Балаларға арналған D дәрумені

Балаларға арналған D дәрумені

D дәрумені жайлы естімеген адам жоқ шығар. Дегенмен , бұл дәрумен жас аналарды көбірек қызықтырады: балалардың оны қабылдауына бола ма, жоқ па – аналардың дәрігерге ең жиі қоятын сауалы осы. D дәруменінің балалар үшін ерекшелігі мен пайдасы қандай?

D дәруменінің функциялары және оның түрлері

Кальциферол – дәрігерлерге арналған және ғылыми әдебиеттердегі ең жиі кездесетін атаулардың бірі, Ол адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды рөл атқарады. Бұл майда еритін дәрумен, адам ағзасындағы негізгі зат алмасу компоненттерінің бірі. Осы ерекшеліктің арқасында ол адамның май ұлпаларында жинақталып және артынша қажеттілігіне қарай біртіндеп жұмсалып отыруы мүмкін.
Кальциферолдың негізгі арналу мақсаты – фосфор мен кальцийдің он екі елі ішекте сіңуіне көмектесу. Сонымен қатар ол:

  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін қалыпқа келтіруге қатысады, қан қысымын төмендетеді;
  • адамның өмірлік маңызы бар органдарының – ішек, өкпе және басқа органдарының жасушаларының жылдам өсуіне ықпал етеді;
  • иммундық жасушалардың белсенді қалпын қамтамасыз етеді;
  • жүйке талшықтарын зақымданудан қорғап және жүйке импульстарының өткізгіштігіне ықпал етеді;
  • ағзадағы минералдардың алмасуын реттейді;
  • қанның жақсы ұйыуына жауапты.

Заттың рецепторлары көптеген органдарда, соның ішінде мида, жүрек бұлшық етінде, иммундық жүйенің жасушаларында, ұйқы безінде орналасқан.
D дәруменінің ағзада 5 түрі болады, алайда бізді қызықтыратын түрлері мыналар:

  • D2 немесе эргокальциферол – ол ағзаға тек тамақпен бірге түсіп отырады;
  • D3 немесе холекальциферол – ол адамның терісінде белгілі бір спектрдегі күн сәулесінің әсерімен өндіріліп отырады.

Қолайлы жағдайларда біздің ағзамыз D3 дәруменін өзі синтездеп отыра алады, алайда көбінесе адам үшін өмірлік маңызы болатындай мөлшерде өндірілмейді.

Балаларға арналған D дәрумені

Кальциферол кальцийдің сіңуіне жауапты болғандықтан, дәруменнің жетіспеушілігі сүйек құрылымдарының қалыптасу қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Сүйектер жұқарып, осал және сынғыш, майысуға бейім бола бастайды. Мұндай өзгерістер балалар ауруы – рахиттің негізі болып табылады. Дәруменнің ХХ ғасырдың басында ашылуы бүкіл әлем бойынша кеңінен тарап кеткен осы ауруды емдеудегі үлкен бір серпіліс болды. Әрине, рахит – бұл ағзада D2 мен D3 жетіспеушілігінің ақырғы сатысы. Алайда аз дәрежедегі теңгерімсіздіктің өзінде баланың бойындағы белгілер D дәруменінің жетіспеушілігін байқауға мүмкіндік береді.
Қандай белгілерге көңіл бөлу қажет:

  • жоғары дәрежедегі шаршау, мазасыздық;
  • үнемі түрдегі тынышсыздық (бір орнында отыра алмау, қатты дыбыстар мен жарқылға реакция);
  • назарын бір нәрсеге тоқтата алмау;
  • үстірт, сезімтал ұйқы;
  • қатты терлегіштік (және бас пен мойын жағындағы қышыну).

Балалық және жасөспірімдік жас – балаңыздың ағзасында D дәруменінің жеткілікті мөлшерде болуына ерекше көңіл бөлу керек болатын уақыт. Бала өмірінің осы кезеңінде бұл ерекше маңызды, себебі бұл кезде бала тез өсе бастайды, оның ағзасының барлық жүйелері қалыптасып және сонымен қатар баланың үздіксіз оқу процесі жүріп отырады. Ата-аналардың сүйікті қосымша үйірмелері мен секциялары өз бетінше. Олар баланың ағзасына жоғары жүктеме салады, яғни бала дәрумендер мен минералды қоспалардың толыққанды кешенін алуға мұқтаж болады.

Толыққанды тамақтану және тағамдық қоспалар

Көптеген пайдалы заттар мен бізге қажетті дәрумендерді біз өнімдермен бірге алып отыра аламыз. Баланың теңгерімделген және дұрыс тамақтануы оның денсаулығының кепілі болып табылатыны сол себептен. Оның тұтынатын тамағында ақуыздар, майлар, көмірсулар, талшық болуы тиіс. Олардың теңгерімін бұзуға болмайды. D2 дәруменіне теңіз өнімдері мен майлы балық, сүт өнімдері барынша бай. Бір қызығы, сүттің өзі адамдар үшін D2 дәруменінің көзі болып табылмайды, себебі сүттегі кальциферол ағзаға өте нашар сіңеді. D дәруменінің негізгі көзі балық майы деп саналады. Ол сондай-ақ құныс балық, кета, майшабақ, қара уылдырық, нәлімнің бауырында, тунец, жұмыртқаның сарасы мен тіпті түлкішекте көп мөлшерде бар.
Бұл балалардың сүйіп жейтін өнімдері емес екенімен келісесіз ғой. Көптеген балдырғандар мен жасөспірімдер кета немесе нәлімнің бауырын жей қоймас, ал дәруменнің жеткілікті мөлшерін алып отыру үшін бұл өнімдері үнемі және жеткілікті мөлшерде тұтынып отыру керек. Біздің тамақпен бірге алып отырған дәрумендердің мөлшері тұтастай ағзадағы дәрумендердің тәуліктік дозасын толықтыру үшін жетпеуі мүмкін. Оған қоса, минералды заттар мен дәрумендердің кез келген өнімдерден ағзаға сіңірілу дәрежесі онша жоғары емес: қайсыбірі ас әзірлеу барысында жоғалып кетеді, нақты бір ағзаның ерекшелігіне де – қышқылдығына, зат алмасуға және т.б. тәуелді болып отырады.

Бұл жағдайда дәруменді тағамдық қоспалар көмекке келеді. Олардың сөзсіз артықшылығы – олар тиімді тәуліктік дозасын ескерумен есептелген және көп жағдайда бір-бірімен жақсы үйлесетін бірнеше дәрумені біріктіріп отырады – бір-бірден бірнеше дәруменді қабылдаумен салыстырғанда, оларды қабылдаған анағұрлым жеңіл. Мұндай кешенді қоспалар – дәрумендер тапшылығының керемет профилактикасы. Мысалы, Amway балаларға арналған Омега-3 және D дәруменімен желелік пастилкалар ұсынады – олардың құрамында D2 мен D3 дәрумендерінің тәуліктік нормасының 80% дейінгі үлесі қамтылған. Капсула оны жұта салысымен бірден эмульсияға айналумен ағзаға барынша жақсы сіңеді. Және балалар үшін ерекше жағымды жайт: оларды қабылдаудан кейін ауызда балықтың дәмі қалмайды. Мұндай пастилкаларды 3 жастан асқан балаларға беруге болады.

Тағы бір «дәмді» нұсқасы – кальций, магний және D дәруменімен Nutrilite пастилкалары. Олар баланың өсіп келе жатқан ағзасы үшін керемет жәрдемге айналады. D3 мен магний сүйек ұлпаларымыздың, тістеріміздің, шаш пен тырнақтарымыздың жағдайына жауапты кальцийдің сіңірілуін күшейтеді. Өсіп келе жатқан тірек-қозғалыс аппаратына қолдау жасап отырған аса маңызды.

Сонымен, мәселенің мінсіз шешімі – дұрыс және сан-алуан түрлі тамақтанып және дәрумендер мен минералдарды кешенді түрде қосып отыру. Оларды курс түрінде қабылдап отыруға болады, ал тиімді препаратты балаңыздың жеке басының ерекшеліктері мен қажетсінулеріне қарай дәрігер таңдап береді.

D дәруменінің тәуліктік нормасы және адамның жасы

D дәруменінің тәуліктік нормасы және адамның жасы

D дәруменінің дәл тәуліктік нормасы бар – ол адамның жасына қарай өзгеріп отырады. Ол халықаралық бірлікпен (ХБ) есептеледі.

  • Бір жасқа дейінгі нәресте тәулігіне дәруменнің 400 ХҚ алуға мұқтаж.
  • Бір жастан 14-15 жасқа дейін – дәруменнің 600 ХҚ алуға мұқтаж.
  • Ересек адам – тәулігіне 800 ХБ. 60 жастан кейін адамның D дәруменін өнімдер мен полидәрумендерден игеру қабілеті төмендейді, сол себептен тәуліктік норма 1000 ХБ дейін артады.
  • Жүкті және бала емізетін әйелдерге ағзасының жүйелеріне түсетін жүктеменің артуына байланысты күніне дәруменнің 1000 ХБ тұтынып отыру қажет.

Бұл адам ағзасына күнделікті қажетті D дәрумені нормасының төменгі шегі. Бұл нормадан аз мөлшерде тұтынбаған дұрыс, ал нормасын асыру, тіпті бірнеше мәрте асырып қабылдау қауіпті болмайды. D дәруменінің елеулі мөлшердегі жетіспеушілігін талдау тапсырмай-ақ байқауға болады. Белгілі бір сбелгілердің байқалуы ағзада қалыптан тыс құбылыстардың орын алып отыруының белгісі болып табылады.

Балаларда D дәрумені тапшылығының жанама әсерлері келесілер болуы мүмкін:

  • Көру қабілетінің нашарлануы;
  • Қызбалық және ашушаңдық (әсіресе бұған дейін баланың мінезі орнықты болса);
  • Тез шаршау және сылбырлық;
  • АІЖ тұрақты жұмыс істемеуі;
  • Тәбеттің бұзылуы.

Емшектегі нәрестелерге арналған D дәрумені

D дәруменін жас бала кезінен дұрыс мөлшерде тұтынып отырған маңызды, себебі адам ағзасының барлық өмірлік маңызы бар жүйелері дәл осы кезеңде қалыптасады. Алғашқы жаста D дәруменін жеткілікті мөлшерде тұтынбаған жағдайда келешекте тірек-қозғалыс аппаратындағы проблемалардың туындау, семіру, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының даму тәуекеліне әкеп соқтырады. Бүгінде баланың сөйлеу дағдысының қалыптасуы мен оның анасының жүктілік кезінде D дәруменімен қажетті мөлшерде қамтылу-қамтылмауының арасындағы байланыстың бар екені анық және ол дәлелденген.

Барлығымыз ауруды емдеудің оның алдын алуға қарағанда анағұрлым күрделі, ұзақ және қымбат кезең екенін білеміз. Тұтастай авитаминоздың және D дәруменінің тапшылығының алдын-алу оның тапшылығының ықтимал салдарын емдеуге қарағанда жеңіл болады.

Нәрестелік авитаминоздың алдын-алу жөніндегі профилактикалық шаралар:

  • Жүктілік кезінде және емшекпен емізу кезінде анасының дұрыс тамақтануы;
  • Таза ауада және күннің астында серуендеу (күн сәулесінің жоғары белсенділік уақытын санамағанда);
  • Күн кестесі мен ұйықтау режимін ұстану;
  • Нәрестені қосымша тамақтандыру және тамағын түрлендіру бойынша ұсыныстарды орындап отыру.

Педиатрларға жиі қойылатын сауалдардың бірі: егер жас нәресте анасының сүтін еміп жүрсе және оның анасы D3 дәруменін қабылдайтын болса, оған D дәруменін қабылдау қажет пе? Жауабы – ия, керек. Нәрестенің D дәруменіндегі қатысты мұқтаждылығын анасының сүті толығымен қанағаттандыра алмайды, себебі оның ана сүтіндегі концентрациясы тым төмен. Егер емшектегі бала сүт қоспасын қабылдап жүрген болса, оның құрамында D дәрумені белгілі бір мөлшерде бар, алайда ол әлі де тәуліктік норманы қамтуға жетпейді.

Сонымен, кез келген нәрестеге оның тамақтану түріне қарамастан D дәруменін беріп отыру қажет. Әлі шайнай алмайтындар үшін оның сұйық түрі шығарылады. Ол сулы немесе майлы ерітінді түрінде болып келеді, оның бір тамшысында 500 ХБ D дәрумені бар, бұл оны дозалау және қабылдау үшін өте ыңғайлы. Жазда күннің болуына қарамастан, D дәруменін қабылдай беруге болады, тіпті қажет десе де болады, ал үлкен қалаларда күн сәулесінің өтуіне түтін және ауаның ластануы кедергі болып отырады.

D дәруменінің не үшін қажет екенін, сондай-ақ D дәруменінің әйелдерде жетіспеушілігі мен артық қабылдау белгілері туралы осы жерден оқып білуге болады.


Сондай-ақ біліңіз: