Биологически активные добавки (БАД): польза и вред для организма/ Биологиялық белсенді қоспалар(ББҚ): ағзаға пайдасы мен зияны | Amway

Биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы мен зияны

4 тамыз 2022

Медицина онлайн форматқа көшеді: дәрігерлерден онлайн кеңес алу және мобильді тексерулер пайда бола бастады. Биотехнология саласының дамуы нақты уақыт режимінде ағзаның жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Ағзаның қажеттіліктерін мұқият диагностикалауға және анықтауға негізделген биохакинг соңғы жылдары үрдіске айналды. Бұл дәрумендер мен минералды кешендерге деген қызығушылықтың жаңа толқынын түсіндіреді.Биологиялық белсенді қоспалар не үшін қажет және Биологиялық белсенді қоспалардың қандай түрлері бар?

ББҚ дегеніміз не?

02.01.2000 ж. N 29-ФЗ " Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы " федералды Заңға сәйкес, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) дегеніміз " жалпы қуаттандырушы, жұмсақ диуретикалық, сергітетін, тыныштандыратын және әртүрлі функционалды жағдайларда аурудың пайда болу қаупін азайтуға, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының микрофлорасын қалыпқа келтіруге" әсер ететін табиғи (немесе оған ұқсас) тағам. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) дәрі емес.Көптеген биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы мен зиянын АҚШ-тың денсаулық статистикасының ұлттық орталығы зерттеп, ББҚ қабылдау қоректік микроэлементтердің жетіспеушілігін толықтыратынын көрсетті.

Препараттардың әр түрі белгілі бір фармакологиялық қасиеттерге ие және адамның жүйелері мен мүшелеріне әсер етеді.

ББҚ және тамақтану рационы

Адамның қалыпты өмір сүруіне қажетті дәрумендер мен минералдар жиынтығы өте кең. Бұл заттардың негізгі көзі-тамақ.Биологиялық белсенді қоспалар ағзаға кіретін қоректік заттардың мөлшерін оңтайландыруға арналған, бірақ олар үйлесімді тамақтануды алмастырмайды.

Дұрыс таңдалған тағам аурудың пайда болу қаупін азайтуы мүмкін, бұл АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің және адам тамақтану ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдарының зерттеулерімен расталаған.Дегенмен, әрдайым қажетті элемент өнімдерде қажетті көлемде бола бермейді, сондықтан дәрумендер мен минералдардың теңдестірілген кешендерінің көмегімен заттардың жетіспеушілігін толтыру қажет.

Қандай тағамдық қоспалар бар?

Биологиялық белсенді қоспалардың бірыңғай классификациясы бүгінгі күнге дейін әзірленбеген. Көбінесе оларды құрамына, функционалды белсенділігіне, әсеріне және басқа критерийлерге қарай бөледі. Келесі биологиялық белсенді қоспалар адам үшін ең маңызды болып табылады.

дегеніміз өте аз мөлшерде қажет органикалық қосылыстар. Ағза оларды өздігінен синтездей алмайды, сондықтан оны тамақтан алу керек.
Кез-келген дәрумендердің жетіспеушілігі кезінде ағзаның қалыпты жұмысы бұзылады.Дәрумендерге деген қажеттілік тұратын аймақтың ерекшеліктеріне және белгілі бір ағзаның жағдайына байланысты болады. Адамға бүгінгі күні белгілі 13 дәруменнің барлығы қажет.

Сіз арнайы қоспалардың көмегімен тапшылықты толтыра аласыз - бұл монопрепараттар да, дәрумендік кешендер де болуы мүмкін.
Мысалы, дәрумендер, минералдар және фитонутриенттер кешені NUTRILITE™ DOUBLE X™ 31 күндік курсы қоректік заттардың оңтайлы деңгейін сақтайды және 24 көкөніс, өсімдіктер мен жемістердің пайдасына ие.

Минералдар дегеніміз ағзаның барлық жүйелері үшін өте маңызды химиялық элементтер. Адам оларды сумен және тамақпен алады.
Ағзаға ең қажеттері — калий, натрий, кальций, фосфор, магний, темір және йод.

NUTRILITE™ Дэйли 60 таб. негізгі кешені йодқа күнделікті қажеттіліктің 93%-ын қанағаттандыруға көмектеседі (салыстыру үшін, 100 г қызғылт лосось күнделікті қажеттіліктің 33%-ын ғана қамтиды).

Маңызды май қышқылдары – глицерин мен май қышқылдарының күрделі қосылыстары.
Ағза оларды өздігінен синтездей алмайды, сондықтан олар тек тамақпен ғана сіңеді. NUTRILITE™ Омега-3 кешені ағзаны Омега-3-тің оңтайлы мөлшерімен қамтамасыз етеді, ол жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қолдайды және жастықты сақтауға ықпал етеді.

Денсаулыққа арналған ББҚ-ды қолдану мақсатына қарай да класстарға бөлуге болады. Заттардың теңдестірілген кешендері әртүрлі мәселелерді шеше алады: жүрек пен қан тамырларын қорғауға, ас қорыту жүйесі мен бауырға, иммунитетті қолдауға және басқа мәселелерге арналған препараттар бар. Спорттық тамақтану орны бөлек. Бұл қарқынды физикалық күш салу аясында пайда болатын дәрумендер, минералдар мен қоректік заттардың жетіспеушілігін толтыруға бағытталған диеталық қоспалар. Спорттық тамақтану жаттығу нәтижелерін жақсартуға, оңтайлы дене салмағына қол жеткізуге, бұлшықет массасын құруға, дене майының мөлшерін азайтуға және т. б. мақсаттарда тағайындалуы мүмкін. Жаттығулардан кейін энергияны толықтыру үшін Amway желісінде XS™ Power Drink алкогольсіз қантсыз, калориялары аз және сергітетін табиғи шырындар сусындар ұсынылған.

ББҚ-дың ағзаға пайдасы

Биологиялық белсенді қоспалар ағзаның жеке функцияларына және оның жалпы жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мысалы, кальций мен D дәрумені сүйек күшін сақтау үшін маңызды. Дәрігерлер жүкті әйелдерге фолий қышқылын қабылдауды ұсынады, бұл ұрықтың өмірге қабілетсіздігіне әкеп соқтыратын даму ақауларының, мысалы, омыртқа, аненцефалия, жүрек ақауларыларының алдын алуға септігін тигізеді.

Кез келген дәрумендік кешенді қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу керек.

ББҚ немен қауіпті

Кейбір тағамдық қоспалар ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Егер адамда ауру немесе қауіп факторлары болса, диеталық қоспалардың әсерін болжау мүмкін емес. Диеталық қоспалар мен дәрі-дәрмектерді бірге қабылдау ұсынылмайды. Мысалы, шайқурай шөптік қоспасы көптеген дәрі-дәрмектердің тиімділігін төмендетеді.

Келесі жағдайларда ББҚ пайдалану ұсынылмайды:

  • дәрігермен келісілмеген қоспалар комбинациясы;
  • қоспаларды дәрілік заттармен бірге пайдалану;
  • рецепт бойынша берілетін дәрілердің орнына алмастырғыш қоспаларды қабылдау;
  • А дәрумені, D дәрумені немесе темір сияқты белгілі бір қоспаларды тым көп қабылдау.

Кейбір қоспалардың операциядан бұрын, операция кезінде және одан кейін жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге сіз қабылдайтын барлық ББҚ туралы міндетті түрде хабарлаңыз.

Жосықсыз өндірушілер белсенді заттардың құрамы мен пропорцияларын өзгерте алады. Тек барлық қажетті сертификаттардың болуы өнімнің мәлімделген қасиеттерге сәйкестігін және оны пайдалану қауіпсіздігін растайды.

Сондай-ақ қараңыз:


* Nutrilite™ тағамдық қоспалары дәрі емес. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.
**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты +7-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.