Жүкті әйел бір қолына сүт құйылған стаканды ұстап, екінші қолымен ішін сипап тұр

Әйелдерге қандай дәрумендер қажет?

2022 жылдың 4 тамызында

Заманауи әлемде өмір сүріп жатқан және денсаулық мәселелеріне қызығушылық танытып отырған кез келген адам дәрумендер мен микроэлементтердің ағзаның толыққанды қызметі үшін қаншалықты маңызды екенін біледі. Қазіргі жоғары технологиялар мен қарқынды даму заманында біз нашар экологиядан, нашар тамақ өнімдері мен өмірдің тым жылдам қарқынынан ерекше зардап шегудеміз, ал біздің өмірлік күшіміз қосымша қолдауды қажет етеді.

Адам ағзасы – өз теңгеріміндегі өзгерістерге өте сезімтал түрде жауап қатып отыратын аса күрделі және бапталған жүйе. Оған күнделікті бүкіл механизмнің дұрыс жұмысын жүзеге асыру үшін белгілі мөлшерде дәрумендер мен элементтер қажет. Өкінішке орай, дәрумендердің көпшілігі ағзамызда синтезделмейді. Маңызды микроэлементтер мен дәрумендер – кальций, темір, магний, С дәрумені*, A, Е, B тобындағы дәрумендер, аскорбин қышқылы және басқадары табиғи өнімдерде бар. Идеалды жағдайда біздің тұтынатын тағамдарымыз барлық қажетті заттардың тәуліктік нормасын қамтып отыратындай дәрежеде жан-жақты ойластырылған болуы тис. Алайда мұндайға қол жеткізу мүмкін емес, оған қоса өнімдерден алынатын пайдалы заттардың игерілу дәрежесі жетіспеген жағын толтыру үшін өте төмен болып келеді. Ағзамызға қалай көмектесуге болады? Ең дұрысы – микроэлементтер мен дәрумендерге қатысты талдау нәтижелері бойынша жақсы дәруменді кешенді таңдап алу.

Сіз келесі жағдайларда тәуекел аймағына жатасыз:

  • шылым шегіп және алкогольді тұтынсаңыз;
  • диетада отырсаңыз;
  • күн тәртібін ұстанбасаңыз және уақытында тамақтанбасаңыз;
  • белсенді спорттық өмір салтын ұстанып жүрсеңіз (мысалы, күнделікті жаттығып жүрсеңіз);
  • жүктілікті жоспарлап, аяғыңыз ауыр болып немесе жақын арада босанған болсаңыз;
  • 45 жастан ассаңыз.

Ағзаға дәрумендердің жетіспейтінін қалай түсінуге болады?

Ағзадағы дәрумендердің тапшылығы бірден белгі береді – бұл үнемі түрдегі шаршағыштық, иммунитеттің төмендеуі, ұйқышылдық, ашуланғыштық және көңіл-күйдің күрт құбылуы, тез зерігу, шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы, бас ауру, терінің құрғауы және қышуы – және бұл ықтимал белгілердің толық тізімі емес. Белгілі бір алаңдататын симптомның ағзада қандай да бір дәруменнің болмауымен тікелей байланысын анықтау мүмкін емес, себебі симптомдар басқа да аурулардың орын алуының белгісі болып отыруы мүмкін. Дегенмен де өзара байланысын анықтауға болады.

Егер сіз осындай белгілерді өзіңізден үнемі байқап отырсаңыз – бұл талдауларды тапсырып және олармен дәрігерге көрінуге себеп болып табылады. Гиповитаминоз – заманауи әлемнің үлкен проблемасы, қазір адамдар жаппай түрде диеталарға отырып, онша дұрыс емес өмір салтын ұстанады, сирек демалады және пайдасы аз өнімдерді тұтынады. Дәрігер ықтимал қарсы көрсетілімдерді айналып өтумен, нақты бір жағдайға арнап дәрумендердің кешенді курсын таңдап бере алады. Сондай-ақ қажетті қабылдау мөлшерлемесін және өзіңізге ыңғайлы болатын шығарылу нысанын белгілеп алған маңызды – бұл капсулалар, тамшылар немесе үйреншікті таблеткалар болып отыруы мүмкін. Егер сіз кешенді поливитаминдерді қабылдауды ұнатсаңыз, онда капсулаларды сатып алған дұрыс болады – оларды күніне небәрі бір рет қабылдап отыруға болады. Капсуланың артықшылығы сол – ол дәрумендердің арасында орын алуы мүмкін дұрыс емес реакцияның ықтималдығын төмендетеді: оның ішіндегі түйіршіктер асқазанда әртүрлі жылдамдықпен еріп отырады, демек заттар да қан тамырлары жүйесіне әртүрлі уақытта түсіп және соның арқасында бір-біріне кедергі жасамайды. Қоспаларды тәңертең, ас қабылдаудан кейін немесе аспен бірге, шайнамай және сумен ішіп қабылдаған дұрыс.

Еркектерге және әйелдерге арналған дәрумендердің кешендері – арасындағы өзгешелігі бар ма?

Біз дәруменді кешендер мен тұтастай адамның денсаулығы жайлы сөз қозғаған кезде әңгіме ағзамызға сергек және күшке толы қалпында қалып отыруға көмектесетін пайдалы элементтердің қайсыбір жалпы жиыны жайлы болып отырады. Алайда егер еркектер мен әйелдер физиологиясының көптеген аспектілер бойынша, мысалы дене конституциясы, гормональді жүйе бойынша елеулі дәрежеде өзгешеленетінін ескерсек, біздің ағзаларымыздың дәрумендерді қажетсінуі де елеулі түрде өзгешеленеді. Әйелдерге арналған арнайы дәрумендердің болу себебі осыдан.

Әйел ағзасы өмір бойы оның денсаулығына әсерін тигізбей қоймайтын түрлі кезеңдерден өтіп отырады – бұл ең алдымен жүктілік, босану, бала емізу және етеккір үзілісінің кезеңі. Оған қоса, әйелдердің еркектерге қарағанда сыртқы факторлардың әртүрлі жағымсыз жайттардың әсеріне анағұрлым жоғары дәрежеде түсіп отыратыны дәлелденген. Әр әйелде әртүрлі жаста әртүрлі өмір сүру сапасы, жыл мезгілі мен басқа да тәуекел факторлары жағдайында әртүрлі дәруменді қоспалардың мөлшері мен типін қажетсінуі артып немесе азайып отырады және мұндай өзгерістерді қажетті компоненттерді уақытында толтыра бастау үшін қадағалап отырған аса маңызды.

Ғылыми зерттеулер әйелдер үшін аса маңызды дәрумендерге В тобындағы дәрумендер жататынын көрсетуде, олар зат алмасуды жылдамдатып, торығуға төзімділікті арттырады, бас миының және тұтастай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмыс процестеріне әсер етеді, жадыны күшейтеді және әсіресе жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді.

E, С және А дәрумендерінің де маңызы зор болып келеді, олар иммунитетті қолдау, терінің жаңаруы және шаш пен тырнақтың жалпы жағдайы үшін жауапты. Жас ұлғайған сайын әйелдің сүйегі сынғыш және осал бола бастайды, тістің эмалі жұқарады – қосымша кальцийді қабылдау сүйек ұлпалары үшін жақсы қолдау болады.

Еркектердің арасында әйелдердің көңіл-күйіндегі гормондармен байланысты құбылулар жайлы естімегендер аз, алайда мұндай күйлердің қаншалықты болжауға келмейтін және күрделі сипатқа ие болып табылатынын тек әйелдер ғана біледі. Бұл жағдайды да микроэлементтері бар биологиялық қоспалардың арқасында жеңілдетуге болады. Мысалы, тиімді NUTRILITE™ Әйелдік гармония кешені. Ол етеккір циклын қалыпқа келтіруге және етеккірдің алдындағы гормональді симптомдарды азайтуға бағытталған. Оның құрамында кешкі наурызгүл майы – Омега-6 көзі, витекс пен дәрілік балдырғанның сығындысы. Мұндай кешен етеккір кезіндегі ауырсыну мен көңіл-күйдің құбылуынан зардап шегетіндер үшін пайдалы.

Табиғи сұлулық – сақтап және арттыра түсу

Әрбір әйел үшін өзін сұлу және қалаулы сезінген маңызды болып табылады. Біз өзіміздің сұлулығымызды көрсетуге көп күш жұмсап отырамыз – ол үшін әрдайым декоративті косметика мен сан-алуан түрлі күтім құралдарын қолданып отырамыз. Алайда табиғи сұлулық таза, әдемі теріден, сау тістерден, беттің біркелкі түсінен және шаштың жақсы күйінен басталады. Мұның барлығына тұтастай ағзаны іштеу сауықтыру арқылы қол жеткізуге болады. Дұрыс тамақтану, жұмыс істеу және тынығу кестесін ұстану, қозғалғыш өмір салты – сұлулығыңызды сақтауға тиімді түрде себін тигізетін осылар. Әлбетте, бұл жағдайда ағзаңыздағы микроэлементтердің, минералдар мен дәрумендердің теңгерімін қадағалап отырған маңызды, сол кезде дәруменді қоспалар керемет себін тигізетін болады.

Терінің құлпырған қалпын, сұлулығы мен жастығын сақтауға тырысатын әйелге қандай дәрумендерді таңдаған дұрыс? Ең жақсы препараттар дәрумендердің сәтті түрде таңдалған үйлесімдерінің арқасында кең ауқымды әсерге ие. Көбінеки сіз олардың құрамында әйел үшін маңызды E, C және А дәрумендерін, магний, темір, фолий қышқылын, кальций, селен, йодты кездестіретін боласыз – олар шынымен де ағзаның қартаюына қарсы жұмыс істеп және қосымша антиоксиданттар болып табылады, ағзадағы артық токсиндерді шығарып және көңіл-күйді жақсартады. Кейде олардың құрамында коллаген және өсімдіктердің сан-алуан түрлі сығындылары кездесіп отырады, мысалы, Nutrilite сұлулық формуласы кешенінде коллагеннің өндірісіне көмектесетін С дәруменімен қатар терінің ылғалдылығын сақтауға ықпал ететін биотин бар. Кешеннің құрамында сондай-ақ қырықбуын мен жүзім сүйектерінің сығындысы бар – олар коллагеннің синтезіне белсенді түрде қатысады.

Ағза сіздің оған деген қамқорлығыңызға өте жылдам әрі қайырыммен жауап қататын болады – сіз терінің бұрынғыдан серпімді болып және жарқырай түскенін байқайсыз, ұйқыңыз және күн кестеңіз реттеледі, энергия пайда болып және көңіл-күйдің құбылуы азаяды.

Жүктілік және дәрумендер

Жүктілік және дәрумендер

Жүктілік – әйел өміріндегі ең жауапты және күрделі кезеңдердің бірі. Ағза өзінде жаңа өмірді өсірумен, күшейтілген режимде жұмыс істей бастайды. Энергияның, күштің және ағзаның ішкі әлеуетінің орасан зор шығыны болашақ ананың микроэлементтерді, минералдар мен дәрумендерді елеулі мөлшерде шығындауымен сүйемелденіп отырады. Бұл кезеңде ағзаңызға қолдау көрсетіп отырған өте маңызды.

Дайын дәруменді кешендерді неліктен жүктілікке дейін және одан кейін қолданып отыру керек? Анасы мен іштегі нәресте өзіне аса мұқтаж болып отыратын дәрумендер болады. Ең алдымен бұл фолий қышқылы немесе B9 дәрумені. Іштегі баланың ықтимал патологиялары мен туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәл сол жауапты. Біз оны қою жасыл түсті көкөшөптер мен көкөністермен бірге алып отырамыз. Алайда оның ерекшелігі сол – ол өте ыдырағыш болып келеді – жылу мен жарықтың әсерінен ыдырап отырады. Сол себептен оны өнімдерден жеткілікті мөлшерде алып отырған қиын. Фолий қышқылын жүктілік басталған сәтке қарсы ағза оның қажетті қорына ие болатындай жүктілікті жоспарлау кезеңінен бастап-ақ қабылдау керек.

Жүкті әйелдер үшін тағы бір маңызды дәрумен – В6. Ол алғашқы триместрде кең тараған проблемамен – токсикозбен күресуге көмектеседі, оның тапшылығы қаназдыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Темір препараттары екінші және үшінші триместрде балада гипоксияның және жатырдың шамадан тыс артық мөлшердегі тонусының алдын алу үшін өте маңызды, алайда оларды С дәруменімен бірге қабылдап отырған дұрыс, ол темірдің игерілуіне көмектеседі.

D дәрумені кальциймен байланыса отырып жұмыс істейді – олар бірге іштегі баланың сүйек ұлпалары мен келешектегі тістерін қалыптастырады, эндокринді жүйенің жұмысына қатысады.

Жүктіліктің триместріне сәйкес келетін дәрумендердің дайын кешенін таңдап отырған дұрыс, себебі онда ана мен баланың дәрумендер мен микроэлементтерді қажетсінулері олардың дұрыс тәуліктік мөлшерлемесін қамтумен толығымен ескерілетін болады. Бұл жағдайда сіз күніне бір немесе екі таблетканың ағзаңыздың осы кезеңдегі қажетсінулерін толығымен қамтып отырғанына сенімді бола аласыз.

Босанудан кейінгі дәрумендер

Босанудан кейін дәрумендерді қабылдауды жалғастыра беру керек пе? Бұл сұрақ өте жиі туындап отырады, себебі оларды жүктілік кезінде қабылдаудың қажеттігі жайлы жиі айтылып жатады, ал босанудан кейінгі кезең көбінеки балаға және емшекпен емізуді ретке келтіру мәселесіне көбірек арналған. Жауабы біреу – керек! Себебі маңызды дәрумендер мен минералдардың жиынын бала ана сүтімен бірге алып отырады, ал анасының ағзасы онсыз да жүктілік пен босану кезеңінен кейін әлсіреген қалпында болады. Бұл жағдайда көптеген аналар мысалы, егер баласы аллергияға бейім болса, емшекпен емізу кезінде тамақтануда шектеулерді ұстанып отыруға мәжбүр болады, демек олар астан көптеген пайдалы заттарды жеткілікті мөлшерде алып отыра алмайды.
Бұл кезеңдегі негізгі әрекет етуші дәрумендер – темір (ведь большие потери крови в родах надо восстановить и поднять гемоглобин), кальций, D және A дәрумендері (олар тістің, сүйектің шаш пен тырнақтың саулығын сақтап және оны жақсартуға көмектеседі), B тобындағы дәрумендер (ықтимал жабырқаңқы-депрессиялық күйлердің алдын алу үшін), С дәрумені –иммунитетті және қан тамыры жүйесін қолдайды (емшекпен емізетіндер сақтықпен қабылдап отыру керек, себебі балада аллергиялық реакциялар туындап отыруы мүмкін).

Босанудан кейін қалпына келу процесі едәуір уақытқа жалғасуы мүмкін. Бұл кезеңде ана тек физикалық емес, сондай-ақ рухани жағдайына көңіл бөліп отыруы қажет, себебі бала үшін ең бастысы – дені сау және бақытты ана.

*NUTRILITE™ ББҮ дәрілік зат болып табылмайды. Қарсы көрсетімдері бар. Маманмен кеңесіңіз.

**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: