолдану мынадай нәтиже береді [1]:

  • Глюкозаның қанмен сіңірілуінің баяулауы. Тұтқыр субстанцияны түзе отырып, ол глюкозаның молекулаларын тежеп отырады, соның салдарынан оның қандағы деңгейінің күрт тербелуіне жол берілусіз ол біртіндеп сіңіріліп отырады.
  • Ұйқы безінің инсулинді аз мөлшерде өндіре бастауы. Глюкозаның деңгейі неғұрлым жоғарылаған сайын инсулин де соғұрлым көп мөлшерде өндіріліп отырады.
  • Біртіндеп жасушалар мен ұлпалардың инсулинге деген сезімталдығы жойылады, глюкоза тұтынылмайды, бұл май түзілімдерінің көбеюіне, салмақтың артуына, қан тамырларының зақымдалуына әкеп соқтырып отырады. Полисахарид глюкозаның қанға біртіндеп түсуін қамтамасыз етеді, сол себептен инсулиннің өндірісі төмендейді.
  • Жасушалардың глюкозаға деген сезімталдығының артуы. Полифруктозан глюкозаның жасушаға жеткізілу процесін қалпына келтіріп отыра алады, бұл зат алмасуды жылдамдатады, майдың түзілуіне кедергі болады, глюкозаның қанда жиналуын азайтады.
  • Бауыр жұмысының жақсаруы. Инулин ішектегі уытты өнімдерді бір-бірімен байланыстырып және сыртқа шығару қабілетінің арқасында бауырдың патологиясы болған жағдайларда оның күйін жақсартып және сонымен қатар бұл органға түсетін жүктемені азайтады. Бауырда гликогеннің түзілу процесі іске қосылады, бұл глюкозаның деңгейін азайтады.

Липидтік зат алмасу көрсеткіштерінің жақсаруы

Липидтік зат алмасудың қалыпты көрсеткіштері қан тамырларын сау созылғыш және таза қалпында ұстау үшін өте маңызды. Инулин бұл жағдайда да тиімді болып табылады. Табиғи антикоагулянт болғандықтан ол қан тамырларының ішінде қан үйінділерінің түзілуіне және олардың май түйініне жабысуына жол бермейді. Полисахарид қабынуды басу арқылы қан тамыры қабырғасының сау қалпында сақталуына ықпал етеді, оның беті тегіс болып қалады, сол себептен майлардың молекулалары оны ұстай алмайды.

Инулин май түйінінің негізгі құраушылары болып табылатын «жаман» холестерин мен эндогенді майлардың (триглицеридтердің) деңгейін азайтып отыра алады. Сонымен қатар, полифруктозан магнийдің игерілуін жақсартады - бұл микроэлемент жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін реттейтін 300 астам ферменттің құрылымына еніп және олардың белсенділігіне, қандағы липидтердің мөлшеріне әсер етеді. Инулин қан тамырын кеңейтуші фактордың (азот оксиді) өндірілуінің арқасында май алмасу қызметі бұзылған адамдардың қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді.

Сүйек ұлпасының тығыздығын сақтау

Сүйек ұлпасының тығыздығын сақтау Инулиннің ағзаның кальцийді және басқа да маңызды микроэлементтерді: магний, темір, фосфорды сіңіруін арттыратыны дәлелденген. Бұл ішек қабырғасының полисахаридтің қатысуымен микроэлементтерді бұрынғысынан да белсенді сіңіруімен байланысты, полисахарид ішек қуысындағы ортаны біршама қышқылдандырады және минералдардың биоқолжетімділігін арттырады. Нәтижесінде сүйектердің минералды тығыздығы артады, жаңа сүйек ұлпасының түзілуі жылдамдайды, оның ыдырау процестері баяулайды [1].

Әлемде, әсіресе жоғары ендіктерде орналасқан елдерде D дәруменінің тапшылық проблемасы өзекті сипатқа ие болуда. D дәрумені болмағанда қандағы кальций сүйекке ене алмайды және қан тамырлары мен жұмсақ ұлпаларда шөгумен, оның ағзаға пайдасынан зияны көбірек тиюі мүмкін. Асқа инулинді қосу ішекте D дәруменінің алдындағы заттек өндірісінің артуына ықпал ететіні көрсетілген, ол артынан күннің әсерімен теріде D3 дәруменінің белсенді формасына айналып және өзінің биологиялық әсерлерін жүзеге асырады [1].

Инулинді қалай қабылдау керек?

Адамның инулинді қажетсіну мөлшері күніне 10-20 г құрайды. Қалай Дамыған елдерде тағамдық талшықтарды және атап айтқанда инулинді жеткіліксіз мөлшерде тұтыну жағдайы орын алуда. Мысалы, АҚШ-тың тұрғыны орта есеппен күніне небәрі 2,6 г инулинді, ал еуропалық 3 гр-нан 11 гр. дейін тұтынады [1].

Тағамдық талшықтардың табиғи көздері деп жеміс-көкөністер саналады. ДДҰ күнделікті рационға кем дегенде 400 г жас өсімдік тектес өнімдерді енгізіп отыруды ұсынады [4]. Алайда практика жүзінде жеміс-көкөністерді күнделікті тұтыну мөлшері нормадан едәуір төмен болып келеді.

Тағамдық талшықтардың мөлшерін біртіндеп көбейтіп отыру керек. Тағамдық талшықтарға бай тағамдарды тұтынған жағдайда немесе тағамдық талшықтары бар ББҚ-ларды қабылдау кезінде көбірек сұйық ішуді ұмытпаңыз.

Тағамдық қоспа клетчаткаға бай өнімдерді қамтып отыруы тиіс, оларға үрмебұршақ, бұршақ, кейбір жемістер мен көкөністер, кебектер, жасымық, артишоктар, тәтті картоп, алмұрт, булгур, таңқурай, қабығы алынбай бітеудей қақталған картоп, қараөрік, інжір, құрма, асқабақ, асжапырақ, шикі бадам, шикі алма, банан, апельсин, бүтін дәнді бидай ұнынан даярланған макарон мен нан жатады.

Күнделікті жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде, мүмкіндігінше қабығымен бірге жеп отыруға тырысыңыз (тағамдық талшықтардың ең көп мөлшері дәл осы қабығында). Жеміс-көкөністерді даярлау кезінде оларды тым жұмсарған күйге дейін пісірмеңіз: мұндай өнімдерде клетчатка ыдыраған. Көкөністер аздап кіртілдеп тұруы тиіс.

Дмитрий Семирядов, диетолог дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы
Дмитрий Семирядов, диетолог дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы

Инулин мен тағамдық талшықтардың тапшылығын ББҚ-лар толтыруға көмектеседі. Полисахарид аспен бірге қабылданады. Оны кез келген сұйықтықта (шырын, айран, су) ерітуге болады және ас ішудің алдында тұтынып немесе дайын өнімдерге қосуға болады. Екінші жағдайда қосымша түрде бір стақан су ішу керек.

Су ішу режимі кез келген тағамдық талшықтарды, сонымен бірге инулинді қабылдау кезінде маңызды болып табылады, ол олардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді. Сұйықты күнделікті тұтынудың мөлшерін 2-2,5 литрге дейін арттыру керек.

Табиғи полифруктозаның әдеттегі тәуліктік дозасы 6 г құрайды, ол 1-2 ай курс түрінде қабылданады.

Полисахаридті басқа тағамдық талшықтармен бірге қабылдап отырған дұрыс. Бұл физиологияға анағұрлым сай деп саналады, себебі рациондағы еритін және ерімейтін тағамдық талшықтардың мөлшері шамамен тең болып отыруы тиіс [5].

Инулинмен табиғи тағамдық талшықтарды қамтыған өнімге NUTRILITE™ Инулинмен тағамдық талшықтардың қоспасы жатады. .

Қабылдауға болмайтын жағдайлар

Инулинді дәрілік препараттармен бірге абайлап қабылдау керек, бұл жайында міндетті түрде маманмен кеңес алу керек. Полифруктозан сорбент ретіндегі қасиеттерін айқындаумен дәрі-дәрмектің сіңірілуін баяулатып немесе азайтып отыруы мүмкін. Мысалы, инулин мен антибиотикті қабылдаудың кемінде 2-3 сағат өтуі тиіс.

Полисахарид газ бөлетін ішек микрофлорасының көбеюіне ықпал етудің арқасында ішекте газ түзілуіне ықпал етіп отыруы мүмкін. Мұны ыңғайсыздық туындамау үшін ішегі созылуға шамадан тыс мөлшерде сезімтал адамдарға ескеріп отырған дұрыс.

Құрамында инулині бар өнімдер

Инулин жералмұрт түйнектерінде бар

Инулинді өнеркәсіп өндірісінде өндірудің негізгі көзі – цикорий тамыры болып табылады. Оның құрамында құрғақ затқа қатысты 75%-ына дейін полифруктозан бар.

Құрамындағы полисахаридтің мөлшері бойынша көшбасшыларға сондай-ақ келесі өсімдіктер жатады:

  • бақбақтың құрғақ тамырлары — 55%;
  • андыздың құрғақ тамыры— 53%;
  • иттікен тамырлары — 45%;
  • стевия жапырақтары — 23%;
  • жералмұрт түйнектері — 22%;
  • нарғызгүл тамырлары — 20%.

Инулин бидай және қара бидайдың бүтін дәнді ұнында бар. Полифруктозанның тұтынуға дайын көздері деп төмендегілер саналады:

  • сарымсақ — 14%;
  • порей пиязы — 10%;
  • бидайдың көктетілген дәндері — 4%;
  • банан — 0,7%.

Полисахарид қасқыржемде, артишоктарда, құрғақ жемістерде өте көп.

Дереккөздер :

  1. Сербаева Э.Р., Якупова А.Б. және бірл. авт. Инулин: табиғи көзі, өсімдіктердегі зат алмасудың ерекшеліктері және практикада қолдану. Биомика. 2020. Т.12(1). 57-79 б.
  2. Joseph M. Pickard et al. Gut Microbiota: Role in Pathogen Colonization, Immune Responses and Inflammatory Disease. Immunol Rev. 2017 Sep; 279(1): 70–89.
  3. Ладнова О.Л., Меркулова Е.Г. Инулин мен стевияны жаңа буынды өнімдердің рецептураларын әзірлеу кезінде қолдану. Заманауи жаратылыстанудың жетістіктері. – 2008. – № 2 –46-47 б.
  4. WHO. Fact sheets / Detail/ Healthy diet. 2020.
  5. Броновец И.Н. Тағамдық талшықтар — теңгерімделген салауатты тамақтанудың маңызды құраушысы. Медициналық жаңалықтар. 2015; 10: 46-48.

*Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты +7-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.
**Nutrilite™ тағамдық қоспалары дәрі емес. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: