Дұрыс тамақтанудың негіздері

Шай — әлемдегі ең танымал ыстық сусындардың бірі. Алайда шай ішуден әрі ләззат алып, әрі ол пайдалы болу үшін өнімді дұрыс таңдай білу керек. Мұны қалай жасау керектігін айтып берейік.

Таңдау критерийлері

Тостағандағы шайдың сан-алуан түрлері

Дәмді жақсы шай ішу үшін оның иісіне, түсіне, біркелкілігіне және жапырақтардың ширықталуына көңіл бөліп отырған, сондай-ақ таңбаларын және өндіруші мен жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты оқи білген маңызды.

Түсі

Сұрпына байланысты. Мысалы, жақсы қара шайдың түсі де сондай болуы тиіс, Ал егер «жирен» түс немесе қоңыр түстер пайда болып отырса, бұл шикізат сапасының орташа екендігін, сондай-ақ шайды жинау мен әзірлеу кезіндегі ықтимал қателіктерді білдіреді. Жақсы көк шайда да қоңыр жапырақтар болмауы тиіс: олай болмағанда бұл шикізаттің ұзақ сақталуының, яғни оның дәмдік қасиетінің нашарлауының белгісі.

Шикізаттың бірқалыптылығы

Қоспадағы шайлар ірі, орташа немесе ұсақ болып отыруы мүмкін, алайда олардың өлшемі бірдей болуы тиіс. Әңгіме баспаланған сұрыптар жайлы болып отырғанның өзінде құрылымы бірқалыпты және бүтін болуы тиіс.

Жапырақтардың ширықталуы

Бұл параметрге ферменттелудің сапасы, демек шайдың дәмі де тікелей байланысты болып табылады. Жапырақтар неғұрлым ширықталған сайын сусынның дәмі де соғұрлым қанық болмақ.

Ширықтау процесі шай жапырақтарынан эфир майлары мен басқа да белсенді құраушыларды бөліп алу үшін қажет, олар артынан шай демдеу кезінде босап шығып отырады.

Сонымен қатар шай жапырақтарының ширықталу дәрежесі өнімнің сақталу мерзіміне әсер етеді, себебі, себебі шырындар мен эфир майлары жапырақтың бойына сіңіп және оның ең жақсы қасиеттерін сақтап қалуға көмектеседі.

Көк шайды әдетте оның бойына шырын сіңіп және қою жасыл түске боялғанша қолмен ширықтап отырады. Кейбір сұрыптарды мүлде ширықтамайды, оларды тек аздап мыжғылайды. Қара шай қолмен немесе арнайы машина-роллерлермен ширықталып отыруы мүмкін.

Құрғақтық дәрежесі

Дәмдік қасиеттері сақталу үшін жапырақтың ылғалдылығын 3–6% деңгейінде ұстап отыру керек. Шикізат неғұрлым ылғал болған сайын, оның сапасы да соғұрлым нашарлай береді. Егер бұл параметр 20%-ға жетсе, өңез пайда болуы мүмкін, ал сусын уға айналады. Ал шамадан тыс артық мөлшерде кептірілген шай тез арада қиқым мен шаңға айналады.

Иісі

Шайдың әр сұрпының өзіндік ерекше хош иісі болады, алайда ол әрдайым жағымды болып отыруы тиіс. Көк шайдың иісі шөпке ұқсайды, тіпті ащы болып отыруы мүмкін, қара шайдың иісі гүлдің хош иісіне ұқсас тәтті болып келеді. Қалай болғанда да шайдың түріне байланыссыз төмендегідей иіс шығып тұрмауы тиіс:

  • ыстың иісі, күйген иіс;
  • металдың, таттың иісі;
  • өндірушімен көзделмеген және қаптамасында көрсетілген қайсыбір иіс.

Жаңа шығарылуы

Ең жақсы, сапалы шай екі айдан аспаған жапырақтардан даярланады. Егер жапырақтарға 3–5 ай болса, өнімнің бағасы төмендейді. 6–12 ай сақталған шикізат ең арзан шикізат болып табылады, себебі ол дәмін жоғалтады.

Ең жақсысы – таяу арада буып-түйілген шайды сатып алу. Егер жарамдылық мерзімі таяп қалған болса, мұндай шайды тастаған дұрыс. Қағаз қаптамада өнім жарты жылдай сақталуы мүмкін, ал полиэтиленде шайдың дәмі мен иісі жылдам жоғалады.

Жапырақтардың бір-бірінен өзгешелігі: бүтін жапырақты, орташа жапырақты, ұсақ жапырақты

Барлық шайды шартты түрде бірнеше түрге бөлуге болады:

  • Ірі немесе бүтін жапырақты. Бұл санаттағы ең танымал шай байхы шайы, оның құрамына бүршіктер мен үстіңгі жапырақтар кіреді. Бұл дәмі барынша қанық хош иісті.
  • Орташа: сынған, кесілген. Ұзақ уақыт кептіру барысында сынған жапырақтар пайда болуы мүмкін. Мұндай шайдан ащы тұнба алынады, ол неғұрлым ұзақ сақталған сайын, оны хош иісі де кете бастайды.
  • Ұсақ. Еленді — шай жапырақтарының ұсақтары мен үгінділері көбінеки шай қапшықтарында қолданылады, бұл жағдайда шикізат арнайы түрде ұсақталады, бұл шайды жылдам демдеуге, тұрақты әдемі түс пен қанық хош иіс алуға мүмкіндік береді.

Таңбалау

Сусынның сапасы мен дәмі таңдалған жапырақтарға байланысты. Даярлау үшін бүршіктердің жоғарғы жақтары ғана емес (жоғары сұрып), сондай-ақ басқа да жапырақтар пайдаланылады. Алдыңызда дәл қандай шайдың тұрғанын түсіну үшін қаптамасында арнайы таңбасын оқуды үйреніп алу керек:

  • OP (Orange Pekoe) — өндіру үшін бүршігі мен алғашқы үш жоғарғы жапырағын пайдаланады. Бұл өте жақсы шай;
  • FP (Flowery Pekoe) — жоғары сапа белгісі, алайда ол алдыңғысынан төмендеу. Алғашқы жапырақтар пайдаланылады;
  • PS (Pekoe Souchong) — қалың, яғни төменгі жапырақтардан даярланған.

Сынған (жекелеген жапырақтардың кесектерінен алынған) сұрыптардың ішіндегі ең жақсысы ВОР аббревиатурасымен көрсетілгені. Бұл топтамада сапасы ең төмен шайларға BPS және PD жатқызылған, мұндай шайларды ұсақ жапырақты шайлардан айыру қиын.

Ұсақ шайлар келесі түрде таңбалануы мүмкін:

  • F (Fannings) — еленділер;
  • D (Dust) — шаң;
  • GD (Golden Dust) — алтын шаң.

Бұл сапасы төмен шай, демек оны дәмі де соған сәйкес болмақ.

Шығарылған елі

Бір тостаған ыстық шай

Ең ірі жеткізушілер — Қытай мен Үндістан, қай елде шығарылған міндетті түрде қаптамасында жазылады. Тек экспорттаушы жайлы ғана емес, сондай-ақ шай жапырақтары жиналған провинция жайлы ақпаратты қараңыз.

Юньнань, Гуйчжоу, Тибет және Сычуань — элиталық Қытай шайының сусын ретінде туған жері болып саналатын провинциялардың төрттігі. Сусынның дәстүрлі дәмін қытайлық жасыл байх шай қайнату арқылы тамашалауға болады. Ол ойыңды жинақтауға, өз эмоцияларыңды бақылауға және тіпті еңбек қабілетіңді арттыруға көмектеседі.

Нағыз үнді шайының ең жақсы сұрыптары Солтүстік Үндістанда, батыс Бенгалияда өсіріледі.

Amway-дің шайларын ішіп көріңіз

Шай — бұл жай ғана ләззат емес. Бұл сондай-ақ ағзаға жағымды әсер ететін заттардың үйлесімі. Мысалы, «Раушан гүлінің күлтелерімен фитошай» PLANT TO TABLE by nutrilitе шай сусыны — бұл шаршаудан құтылуға, дененің ширығуын басуға көмектесетін шөптердің купажы. Оның құрамында антиоксиданттардың, минералдардың көзі бар. Долана жүйке қозғыштығымен күресуге көмектеседі, ал раушан гүлінің күлтелері сусынға хош иіс береді.

«Алма мен даршын қосылған күреңот» PLANT TO TABLE by nutrilitе шай сусыны — ас қорыту жолының қызметін қамтамасыз ететін және ағзаның табиғи түрде тазаруына ықпал ететін алатікен, күреңот сияқты шөптердің үйлесімі. Сусынның дәмі қанық, иісі жағымды. Бақ-бақтың арқасында ол тәбетті бақылап отыруға, өттің бөлінуіне ықпал етуге көмектеседі.

Жидектер мен дәмдеуіштер қосылған қара шай Plant to table by Nutrilite™ ағзаның қорғау күштерін қолдайды. Зімбірдің тамыры, каркаде, қалампыр — уақытынан бұрын қартаю белгілерімен күресуге көмектесетін антиоксиданттар. Шие — С дәруменінің көзі, ол ағзаның қорғау күштерін, қан тамырлары мен жүректің саулығын қамтамасыз ету қасиетімен белгілі.

Amway-дің жүрегіңіз қалайтын сусынын таңдаңыз. Шайыңыз дәмді болсын!


Сондай-ақ біліңіз: