Протеин: бұл не және ол ағзаға не үшін қажет

2022 жылдың 4 тамызы

Тағамдық протеиндер өздерінен тұратын аминоқышқылдар – бұл ағзаның меншікті ақуыздарын құрастыруға арналған «кішкентай кірпіштер». Олардың ағзадағы тапшылығы хал-жағдайдың нашарлауына, қалпына келу процестерінің баяулауына, ал балалар мен жасөспірімдердің дамуының тежелуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Протеин дегеніміз не?

Протеин деп таза түріндегі ақуыздар аталады. Олар көбінеки жануар тектес тамақ өнімдерінде болып отыруы мүмкін, алайда өсімдік тектес өнімдерінде де кездеседі. Бұл метаболизм үшін өмірлік маңызы бар басты нутриенттердің бірі. Онсыз жасушалар жұмыс істей алмайды.

Протеин деп сондай-ақ рациондағы ақуыздың тапшылығын толтыратын тағамға арналған қоспалар да аталады. Олар спортпен белсенді түрде айналысатын, теңгерімделмеген түрде тамақтанатын, бұлшықеттері әлсіз адамдарға ұсынылады. Протеинді қоспалардағы ақуыздардың мөлшері кез келген жануар тектес өнімдердегі - ет, ақ ірімшік, балық немесе сорпалық өнімдердегі ақуыздардың мөлшерінен едәуір көбірек болып келеді. Алайда оларды бұл шынымен қажет болған жағдайда ғана тұтынып отыру керек. Протеинді қоспалардың әлеуетті пайдасы мен оларды оңтайлы түрде тұтынбаған жағдайдағы ықтимал зиянын салыстырып отырған өте маңызды.

Ақуыздар не үшін қажет?

Олар ағзада ондаған сан-алуан түрлі қызметтерді атқарады:

  • ДНК және РНК молекулаларының құрылуына қатысады, бұл жасушалардағы ақпаратты сақтап және таратып отыруға мүмкіндік береді;
  • жүрек бұлшықетінің, қаңқалық және тегіс (ішкі органдардағы, қан тамырларындағы) бұлшық еттердің жиырылуына көмектеседі;
  • жасушалардың, ұлпалар мен органдардың арасында ақпаратты таратып отырады;
  • зат алмасу процестерін, сонымен бірге инсулиннің, пептидтік гормондар мен үйлестірілген қосылыстардың синтезін реттейді;
  • қорғау функцияларын жүзеге асырады – қан кетудің алдын алу үшін қан ұю процесіне, антиденелер мен иммундық жасушалардың өндірісіне қатысады;
  • каталитикалық қызметті жүзеге асырады: ақуызды молекулалар астың ыдырауы мен игерілуін, ағзаның майлар мен көмірсуларды пайдалануын жылдамдататын ферменттер мен кофакторлардың рөлін атқарып отырады;
  • плазмадағы түрлі заттардың, сонымен бірге дәрумендердің, минералдардың тасымалдануын жүзеге асыруға көмектеседі.
  • құрылыстық және құрылымдық қызметін атқарады: дәнекерлеу ұлпасының (коллаген, эластин талшықтарының), сондай-ақ терінің, қан тамырларының, бұлшықеттердің негізін құрайды.

Ақуыз сонымен бірге спортпен айналысатын және белсенді өмір салтын ұстанатын адамдардың жүйке жүйесінің толыққанды жұмысы үшін де, көңіл-күйдің қалыпты фоны үшін де маңызды.

Протеин сондай-ақ салмақ жоғалту үшін де маңызды: оның тапшылығы тәттіге, ұннан жасалған тағамдарға құмарлықты тудырады. Физикалық еңбекпен айналысатын адамдарда немесе спортшыларда, сондай-ақ қарт адамдарда ақуыздың тапшылығы кезінде күші мен төзімділігі төмендейді.

Алмастырылмайтын 20 аминоқышқылдың барлығының – қарапайым ақуызды компоненттердің түсіп отыруы ағзаның меншікті протеиндерінің түзілуі үшін қажет.

Протеиннің тапшылығы кезінде көптеген процестер нашарлайды:

  • жаңа жасушалардың пайда болуы;
  • бұлшықеттердің қалыптасуы;
  • ферменттер мен гормондардың өндірісі;
  • қоректік заттардың жасушалар мен ішкі ағзаларға жеткізілуі;
  • аурулардан қорғау қызметі;
  • энергия өндірісі;
  • май қорының түзілуі.

Протеинді қоспалар ағзадағы ақуыздың тапшылығын толтыруға көмектеседі. Әсіресе бұл спортпен қарқынды түрде айналысу, бұлшықеттің көлемін арттыру немесе салмақ тастау кезінде қажет.

Протеиннің көзі

Бұлшықетті қалыптастыру үшін

Белсенді жаттығулардың әсерінен бұлшықеттер шамадан тыс артық мөлшерде жүктемеленіп, талшықтар ыдырап отыруы мүмкін. Бұл процестің алдын алу үшін талшықтардың құрамындағы ақуыздарды қалпына келтіретін аминоқышқылдар қажет. Оған қоса, бұлшықеттер ақуыздың мөлшері жеткілікті болмаса өспейді. Сол себептен спортпен айналысатындарға ақуызы бар өнімдер қажет. Мысалы, протеинді коктейльдер ішіп отыруға болады. Және егер де оның тағамдық көздері жеткіліксіз болса, рационды арнайы қоспалармен толықтыру керек болады.

Салмақ жоғалту үшін

Көпшілігі салмақ жоғалту үшін ашығу керек деп ойлайды. Бұл дұрыс емес: тамақтану қажет, алайда рациондағы калориялардың тапшылығы маңызды. Онда көмірсулар мен майлар аз мөлшерде болып, алайда ақуызды компоненттер көп болып отыруы тиіс. Олар астың төмен калориялылығына қарамастан тойымды болып келеді және тоқтық сезімін ұзақ уақытқа сақтайды, артық салмақтан проблемалық аймақтардағы май түзілімдерінен құтылумен, күйзеліссіз біртіндеп арылып отыруға көмектеседі.

Салмақ тастау кезінде ағзаны дәл осы ақуыз жеткілікті мөлшерде энергиямен қамтып, оның жұмыс қабілеттілігін қолдап, өзінің салдарынан тиімді ару және май ыдырау соншалықты қиынға соғып отыратын ағзаның энергияны төтенше үнемдеу режиміне көшуіне мүмкіндік бермейді.

Алайда тамақтану тәртібін өзгертуді физикалық жүктемемен үйлестіріп отырған маңызды, мұнсыз сымбатты мүсінге қол жеткізе алмайсыз.

Ет, протеин

Протеиннің түрлері

Протеинді алу үшін қандай шикізаттың және қандай өндіріс технологиясының қолданылып отырғанына байланысты өнім төмендегідей үш түрге бөлінеді, олар:

  • Сарысулы протеин, ол сүт сарысуынан алынады. Әдетте оның құрамында сондай-ақ майлар мен лактоза болып отырады, сол себептен ол бұлшықет көлемін жинап жүрген спортшылардың тұынуы үшін көбірек лайық келеді;
  • казеин – сүт ақуызы, ол ұзақ уақыт бойы игеріледі және ас қабылдауды алмастырып отыра алады, әсіресе ұйықтар алдында қабылданса;
  • гидролизат – қоспасыз тазартылған ақуыз, ішінара пептидтерге ыдыратылған, ол сиыр етінен немесе сүт сарысуынан алынады;
  • изолят — салмақ тастауға арнап қолдануға келетін тез игерілетін ақуыздарға жатады, себебі онда қоспалар жоқ;
  • майбұршақ протеині: ол өсімдік шикізатынан алынады, себебі ол вегетариандықтардың тұтынуы үшін лайық келеді. Құрамында пайдалы аминоқышқылдар (аргинин, глютамин және т.б.) көп;
  • жұмыртқа протеині — құрамында ақуыздың жоғары мөлшерде болуымен көмірсулар көп емес;
  • сүт ақуыздарының изоляты – бұл казеин мен сарысу протеиндерінің қасиетін біріктіріп отырған өнім.

Тапшылықтың себептері

Кейбір субъективті себептерге байланысты ағзаға ақуыз аспен бірге тым аз мөлшерде түсіп отыруы мүмкін. Мысалы, біреулер ет пен сүт тағамдарын тұтынбайды, енді біреулер жеке басының себебіне орай ақуызды өнімдерден бас тартып отырады. Кейде астан ақуыздың тұтынуға арнап ұсынылған мөлшерін денсаулыққа байланысты әртүрлі проблемалардың, сіңірілудің бұзылуы, шамадан тыс физикалық жүктемелердің немесе қатаң диета ұстанудың қажеттігі салдарынан алып отыру мүмкін болмайды.

Ағзадағы протеин тапшылығының ықтимал себептері

Көбінесе аминоқышқылдар мен ақуызды молекулалардың тапшылығы байқалмайды және көпшілігі проблеманың бар екендігін білмей жатады. Ісінулер пайда болып, бұлшықеттердің көлемі азайып отыруы мүмкін. Кейде ақуыздың тапшылығынан бас пен іште жағымсыз сезінулер, көңіл-күйдің құбылуы, тәттіге деген құмарлық пайда болып отырады. Ақуыздың тапшылығы сыртқы күйге де әсерін тигізіп отыруы мүмкін: шаш пен тырнақ күңгірттенеді, тері құрғайды.

Егер баланың ағзасына аспен бірге ақуыздар аз мөлшерде түсіп отырса, онда баланың дамуы баяулап және иммунитеті әлсіреуі мүмкін. Бала өскен сайын оған соғұрлым сан-алуан түрлі ақуыздар қажет болып отырады.

Ересектерге ақуыздың тапшылығы өмірлік тонустың және физикалық белсенділіктің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Кейде бұлшықеттер мен органдардың жасушаларын құру жұмысы бұзылып отырады.

Егер тапшылық анықталған болса, не істеу керек

Бұл жағдайда диетология мәселелерінен хабардар маманға көрініп және рационға ақуызды тағамдарды немесе протеин ұнтағы түріндегі қоспаларды енгізу ұсынылады.

Ақуыздың тәуліктік нормасы

Ересектерге орта есеппен ақуыздар әртүрлі мөлшерде қажет етіледі:

  • әйелдерге 75–92 г, жүктілік кезінде — 109 г, емшекпен емізу кезінде — 120 г;
  • еркектерге 89–108 г.

Протеин қандай өнімдерде бар?

Шығу тегіне қарай ақуыздар өсімдік тектес және жануар тектес ақуыздар деп бөлінеді. Адамға олардың осы екі түрі де қажет. Ақуызға бай өнімдер — жаңғақтар, жармалар, сүт және сүт өнімдері, ет, құс еті, балық, жұмыртқа. Олардың рационда жеткілікті мөлшерде болып отырғанын қадағалап отыру керек.

Протеин ұнтағы

Егер қосымша ақуыздың қажеттігі туындаған болса, Nutrilite протеинді ұнтағынқолдануға болады. Ол табиғи бұршақтан жасалған және құрамында қоспалар мен ГМО жоқ тек таза ақуыз бар.

Nutrilite™ протеин ұнтағының* өндірісі үшін сары бұршақ қолданылады. Бұл өзінде холестерин жоқ сапалы таза протеиннің табиғи көзі. Бұршақ ГМО-сыз дәндерден Франциядағы NutriCert™ жүйесі бойынша сертификатталған фермада өсіріледі. Бұл фермерлердің экологиялық өсіру принциптерін ұстанатынын көрсетуде. Дәндер мен жиналған өнімдер әлеуетті зиянды заттар мен ластаушылармен өңделмейді. Өндірістің барлық кезеңдері (дәндерді іріктеуден бастап дайын өнімді буып-түюге дейін) Nutrilite™ қадағалану жүйесі бойынша құжаттандырылып отырады және кез келген сәтте әрбір кезең жайлы барлық қажетті ақпаратты білуге болады.

Ақуызды ұнтақты дайын асқа қосып немесе одан протеинді сусын даярлауға болады. Ол үшін 20 г немесе екі ас қасық ұнтақты суға, сүтке, шырынға, басқа сусынға қосып, жақсылап араластырып немесе бір минут бойы аузы жабылған шейкер-стаканға құйып сілкілеу қажет. Ересектерге арнап ұсынылған тұтыну жиілігі — күніне бір рет.

Протеинді қалай дұрыс қабылдау керек?

Протеинді қоспалар порциясының көлемі және оларды қабылдау уақыты өнімнің типіне байланысты. Олардың әрқайсысына арналған олар барынша игеріліп және соған сәйкес пайдасы жоғары болатын қабылдау кезеңдері болады.

Мысалы, қоспалардың сарысу түрлерін жаттығудың алдында және содан кейін қабылдап отыру керек. Изоляттарды – жаттығуға дейін жарты сағат бұрын, Nutrilite™ Протеин ұнтағы** сияқты концентраттарды жаттығу кезінде және солардан кейін қабылдап отыру керек. Казеинді қоспалар бұлшықет көлемін арттыру мақсатында негізгі ас қабылдау мезеттерінің арасындағы және түнге қарсы қабылданады, кешенді қоспалар жаттығуға дейін екі сағат бұрын қабылданады.

Протеинді коктейль

Қандай қарсы көрсетілімдер бар

Ақуызды қоспалар бұлшықет көлемін арттыруға, дене салмағын түзетуге көмектеседі, алайда олардан бас тарту керек болатын жағдайлар да болады.

Мысалы, кейбір формаларын сиыр сүтінің ақуызына төзе алмаушылық болған жағдайда қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда өсімдік тектес протеиндерді – майбұршақ, бұршақ потеиндерін тұтыну керек.

Ақуызды тағамдарды бүйрек және зәр шығару жүйесімен проблемалар болған жағдайда шамадан тыс мөлшерде тұтынуға болмайды. Бұл асқынуларды және хал-жағдайдың нашарлауын тудыруы мүмкін.

Асқазан қышқылдығының төмендеуі протеиннің нашар қорытылып және нашар игерілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл интоксикацияға әкеп соқтыруы мүмкін.

Жүрек пен қан тамырларымен проблемалар, жоғары қан қысымы – бұл да қоспалардан бас тартуға себеп болып табылады, әсіресе егер олар физикалық жүктемелермен біріккен болса.

Есіңізде болсын, денсаулықпен басқа кез келген проблемалар болған жағдайда протеинді қабылдау мүмкіндігін алдымен маманмен талқылап алу қажет.

*NUTRILITE™ ББҮ дәрілік зат болып табылмайды. Қарсы көрсетімдері бар. Маманмен кеңесіңіз.

**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.


Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз: