30 жастан асқан әйелдерге арналған дәрумендер

30 ЖАСТАН АСҚАН ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРУМЕНДЕР

2022 жылдың 21 қыркүйегі

Отыз жастан кейін әйел ағзасында оның денсаулығы мен сыртқы күйіне жағымсыз әсер етуі мүмкін жас ұлғаюға байланысты өзгерістер орын ала бастайды. Дегенмен дұрыс тамақтану рационы, дәрумендер мен микроэлементтерді қабылдау денсаулығы мен жастығын едәуір уақытқа ұзартуы мүмкін.

Әйел ағзасындағы жас ұлғаюға байланысты өзгерістер

  • Зат алмасудың баяулауы. Жас ұлғайған сайын адам ағзасында өсу гормонының өндірісі азая бастайды, бұл бұлшық ет көлемі мен тонуысының азаюына әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, ағзада май ұлпасы жылдамырақ түзіліп отырады, ал метаболизмнің баяулуы салдарынан мұнымен күресу барған сайын қиындай береді.
  • Сүйек массасының азаюы. Бұл сүйек жасушаларының қалпына келуінің баяулауымен, соған орай ағзаның біртіндеп кальцийді шығындай бастауымен байланысты. Соның салдарынан сүйектер сынғыш бола бастайды. Ағзадағы кальцийдің тапшылығы остеопороз бен буындар проблемаларына әкеп соқтыруы мүмкін.
  • Тері жабынының өзгеруі. Коллаген мен эластиннің – терінің серпімділігіне жауапты басты «жастық ақуыздары» өндірісінің азаю нәтижесінде орын алады. Бұл 25 жастан кейін-ақ байқала бастайды, сол себептен дәл осы жаста алғашқы әжімдер қалыптасады, олар 30 жасқа қарай көзге анық байқала бастайды.
  • Иммунитеттің төмендеуі. Қорғағыш жасушалар мен Т-лимфоциттер арнайы органда – тимуста сақталып отырады. 30 жастан кейін оның ұлпаларының бір бөлігі май жасушаларымен алмастырылады. Сол себептен иммундық жүйенің жұмысы нашарлайды, ал біздің ағзамыз дәрумендермен, минералдармен, микроэлементтермен және басқа да пайдалы заттармен қосымша қолдауды қажет ете бастайды.

Алайда осындай жағымсыз процестердің барлығын едәуір баяулатып немесе кейінге шегеруге болады. Себебі жас дегеніміз үкім емес, бұл жай ғана сан.

Қартаюмен күресу әдістері – Amway ұсынымдары

  • Белсенді өмір салты
  • Ұйқы және тамақтану режимін ұстану
  • Денсаулыққа пайдалы рацион
  • Су ішу режимі
  • Күйзелістерді барынша азайту
  • Зиянды әдеттерден бас тарту
  • Дәрумендерді мерзімді түрде қабылдау

Белсенді өмір салты

Белсенді өмір салтын ұстану спорттық рекордтар жасап немесе ұзақ уақыт жаттықтыру залында жүру керек деген сөз емес. Өз ағзаңыздың мүмкіншіліктеріне сүйеніп және жаттығудың қолжетімді түрлерін таңдап отыру керек. Мысалы, аптасына 2-3 рет өзіңізге лайық келетін қарқынмен жүгіру. Жүгірудің орнына ұзақ уақыт бойы жаяу жүріп, велосипед теуіп серуендеп, суға жүзіп немесе қарапайым, алайда мерзімді түрде он бес минуттық гимнастикамен айналысып отыруға болады.

Ұйқы және тамақтану режимін ұстану

Денсаулық үшін ұйқының уақыты мен ұзақтығының маңызы зор.

Біріншіден, түнде ұйықтау керек. Себебі эмоциялық күйге жауап беретін серотонин гормоны дәл осы түнгі уақытта өндіріледі. Сондықтан, түнгі ұйқының жетіспеушілігі көңіл-күйдің нашарлауы мен күйзелістерге әкеп соқтырады. Тағы бір «түнгі» гормон – мелатонин метаболизмге қатысады, сол себептен егер сіз түнде аз ұйықтасаңыз, сіздің артық салмақ жинау ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Әсіресе бұл зат алмасу процестері баяулай бастаған 30 жастан асқан адамдар үшін өзекті болып табылады.

Екіншіден, ұйқының ұзақтығы 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Олай болмағанда ми өздігінен тазалану жүйесін іске қосумен, керексіз жасушалар мен синапстарды (жүйке импульстарын тарату орындары) жойып отырады.

Денсаулыққа пайдалы рацион

«Адам өзі жейтін заттан тұрады» деген әйгілі сөз осы уақытқа дейін өзекті сипатқа ие. Табиғи және пайдалы өнімдерді тұтыну, өсімдік тектес тағамдарды жануар тектес тағамдарға қарағанда көбірек тұтыну, балықты етке қарағанда көбірек тұтыну – денсаулықтың мойындалған кепілі.

Рационнан трансгенді майлар, газдалған сусындар сияқты өнімдерді толығымен шығарып тастаған және қантты тұтыну мөлшерін күрт азайтқан дұрыс.

Су ішу режимі

Шөліңізді ауыз сумен немесе көк шаймен қандырып отырған жақсы. Тамаққа 15 минут бұрын 1 стакан су ішу асқазанның жұмысын «іске қосып», зат алмасуды жылдамдатуға көмектеседі. Бастысы – су ішу мен тамақтанудың арасындағы аталған үзілісті ұстану. Олай болмағанда су асқазан сөлін сұйылтып жібереді де, ас қорыту процесі нашарлайды.

Күйзелістерді барынша азайту

Бүгінде күйзелістер мен олардың зияны жайлы көптеген жайттарды білеміз. Алайда, мысалы Мәскеу сияқты ірі қалаларда өмір сүрудің өзі олардың қауырт ырғағымен және зиянды экологиясымен бірге күйзеліс тудыратын фактор болып табылады. Қалалық жердегі ортаның агрессивті әсерін барынша азайту – кез келген жастағы адамның маңызды міндеті болып табылады. Себебі күйзеліс кезінде адреналин және кортизол гормондары өндіріліп отырады, олар жадыны қиратып, иммунитетті әлсіретеді, метаболизмді баяулатады, жүректің жұмысына зиянын тигізіп, жыныстық гормондарға әсер етеді. Егер күйзелісті дәрі-дәрмектік емес әдістермен жою мүмкін болмай отырса, дәрігерге көріну керек.

Жас ұлғаюмен күресуге кешенді тұрғыдан қарап отыру қажет. Алайда жұмыс істейтін әйелдердің барлығының бірдей өз өмірінен күйзелістерді шығарып тастауға, үнемі түрде спортзалға барып, күнделікті рационын есептеп отыруға мүмкіндігі бола бермейді. Бұл жағдайда дәрумендер мен ББҚ-ларды қабылдай бастау керек.

Ең жақсы дәруменді кешендер

Ең жақсы дәруменді кешендер

Әмбебап дәрумендер

Көптеген әйелдер өздеріне мынадай сұрақ қойып отырады: қазіргі таңда қандай жақсы дәруменді кешендер бар? Таңдау ең алдымен нақты бір ағзаға және оның әлсіз жақтарына байланысты болып келеді. Дегенмен де, 35 жастан асқан кез келген әйелге пайдалы болатын жалпы нығайтушы дәруменді кешендер бар. Мысалы, NUTRILITE™ Дэйли* – бір айға арнап есептелген алмастырылмайтын дәрумендердің бастапқы кешені. Мысалы, оның бір таблеткасында йодтың тәуліктік нормасының 93%-ы, 13 дәрумен, 8 минерал және 6 өсімдіктің фитонутриенттері қамтылған. Осылайша, күніне оның бір таблеткасын қабылдау хал-жағдайды жақсартуға және дұрыс тамақтанудың кемшіліктерін толтыруға көмектеседі, бұл әсіресе жұмыс істейтін және проблемалары көп әйелдер үшін ыңғайлы.

Nutrilite Дэйли жайлы толығырақ

Nutrilite Дэйли жайлы толығырақ

Әйелдерге NUTRILITE дәрумендер топтамасына көңіл бөлген дұрыс болады, олардың әсері әйелдің денсаулығын, сұлу сыртқы келбетін қолдауға бағытталған.

NUTRILITE™ Темір плюс қоспасында фолий қышқылы және барлығынан да жақсы игерілетін қосвалентті темірдің тұздары – фумарат пен глюконат бар. Бұл препарат жұмыс қабілеттілігін арттырады, тырнақ пен шашты нығайтады, қан түзілу функцияларын арттырады, бұл етеккір кезінде темірді шығындайтын әйелдер үшін ерекше маңызды. Сонымен қатар әйел ағзасындағы темірдің мөлшері еркектің ағзасымен салыстырғанда бастапқыдан үш есе төмен болып келеді. Өнімнің құрамында тек қана тексерілген табиғи компоненттер бар, сол себептен оны жүкті және бала емізетін әйелдердің де қабылдауына болады.

Тағы бір маңызды кешен өте дәл түрде «Сұлулық формуласы» деп аталған – оның әсері жасушалардың өмір сүру мерзімін ұзартатын антиоксиданттарға және әйел тартымдылығының екі басты дәрумені – B7 және С дәрумендеріне негізделген. Бұл дәрумендердің пайдасын асыра бағалау мүмкін емес. В7 дәрумені (биотин) тері жасушаларына ылғалды ұстап отыруға, ал С дәрумені коллагенді өндіруге көмектеседі. Нәтижесінде тері жабындарының, шаш пен тырнақтың жағдайы едәуір жақсарады. Курс бір айға арналған.

NUTRILITE™ Әйел гармониясы әйелдің сұлулығы мен денсаулығына қажетті Омега-6 тапшылығын толтырады, сондай-ақ әйелдердің етекір алдындағы және одан кейінгі хал-жағдайына әсер етеді.

Формула айлаулық (энотера) майымен – сирек кездесетін май гамма линолен қышқылының (ГЛҚ) көзімен толықтырылған маңызды компоненттерді қамтыған. Омега-6 – май қышқылдары өте кең тараған, алайда дәл осы ГЛҚ өте сирек кездеседі. Онсыз Е1 простагландині өндірілмейді, бұл уақытынан бұрын қартаюды, қабыну және аутоиммунды процестерді болдырмайтын ағзаны қорғайтын ең тиімді құралдардың бірі. Бұл заттардың барлығы әйелдің хал-жағдайына әсер етеді және циклды қалпына келтіру үшін қажет.
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы

Иммунитетті қолдауға арналған дәрумендер

Сарымсақтың ең күшті иммуномодуляциялық құралдардың бірі екендігі баршаға мәлім. Алайда оның бір елеулі кемшілігі бар – бұл оның жағымсыз иісі. NUTRILITE™ Сарымсақ бұл проблеманы айналып өтуге көмектеседі. Препараттың бір капсуласында 6 мг аллицин бар – бұл сарымсақтың құрамындағы зиянды микроорганизмдерді жоятын, сондай-ақ жоғары иммунитетті қамтамасыз ететін басты әсер етуші зат. Құрамында сондай-ақ бұрыш жалбызы бар, ол иісін басады.

Әлемдік тәжірибе ағзамыздың жаңа патогендерге қатысты қаншалықты осал екендігін және спецификалық емес (жалпы) иммунитеттің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Спецификалық емес иммунитет — бұл иммундық жүйеміздің жалпы «әскери дайындығы», оның кез келген уақытта ағзамызды қорғауға деген қабілеті. Сарымсақтың микроорганизмдердің жасушаларын тікелей жоятын негізгі әсер етуші заты — аллицин. NUTRILITE™ «Сарымсақтың» құрамында сондай-ақ селен мен мырыш бар. Бұл екі минерал иммунотропты бағытқа ие басқа дәрумендердің - С, А, Е және D дәрумендерінің жұмыс істеуі үшін қажет.
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы
Дмитрий Семирядов, диетолог-дәрігер, Nutrilite сауда белгісінің федеральді сарапшысы

Тағы бір жақсы иммуномодулятор – аскорбин қышқылы (С дәрумені). Ол итмұрында, қарақатта, ақжелкенде, көк пиязда, брокколи және т.б. жеміс-көкөністерде бар. Егер бұл өнімдерді жиі және қажетті мөлшерде тұтынып отыру мүмкіндігі болмаса, NUTRILITE™ Витамин С плюс кешенін сатып алуға болады. С дәруменінің қажетті тәуліктік деңгейін сақтап отыру үшін небәрі бір таблеткасын ішіп отыру қажет. Оның құрамында ацерола жидектерінің, цитрустық жемістердің концентраты және басқа да табиғи компоненттер бар.

Дәрумендер екі ыңғайлы формада шығарылады: жұтуға арналған таблеткалар және шайналатын таблеткалар.

Артық салмақпен күресу үшін

Құрамында көмірсулары көп ас инсулиннің – көмірсулардың майларға айналу процесін жылдамдататын гормонның өндірісіне ықпал етеді. Бұл процесті баяулату үшін NUTRILITE ұсынған көмірсуларды блокаторын тұтыну керек – оның міндеті аспен бірге түсіп отыратын артық килокалорияларды бұғаттау.

Nutrilite ұсынған көмірсуларды бұғаттаушы туралы көбірек біліңіз

Жас ұлғаюға байланысты өзгерістерге NUTRILITE™ КЛҚ 500 –конъюгирленген линол қышқылына (май қышқылдарының тобынан тұратын) негізделген препарат әсер етеді. КЛҚ метаболизмді жылдамдатады, майдың ыдырауына және физикалық жүктемелер кезіндегі бұлшық еттердің өсуіне әсер етеді. Жаттығулармен біріктірген жағдайда бұл салмақтың азаюына ықпал етеді.

Сүйек пен буындарды қорғау үшін

Кальцийдің шығындалуы – жас ұлғаюға байланысты елеулі проблема. Одан құтылуға құрамында кальций, магний, D дәрумені – сүйектердің сынғыштығының алдын алуға мүмкіндік беретін, ағзаға кальцийді игеруге көмектесетін, сондай-ақ бұлшық еттердің ширығуына және сүйектердің қалыптасуына ықпал ететін заттары бар кешен көмектеседі. Қаптамасы бір айға арнап есептелген.

NUTRILITE™ Глюкозамин спортпен айналысатындар үшін және буындары шамадан тыс артық жүктеменің әсеріне түсіп отыратын адамдар үшін таптырмайтын көмекшіге айналады. Бұл капсулалардың басты құрамдас заты – глюкозамин – дәнекерлеу ұлпалары синтезінің аса маңызды қатысушысы. Ол буындардың қозғалғыштығын жақсартып, олардың ыдырауын баяулатады.

* Nutrilite™ ББҚ дәрілік заттар болып табылмайды. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.
** Тауарлардың бар болуы өзгеруі мүмкін. Тауарлардың ұсынылған бейнелері олардың нақты сыртқы түрінен ерекшеленуі мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны бойынша немесе kz.amway.com сайтында танысуға болады.


Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз: