Әйелдерге арналған D дәрумені

Әйелдерге арналған D дәрумені

2022 ж. 4 тамызы

Дәрумендер мен минералдар ең алдымен ағзадағы зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Адамға оның жасына, жынысына, денсаулық жағдайына, салмағына, бойына, физикалық белсенділігіне, физиологиялық қажетсінулеріне байланысты осы заттар әртүрлі мөлшерде қажет. Сол себептен дәруменнің тапшылығын және оның аурулардың дамуымен байланысты салдарын болдырмауға көмектесетін нормалар болады. D дәрумені тапшылығының алдын алу — денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі. Әйелдердің денсаулығы үшін бағалы дәрумендердің арасында әлбетте D дәруменінің (кальциферолдың) рөлі ерекше болып табылады, ол екі түрлі формада болып отырады — D2 және D3, олар бауыр мен бүйректе іске қосылып отырады.

Мазмұны

D дәруменінің түрлері — D2 және D3

D3 дәруменін (холекальциферол) «күн шуақты» дәрумен деп атайды, себебі ол теріде ультракүлгін сәулесінің арқасында пайда болады. Ол үшін балалар мен ересектер аптасына бірнеше рет 15–30 минуттай күннің көзі түсетін жерде болып отыру керек. Алайда D дәрумені өзінде теріні қорғау қажет болатын денсаулыққа зиянды уақытта, яғни сағат 11:00 бастап 14:00 дейін қарқынды түрде өндіріліп отырады.

Оған қоса, дәруменнің табиғи түрде игерілуі жас ұлғая келе төмендеп отырады, ал терісі қаралтқым адамдар оны анағұрлым баяу түрде сіңіріп отырады. Пайдалы күн сәулесін қабылдау үшін жағымсыз сәттерге күннен қорғайтын құралдар және қолайсыз экология, мысалы ауаның ластануы айналуда. Сол себептен тіпті жаз айларында холекальциферолды барлығы бірдей және әрдайым қор етіп жинап отыра алмайды.

D2 (эргокальциферол) ағзаға әдеттегі аспен бірге түсіп отырады. Алайда D дәруменіне бай жануар тектес тамақ өнімдерінің түрлері онша көп емес, олар: майлы сұрыпты балық (майшабақ, сардиналар, албырт, скумбрия, тунец, сутіл), қой еті, жұмыртқа (сарысы), сары май, қаймақ, кілегей, қатқыл ірімшік, сиырдың бауыры, теңіз өнімдері, нәлімнің бауыры, қызыл уылдырық, балықтың майы. Дәрумен өсімдік тектес тағамдарда шектелмеген мөлшерде кездеседі, олар: түлкішек саңырауқұлағы, сұлы ботқасы, картоп, апельсин, ақжелкен, брокколи, жаңғақтар, өсімдік майлары.

Пайдалы дәрумен ыдырап кетпеу үшін тағамдарды даярлау ережелерін ұстанып отырған маңызды. Астың ағзаны D2 дәруменімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете алмайтыны да дәлелденген, себебі ол үшін оған бай тағамдарды тым мөлшерде тұтынып отыру керек, оған қоса олардың кейбіреуінде холестерин бар. Оған қоса бұл тізімде жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге 6 айға дейін абайлап тұтынуға кеңес берілетін немесе тұтынуға мүлдем рұқсат етілмейтін өнімдер бар.

D дәруменінің көзі

D дәрумені осыдан 100 жыл бұрын сүйек пен тістің кальций мен фосформен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеуімен күресу үшін қажетті тағам өнімдерін іздеу барысында ашылған болатын. Балық майын қабылдаудың пайдасы дәлелденген болатын, онда А дәрумені көп мөлшерде болып келеді. Алайда, бұл дәруменді бейтараптандыру кезінде балықтың майы өз қасиетін сақтап отырған, бұл зерттеушілерді онда басқа да өмірлік маңызы бар заттар бар деген қорытындыға әкелді. Артынан ашылған дәрумен латын әліпбиінің төртінші әрпінің атауына, яғни D атауына ие болды. Алайда, балық барлық жерде бірдей жеткілікті мөлшерде қолжетімді бола бермеді, ал балық майының өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру уақытты қажет ететін. Сол себептен іздену одан әрі жалғасты. Көп ұзамай астың кейбір түрлерінің пайдалы қасиеттері оған ультракүлгін сәулелерін шашқан жағдайда күшейетіні анықталды. Әрі қарай D дәруменін тірі клеткалар күн сәулесінің әсерімен синтездей алатыны дәлелденді.

D дәруменін зерттеудің екінші толқыны ХХ ғасырдың 80-ші жылдары басталды. Қазір оның тағамдық көзі ретінде мамандар ең алдымен балықтың және сүт өнімдерінің майлы сұрыптарын, сондай-ақ жануар тектес сорпалық өнімдерді атайды[1].

Тамақ өнімдері

D3 дәруменінің мөлшері, ХБ/100г

Нәлімнің бауыры

5000–8000

Майшабақ

294–1678

Сары май

52

Жұмыртқаның сарысы

20 ME в 1 шт.

Кілегей

50

Ірімшік

44

Сиырдың бауыры

15–45

Сиырдың сүтіндегі ақуызға төзімсіздік болған жағдайда D дәруменінің көзі ретінде ешкінің сүтінен жасалған сүт өнімдерін тұтынып отыруға болады. Олар әсіресе жүкті және бала емізетін әйелдерге тұтынуға ерекше ұсынылады [2].

Тест: Астан D дәруменін қанша мөлшерде алатыныңызды біліңіз..

D дәруменінің пайдасы және ол не үшін қажет.

Кальциферол әйел денсаулығына арналған дәрумен деп саналады. Шынымен де, ол әйелдер үшін маңызды. Себебі ол еркектердің ағзасымен салыстырғанда басқа дәрумендер сияқты едәуір артық мөлшерде жұмсалып отырады. Бұл әйел ағзасының ерекшеліктерімен және функцияларымен байланысты: етеккір циклы, жүктілік, босану, бала емізу, климакс. Сол себептен өмірдің әртүрлі кезеңінде D3 және D2 дәрумендерін қажетсіну мөлшері артып отыруы мүмкін. Алайда бастысы — әйелдерге кальциферолдың тапшылығын немесе артық мөлшерін болдырмай, оның баламалы мөлшерін ұстап отыру қажет.

Осылайша, D дәрумені барынша қажет болып табылады, себебі ол:

  1. Қандағы кальций және фосфор сияқты минералдардың деңгейіне жауапты, алдыңғылары өз кезегінде сүйек-бұлшық ет ұлпасының (сүйек, буындар, бұлшық еттер, тіс) сақталуына және нығаюына ықпал етеді.
Кальцийді тұтынудың өзін жеке алғанда бұл оның өзіміз күтетін жеріне, яғни сүйек ұлпасына баратынына кепілдік бере алмайды. Магний мен D дәрумені сияқты сенімді көмекшілер болмаса, ол «адасып» және қан тамырларының қабырғасына немесе атеросклеротикалық түйіншектерде жиналып, сол арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының туындау сәтін жақындатуы мүмкін. Кешен түрінде, яғни бір мезгілде үш компоненттің үшеуі бірдей белгілі бір пропорцияда әрекет етіп отырғаны аса маңызды болып табылады. D дәрумені, ол шын мәнінде витамин емес, прогормон, ол қандағы кальцийдің деңгейін реттеп отырады. Егер кальцийдің мөлшері тым аз болса, ол сүйектің қирауына және одан кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Егер D дәрумені кальцийдің жеткілікті екенін «анықтаса», кальцийді остеобластар (сүйек жасушалары) басып алады.
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы
Дмитрий Семирядов диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы
  1. Тірек-қозғалыс аппараты, сонымен бірге 20 жасқа дейін қалыптасатын дұрыс дене келбеті үшін маңызды.
  2. Иммундық, жүрек-қан тамырлары, эндокринді, гормональді, жүйке жүйелерінің жұмысын бақылайды. Атап айтқанда, туа біткен иммунитеттің деңгейін қолдайды; көмірсулы зат алмасуды реттейтін гормонның (D-гормон) рөлін атқарады, яғни арықтау мәселелерімен тікелей байланысты. Демек, дұрыс зат алмасу үшін және дененің оңтайлы салмағын сақтап отыру үшін маңызды.
  3. 200 астам генді реттейді.
  4. Қабынуға қарсы, ісікке қарсы, иммундық модуляциялық тиімділікке ие, қартаю процестерін баяулатады, энергияға толтырады.
  5. Бала көтеруге, жүктіліктің сақталуына және ұрықты қалыпты көтеріп шығуға ықпал етеді, жүктілік кезінде барынша қажет болып табылады, себебі ұрықтың иммунитеті мен оның сүйек ұлпасының қалыптасуына әсер етеді.
  6. Босанудан кейін әйелдің ағзасын қалпына келтіреді, ПМС кезіндегі жай-күйді түзетеді.
  7. Көзге, зер салуға және жадыға жақсы әсер етеді.

Әйел ағзасындағы D дәруменінің тапшылығы

D дәруменінің тапшылығы әлем тұрғындарының 75%-да байқалып отырады, олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрайды.
Бұл заттектің әйел ағзасындағы тапшылық себептеріне мыналар айналуы мүмкін:

  • күннің әсерімен D2 дәруменінің жеткілікті мөлшерде өндірілмеуі;
  • жылдың қыс-көктем мезгілі (қазан және наурыз айларының аралығы);
  • монодиеталар, ақуызды диеталар, теңгерімделмеген түрде тамақтану, вегетариандық, жүктілік;
  • бала емізу: бала емізудің алғашқы 6 айында әйелдердің ағзасындағы D дәруменінің деңгейі күрт төмендеп отырады, бұл кальцийдің жүктілік кезімен салыстырғанда 4 есе артық мөлшерде шығындалуына себеп болады;
  • жас ұлғаю (50 жастан кейін);
  • бауыр мен бүйрек, өт қабы, аш ішектің аурулары;
  • артық салмақ;
  • физикалық белсенділіктің болмауы;
  • антацидтерді (асқазандағы жоғары қышқылдық деңгейін төмендететін) және холестеринге қарсы препараттарды қабылдау;
  • эндокринді жүйенің, өт қабының созылмалы аурулары, панкреатит және басқа.

D дәруменінің тапшылығы жайлы көбірек біліңіз

Мұндай күйлердің зардаптары органдар мен жүйелердің түрлі патологияларының дамуы сияқты елеулі проблемаларды тудырады.

Негізгі проблемалар:

  • иммунитет зардап шегеді;
  • зат алмасу бұзылады;
  • қалқанша тәрізді, қалқанша жанындағы без, ұйқы безі, бүйрекүсті бездері, бүйрек, өкпе, жүрек, ішек, асқазан, гипофиз, гипоталамус және т.б. сол сияқты органдардың жұмысында іркілістер орын алып отыруы мүмкін;
  • жүктілік кезінде асқынулар орын алуы мүмкін; етеккір циклы бұзылуы мүмкін;
  • сүйек ұлпасында өзгерістер басталады, бұл остеомаляцияға (сүйектердегі минералдардың шайылуына), ал артынан остеопорозға әкеп соқтырады, бұл сынулар мен жарақат алудың қаупін тудырады;
  • дене келбеті бұзылады, бұлшық еттер әлсіреп және ауырады;
  • аналық бездер мен жатырмен проблемалар (эндометриоз, миома және т.б.);
  • гормональді теңгерім бұзылады: тестостерон мен эстроген гормондары артық мөлшерде өндіріле бастауы мүмкін, бұл климакстың мерзімінен бұрын келуіне әкеледі;
  • терінің күйі нашарлайды (D дәрумені тері, шаш, тіс (кариес) жасушаларының жаңару процесіне қатысады), тері ауруларының белгілері пайда болуы мүмкін;
  • артық салмақ пайда болады;
  • мазасыздық, ұйқысыздық, күйзеліс сезімі туындайды;
  • созылмалы шаршағыштық, бас ауруы сезіледі;
  • гипертония, диабет, артрит, шашыраңқы склероз пайда болуы мүмкін;
  • ЖРВИ мен ЖРА жиі туындап отырады.

Тест: Сізде D дәруменінің тапшы болу тәуекелінің бар-жоғын тексеріңіз..

D дәруменінің артық мөлшерде болуы

Әйел ағзасында D дәруменінің артық мөлшерде болуы

Жүктілік кезінде немесе етеккір үзілісі басталған кезде әйелдер дәруменді кешендерді, ББҚ және дәрілік препараттар түріндегі синтезделген D3 қабылдай бастайды Алайда оның майда еритінін және ағзадан сыртқа оңайшылықпен шығарылмайтынын білген дұрыс. Көптеген күндер бойы ұзақ уақыт D дәруменін 10 000 ХБ-дан асырып тұтынған жағдайда ол уыттылық дәрежесіне оңай жетеді. Сондықтан оның шамадан тыс жоғары деңгейі де қауіпті болып табылады. Мөлшерінің асырылуына осы заттекке деген гиперсезімталдық та әкеп соқтыруы мүмкін. Қызықтысы күн әдетте ағзаның D дәруменімен шамадан тыс мөлшерде қанығу себебі болып табылмайды.

Гипервитаминоз проблемасының екі сатысы болады. Бастапқыда интоксикация жүрек айну, шөлдеу, бас ауру, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту, іш қату немесе іш өту, жиі кіші дәретке отыру, сусыздану, әлсіреу, қалтырау, тартылу, ашушаңдық, бұлшық еттің және буынның ауруы сияқты белгілермен сүйемелденіп отырады. Артынан кальций жұмсақ ұлпаларға жиналып, атеросклероз дамуы мүмкін Ауыр жағдайларға естен тану мен кома жатады.

Тағы бір айта кетені жайт: кальциферолдың шамадан тыс мөлшері бедеулікті және етеккір үзілісінің мерзімінен бұрын басталуын, жиі суық тиюлерді, аритмияны, гипертонияны, бауырдың ұлғаюын тудырып отыруы мүмкін.

Сол себептен дәруменнің мөлшерін дәрігер қан талдауының нәтижелерін алғаннан кейін тағайындап отыруы тиіс. Ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда мерзімді тестілеу жүргізіп отыру қажет.

D дәруменінің деңгейін қалай білуге болады?

Ағзаның D дәруменімен қаншалықты қаныққаны жайлы ақпаратты қан талдауын жасау арқылы білуге болады. Әдетте мұндай зертханалық зерттеу остеопорозға күдік болған жағдайда, жүктілік кезінде егер әйел күннің көзіне аз шығатын болса, солтүстік аудандарда тұрса, жануар тектес астан бас тартса, оның созылмалы аурулары немесе осы дәруменнің зат алмасуының туа біткен бұзушылықтары болса, жүргізіледі.

D дәруменінің мөлшерін өзгерту

D3 дәруменін қабылдау — аурулардың алдын алу, ішкі органдардың патологияларын емдеу, жақсы көңіл-күй мен ұзақ өмір сүрудің рецептісі. Алайда оның игерілуі тікелей физикалық белсенділікке, мысалы фитнеспен, жаяу жүрумен айналысуға байланысты. Қызықтысы, жүзу D дәруменінің өндірісін ықпал етпейді, себебі су дене салмағын азайтып, оны жүктемеден босатады. D дәруменін тек қана дәрігер тағайындай алады: оның кеңестерін мүлтіксіз түрде орындап отыру қажет. Ересек әйелдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған ең жоғары мөлшері — тәулігіне 4 000 ХБ (100 мг). Бұл жағдайда әйелдерге D дәруменінің игерілуін жақсартатын кальций, магний, А, С, Е, B6 дәрумендеріне, мырыш, фосфор, кальцийге көңіл бөліп отыру керек Дәл сол себептен жиі түрде профилактикалық мақсатта дәруменді кешен тағайындалып отырады. Бала емізетін жас анаға немесе етеккірі келмей жүрген әйелге арнайы кешендерді ішіп отыруға болады.

Ең ұзақмерзімді әсерге D2 және D3 дәрумендерін қатар ішкен жағдайда жетуге болады. D2 дәрумені май ұлпасында жиналып, сол арқылы ағза үшін бағалы қор құрып отырады. D3 дәрумені зат алмасу процестерінде қолданылады, ол ағымдағы зат алмасуды қамтамасыз етеді. NUTRILITE D дәрумені біріктірілген препаратының бір таблеткасында табиғи көздерден алынған D2+D3 дәруменінің 15 мкг. қамтылған.

Аса танымал биологиялық белсенді қоспалардың бірі — NUTRILITE™ кальций, магний, D дәруменінде D дәруменінің тәуліктік нормасы қамтылған. Оны бір ай бойы аспен бірге 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдау отыруға кеңес беріледі. Мәскеуде немесе елдің басқа қалаларында сатып алу және жеткізуге тапсырыс беру Amway-дің ресми сайтында ыңғайлы болады. Осындай кешендерді немесе D дәруменінің өзін ғана қабылдай отырып, оның сіңірілуін нашарлататын темірді тұтынбаған дұрыс болады. Анағұрлым айқын нәтижеге қол жеткізіп және ағзаға қажеттінің барлығын беру үшін рационға өзгерістер енгізу қажет. Оған қоса, D дәруменінің игерілуіне ішімдік пен шылым шегудің үлкен кедергі болатынын естен шығармаған жөн.

Балалар және «күн шуақты» дәрумен

Осыдан шамамен бір ғасыр бұрын орын алған D дәруменін ашу тарихы балалар рахитының емін іздеумен байланысты болатын. Бұл аурудың кальциферол тапшылығының белгісі болып табылатын анықталған. Бұл заттектің тапшылығы анасының құрсағындағы балаға әсер ете бастайды, артынан емізген кезде әсер етеді. Сол себептен жүкті және бала емізетін әйелдердің арасындағы кальциферол тапшылығының алдын алу соншалықты қажет болып табылады. Оның тапшылығы қаңқа жүйесінің қалыптасуымен және жаңа туған нәрестенің ауруларға бейімділігінің туындауымен байланысты елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін, бұл белгілер біраз уақыттан кейін, сондай-ақ ересек жаста жиі байқалып отырады. Сондай-ақ балалардың салмағы аз болып туу қаупі туындайды. Шала туу, емшек сүтін емізуді уақытынан бұрын тоқтату, күннің көзін көрмеу, дұрыс тамақтанбау нәрестені қажетті дәруменнен айырады. Ал ол сүйектің беріктілігін арттыру, өсу үшін ғана емесе, сондай-ақ жалпы даму үшін қажет: D дәрумені когнитивті әлеуеттің деңгейімен өзара әрекетке түсіп және баланың мектептегі үлгеріміне әсер етеді. Балаларда D дәруменінің тапшылық белгілері жайлы көбірек біліңіз.

D дәрумені және еркектің денсаулығы

Еркектің өмірі физикалық жүктемелермен байланысты, сол себептен өзіне тірек-қозғалыс аппаратының беріктілігі байланысты болатын дәруменнің маңызы барынша зор болып табылады. Оған қоса, D3 және кальций, егер олар ағзада қалыпты мөлшерде болса, олар тестостерон гормонының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ал бұл гормон еркектің күшіне, шәуеттің сапасына, эмоциялық күйіне жауапты, сондай-ақ олар әйелдік гормон эстрогеннің деңгейін төмендетеді. Демек, бұл дәруменнің тапшылығы шаршау сезімінің, белсіздіктің, қуықасты безі ауруларының, бұлшық ет массасын жоғалту, семіру, төзімділіктің төмендеу проблемаларының туындау тәуекелін тудырады. Еркектерге D дәруменін қалыпты мөлшерде ұстап отыруға белсенді және салауатты өмір салты, спортпен айналысу, күн көзінің астында жүру (алайда жас ұлғая келе D3 дәруменінің өндірісі азайып отырады), дұрыс тамақтану, биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау көмектеседі.


*Nutrilite™ тағамдық қоспалары дәрі емес. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.
**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты +7-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.

Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз:

Дереккөздердің тізімі:

  1. Холекальциферолды (D3 дәруменін) пайдаланудың заманауи формалары және оның негізінде қатқыл дәрілік форманы әзірлеудің перспективалары. / Компанцев Д. В., Гутнова Т. С., Шаталова Т. А. ― Астрахан медициналық журналы. ― 2018. ― URL: https://cyberleninka.ru/article/n/sovremennye-aspekty-ispolzovaniya-holekaltsiferola-vitamina-d3-i-perspektivy-razrabotki-tverdoy-lekarstvennoy-formy-na-ego-osnove/viewer (айналым күні: 27.11.2020)..
  2. Денсаулық сусыны. Ешкінің сүті. / Н. И. Фролова, Л. Р. Булдакова. ― Практикалық диетология. ― №3(3). ―URL: https://praktik-dietolog.ru/article/59.html (айналым күні: 27.11.2020).