Қаражидектің пайдасы

Қаражидек — бұл тек қана дәмді емес, сонымен бірге аса пайдалы жидек, ол табиғи ортада Солтүстік Еуропа мен Азияда тайга өңірінде өседі. Оның адамның деснаулық қолдауға көмектесетін бағалы қасиеттері өте көп. Сол себептен оны салауатты тамақтану салтын ұстанушылар өте ұнатады.

Қаражидекте қандай дәрумендер бар?

Себеттің ішіндегі жас қаражидек

Бұл қою көк жидек – төмендегідей көп мөлшердегі нутриенттердің көзі:

  • C дәрумені (аскорбин қышқылы), ол ағзаның темірді игеруі үшін және иммунитетті қолдау үшін қажет;
  • B тобындағы дәрумендер: B3, B5, B6, B7;
  • К дәрумені, ол кальцийдің сіңірілуіне көмектесді;
  • токоферол (Е дәрумені).

Қаражидекте минералдар – мыс, калий, күкірт, фосфор, темір, марганец көп. Ағзамыз соңғы екі элементтің, сондай-ақ магний мен аскорбин қышқылының тәуліктік нормасын алып отыру үшін бұл жидектің 100 г-ы жеткілікті болады. Оған қоса жидектің құрамында бұл заттар ағзаның оларды игеруі үшін ыңғайлы болатындай формада жүреді.

Оған қоса, жидекте зат алмасу процестеріне қатысып және оларды қолдайтын илік заттектер мен органикалық қышқылдар бар.

Жидектің көзге пайдасы

Қаражидек көз органдары үшін аса пайдалы жидек болып саналады. ҰОС кезінде ұшқыштарға қараңғыда жақсы көру үшін қаражидек киселі беріліп отырған.

Жидекте көрі қабілетін сақтайтын және көз торындағы патологиялық өзгерістердің алдын алатын каротиноидтер көп. Мұндай әсерге ұлпалардағы қан айналымына ықпал ету арқылы қол жеткізіледі.

Қаражидек көзі үнемі түрде асқын жүктемелердің әсеріне түсіп отыратын адамдарға қолдануға арнап ұсынылған:

  • көлік жүргізушілерге;
  • кеңсе қызметкерлеріне;
  • дәрігерлерге;
  • мұғалімдерге.

Алайда әр адамның көру қабілеті қолдауды қажет етеді.

Жүрек пен қан тамырларына пайдалы қасиеттері

Жидектің қою көк түсі табиғи бояғыш антоцианның арқасында қамтамасыз етіледі. Эксперименттер барысында оның жүрек-қан тамырлары қызметінің бұзылу қаупін тудыратыны дәлелденді: жүрек ұстамасының туындау ықтималдығы 32%-ға төмендеп отырды.

Мұндай әсерді құрамында калий, фолий қышқылының, сондай-ақ қан қысымының төмендеуіне және қан тамырлары қабырғасының нығаюына ықпал ететін компоненттердің болуы күшейте түседі. Жидектің құрамында табиғи антикоагулянттар да бар, олар жүрек қызметінің жұмысындағы іркілістердің негізгі себебі болып табылатын қан ұюға кедергі болады.

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысына пайдалы әсері табиғи антиоксиданттармен күшейе түседі, олар қабынуға қарсы әсерге ие, сондай-ақ еркін радикалдардың әсерін бейтараптандыруға көмектеседі. Олардың қатарына флавоноидтер, таниндер мен басқалары жатады.

Асқазанға және салмақты тастауға пайдасы

Қаражидек — табиғи антисептик және ол ағзаның ішінен әрекет етеді. Нәтижесінде ішектегі ашу процестері бұғатталады, микробиом қалпына келеді, бұл иммунитеттің жұмысын жақсартады, терімен, үлкен дәретпен, ас қорытумен проблемалардың шешілуіне ықпал етеді.

Жидектің өзі кішкентай болғанымен, онда ішектің перистальтикасын қамтамасыз ететін клетчатка көп. Әсері жидектің түріне байланысты: кептірілген жидек іш өтумен, ал жас жидек іштің қатуымен күреседі .

Қаражидек — салауатты тамақтанудың ажырамас бөлігі, ол салмақты бақылауға және тіпті салмақ тастауға көмектеседі. Біріншіден, онда калория көп. Екіншіден, оның құрамындағы пантотен қышқылы зат алмасудың қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Қаражидекті қандай түрінде тұтынған дұрыс?

Алақандағы жас қаражидек

Жас жидек жазда және күзде қолжетімді, қалған уақытта тоңазытылған түрін тұтынып отыруға болады, себебі одан оның денсаулыққа пайдасы кеміп қалмайды. Тоңазытылған жидектерде де ас қорыту жолының шырышты қабаттарын қорғау үшін қажетті иілік заттектер бар, ал олардағы алмастырылмайтын органикалық қышқылдар тоңазытылғанына қарамастан өте жақсы сақталып отырады. Тоңазытылған жидектер жұмсақ зәр айдаушы әсерінің арқасында су-тұз және көмірсулы зат алмасуды реттеп отыруға көмектеседі, ал дәрумендер жалпы нығайтушы әсерге ие.

Кептірілген (қақталған) қаражидек — пайдалы заттардың концентраты. Мұндай түрінде жидек үлкен танымалдылыққа ие.

Үй жағдайында қаражидектен оны қантпен бірге тартып тосап қайнатуға болады. Алайда мұндай түрдегі қаражидек оған қанттың қосылуына байланысты онша пайдалы болып табылмайды.

Өсімдіктің жапырақтары антиоксиданттарға бай, қандағы «жаман» холестериннің деңгейін реттеуге көмектеседі, сондай-ақ тыныштандырғыш әсерге ие. Одан пайдалы шай демдеуге болады. Алайда жапырақтар көктемнің соңында жиналып кептірілуі тиіс, бұл уақытта олардың бойында пайдасы көп.

Өкінішке орай осы пайдалы жидекті тек жастай ғана емес, сондай-ақ кептірілген түрінде тұтынуға әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Бұл жағдайда көмекке тағамға биологиялық белсенді қоспалар* келеді, оларда ғажайып жидектің пайдалы қасиеттері барынша сақталған.

Nutrilite™ Қаражидек плюс лютеинің құрамында антоциандар, А дәрумені бар, олар көздің саулығы мен күшін сақтайды. Олардың әсері лютеинмен күшейтілген, ол көздің ішкі қабықшасының ұлпаларында жиналып, ұялы құрылғылардан, компьютерлер мен теледидарлардан бөлініп отыратын көк сәулені сіңіріп отырады. Бір сөзбен айтқанда, бұл көру қабілетін сақтап және гаджеттердің жағымсыз әсерін барынша азайтатын қалқан.
Nutrilite™ Double X™ дәрумендермен, минералдармен және фитонутриенттермен — денсаулықты және зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін 12 дәруменнің, 10 минерал мен 22 фитонутриенттің көзі*. Жаңартылған құрамы рациондағы жас жеміс-көкөністердің тапшылығы жағдайында жетіспейтін нутриенттердің орнын толтырады, сондай-ақ еркін радикалдардың әсерімен туындалған тотығу процесімен күресуге көмектеседі.

Nutrilite™ — әлемдегі құрамдас өнімдерінің басым бөлігін өзінің органикалық фермаларында әрбір кезеңін мұқият бақылаумен өсіріп, жинап және өңдейтін дәруменді және минералды кешендердің жалғыз сауда белгісі.

Nutrilite™ Жеміс-көкөністер концентратының құрамында денсаулықты қолдауға көмектесетін өсімдік тектес қоректік заттардың спектрі қамтылған. Құрамында клетчатка, сондай-ақ тотығу күйзелісіне төтеп беретін, уақытынан бұрын қартаюмен күресетін антиоксиданттар бар.

Клетчатканың тағы бір көзіне Nutrilite™ Тағамдық талшықтардың қоспасы Шайналатын таблеткалар айналуы мүмкін. Олардың ағзада жеткілікті мөлшерде болуы ас қорыту жолының жұмысын қамтамасыз етеді, зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығарылуын жылдамдатады, сондай-ақ аруға және нәтижесін сақтауға көмектеседі.

Nutrilite™ Мультидәрумендермен шайналатын таблеткаларда клетчатка, 12 дәрумен мен 4 минерал, антиоксиданттар бар, олар шаршағыштықты басу үшін, тәбетті қалыпқа келтіру, сергек жүру үшін қажет. Жағымды жеміс дәмі әдетте балалардың өзіне ұнап жатады.

Қаражидекті қалай сақтау керек?

Бұл көбінеки оның түріне байланысты.

Мысалы, жас қаражидекті тоңазытқышта 4 °С температура жағдайында 10 тәуліктен асырмай сақтау керек. Тоңазытқыштың ортаңғы және төменгі сөресі сақтау үшін барынша лайық болып табылады, бұл жағдайда жидектерді металды салмаған жөн, олай болмағанда олар ашып кетеді. Ауа айналымын қамтамасыз еткен маңызды, сол себептен контейнердің қақпағын тығыз етіп жаппаңыз.

Тоңазытылған қаражидек бір жылдан асырмай сақталуы тиіс. Алайда оны тоңазытпас бұрын алдымен дайындап алу керек: жуып, іріктеп, қоқыстан арылту керек. Қаражидек дегдігеннен кейін ғана оны табаға бір қатар етіп салып, тоңазытқыш камераға 2-4 сағатқа қояды. Содан кейін тамаққа арналған қапқа салып, ауасын шығарып, ұзақ уақыт сақтауға қою керек.

Кептірілген жидекті ағаш немесе қағаз контейнерлерге салып сақтауға кеңес беріледі, ешқандай мата қаптарды, пластик және полиэтиленді қолдануға болмайды. Оңтайлы жағдайлар — 20°С температура, 70% аспайтын ылғалдылық.

Қаражидекті кімнің тұтынуына болмайды?

Қаражидекті қан ұю қызметі бұзылған, бүйрегі және қуығы ауыратын адамдарға тұтынбауға кеңес беріледі. Сонымен қатар, жеке реакциясы болған жағдайда да тұтынуға болмайды. Ал шамадан тыс мөлшерде тұтыну үлкен дәретпен проблемалар тудыруы мүмкін.

Экологиялық таза аймақтарда өсірілген жидектерді таңдап отырған маңызды, себебі қаражидектің атмосфера мен топырақтағы зиянды заттарды бойында жинап отыратын қасиеті бар. Мұндай жидектің пайдасына қарағанда зияны көбірек.

* Nutrilite™ ұсынған ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды. Қабылдауға болмайтын жағдайлар бар. Маманмен кеңесіңіз.
** Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың сайтта көрсетілген суреттері олардың іс-жүзіндегі сыртқы бейнесінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com. сайтынан танысуға болады.