40 жастан асқан әйелдерге арналған дәрумендер

40 ЖАСТАН АСҚАН ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРУМЕНДЕР

2022 жылдың 4 тамызы

Дәрумендер ағзадағы зат алмасу процестерін реттеуге қатысады және әйелдердің барлығына бірдей қажет. Дегенмен, қандай дәрумендерді және қандай мөлшерде қабылдаған дұрыс, денсаулық жағдайына, физикалық белсенділікке және жасқа байланысты.

Дәрумендердің басым бөлігін егер әйел өзіне тиісті көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс және сан-алуан түрлі тамақтанатын болса, ағза аспен бірге алып отырады. Алайда бұл әрдайым дәл осылай болып тұра ма? Сонымен қатар, соңғы ондаған жылдарда көптеген жеміс-жидектердің құрамындағы пайдалы заттардың мөлшері азайып кеткен. Ас әзірлеу кезінде өнімдерді термикалық өңдеу де дәрумендер мен микроэлементтердің сақталуына ықпал етпейді. Өзінде күн аз болатын және авитаминоз туындауы мүмкін болатын маусымдар жайлы да ұмытпаған жөн. Алайда, ең маңызды мәселелерге ағзаның дәрумендерді сіңіру мәселесі, ол ас қорыту жүйесіне байланысты, сондай-ақ жүктілік және ақыры әйелдің өміріндегі нақты циклдармен байланысты оның жасы мен денсаулық күйі мәселесі айналуда. Олардың бірі – қырық жасқа жеткен меже, бұл кезде ағзаға денсаулықты, күшті, сұлулықты сақтап отыруға көмектесу қажет және мұны өз-өзін күтетін әрбір әйел жасап отыруы тиіс.

Бұл кезеңде оның алдында күрделі мәселе туындайды: өзін тіпті ойлаудың өзі жағымсыз болып келетін нәрсені, яғни қартаюды кейінге шегеру үшін өзінің көңіл-күйін басқаруды және орын алып отырған өзгерістерді түзеп отыруды үйрену. Кейбір жағдайларда қартаюды дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығы тудыруы мүмкін екенін әйелдердің барлығы бірдей біле бермейді.

Сол себептен әйелдерге арналған дәруменді кешендер үлкен көмегін тигізеді. Әр әйел өзіне арнап ең жақсы препараттарды іздейді. Олардың көпшілігінің пікірі бойынша қолжетімді бағадағы әсері бар препараттардың рейтингісіне Amway компаниясының өнімдері кіреді, олардың тиімділігін дәрігерлер де растауда.

40+ кемелді жас

Қырық жас әйелдің белсенді биологиялық жасымен басталады, ол «орта» жас деп аталады. Алайда физиологиялық деңгейде гормональді өзгерістер жүре бастайды: қандағы әйелдердің жыныстық гормондарының деңгейі төмендейді. Себебі – аналық бездердің функциясының бәсеңдеуі. Соның салдарынан бүкіл ағзадағы зат алмасу процестері баяулап және ол қайта құрыла бастайды. Бұл қайта құрылу келесі үш кезеңді қамтиды: климакс алдындағы кезең, етеккір үзілісі, етеккір үзілісінен кейінгі кезең. Бұл кезеңдердің әрқайсысының өзіндік белгілері бар, себебі ағзада орын алып отырған процестер оның көптеген жүйелерінің жұмысына жағымсыз әсерін тигізеді, бұл оның сыртқы түрі мен көңіл-күйінен байқалып отырады.

40 жаста:

  • етеккір циклының мерзімділігі бұзылады;
  • тері, тырнақ, шаштың жағдайы нашарлайды;
  • сүйектердің тығыздығы өзгереді;
  • созылмалы аурулар асқынуы мүмкін;
  • жыныстық құштарлық төмендейді;
  • күйзелістік күйлер, көңіл-күйдің күрт өзгеруі, ашуланғыштық пайда болып отыруы мүмкін;
  • ысулар пайда болады;
  • ұйқы бұзылады.

Мұндай жағымсыз құбылыстарды түзетіп және баялату үшін «Жеке денсаулық бағдарламасын» бағдарламасын құру қажет: мамандардың – ең алдымен гинеколог пен эндокринологтың кеңесін алу, олар жеке алмастырушы терапия мен дәруменді-минералды кешендерді сауатты түрде таңдап береді. Мұндай кешендердің біріне NUTRILITE™ Amwaу-ден Әйел үйлесімділігі айналуда. Оның құрамында Омега-3 және Омега-6 май қышқылдары, каротиноидтер, кешкі наурызгүл майы, балдырғанның, зімбірдің, сондай-ақ изеннің сығындысы, соңғысы етеккір циклын қалпына келтіреді.

Бұл кезеңде қандай дәрумендер ерекше қажет? 40+ жастағы әйелдерге арналған препараттардың құрамына міндетті түрде төмендегідей дәрумендер кіреді.

  • D дәрумені

Холекальциферол немесе D3 дәрумені көбінеки «күн шуақты» деп аталады, себебі ол ультракүлгін сәулелердің әсерінен туындайды. D дәрумені тұтынылып отырған астағы кальцийдің игерілуіне ықпал етеді, демек, қандағы кальций мен фосфордың деңгейін арттырады, тістер мен сүйектерді нығайтады (бұл сынудың тәуекелін азайтады). Сонымен қатар, бұл дәрумен шашты мықты және жылтыр, ал тырнақты мықты етеді.

  • A дәрумені

Ретинол немесе А дәрумені – көптеген аурулардың, сонымен бірге күрделі гинекологиялық аурулардың туындау тәуекелін азайтатын маңызды антиоксидант. Ол 40 жастан кейін төмендеп отыруының көру қабілеті үшін пайдалы, сондай-ақ шаштың қалыңдығының сақталуына ықпал етеді. Сонымен қатар, А дәрумені теріні қорғап ылғалдандырады. Оны бір күнгі тұтыну нормасы 0,8 мг дейінгі шаманы құрайды.

  • C дәрумені

Аскорбин қышқылы немесе С дәрумені – өзін күнделікті алып отыру қажет болатын күшті антиоксидант, себебі ол мысалы күйзеліс кезінде қатты шығындалады немесе ағзадан кейбір препараттарды қабылдау кезінде шығарылып отыруы мүмкін. С дәрумені теріні серпімді ететін коллагеннің өндірісіне ықпал етеді. Нормасы 100 мг дейін.

  • E дәрумені

• E дәрумені Альфа-токоферол, немесе Е дәрумені, оны жиі түрде «әйелдік дәрумен» деп атап жатады. Бұл көптеген аурулардың емі және жастық эликсирі деген «атаққа» ие болған антиоксидант. Ол иммундық жүйені нығайтады, атеросклероздың дамуын және жүрек ауруларының туындау ықтималдығын азайтады, шаштың құрылымын жақсартады, терінің қартаюымен күреседі. Нормасы 15 мг. Amway ұсынған NUTRILITE™ желісінің Е дәрумені мен лецитинмен шайналатын таблеткалары ағзаны антиоксиданттық қорғау, иммунитетті нығайту, жүйке жүйесін қолдау үшін маңызды заттардың көзіне айналуда. Құрамына майбұршақ оқшаулағышы кіреді.

  • B12 дәрумені

Цианокобаламин, немесе В12 дәрумені ағзаның гормональді қайта құрылуының салдарынан тұрақсыз болып келетін эмоциялық күйге жағымды әсерін тигізеді және ұйқыны қалыпқа келтіруге көмектеседі. Нормасы 0,003 мг.

  • Магний

Бұл элемент жүйке жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажет, ол ұйқыны қалыпқа келтіреді, бойдағы күшті қалпына келтіреді. Оның тапшылығы ағзаның кальцийді пайдалануына әсер етуі мүмкін. Нормасы 320 мг.

  • Темір

Қан түзілуді қамтамасыз етеді, 40 жастан әйелдерге созылмалы көп мөлшердегі етеккірлер мен ағзаның гормональді қайта құрылуымен туындалған теміртапшылық қаназдықтың дамуына жол бермеу үшін қажет. Бұл жағдайда мысалы Темір плюс NUTRILITE™ кешенін қабылдауға болады: кешенде фолий қышқылы мен темір глюконаты бар. Нормасы 20 мг.

Жидекті жас 45

«Жидекті» жас 45+

«Жидекті» деген әдемі атпен аталатын 45 жастан кейін адамзаттың нәзік жандыларының өкілдері олар үшін жаңа кезеңге – кемелдік кезеңіне аяқ басады және өкінішке орай, қартаю белгілері барынша айқын байқала бастайтын жаңа сынаққа тап болады.

40 жастағы жағымсыз белгілерге басқалары қосылуы мүмкін, олар:

  • бас ауру, терлеу;
  • шаршағыштық, селқостық;
  • қатты жүрек қағысы;
  • жадымен проблемалар;
  • жиі суық тиіп ауру;
  • қан қысымының жоғарылауы;
  • зәр-жыныс сипатындағы проблемалар: қынаптың құрғақтығы, зәр тоқтамау және басқа;
  • созылмалы ұйқысыздық;
  • артық салмақ;
  • терінің құрғауы, әжімдер, шаштың сынғыштығы және түсуі;
  • либидоның төмендеуі;
  • дене келбетінің өзгеруі;
  • сүйектердің тығыздығының төмендеуі.

Бүгінде өміріңіз бен көңіл-күйіңізді жақсы жағына қарай өзгертуге болады: тамақтануды теңгерімдеу, жағымды беталысты қалыптастыру, финтеспен айналысу, сүйікті ісіңізге уақыт бөлу, косметологқа бару және дәруменді кешендерді қабылдау. Олардың қаптамасында 45+ деген белгі тұруы тиіс, себебі бұл кезеңде әйел ағзасына басқа да дәрумендер қажет.

  • В тобындағы дәрумендер: В1, В2, В3, В5, В6, В7, В12

Қажетті болып табылады, себебі зат алмасу процестеріне қатысады, энергия сыйлайды, теріге пайдалы.

  • Пантотен қышқылы (В5 дәрумені)

Холестерин мен қан қысымы деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, жүйке жүйесін нығайтады, қуаныш гормондары– эндорфиндерді өндіреді, қартаю процестерін баяулатады, теріні ылғалдандырады, шаштың өсуіне ықпал етеді.

  • Биотин (В7 немесе Н, немесе R коферменті)

Ішектің пайдалы микрофлорасының қалыптасуы үшін қажет, иммундық жүйені нығайтады, ұйқыны жақсартады, үрейді басады. Тері ұлпасын қалпына келтіреді, шашты иілгіш етеді, тырнақ тілімшесін мықты етеді.

NUTRILITE™ В-кешені* плюс В тобындағы 7 дәруменді, сонымен бірге биотин мен пантотен қышқылын қамтиды және жағымсыз күйлердің белгілерін басуға көмектесетін керемет препаратқа айналады.

  • Кальций

Сүйектердің қалыптасуына, қанның ұюына, бұлшық еттердің жиырылуына көмектеседі. Кальций, магний, D дәрумені ББҚ сүйектердің саулығын қолдайды, остеопороз бен сынулардың туындауына жол бермейді.

  • K дәрумені

Остеопения (сүйек массасы мен тығыздығын жоғалту) мен остеопороздың (сүйек тығыздығының төмендеуі) дамуының алдын алады.

  • F дәрумені

Қандағы холестерин деңгейін қалпына келтіреді, жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін маңызды және тіпті артық салмақтың пайда болуының алдын алуға көмектеседі. Тері бездерінің жұмысын қолдайды.

  • Селен

Бұл зат танымал антиоксидант, ол иммундық жүйені нығайтады, қартаю мен күйзеліспен күреседі. Оның функциялары Е дәруменінің функцияларына ұқсас, сол себептен олардың дәруменді-минералды кешендердің құрамына енуі оның ағзаға пайдалы әсерін күшейтеді.

  • Карнитин

Жүрек пен қан тамырларының жұмысына жағымды әсер етеді, иммунитетті нығайтады, сүйек ұлпасының шығындалуын баяулатады.

  • Рутин

Гормональді фонды теңгерімге келтіреді және қалқанша тәрізді бездің жұмысын қалыпқа келтіреді, иммунитетті қолдайды. С дәруменімен бірлескен түрде терінің ылғалдану деңгейі өзіне байланысты болатын гиалурон қышқылының ыдырауына жол бермейді.

  • Мыс

Бұл минералдың қажеттігі ағзаның энергияны өндіруімен, қан тамырларын қолдаумен, шаш құрылымын жақсартумен, гемоглобиннің – ұлпаларды оттегімен қанықтыратын ақуыздың өндірісімен байланысты.

  • Мырыш

Иммунитетті қолдайды. Мырыштың тапшылығы шаштың түсуіне, терінің құрғауына, безеудің пайда болуына, дәм сезудің төмендеуіне әкеп соқтырады. Amway NUTRILITE™ -тан бір айға TRUVIVITY™ жиынтығын ұсынады. Осы кешенді теріні қарқынды ылғалдандыру үшін қабылдау коллаген мен гиалурон қышқылының ыдырауына жол бермейді. Құрамына PhytoInfuse™ және PhytoCeramide™, А және С дәрумендері, мырыш енгізілген.

Nutrilite™ұсынған TRUVIVITY кешені жайлы көбірек біліңіз



Фитоэстрогендер мен өсімдік сығындылары

Әйелдердің денсаулығын қолдайтын кейбір препараттардың құрамында фитоэстроген деген компонент бар, ол әйелдердің жыныстық гормондарының деңгейін сол не өзге дәрежеде арттыра алады. Ең алдымен оларға қызыл жоңышқа мен майбұршақтың изофлафондары, сондай-ақ жабайы ямстың, цимицифуганың, кешкі наурызгүлдің сығындылары жатады. Басқа өсімдік сығындылары мен концентраттар әйел ағзасына жалпы нығайтушы әсерін тигізеді. Amway-дің NUTRILITE™ Сұлулық формуласы сияқты препаратының құрамына С дәрумені мен биотинмен қатар жүзім сүйектері мен қырықбуын сығындылары, ацерола концентраты кіреді, олар терінің ылғалдануына және шаштың нығаюына ықпал етеді.

Қандай препаратты таңдау керек?

Етеккір үзілісінің алдындағы кезеңде, яғни 40-45 жастағы әйел өз-өзіне қолдау көрсетіп, ал ағзасы ол өздеріне енекше мұқтаж болып келетін заттарды алып отыруы тиіс. Бұл толыққанды өмір сүру, жастығын ұзарту, өз-өзін жақсы сезініп және жақсы көріну үшін қажет. Әйел ағзасының ерекшеліктерін ескерумен арнайы түрде әзірленген дәруменді кешендердің түрлері көп. Алайда оларды әрдайым негізделген түрде сатып алып және қабылдап отыру керек.

Сонымен, қандай ББҚ-ларды сатып алған дұрыс? Оларды өз жасыңда қанша уақыт бойы қабылдау керек? Және қабылдау мөлшері қандай болуы тиіс? Әлбетте, бұл сұрақтарға жауаптарды ағзаның қандай дәрумендер мен микроэлементтерге мұқтаж екенін түсіну үшін қажетті диагностикалауды тағайындайтын дәрігермен бірге іздеп отыру керек. Артынан зерттеу нәтижелеріне, жасы мен хал-жағдайына сәйкес барынша лайықты құрал таңдап алынады. Олардың кейбіреуін қабылдауға болмайтын жағдайлардың бар екенін ескеріп отырған жөн.

Сапалы кешендерде пайдалы заттар теңгерімделген және бір күнге қажетті мөлшерді қамтыған. Әдетте небәрі бір таблетканы ғана ішіп отыруға болады, бұл өте ыңғайлы. Өзін ұстанып отыру керек болатын тағы бір ереже: дәруменді-минералды кешендерді белгілі бір уақыт бойы қабылдағаннан кейін өзгертіп отыру керек.

* Nutrilite™ тағамдық қоспалары дәрі емес. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.
**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты +7-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: