D дәрумені

D дәрумені

6 маусым 2023

D дәрумені ағзамыздағы ең маңызды дәрумен деп аталады. Оның маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Ол бірқатар маңызды биохимиялық процестерге жауапты:

  • сүйектің, тіс пен тырнақ ұлпасының жасушаларын кальций мен фосфорды қабылдау үшін «ашумен», бұл минералдардың игерілуіне көмектеседі;
  • қандағы қанттың деңгейін қалыпқа келтіреді;
  • зат алмасуды жылдамдатады;
  • қанды тазартатын моноциттерді синтездейді;
  • бірқатар гормондардың синтезделуіне ықпал етеді;
  • нейрондардың арасында импульстардың берілуін жақсартады;
  • эмбрионның дамуына әсер етеді.

Оны дұрыс тұтынған жағдайда сүйек пен бұлшық еттер нығаяды, қанның құрамы жақсарады, шаш пен терінің құрғауы жоғалады, онкологиялық аурулар мен қант диабетінің пайда болу және даму тәуекелі төмендейді, иммунитет, жұмыс қабілеті, назардың шоғырлануы артады, қалқанша тәрізді без бен жүректің жұмысы ретке келеді, қан қысымы реттеледі.

D дәруменінің типтері

D дәрумені немесе кальциферол — биологиялық белсенді заттар тобының — майда ерігіш D1, D2, D3, D4, D5, D6 дәрумендерінің ортақ атауы. Олардың арасында адам үшін пайдалы екі зат бар, олар:

  • эргокальциферол (D2);
  • холекальциферол (D3).

Эргокальциферол ағзаға сырттан түседі. Оның көзі — өсімдік тектес ас (шырындар, дәнді дақылдар, саңырауқұлақ).

Ал холекальциферол ультракүлгін сәуленің әсерімен ағзаның өзінде синтезделіп отырады. Оның «табиғи» дәрумен деп аталуы сол себептен. Сонымен қатар, ол жануар тектес аста болады. Әсіресе оған майлы сұрыпты балықтар, сары уыз, сары май бай болып келеді. Ғылыми зерттеулерге сәйкес Д3 адамның тіршілік әрекетіне 30% белсендірек қатысады, демек, кальциферолдың дәл осы түрі ерекше пайдалы болып табылады және ең алдымен жақсы көңіл-күй үшін жауапты.

D дәруменінің кемшілігі

D дәрумені сағат 11 бастап сағат 14 дейін байқалып отыратын теріге белгілі бір қисаю бұрышымен түскен кезде ағзамен синтезделетіні белгілі. Бұл уақыт балаларда түскі ас немесе ұйқыға, ал ересектерде жұмыста отыруға дәл келіп отыруы мүмкін. Оған қоса, күн ванналарын аракідік емес, күнделікті қабылдап отыру қажет. D дәруменінің деңгейін азайтатын факторлардың арасында сондай-ақ жаз кезінде күннен қорғайтын құралдарды үнемі қолдануды және шылым шегуді және алкогольді шамадан тыс көп мөлшерде тұтынуды атауға болады. Мұның барлығы оның тапшылығына және денсаулыққа жағымсыз зардаптарына әкеп соқтырады.

Ересектерде байқалатын белгілер

D дәруменінің тапшылығын клиникалық және зертханалық зерттеулер арқылы анықтауға болады. Ал дәрігерге көрінудің уақыты келді деген сигналға келесі белгілер айналуы тиіс:

  • созылмалы шаршағыштық;
  • ашуланғыштық, күйгелектілік;
  • үлкен дәретпен проблемалар;
  • ұйқының бұзылуы;
  • тісжегі;
  • көру қабілетінің төмендеуі;
  • сүйектің көлемін жоғалту және сүйектердің сынғыштығы;
  • сүйек пен буындардың сыздап ауруы;
  • желке жағының шамадан тыс терлегіштігі;
  • бұлшық еттің тартылуы, сыздап ауруы;
  • терінің құрғауы, қабыршақтануы;
  • алопеция;
  • тәбеттің нашарлауы, анорексия;
  • артық дене салмағы;
  • тыныс алу жолдары инфекцияларының жиі түрде орын алуы.

Көріп отырғанымыздай, бұл тізімдегі белгілер ерекше сипатқа ие емес. Оларға негізделе отырып нақты диагноз қою қиын. Сол себептен кальциферол авитаминозым бар деп күдіктенетіндерге D 25-гидроксидәруменіне (25 (ОН) D) қатысты талдау тапсыру қажет. Егер сіздің көрсеткішіңіз 30-100 нг/мл диапазонына жатса, алаңдаудың қажеті жоқ. 20-30 нг/мл-ден кем көрсеткіш D дәруменінің тапшылығын білдіреді, ал 10 нг/мл-ден кем көрсеткіш тапшылық деп диагностикаланды және бұл жағдайда дереу шара қабылдау қажет. D дәруменінің әйелдер үшін маңызы жайлы оқыңыз.

Балаларда байқалатын белгілер

Кальциферол эмбрионның дамуына және туа біткен иммунитеттің қалыптасуына қатысады, сол себептен балалар бұл дәруменді туылуға дейін, құрсақта жатқан кезде алып отыруы тиіс. Баланың жас кезінде оның сүйек қаңқасы, тісі мен бұлшық ет корпусы белсенді түрде қалыптасады, бұл үшін D дәруменінің баламалы деңгейі өте маңызды.

Балаларда осы дәруменнің тапшылығы белгілерінің арасында келесі белгілерді атауға болады:

  • шамадан тыс жылауықтық, қозғыштық және ұйқының бұзылуы;
  • өсудің тежелуі;
  • еңбегінің жабылуының бәсеңдеуі;
  • салмақ жоғалту;
  • қатты терлеу, әсіресе ұйқы кезінде;
  • рахит, сүйек жүйесінің өзгеруі (аяқтың қисаюы, бас өлшемінің ұлғаюы, желкесінің жазық болуы, маңдайының тым дөңес болуы).

Балаларға арналған D дәрумені жайлы толығырақ оқыңыз.

Тәуекел топтары

  1. Бауыр, бүйрек және ішек аурулары бар пациенттер. D дәрумені бауыр мен бүйректе іске қосылады, сол себептен осы органдары ауыратын адамдарда бұл процесс бұзылады.
  2. Терісі қаралтқым адамдар. Қаралтқым немесе күнге күйген терідегі меланиннің көп мөлшерде болуы оны УК-сәулелерден қорғайды, бұл синтезделетін холекальциферолдың көлемін азайтады.
  3. Екіқабат және бала емізетін әйелдер. Эмбрионның қалыптасып келе жатқан сүйек қаңқасына көп мөлшерде кальций мен кальциферол қажет — ол оларды анасының ағзасынан алады. Емізген кезде де ағзадағы кальций шайылып отырады, сол себептен бала емізетін аналарға, әдетте, D дәрумені жетіспей жатады және оларға дәруменді кешендерді қабылдау ұсынылады.
  4. 60 жастан асқан адамдар. Жас ұлғая келе ішектің майды сіңіру қабілеті төмендейді, бұл майда еритін D дәруменінің игерілуіне әсер етеді.
  5. Артық дене салмағы. Кальциферол майда еритін дәрумен болғандықтан, бірқатар биохимиялық процестерге қатысып үлгерместен, май ұлпасында еріп отырады. Осылайша, семіз адамдардың D дәруменін қажетсіну мөлшері жоғары болып келеді.
  6. Вегетариандықтар. Бұл олардың рационында құрамында D дәрумені бар жануар тектес астың болмауымен оңай түсіндіруге болады.

D дәруменінің артық мөлшері

Кальциферолдің артық мөлшерінің себебіне түрлі қоспаларды шамадан тыс түрде тұтыну айналуы мүмкін. Бұл жағдайда гипервитаминоз, яғни өзінде D гидроксидәруменінің көрсеткіші 100 нг/мл-ден асатын күй туындайды.

Кальцийдің тұздары бұлшық еттерде, ішкі органдарда, теріде жинала бастайды, бұл олардың жағдайы мен жұмысына жағымсыз әсерін тигізеді. Гипервитаминоз көру қабілетінің төмендеуіне, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне және тастардың пайда болуына әкеп соқтырады.

Кейбір жас аналардың ББҚ-ларды шамадан тыс мөлшерде тұтынуы баланың ағзасында кальциферолдың артық мөлшерін тудыруы мүмкін. Сол себептен баланы емдеу және оған арнап дәрі-дәрмектерді таңдау педиатрдың тағайындауы бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Ол жаңа туған нәрестенің сыртқы күйін, сондай-ақ оның қоректену типін ескере отырып, қандай қоспаны және қанша мөлшерде тағайындау керектігін анықтайды. Мысалы, егер сіз балаңызды сүт қоспаларымен тамақтандыратын болсаңыз, онда D дәрумені олардың құрамында қажетті мөлшерде бар, демек, оның тапшылығының алдын алу үшін ешнәрсе жасаудың қажеті жоқ. Ал ана сүтінде әсіресе қыс кезінде бұл дәруменнің мөлшері тапшы болуы мүмкін.

Балалар мен ересектердің арасында кальциферолдың шамадан тыс мөлшерде болу белгілеріне мыналар жатады:

  • ұйқысыздық;
  • жиі несеп төгу, іш өту және құсу;
  • терідегі бөртпелер;
  • бұлшық еттің тартылуы;
  • ашуланғыштық.

Сонымен қатар, балалаларда D дәруменінің артық мөлшерде болуы басқа аурулардың белгілерін бұрынғысынан айқындай түседі. Терінің бөртуін немесе сұйық үлкен дәрет кейде D дәруменіне аллергия деп қабылданып отырады. Шындығына келгенде бұл жай ғана мөлшерін асырып тұтыну, ол бауырдың жұмысын бұзып, аллергиялық реакцияларға ұқсас реакцияларды тудырады.

Повысить уровень витамина D

Ағзадағы D дәруменінің деңгейін қалай арттыруға болады

Ағзадағы кальциферолдың мөлшерін күн ванналарын қабылдаудың немесе УК-шамдарының арқасында, сонымен бірге Д дәруменіне бай асты немесе NUTRILITE™ D дәрумені* биологиялық белсенді тағамдық қоспаларын тұтынудың арқасында арттыруға болады.

NUTRILITE™ D дәрумені биологиялық белсенді қоспасы жайлы көбірек біліңіз



Ультракүлгін сәулелер

D дәруменінің деңгейін арттырудың ең қарапайым әрі табиғи әдісі — күннің астында көбірек жүру. Күн сәулесінің ультракүлгін спектрі үш фракциядан тұрады, олар: УК-А, УК-В және УК-С. Холекальциферолдың синтезі үшін В-фракцияның сәулелері қажет, олар шыны терезеден өтпейді. Сол себептен оларды тек қана таза ауада ұстау ұсынылады. Сонымен бірге бұлт пен қала түтінінің ултьтракүлгін сәуленің 50%-ына дейін ұстап қала алатынын естен шығармау керек.

Профилактикалық мақсаттарда күн сәулесінің ваннасын қабылдаудың ең аз уақыты күнделікті сағат 11 бастап сағат 14 дейін 20-30 минутты құрап отыруы тиіс. Өкінішке орай, діл осы сағаттарда күнге күю ықтималдығы аса жоғары болып келеді. Ал SPF факторы 8 бірліктен көп күннен қорғайтын құралдарды қолдану D дәруменінің өндірісін бұғаттайды. Сол себептен мұндай күнге күюдің қаупі пен пайдасын салыстырып отыру қажет.

Егер күннің астында жүруге мүмкіндік болмаса, солярийді қолдануға болады. УК-шамдарының сәулелері күн сәулелеріне барабар емес, дегенмен де табиғи ультракүлгін сәуленің тапшылығын жартылай толтырады. Алайда солярийді ем ретінде шамадан тыс мөлшерде пайдалану терінің мерзімінен бұрын қартаюын, қара дақтардың және тіпті меланоманың пайда болуын тудыруы мүмкін.

Д дәрумені қандай өнімдер бар?

Продукты богатые витамином Д

Д дәрумені қандай өнімдер бар?

  • балықтың майы;
  • нәлімнің бауыры;
  • құнысбалық және басқа да майлы балық;
  • қара уылдырық;
  • жұмыртқаның сарыуызы;
  • ешкінің сүті;
  • сары май;
  • қатқыл ірімшіктер.


Кестеде холекальциферолға бай өнімдер көрсетілген.

Өнім (100 г) D дәруменінің мөлшері ( мкг)
Балықтың майы 250-350
Нәлімнің бауыры 100-200
Құнысбалық, ақсерке, скумбрия, кета, майшабақ, бақтақ, жыланбалық, сүтіл 10-30
Қара уылдырық 8
Жұмыртқаның сарыуызы 7,7
Ешкінің сүті 1,3
Сары май 1,5
Қатқыл ірімшіктер 1

ББҚ-лар

Өкінішке орай біздің тіршілік салтымыз астағы пайдалы заттардың көлемін қадағалап және теңгерімделген рацион құрастырып отыруға әрдайым мүмкіндік бере бермейді. Бұл жағдайда Amway ұсынған сан-алуан түрлі дәруменді кешендерді қабылдап отыруға болады, олар кальциферолдың тәуліктік теңгерімін нормада ұстап отыруға көмектеседі.

NUTRILITE D дәруменімен Омега-3 балаларға арналған желеден жасалған пастилкалар түрінде болып келеді, олар оңай жұтылады, жылдам ериді, жақсы игеріледі және ауызда өзінен кейін жағымсыз дәм қалдырмайды. Бір пастилка D дәруменінің бір күндік нормасының 80% дейінгі мөлшерін қамтиды.

Балаларға арналған NUTRILITE шайналатын пастилкаларының құрамында баланың қарқынды өсуіне қажетті кальций, магний және D дәрумені бар. Бір пастилкада кальциферолдың бір күндік нормасының шамамен 30%-ы қамтылған.

NUTRILITE кальций, магний, D дәрумені кешені — ересектерге арналған биологиялық белсенді қоспа.

Кальцийді тұтыну оның біз күтіп отырған жерге – сүйек ұлпасына баратынына кепілдік бере алмайды. Сенімді көмекшілері магний мен D дәрумені болмағанда ол «адасып», қан тамырларының қабырғаларында немесе атеросклеротикалық түйіншектерде шөгіп, сол арқылы жүрек-қан тамырларының асқынуларын жақындатып отыруы мүмкін. Бұл жағдайда кешеннің – үш компоненттің бір мезгілде белгілі бір пропорцияда әрекет етіп отырғаны маңызды. D дәрумен шындығына келгенде дәрумен емес, қандағы кальцидің деңгейін реттейтін прогормон болып табылады. Егер кальцийтым аз болса, ол сүйектің ыдырауына және одан кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Егер D дәрумені кальцийдің жеткілікті екендігін «анықтаған болса», кейінгісін остеобласттар (сүйек жасушалары) жаулап алады. Магний процесті тұрақтандыру үшін қажет. «Ұлы үштік» бізге әдемі шаштарға, мықты сүйектерге, берік тырнақ пен тістерге кепілдік береді.
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы

Бұл препаратты мерзімді түрде тұтыну сүйекті мықты қалпында сақтап және сынулардың тәуекелін азайтады. Препарат егде жастағы адамдарға, сондай-ақ спортпен айналысатын және денесінің иілгіштігі мен қозғалғыштығын сақтап қалғысы келетін адамдарға тұтынуға келеді. Әр таблеткада кальциферолдің бір күндік нормасы қамтылған.

Препараттарды ең төмен бағамен Amway компаниясының сайты арқылы сатып алған ыңғайлы. Өзіңізге қажетті өнімдерді таңдап алып, өз қалаңызға жеткізуді ресімдесеңіз жеткілікті.

Тәуліктік нормасы

Дені сау ересек адам үшін холекальциферолдың қажетті тәуліктік нормасы 15 мкг, немесе 600 ХБ құрайды, бұл оның 100 грамм албырттағы мөлшеріне барабар.

Үш жасқа дейінгі балаларға дәрігерлер рахиттің алдын алу үшін тәулігіне дәруменнің 400 ХБ дейінгі мөлшерін қабылдауды тағайындайды. Үш жастан асқан балалар үшін кальциферолдың профилактикалық мөлшері 600 ХБ құрайды.

Пациенттер мен D3 дәруменінің ұсынылған бір күндік дозасының (ХБ) қатынасы кестеде көрсетілген.

Пациент D3 (ME)
6 айға толмаған бала 400
6-12 айлық бала 400
1-3 жастағы бала 600
4-8 жастағы балалар 600
Жасөспірімдер мен ересектер 600
Екіқабат және бала емізетін әйелдер 800
70 жастан асқан қарт адамдар 800

Рационда D дәруменінің үнемі түрде тапшы болуы бірқатар жағымсыз зардаптарға әкеп соқтырып отырады, олардың арасында:

  • бронхиалды астма;
  • ревматоидтық артрит;
  • онкология;
  • гипертония;
  • сақина;
  • қант диабеті;
  • атеросклероз;
  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары;
  • иммунодефицит;
  • аллергиялар;
  • пародонтоз;
  • мерзімінен бұрын босанып қалу қаупі.

D дәрумені ашылған сәттен бері жүз жылдан астам уақыт өтті. Алайда ғалымдар жыл сайын оның жаңа функциялары және денсаулық үшін маңызы жайлы біліп жатады. Оның тіршілік қызметінің процестерінде атқаратын рөлі өте зор. Сол себептен бұл заттың ағзадағы деңгейін қадағалап отырған маңызды.

* NUTRILITE ™ ББҚ дәрілік заттар болып табылмайды. Қарсы көрсеткіштері бар. Маманмен кеңесіңіз.
** Тауарлардың болуы өзгеруі мүмкін. Тауарлардың ұсынылған бейнелері олардың нақты сыртқы түрінен ерекшеленуі мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны бойынша немесе kz.amway.com. сайтында танысуға болады.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: