Үйде даярланатын аруға арналған смузи

Смузи — үккіштен өткізілген және араластырылған жидектерден, көкөністер мен жемістерден даярланған қою сусын. Құрамында тек қана жидектер, тек қана жемістер, тек қана көкөністер немесе олардың барлығы әртүрлі пропорцияда араласқан түрде болып отыруы мүмкін. Бұл коктейльдердің салауатты тамақтануды бағалаушылардың арасында неліктен танымал болғанын айтып береміз, сондай-ақ аруға арналған пайдалы рецептілермен бөлісетін боламыз.

Смузи салынған банкілер үстелдің үстінде тұр

Смузидің ағзаға тигізер пайдасы

Сусында дәруендер мен клетчатка көп, соның арқасында ол

  • ас қорытуды қалпына келтіруге;
  • ағзадағы токсиндерді сыртқа шығаруға (детокс-әсер);
  • иммундық жүйені нығайтуға;
  • ұйқыны қалпына келтіруге;
  • жадыны жақсартуға көмектеседі.

Жеміс-көкөніс қоспаларын мерзімді түрде тұтыну өзіңізді барынша күш-қуатқа толы болғандай сезінуге және аз шаршауға мүмкіндік береді. Ал коктейльдің басты артықшылықтарының бірі —құрамында калория барынша аз, сол себептен сусын ару үшін жиі қолданылады.

Смузиді тұтыну ережелері және оның әрекет ету принципі

Қоспаның бір стаканы — ертеңгілік асқа, жүрек жалғауға немесе кешкі асқа арналған толыққанды, дәмді және пайдалы порция. Оның құрамында қоректік заттар өте көп және ол көпке дейін тойдырады.

Барынша пайдалы ету үшін ережелерге сүйеніп отырыңыз:

  • Тек қана смузиді тұтынумен шектелмеңіз — бұл не дегенмен сұйық тағам, ал рационда қатқыл тағам да болуы тиіс.
  • Әртүрлі дәрумендер мен минералдарды алып отыру үшін көкөністерден, жемістер мен жидектерден даярланған сан-алуан түрлі коктейльдерді ішіп отырыңыз.
  • Егер сусынға тоймағандай сезімде болсаңыз, оны қасықпен жеп көріңіз — бұл психологиялық амал ағзаның бейімделуіне көмектеседі.

Смузидің ең жақсы рецептілері

Біз көкөністердің, жемістер мен жидектердің түрлі комбинацияларынан тұратын 13 қарапайым және пайдалы рецептіні әзірлеп қойдық. Біз сізге оңтайлы рационды құру оңай болу үшін сондай-ақ құрамдас заттардың пайдасы жайлы айтып беретін боламыз.
Сусынды клетчаткамен қосымша байыту үшін тағамдық талшықтары бар қоспаларды* қолданып отырсаңыз болады.

UTRILITE™ инулинмен тағамдық талшықтардың қоспасында үш өсімдік тектес өнімнің еритін клетчаткасы. Ол холестеринді төмендетуге және глюкозаның деңгейін қалпына келтіруге көмектеседі. Өнім АІЖ жұмысына ықпал етеді, ағзаның тазаруына ықпал етеді.

Сіз сондай-ақ өсімдік ақуыздарына негізделген қоспаларды қосып отырсаңыз болады. NUTRILITE™протеин ұнтағында барлық қажетті аминоқышқылдар бар және холестерин жоқ**. Ол майбұршақ, бидай, бұршаққа негізделумен даярланған және вегетариандықтардың тұтынуына келеді.

Сізге жеміс-көкөніс сусындарын даярлау үшін қажет болатын ең негізгі зат — бұл блендер***. iCook™ тоттанбайтын болаттан жасалған 6 мықты жүзінің арқасында барлық құрамдас заттарды мінсіз түрде ұсақтап және араластыратын болады. Ал көлемі әртүрлі екі саптыаяқ пен жол қақпағы сусынды өзіңізбен бірге алып жүруге мүмкіндік береді.

Мүкжидек пен қара өрік қосылған смузи

Мүкжидек пен қара өрік қосылған смузи

Даярлау үшін қажет болатын заттар:

  • көк бананның жартысы;
  • 75 г мүкжидек;
  • 35 г итбүлдірген;
  • жарты стакан кокос сүті;
  • 75 г қара өрік;
  • безендіру үшін гүлшетеннің сабағы және 5 г жидек (мүкжидек немесе итбүлдірген).
Қара өрік — клетчатканың, органикалық қышқылдар мен антиоксиданттардың көзі. Мүкжидекте пектиндер – зат алмасуды тұрақтандырғыштар көп. Итбүлдірген де пайдалы антиоксиданттарға бай.

Құрамдас заттарды араластырып, стаканға құйып, гүлшетен мен жидектермен безендіріңіз.
Сіз жас, сондай-ақ тоңазытылған жидектерді пайдаланып отырсаңыз болады. Бананның көгі қажет: себебі онда калория аз, оның есесіне калий мен С дәрумені көп. Жеміс сондай-ақ тағамдық талшықтарға, мырышқа, фосфорға, А провитаминіне бай.

Жидектер, қызылша мен асжапырақ қосылған смузи

Жидектер, қызылша мен асжапырақ  қосылған смузи

Құрамдас заттар:

  • жас ананастың үштен бір бөлігі;
  • суға піскен қызылшаның жартысы;
  • 35 г таңқурай;
  • 45 г көкжидек;
  • 45 г қара қарақат;
  • 2 шай қасық анар дәндері;
  • көк алманың жартысы;
  • 25 г асжапырақ;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • безендіру үшін — 5 г таңқурай мен анар дәндері.
Асжапырақ — құрамындағы ақуыздың жоғары мөлшерінің арқасында өте құнарлы көкшөп. Ол сондай-ақ йодқа, калий, марганец пен темірге бай. Сүйек пен қан айналымына пайдалы. Вегетариандық рационда таптырмайтын өнім.

Даярлау әдісі:

  • Ананас пен алманы аршып тураңыз.
  • Қызылшаны тураңыз.
  • Барлық құрамдас заттарды блендерге салып араластырыңыз.
  • Стаканға құйып алып, жидектермен безендіріңіз.

Брокколи, асжапырақ пен жемістер қосылған смузи

Брокколи, асжапырақ  пен жемістер қосылған смузи

Сізге қажет болатын заттар:

  • брокколи гүлшоғырының үштен бір бөлігі;
  • 1 көк алма;
  • 1 апельсин;
  • сәбіздің жартысы;
  • авокадоның жартысы;
  • 75 г асжапырақ;
  • NUTRILITE™ инулинмен тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • 1 шай қасық көк матча;
  • дәміне қарай тұз;
  • безендіру үшін — жебірдің сабағы және 5 г асқабақ дәні.
Брокколи — дәрумендер мен минералдардың көзі. Ол ағзадан еркін радикалдардың сыртқа шығуына және бассүйек ішіндегі қысымның реттелуіне қатысады, жадыны, көз бен терінің саулығын жақсартады.

Даярлау әдісі:

  • Алманы, апельсинді, сәбізді және авокадоны аршыңыз. Алманың өзегін ойып алыңыз, авокадоның сүйегін алып тастаңыз.
  • Көкөністер мен жемістерді турап, блендерге салып араластырыңыз.
  • Стаканға құйып, жебір мен асқабақ дәндерін қосыңыз.

Зімбір, йогурт және фейхоа қосылған қияр коктейлі

Зімбір, йогурт және фейхоа қосылған қияр коктейлі

Сізге қажет болатын заттар:

  • 1 жас қияр;
  • 3-4 г зімбірдің жас тамыры;
  • 2 фейхоа;
  • авокадоның жартысы;
  • лаймның төрттен бір бөлігі;
  • 10 г жас жалбыз;
  • 2 г жас чили бұрышы;
  • 5 г қызыл пияз;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • 60 г табиғи майсыз йогурт;
  • дәміне қарай тұз бен стевия;
  • безендіру үшін — 0,5 шай қасық зығыр мен аскөк дәндері, қиярдың жартысы.
Чили бұрышы ас қорытуға ықпал етеді, зат алмасу процестерін жандандырады, ағзаны тазартады, бауыр мен бүйректің жұмысын қолдайды.


Даярлау әдісі:

  • Зімбірдің тамырын аршыңыз.
  • Чили бұрышының дәндерін алып тастаңыз.
  • Лаймның шырынын сығып алыңыз.
  • Қиярды, авокадо, қызыл пияз бен фейхоаны тураңыз, қалған құрамдас заттарды қосып, блендерге салып араластырыңыз.
  • Стаканға құйып алыңыз.
  • Қиярдың жартысын слайстарға арнап тураңыз.
  • Сусынды слайстармен, зығыр мен аскөк дәндерімен безендіріңіз.

Банан мен жидектер қосылған смузи

Банан мен жидектер қосылған смузи

Құрамдас заттар:

  • 1 көк банан;
  • кивидің жартысы;
  • 100 г мүкжидек;
  • 100 г қара қарақат;
  • 200 мл кокос сүті;
  • 50 г таңқурай;
  • 30 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • 3 г көгілдір матча;
  • безендіру үшін — 5 г таңқурай мен жалбыздың сабағы.
Кокос сүті пайдалы май қышқылдарымен қанықтырылған. Ол АІЖ жұмысына ықпал етеді, ағзаны нәрлендіріп тазартады, гормондардың теңгерімін қалпына келтіреді. Дене келбетін түзетуге арналған өте маңызды өнім.


Қалай даярланады:

  • Бананды бірдей 4 бөлікке бөліңіз.
  • Бананның жартысын, кокос сүті мен протеиннің жартысын, матчаны, мүкжидекті, қарақатты блендерге салып араластырыңыз. Стаканға құйып алыңыз — бұл бірінші қабат.
  • Кивиді аршып тураңыз.
  • Қалған құрамдас заттарды блендерге салып араластырыңыз, стакандағы бірінші қабаттың үстіне құйыңыз.
  • Таңқурай мен жалбызбен безендіріңіз.

Фейхоадан даярланған смузи

Фейхоадан даярланған смузи

Сізге қажет болатын заттар:

  • 2 фейхоа;
  • 2 киви;
  • 150 мл табиғи майсыздандырылған йогурт немесе айран;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • 1 шай қасық бал.
Фейхоа — калориясы төмен жеміс, ол тойымды болып келеді, сол себептен көп жағдайларда салмақ тастау бағдарламаларына енгізіліп отырады. Ол дәрумендермен қанықтырылған, антиоксиданттық, қабынуға қарсы және микробқа қарсы қасиеттерге ие.


Даярлау:

  • Киви мен фейхоаны аршып, ұсақтап тураңыз.
  • Жемістерге бал мен йогурт (немесе айран) қосып араластырыңыз.
  • Стаканға құйып алыңыз.

Сусында ашыған сүт өнімі бар, оны даярлай салысымен бірден тұтынып тауысу керек. Қоспа ертеңгілік ас ретінде тұтыну үшін керемет тағам болып табылады.

«Сәбізді — люкс» коктейлі

Сәбізді — люкс" коктейлі

Сусынды әзірлеу үшін қажетті заттар:

  • 1 сәбіз;
  • лимон тілімі;
  • асжапырақ сабағы;
  • бананның жартысы;
  • 1 стакан су;
  • 2 ас қасық мейіз;
  • алғашқы сығымдаудан алынған 1 шай қасық зәйтүн майы;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар қалташасы;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • жарты стакан бадам сүті;
  • безендіру үшін — ұсақталған грек жаңғағы мен асжапырақтың сабағы.
Сәбіз иммунитетті нығайтып, ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді және қандағы қанттың деңгейін реттейді. Ол ағзаның тазаруына ықпал етеді, бұл әсіресе арыған кезде маңызды.


Қалай даярланады:

  • Мейізді үстіне қайнап тұрған су құйып, бөрттіріп алыңыз.
  • Банан мен сәбізді аршып, ұсақтап тураңыз.
  • Араластырып, стаканға құйып алыңыз, бетіне асжапырақ пен грек жаңғағын сеуіа безендіріңіз.

Лимон мен зімбір қосылған смузи

Лимон мен зімбір қосылған смузи

Сізге қажет болатын заттар:

  • ұзындығы 2 см зімбірдің жас тамырының кесегі;
  • 350 г майсыздандырылған айран немесе табиғи йогурт;
  • лимон немесе лаймның жартысы;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа.
Зімбір қан айналымын жылдамдатады, зат алмасуға жағымды әсерін тигізеді, сол себептен диеталық рецептерге жиі енгізіліп отырады.


Даярлау кезеңдері:

  • Лимон немесе лаймның шырынын сығып алыңыз.
  • Лимон (лайм) қабығын немесе зімбір ұсақ үккішпен үгітіп алыңыз.
  • Цитрустың шырынын, ұсақталған лимон (лайм) қабығы мен йогурт (немесе айранды) араластырып алыңыз.
  • Стаканға құйып алыңыщ.

Авокадо мен сәбіз шырыны қосылған смузи

Авокадо қосылған смузи

Құрамдас заттар:

  • 1 авокадо;
  • бір ас қасық құрғақ зімбір;
  • бір ас қасық лимон шырыны;
  • 200 мл сәбіз шырыны;
  • 0,5 шай қасық куркума;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • Дәміне қарай теңіз тұзы және кайен бұрышы.
Авокадо салмақ тастау үшін мінсіз, себебі тәбетті бәсеңдету қасиетіне ие.


Даярлау әдісі:

  • Құрамдас заттардың барлығын блендерге салып араластырыңыз.
  • Көпіршігенше араластырып алыңыз.
  • Стаканға құйып алыңыз.

Қияр мен табаско қосылған смузи

Қияр мен табаско қосылған смузи

Сізге қажет болатын заттар:

  • 250 г жас қияр;
  • 250 мл табиғи майсыз йогурт;
  • 70 г балдыркөк;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • дәміне қарай бұрыш және теңіз тұзы;
  • дәміне қарай табаско тұздығы.
Қияр ағзаның тазаруына, қышқылдық теңгерімнің және зат алмасудың қалпына келуіне ықпал етеді. Құрамында клетчатканың көп мөлшерде болуының арқасында ішектің жұмысына жағымды әсер етеді.


Даярлау әдісі:

  • Қиярды аршыңыз.
  • Қияр мен балдыркөкті ұсақтап тураңыз.
  • Құрамдас заттарды блендерге салып көпіршігенше араластырып, стаканға құйып алыңыз.

Қияр, авокадо және асжапырақ қосылған смузи

Қияр, мен авокадо қосылған смузи

Коктейль даярлау үшін қажет болатын заттар:

  • 1 жас қияр;
  • жас авокадоның жартысы;
  • асжапырақтың 3 таяқшасы;
  • жарты лимонның шырыны;
  • сарымсақтың 1 түйірі;
  • күнзенің шоғыры;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • дәміне қарай тұз;
  • дәміне қарай тартылған қызыл және қара бұрыш.
Балдыркөкте ас қорытудың қалыпқа келуіне ықпал ететін дәрумендер мен клетчатка көп. Өнім мидың жұмысын жақсартып, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.


Қалай әзірленеді:

  • Қияр мен авокадоны аршыңыз, авокадоның сүйегін алып тастаңыз.
  • Көкөністерді ұсақтап тураңыз.
  • Құрамдас заттарды блендерге салып көпіршігенше араластырып.
  • Бокалдарға құйып алыңыз.

Қияр, қызанақ және кимчи тұздығы қосылған смузи

Қияр мен қызанақ қосылған смузи

Құрамдас заттар:

  • 200 г жас қияр;
  • 1 қызанақ;
  • жарты лимонның шырыны;
  • бір ас қасық ферменттелген майбұршақ тұздығы;
  • бір ас қас ащы кимчи тұздығы;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • дәміне қарай тұз және тартылған қара бұрыш;
  • дәміне қарай су.
Қызанақ зат алмасуды жылдамдатады және ағзаның тазаруына ықпал етеді. Оның құрамында артық салмақпен күресуде қажет болатын қанықтырылмаған май қышқылдары бар.


Даярлау әдісі:

  • Қиярды аршып, ұсақтап тураңыз.
  • Құрамдас заттардың барлығын араластырып, дайын болған коктейльді порцияларға бөліп құйыңыз.

Зімбір, бал және көк шай қосылған смузи

Зімбір мен бал қосылған смузи

Сізге қажет болатын заттар:

  • 0,5 л сүт;
  • 1 қантталған зімбір;
  • 2 ас қасық бал;
  • көк шайдың бір қалташасы;
  • 20 г NUTRILITE™ протеин ұнтағы;
  • NUTRILITE™ тағамдық талшықтар салынған қалташа;
  • бір шымшым даршын;
  • бір шымшым кардамон;
  • 2-3 бүтін қара бұрыш;
  • 1 қалампыр.
Дәмдеуіштердің қоспасы ас қорытуға ықпал етеді. Кардамон майларды жақсырақ ыдыратуға көмектеседі. Даршын зат алмасуды жылдамдатады, ағзаны токсиндерден тазартады. Қалампыр тәбетті бәсеңдетеді. Бұрыш майларды ыдыратады және зат алмасуды күшейтеді.

Даярлау әдісі:

  • Сүтті плитаға қойып ысытыңыз.
  • Бал, шай, даршын, кардамон, бұрыш және қалампыр қосыңыз.
  • Қоспаны бір қайнатып алыңыз.
  • Плитадан алып, сүзіңіз.
  • Аздап суығанын күтіп, тағамдық қоспаларды қосып, блендергмен араластырыңыз.

Жеміс-жидектерді тұтыну мықты иммунитет пен өмірлік тонусты сақтап отыруға көмектеседі. Бұл жағдайда кейбір маңызды өнімдердің (мысалы балдыркөктің немесе ақжелкеннің дәмі) ұнамауы мүмкін. Алайда жеміс-көкөніс қоспаларының құрамында дәмдердің барлығы ерекше реңге ие болады және осының барлығы эксперимент жасап отыруға мүмкіндік береді. Біздің рецептілеріміздің арасынан өз рационыңызға лайық келетінін табасыз деген сенімдеміз.

*NUTRILITE™ ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды. Қабылдауға болмайтын жағдайлар бар. Маманмен кеңесіңіз.

**Тағамдық өнім. ББҚ болып табылмайды.

***Тауарлар таусылып қалуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтында танысуға болады


Сондай-ақ біліңіз: