Ауыз қуысының күтімі

Демнің тазалығы, әдемі жымиған қалпыңыз, жақсы ас қорыту және мықты иммунитет көбінеки ауыз қуысының жағдайына байланысты болып келеді. Ауыз қуысын қалай дұрыс күту керектігі жайлы және күнделікті гигиенаға не кіруі тиіс екендігі жайлы айтамыз.

Дұрыс гигиена дегенімін не

Ауыз қуысын күтудегі негізгі міндет — микробиомның, яғни ауыз қуысы микрофлорасының салауатты теңгерімін қолдау.

Тұрақты микрофлора микроорганизмдердің 700 астам түрін қамтиды. Олардың арасында пайдалы микроорганизмдер болады: олар ас қорыту процесіне қатысады, ағзаны инфекциядан қорғап және басқа да қажетті функцияларды орындайды. Алайда зиянды микроорганизмдер де бар, олар эмальді зақымдап қызыл иектің қабынуын тудыруы мүмкін.

Патогенді микробтардың көбеюін тежеп отыру үшін тісті тіс қағынан мерзімді түрде тазалап отыру қажет. Ол үшін қарапайым гигиена ережелерін ұстанып отырған жеткілікті:

  • Күніне екі рет — ауыз қуысына кешенді күтім жасау;
  • Күні бойы тамақтан кейін — ауызды шайып, тіс тазалайтын жіпті, тазартқыш-спрейді қолданып отыру;
  • Жартыжылда бір рет — тіс дәрігерінің тексеруінен өтіп отыру.

Ауыз қуысына мерзімді, жүйелі түрде күтім жасап отыру керек, бұл жағдайда күтім жасаудың дұрыс техникасын ұстанып отырған маңызды.

Ауыз қуысын қалай күту керек

Тісті ертеңгісін және кешкісін тазалап отыру керек:

  • ертеңгісін — ояна салысымен немесе ертеңгілік астан кейін,
  • кешкісін— ұйықтар алдында.

Бұл жағдайда тісті пастамен тазалаған жеткіліксіз. Микробтар тісте ғана емес, сондай-ақ тістің арасында, қызыл иектер, таңдайда, тілде жиналып отырады. Барлық қақты бір ғана щеткамен кетіру мүмкін емес, гигиеналық құралдардың кешенін: шайғышты, жіпті және басқа да өнімдерді пайдаланып отыру керек.

Ауыз қуысын ертеңгісін және кешкісін келесі сұлба бойынша күтіп отыру керек:

  • 1-қадам — ауыз қуысын тазарту: тіс щёткасы мен пастамен тазалау, қызыл иекке щёткамен жеңіл массаж жасау, тілді, таңдайды және ұртты тазалау, пастаны кетіру үшін сумен шаю;
  • 2-қадам — тістің арасын тіс тазалайтын жіппен тазалау;
  • 3-қадам — щётка мен жіппен тазалаумен кетпеген бактерияларды кетіру және тіс қағын бейтараптандыру үшін шайғышты пайдалану.

Орташа есеппен алғанда тіс қағы тісті тазалағаннан кейін 4–12 сағаттан кейін түзіледі. Бактериялардың белсенділігі тәтті сусындарды, көмірсулы тағамдарды тұтынған жағдайда артып отырады. Сол себептен ауыз қуысының тазалығын күні бойы қамтамасыз етіп отыру керек. Бұл жағдайда шайғыштар, тіс тазалайтын жіп, демді тазартатын спрейлер көмекке келеді.

Бір желінің гигиеналық құралдарын қолданып отырыңыз — сонда өнімдердің барлығы бір-бірінің әсерін күшейтіп және толықтырып отыратын болады.

Ауыз қуысына кешенді күтім жасаудың мысалы — Glister™. Желіге күнделікті гигиенаға қажетті өнімдердің* барлығы кіреді:

  • фторы бар тіс пастасы,
  • тіс щёткасы,
  • тіс тазалайтын жіп,
  • шайғыш,
  • спрей-дем тазартқыш.

Glister™ өнімдері ғылыми зерттеулерге сүйенімен әзірленген күтімі жұмсақ формулаларға негізделген. Олардың құрамына өсімдік тектес құрамдас заттар кіреді: мысалы, Nutrilite™ органикалық фермаларында өсірілген ащы жалбыз.


Система Glister

Гигиена құралдары

Күтім барынша тиімді болу үшін сіздің жеке басыңыздың ерекшеліктерін ескеретін және барынша көп функцияларды атқаратын өзіңізге лайық келетін гигиена өнімдерін таңдап алу қажет. Мұны қалай жасауға болатынын және таңдаған кезде неге көңіл бөлу керек екендігін көрейік.

Пастаны таңдау

Тіс пастасы кешенді күтімді қамтамасыз етуі тиіс: ол тіс қағын кетіріп, тістің эмалін ағартып, қалпына келтіріп, нығайтып отыруы тиіс. Glister™ тіс пастасы көп функционалды және фторы бар тіс пастасы:

  • Тіс қағын кетіреді;
  • Эмальді жұмсақ ажарлайды;
  • Шай, кофе және темекінің дақтарын кетіреді;
  • REMINACT™ минералсыздандыру кешенінің арқасында бастапқы тісжегіні жоюға көмектеседі;
  • Демді тазартады.

Өнімнің тағы бір жағымды қасиеті — сапалы құрамы: пастаның құрамында спирт, қант, парабендер, асқын тотық және жануар тектес құрамдас заттар жоқ.

Щётканы таңдау

Щётканы таңдаудың басты критериі — қатқылдық:

  • Жұмсақ щёткалар эмалі сезімтал адамдарға келеді;
  • Қатқыл щёткалар кофе мен темекінің дақтарын жақсы кетіреді, алайда үнемі қолданған жағдайда эмальді зақымдауы мүмкін;
  • Қатқылдығы орташа щёткалар — күнделікті ауыз қуысының күтіміне арналған әмбебап нұсқасы.

Glister™ жүйесінде қатқылдығы жұмсақ және орташа щёткалар қолжетімді. Ерекше конструкциясы тіс қағының 84% дейін кетіруге мүмкіндік береді [1]. Щётканың басының сырт жағында тілді тазалауға арналған қондырма орналасқан.

Тісті қалай дұрыс тазалау керек

Келесі техниканы қолданып отырыңыз:

  1. Тістің сыртқы бетін тазалау: щётканы 45 градусқа еңкейтіп, эмальді қызыл иектен тістің ұшына қарай «сыпырып» қозғалыңыз;
  2. Тістің ішкі беті тура сондай қимылмен тазартылады;
  3. Шайнау бетін тазалау — қайтарымды-ілгерілемелі қимылмен орындалады.

Біржолғы тазалаудың уақыты — кемінде екі минут. Щёткаңызды күтіп ұстауды ұмытпаңыз: әрбір қолданып болған сайын сумен шайып және үш ай сайын жаңасына айырбастап отырыңыз.

Тіс тазалайтын жіпті таңдау

Таңдаған кезде келесі ерекшеліктерін ескере отырыңыз:

  • Жіп жеңіл сырғып отыруы тиіс,
  • Тіс қағын тиімді кетіруі тиіс,
  • Қызыл иекті жарақаттамауы тиіс.

Мысалы, көп функционалды Glister™ тіс тазалауға арналған жібі табиғи балауызбен қапталған және жазық таспа тәрізді пішінге ие. Мұндай шешім жұмсақ күтімді, тіс қағының 68%-на дейін кетуін және қызыл иекке жұмсақ массажды қамтамасыз етеді [2].

Жіпті қалай қолдану керек

Тіс тазалайтын жіпті қолданбаған жағдайда сіз тіс бетінің 40%-на дейінгі бөлігін тазармаған қалпында қалдырасыз. Сол себептен жіпті күнделікті қолдануды ережеге айналдырыңыз. Қолдану техникасы:

  • Жіптің 30–40 см-ін үзіп алыңыз,
  • Сұқ саусақтарыңызға орап алыңыз,
  • Созып тіс аралығындағы саңылауға енгізіңіз,
  • Жіпті тістің бүйір жақ бетіне қысып, баяу түрде жоғары-төмен қозғалыңыз,
  • Қолданған сайын жіпті бір саусағыңыздан екінші саусағыңызға ауыстырып орап отырыңыз.

Шайғышты таңдау

Шайғыш бактериялардың көбеюін бәсеңдетеді және тіс қағының түзілуін баяулатады. Құралды таңдаған кезде оның тиімділігін, құрамы мен жұмсалу мөлшерін – қаптамасының ұзаққа жету-жетпеуін бағалау керек.
Мысалы, көп функционалды Glister™ ауыз қуысын шайғышы зиянды микроорганизмдердің 99%-ына дейін кетіреді және микрофлораның сау теңгерімін қолдайды [2]. Құралдың құрамында спирт жоқ, ал тіс қағымен CPC антисептикалық қоспаның — цетилпиридиний хлоридінің арқасында күреседі.

Концентрацияланған формула су қосуға арналған, бұл бір құтының ішіндегі құралды 100 рет қолдануға мүмкіндік береді.

Шайғышты қалай қолдану керек

Glister™ тіске арналған көп функционалды шайғышының мысалында қолдану тәртібі:

  • Помпаны 4 рет басып, концентратты қалпақшаға сығып алыңыз,
  • Нұсқаулыққа сәйкес өлшеу сызығына дейін су қосыңыз,
  • 30 секунд бойы шайыңыз.

Тісіңізді тазалаған сайын қолданып отырыңыз.

Спрейді таңдау

Егер күні бойы деміңізді тазарту қажет болса, ауыздың иісін мұз кәмпит сорып және сағыз шайнап басудың қажеті жоқ. Одан да гигиена құралдарын — микробтарды өлтіретін және эмальді зақымдамайтын арнайы спрейлерді қолданған дұрыс.
Спрейді құрамы мен қаптамасының форматына қарай таңдау керек: құрал ықшам және қолдануға ыңғайлы болуы тиіс.
Жалбыз иісі бар Glister™ ауыз қуысына арналған дем тазартқыш-спрей жағымсыз иіс пен тіс жегіні [4] тудыратын бактериялардың 99,99% дейін кетіреді [3]. Құрамында жасанды бояуыштар мен қанттар жоқ. Қаптамасы 223 ретке дейін бүркуге жететін 14 мл құты түрінде болып келеді.

Спрейді қалай қолдану керек

Құтыны тігінен ұстап, құралды бүркіңіз. Бір рет қолдану үшін бір мәрте басқан жеткілікті.

*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген бейнелері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com.сайтынан танысуға болады.

Сондай-ақ мынаны біліңіз:

Дереккөздер:

  1. ORMED Institute for Oral Medicine at the University компаниясы жүргізген №2021-6 механикалық тазалауды зерттеу.
  2. Department of Biomedical Sciences and Comprehensive Care Indiana University School of Dentistry компаниясы жүргізген In vitro микробқа қарсы белсенділігін зерттеу.
  3. StarLims компаниясы жүргізген In vitro микробқа қарсы белсенділігін зерттеу.
  4. StarLims компаниясы жүргізген In vitro микробқа қарсы белсенділігін зерттеу.