4 тамыз 2022

Ересектердің иммунитетіне арналған дәрумендер

Дәрумендерден құрастырылған сұрақ белгісі

Ағзаның қалыпты қызметін қолдау үшін дәрумендер мен минералды заттар қажет. Тіпті толықтай дені сау адамның өзі құрамына осындай белсенді компоненттер кіретін өнімдерді күн сайын тұтынып отыруы тиіс. Бір нутриенттің өзі болмаған жағдайда дәруменді немесе минералды тапшылық дамуы мүмкін, бұл иммундық жүйенің жұмысын нашарлатады. Егер микроэлементтер ағзаға тамақ өнімдерімен бірге түсіп отырмаса, ересектерге ішкі органдар мен жүйелердің жұмысын қолдауға көмектесетін иммунитетке арналған дәрумендер қажет. Дәруменді-минералды тапшылықтың және иммунитеттің әлсіреу белгілері, сондай-ақ қандай дәруменді кешендерді таңдап, оларды қалай қабылдау керектігін осы мақалада айтатын боламыз.

Иммунитеттің төмендеу себептері

Шашы қиылып кеткен бойжеткен

Дәруменді тапшылықтың негізгі себептері: жұтаң немесе теңгерімделмеген рацион және зат алмасу процестерінің дәрумендердің игерілуіне мүмкіндік бермейтіндей түрде бұзылуы.

Тікелей иммундық жүйенің функциялары қолайсыз факторлардың әсерінен төмендеп отырады:

  • жас ұлғаюға байланысты өзгерістер;
  • үнемі күйзелісті күйде болу;
  • ағзаны әлсірететін аурулар;
  • тұқым қуалайтын аурулар.

Сонымен қатар, дәрумендер мен минералдары бар өнімдерді немесе дәруменді қоспаларды мерзімді түрде тұтынуға ерекше мұқтаж болып келетін адамдардың жекелеген санаттары болады. Олар:

  • жүкті және бала емізетін әйелдер*;
  • мектеп оқушылары;
  • интеллектуалды немесе физикалық еңбекпен айналысатын адамдар;
  • спортсмендер.

Ағзадағы дәрумендердің тапшылық белгілері

Ноутбуктың алдында отырған бойжеткен

Дәрумендер – биохимиялық реакцияларға және гормональді фонды қалпына келтіруге қатысатын табиғи қосылыстар. Олардың аздаған бөлігі ғана адам ағзасымен синтезделеді. Жалпы алғанда, ішектің қалыпты микрофлорасын және иммундық жүйені қолдау үшін 20 түрлі минералды заттар мен 13 түрлі дәрумендерді тұтынып отыру ұсынылады. Бұл пайдалы қосылыстар ағзада жиналып отырмайтындықтан, оларды мерзімді түрде тұтынып отыру қажет. Иммунитет сияқты күрделі және көпфункционалды жүйенің жұмысын тек осылай ғана қолдап отыруға болады. Қолайсыз факторлардың, әсіресе бактериялық және вирустық этимологияға ие факторлардың әсерін өзі еңсеріп отыруға қабілетті.

Иммунитет – өзінің жұмысы лимфоциттер, лейкоциттер, нейтрофилдер мен макрофагалардың арқасында қолдау көріп отыратын қорғағыш механизм. Осы иммундық агенттермен қатар тосқауылдық функцияны шырышты қабаттар мен тері жабыны атқарады. Олар патогенді микрофлораны құртатын заттарды өндіріп отыра алады. Алайда ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен иммундық жүйе әлсірейді.

Әдетте иммунитеттің төмендеуі мынадай белгілермен сүйемелденіп отырады:

  • үнемі әлсіреген күйде болу,
  • созылмалы шаршағыштық синдромы,
  • жиі ауру және баяу жазылу,
  • тері жарақаттарының ұзақ уақыт жазылуы,
  • дененің әртүрлі бөлігінің себепсіз ауруы және жайсыз сезіну,
  • шаш пен тері жағдайының нашарлауы,
  • торығу.

Егер иммундық жүйені нығайту шараларын уақытында қабылдамаса, бұл органдар мен жүйелердің жұмысына әсерін тигізуі мүмкін. Ағзаның қорғағыш функцияларының әлсіреуі елеулі проблемалардың дамуына әкелуі мүмкін.

Иммундық жүйенің бәсеңдеуімен қатар дәрумендердің тапшылығы басқа да патологиялық құбылыстармен, соның ішінде мыналармен сүйемелденіп отыруы мүмкін:

  • тырнақтың жұқаруы және қатпарлануы,
  • терінің қабыршақтануы,
  • шаштың әлсіреуі,
  • асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы.

Бұл белгілер дәрумендік тапшылықпен байланысы жоқ басқа да аурулардың дамуының белгісі болып отыруы мүмкін. Дәл сол себептен олардың кез келгені анықталған жағдайда өз-өзін емдеумен айналыспай, мамандарға қаралып отыру керек.

Ағзадағы дәрумендік тапшылықтың зардаптары

Ауырып отырған бойжеткен

Ұзақ уақытқа созылған дәруменді тапшылық жағдайларында ішкі органдар мен жүйелердің жұмысын нашарлататын процестер дамып отырады.

Өздерінің тапшылығы адам ағзасы үшін ерекше қауіпті болып табылатын дәрумендердің тізімі бар. Олар:

  1. B1 дәрумені. Ақуыздық, көмірсулы және майлардың алмасуына қатысады. Оның қалыпты деңгейі ас қорыту, жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы үшін, сондай-ақ ағзаның қалыпты түрде өсіп-дамуы үшін қажет.
  2. B2 дәрумені. Бұл биологиялық белсенді зат тері, шаш және тырнақтың саулығын, қалқанша тәрізді бездің жұмысын, антиденелер мен эритроциттердің өндірісін қолдауға көмектеседі, B6 және B9 дәрумендерінің синтезіне қатысады.
  3. C дәрумені. Бұл органикалық қосылыс, кейбір метаболизм процестеріне қатысатын қалпына келтіргіш, антиоксидант және кофермент болып табылады. С дәрумені сүйек және дәнекерлеу ұлпасының өсіп-дамуы мен нығаюы үшін қажет.
  4. D дәрумені. Бұл топқа бірден бірнеше биологиялық белсенді заттар кіреді, олардың басты мақсаты – аш ішектегі фосфор мен кальцийдің қалыпты сіңірілуін қамтамасыз ету. Әсіресе олар баланың дүниеге келген алғашқы жылдары маңызды.
  5. K дәрумені. Дәнекерлеу ұлпасында, бұлшық еттер мен бүйректе орын алып отырған зат алмасу процестеріне қатысады. Кальцийдің қалыпты түрде игерілуі мен оның D дәруменімен өзара әрекеттесуі үшін қажет.

Бұл өздерінің тапшылығы кезінде ішкі органдардың жұмысы нашарлауы мүмкін болатын биологиялық белсенді қосылыстардың шағын тізімі ғана. Дәруменді тапшылықтан рационды теңгерімдеп және оған жас жеміс-көкөністерді енгізумен, сондай-ақ тамақтанудағы тым қатаң шектеулерден бас тартумен құтылуға болады. Иммундық функцияларды жақсарту үшін құрамына холин, флавоноидтер, биотин, карнитин және басқа да заттар кіретін минералды және дәруменді препараттар қажет.

Әйелдердің иммунитетіне арналған дәрумендер

Бетінде секпілі бар, грейпфрут ұстаған бойжеткен

Әйелдің денсаулығы мен сұлулығын сақтау үшін физикалық белсенділік және дұрыс тамақтану маңызды. Ағзаны тиісті қалпында ұстауға сондай-ақ дәруменді-минералды кешендерді курс түрінде – жылына 2 реттен бастап 4 ретке дейін қабылдау ықпал етуі мүкін.

Балаларға дәрумендер ақыл-ой және физикалық белсенділік үшін қажет. Өсіп келе жатқан ағза үшін рационның теңгерімделген сипатқа ие болуы маңызды, және қандай да бір себеппен аста қажетті нутриенттер жеткіліксіз болса, маман дәруменді кешендерді қабылдауды ұсынуы мүмкін. Бойжеткен есейген сайын биологиялық белсенді қоспалар етеккір циклының қалыпқа келуіне, тері, шаш және тырнақтың жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Жүктілікті жоспарлау кезеңінде дәруменді препараттар ағзаны бала бітуге және бала көтеруге дайындауға көмектеседі, ал бала біткеннен кейін баланың қалыпты дамуына және келешек ананың денсаулығының нығаюына ықпал етеді *.

Кемелді жастағы әйелдерге дәруменді және минералды кешендер ағзаны етеккір үзілісі кезінде қолдау жасау үшін және климактериялық синдром белгілерімен күресу үшін ұсынылады.

Әйел ағзасының сұлулығы мен денсаулығы үшін келесі микронутриенттер ерекше маңызға ие:

  • A дәрумені. Иммундық агенттердің өндірісіне қатысады, тыныс алу, қан тамырлары жүйесі мен жүректің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Жаңа жасушалардың өсуіне ықпал етеді және қартаю процесін тежейді.
  • C дәрумені. Иммундық ақуыздың (интерферонның) синтезіне қатысады, ағзадағы еркін радикалдарды шығаратын және иммунитеттің нығаюына ықпал ететін күшті табиғи антиоксидант болып табылады.
  • E дәрумені. Антиденелердің өндірісіне қатысады. Ол сондай-ақ еркін радикалдарды сыртқа шығаруға көмектеседі. Оның ағзадағы деңгейіне тері, шаш және тырнақтың жағдайы байланысты.

Дәрумендік тапшылықты алдын алу үшін үнемі маусымдық жеміс-көкөністерді (сәбіз, асқабақ, брокколи, қырыққабат, бұрыш), жұмыртқа, ашыған сүт өнімдері, нәлімнің бауыры, сары май, цитрусты жемістер, жаңғақтар, балық пен еттің майлы емес сұрыптарын тұтынып отыру қажет. Биологиялық белсенді қосылыстар ең жоғары мөлшерде дәл осы өнімдерде қамтылған. Олардың деңгейін синтезделген дәруменді қоспалардың көмегімен де қолдап отыруға болады.

Еркектердің иммунитетіне арналған дәрумендер

Жүгіріп шынығып жүрген еркек

Еркектердің ағзасы әйелдердің ағзасынан мүлде өзгеше болып келеді. Соған сәйкес, оның қажетсінулері де өзгеше. Әлбетте, еркектерге өз ағзасын қолдау үшін өз рационын теңгерімдеп, қалыпты физикалық жүктемелерден бас тартпау қажет. Мұнда дәруменді және минералды кешендердің атқаратын рөлі де маңызды болып табылады. Еркектердің ағзасы бірегей гормональді фонға ие, сол себептен оған құрамы бойынша «әйелдерге» арналған дәруменді препараттардан өзгеше болып келетін құралдар қажет.

Еркектің физикалық күшін арттыру үшін оның рационында мына заттарды қамтыған өнімдер болып отыруы тиіс:

  • Темір. Химиялық элемент иммундық жүйенің бөлігі болып табылатын ақ қан жасушаларының (лейкоциттердің) өндірісіне қатысады.
  • Селен. Бұл зат патогенді микрофлорамен күресуге көмектесетін жасушалардың синтезі үшін қажет.
  • Мырыш. Биологиялық белсенді компонент вирустық этимологияға ие инфекциялармен күресу үшін қажет.
  • Жануар тектес ақуыз. Компонент бұлшық ет көлемінің құрылыстық элементі болып табылады, сондай-ақ иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Ол тапшы болған жағдайда сперматогенез бұзылуы мүмкін.
  • Күрделі көмірсулар. Қосылыстардың бұл тобы ас қорытуға жауапты зат алмасу процестеріне қатысады. Олар сондай-ақ ақыл-ой және физикалық жұмысты орындау үшін қажетті энергиямен қуаттайды.

Сонымен қатар, еркектің ағзасы ішкі процестерге жауап беретін және жасушалардың уақытынан бұрын қартаюына кедергі болатын дәрумендерге мұқтаж. Үнемі ауыр физикалық еңбекпен айланысатын және үлкен күйзелістік жүктемелерге түсіп отыратындарға дәрумендер мен минералдардың күшейтілген кешенін қабылдау қажет болуы мүмкін. Мысалы, ересек спортшылар кальций мен темір препараттарын жиі қабылдап отырады.

Иммунитетке пайдалы өнімдер

Гриль-көкөністер

Дәруменді тапшылыққа жол бермеу үшін өнімдердің қайсысында дәрумендер, минералдар, микроэлементтер және басқа да өмірлік маңызы бар қосылыстардың көп мөлшерде болатынын білу керек. Ересектер мен балалардың рационында ет, балық, көкөністер, көкшөптер, сүт өнімдері болып отыруы тиіс. Иммунитетті нығайту үшін жас, суға пісірілген, бұқтырылған және көмештелгн жеміс-көкөністерді тұтынып отыру керек.

Біз дәрумендердің ең көп мөлшерін қамтыған өнімдер тізімін жасап қойдық:

C дәрумені

C дәрумені барлық өсімдік тектес өнімдерде бар. Оның табиғи көзі: қарақат, цитрусты жемістер, тәтті бұрыш.

Е дәрумені

Күнбағыс, зәйтүн, зығыр және басқа да өсімдік майлары – E дәруменінің негізгі көздері.

А дәрумені

A дәрумені ең көп мөлшерде сары және қызғылт сары жеміс-көкөністерде – болгар бұрышында, өрікте, шабдалы, сәбіз, асқабақта бар. Осы нутриентке бай жануар тектес өнімдерге жұмыртқаның сарыуызы, сары май, бауыр, балық жатады.

D дәрумені

Ағзадағы D дәруменінің қорын күнделікті балық, сүт өнімдері мен бауырды тұтыну арқылы толтырып отыруға болады. Сонымен қатар, ол үшін үнемі күннің көзінде болып отырған жеткілікті, себебі кальциферол теріде ультракүлгін сәулелердің әсерімен өндіріліп отырады.

B тобындағы дәрумендер

Бұл биологиялық белсенді қосылыстардың көзіне жармалар, кебекті нан, сүт өнімдері, жас көкөністер, жаңғақтар жатады.

Дәрумен тапшылығын сапасы жақсы өнімдерді тұтыну арқылы айналып өтуге болады. Өкінішке орай, өмірдегі белгілі бір жағдайларға байланысты әрдайым теңгерімделген рационды құрастыруға мүмкіндік бола бермейді. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде сапалы өнімдерді, әсіресе жеміс-көкөністерді мысалы климаттық ерекшеліктерге байланысты табу қиынға соғып отырады. Дәл сол себептен бір қарағанда дұрыс және толыққанды тамақтанатындарға дәруменді қоспалар қажет. Олардың көмегімен нутриенттердің теңгерімін қолдап отыруға болады. Бастысы – оларды қалай және қандай мөлшерді қабылдау керектігін білу.

Дәруменді кешендерді қабылдау ережелері

Ағзаның иммундық және өзге функцияларын арттыру үшін дәруменді және минералды кешендерді үнемі қабылдап отыру шарт емес. Әдетте, олар жылына 1-2 рет күрс түрінде тағайындалып отырады. Дәруменді қоспаларды қосымша қабылдауға арналған жағдайлар:

  • күйзеліс және торығу күйлері,
  • иммунитеттің төмендеуі,
  • сүйектердің сынуы,
  • отадан кейін оңалу кезеңі.

Дәруменді қоспаларды қабылдау кезінде олардың мөлшерін қатаң ұстанып отыру керек. Кейбір синтетикалық препараттар, әсіресе майда еритін A, D, E және K дәрумендері уыттылығымен ерекшеленеді. Кейбір дәруменді кешендердің мөлшерін асыру жағымсыз құбылыстарды тудыруы мүмкін. Сондықтан, егер маман сізге дәруменді немесе минералды препараттарды тағайындаған болса, нұсқаулыққа қатаң түрде сүйеніп отырыңыз. Бұл денсаулыққа зиянын тигізусіз нутриенттердің теңгерімін сақтап отыруға көмектеседі.

Иммунитетті қолдауға арналған қоспаны қалай таңдау керек

Ағзаның дәл қандай дәруменге мұқтаж екенін маман тиісті тексерулерді жүргізгеннен кейін ғана түсіне алады. Дәруменді кешенді тағайындаудың алдында ол

  • рационның сапасы мен теңгерімделуін, онда жас жеміс-көкөністердің болуын бағалайды;
  • адамның физикалық және ақыл-ой жүктемесінің деңгейін талдайды;
  • сізде аллергияның бар жоғын және оны қандай өнімдердің тудыратынын анықтайды.

Ақыл-ой еңбегімен айналысатын адамдарға әсіресе B тобындағы дәрумендері бар кешендер қажет. Егер жұмыс физикалық жүктемелермен байланысты болса, маман С, D және В12 дәрумендері бар дәруменді қоспаларды тағайындайды. Оларды иммунитетті арттыру, буындар мен байламдарды қорғау, бұлшық еттерді қалпына келтіру үшін қабылдайды. Кейбір компоненттер бір-бірінің әсерін күшейтіп отыруы мүмкін, сол себептен оларды кешенді түрде тағайындап жатады.

* Nutrilite™ ББҚ дәрілік заттар болып табылмайды. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.
** Тауарлардың бар болуы өзгеруі мүмкін. Тауарлардың ұсынылған бейнелері олардың нақты сыртқы түрінен ерекшеленуі мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны бойынша немесе kz.amway.com сайтында танысуға болады.


Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз: