Ересек адамның иммунитетін қалай көтеруге болады

Ересек адамның иммунитетін қалай көтеруге болады

Иммунитет дегеніміз не?

Бұл ағзамыздың өзіне бөтен бактериялар мен вирустарды көріп, сондай-ақ олармен күресу қабілетін қамтамасыз ететін өз-өзін қорғау қасиеттері. Жақсы иммунитет біздің денсаулығымыздың кепілі болып табылады.

Әдетте, иммунитетті екі типке бөліп жатады.

  • Табиғи (немесе туа біткен) иммунитет – біз ауырған кезде ағзамызда пайда болатын және артынан тұқым қуалайтын.
  • Жасанды иммунитет – ағзамызға дайын антиденелерді немесе вакциналарды (екпелерді) егу кезінде пайда болатын. Бұл жағдайда ағза өз антиденелерін өндіре бастайды және бұл қабілет ұзақ жылдар бойы сақталады.

Ағза иммундық жүйесін адам дүниеге келе салысымен құра бастайды және бұл процесс жыныстық жетілуден кейін ғана аяқталады.

Дегенмен де, ең мықты иммунитеттің өзі жас ұлғайған сайын әлсіреуі мүмкін және мұның себебі келесі факторлардың бірі болуы мүмкін.

Иммунитеттің төмендеу себептері:

  • Үнемі түрдегі күйзелістер және депрессиялық күйлер.
  • Ақыл-ой мен дененің қажуы.
  • Ұйқының жетіспеушілігі.
  • Хирургиялық оталар мен химиотерапия.
  • Ұзақ уақыт бойы антибиотиктер мен басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдау.
  • Алкогольді тұтыну, шылым шегу және басқа да зиянды әдеттер.
  • Артық тамақтану.
  • Дұрыс тамақтанбау, яғни рационда майдың, қанттың, тұздың, құрамында түрлі зиынды бояғыштар мен консерванттары бар табиғи емес өнімдердің арты мөлшерде болуы.
  • Үнемі отыру қалпында болу.
  • Жүктілік.

Иммунитетті үй жағдайларында қалай күшейтуге болады

Ағзаның өзін-өзі қорғау қабілетін арттырып және иммунитетті күшейту үшін келесі шараларды қабылдауға болады:

  • шынығу;
  • дене қызметінің белсенділігі;
  • дұрыс тамақтану, ол өз кезегінде мыналарды көздейді:
    • пайдалы табиғи өнімдерді тұтыну;
    • тамақтану режимі;
    • теңгерімделген рацион;
    • ағзаны халықтық ем арқылы нығайту;
    • ББҚ мен дәрумендерді қабылдау.

Шынығу ережелері

  • Шынығу шараларын деніңіз сау кезде ғана бастаған дұрыс.
  • Температураны біртіндеп төмендетіп отыру қажет. Мысалы, қарапайым түрде салқын сумен жуынудан бастауға болады. Кейін температураны біртіндеп төмендетіп және шынығу аймағын кеңейтуге болады.
  • Шынығу шараларын мерзімді түрде орындап отырған маңызды. Суық тиген жағдайдың өзінде оны тоқтатпаған жөн. Бұл жай ғана ағзаның өзіндегі өзгерістерге деген жауапты реакциясы.

Шынығу әдістері

  • Ауа ванналары – бұл 15 градустан жоғары болмайтын температурада жүру. Алдымен 3 минуттан бастаңыз, ал артынша күнделікті бұл уақытты 1-2 минутқа ұзартып отырыңыз.
  • Сулы сүлгімен сүртіну. 3-4 минут бойы арқаңызды, кеудеңізді, мойныңызды, жамбасыңызды, аяғыңызды сулы сүлгімен тез-тез үйкелеңіз. Судың температурасын бастапқыда 30 градустан бастап, әр апта сайын біртіндеп 5 градусқа азайтып отыру керек.
  • Суға құйынуды барлығынан даертеңгісін орындаған жақсы. Бөлме температурасындағы суды денеңіздің кейбір жерлеріне құюдан бастаңыз. Екі апта өткеннен кейін сумен толығымен құйынып және судың температурасын біртіндеп төмендетіп отыруға болады.
  • Ыстық- салқын аралас душ қан тамырлары мен жүрек қабырғаларының нығаюына ықпал етеді. Ыстық және суық суды алмастырып отырыңыз, әр температуралы сумен құйынуды 10 секундтан бастаңыз.
  • Жалаңаяқ жүру. Бұл шараны қабылдау үшін жерді жалаңаяқ басып жүру шарт емес. Барлығын үйде ұйымдастыруға болады. Ваннаның түбіне суық су құйып, соған аяғыңызды салып бірер минут тұрыңыз. Ұзақтығы мен судың температурасын біртіндеп өзгертіңіз.

Шынығу шаралары қан айналымына, терінің күйіне жағымды әсер етеді, қан тамырларының қабырғаларын нығайтуға көмектеседі және жалпы алғанда барлық органдардың қызметін жақсартады.

Дене қызметінің белсенділігі

Спортпен қалыпты түрде айналысу – иммунитетты нығайтудың тағы бір әдісі. Денеге шамадан тыс мөлшердегі жүктемелер керісінше, иммунитетті бұзуы мүмкін. Бұл жарыстық күйзеліктерімен, гормоналды өзгерістермен және ағзаның шамадан тыс ширығуымен байланысты. Сонымен қатар, егер де сіздің басты мақсатыңыз - бодибилдерлердің конкурсына қатысу емес, ағзаның өзін-өзі қорғау функцияларын іске қосу болса, жүгіріңіз, велосипед тебіңіз, жаттығу жасаңыз, жаяу көп жүріңіз. Бұл сіздің хал-жағдайыңызға, денсаулық күйіңізге жақсы әсерін тигізіп, қан айналымы мен лимфаның ағысын жақсартып, бронхтардан шырыштың сыртқа шығарылуына және иммундық жүйенің реакциясының артуына себін тигізетін болады. Спортпен үнемі қалыпты түрде айналысқан жағдайда респираторлық ауруларға шалдығу ықтималдығы 50 пайызға төмендейді.

Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану

Жақсы иммунитеттің ең маңызды шарты – салауатты және пайдалы тамақтану. Төмендегідей зиянды өнімдерді рационнан шығарып немесе оларды тұтыну мөлшерін барынша азайту қажет:

  • трансгендік майлар (маргарин, майонез);
  • қант, кәмпит, торт;
  • тұз;
  • күшті спирт сусындары;
  • газдалған сусындар;
  • фастфуд;
  • қытырлаған картоп;
  • қуырылған тағамдар,
  • шұжықтар мен консервілер,
  • жоғары сұрыпты ұннан жасалған макарондар.

Тамақтануға деген көзқарасты өзгерту біз ойлағандай соншалықты қиын емес. Себебі көптеген зиянды өнімдерді пайдалы баламаларымен алмастыруға әбден болады.

Зиянды өнім

Пайдалы баламасы

Қант

Стевия, фруктоза немесе бал

Майонез

Майлы емес кілегей

Маргарин

Майлы емес сары май

Кәмпит, торт

Қақталған жемістер, балғын жемістер

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған макарондар

Бүтін дәнді ұннан жасалған макарондар, қарақұмық кеспесі

Шұжық

Көмештелген ет

Көкөніс консервілері

Табиғи көкөністер

Қытырлақ картоп, тұздалған жаңғақтар

Грек және басқа жаңғақтар

Қуырылған тағамдар

Көмештелген тағамдар

күшті спирт сусындары

Аздаған мөлшерде құрғақ қызыл шарап

Халықтық ем

Иммунитеттің мойындалған катализаторлары болып табылатын тексерілген халықтық емдеу құралдарын елеусіз қалдырмаған дұрыс.

  • Итмұрын күшті антибактериялық әсерімен, сондай-ақ құрамында С дәруменінің көп мөлшерде болуымен танымал, кейінгісінде ол тіпті лимон мен қарақаттан да асып түседі. Жемістеріне қайнап тұрған суды құйып, бірнеше сағатқа қоя тұру қажет. Күнделікті осы тұнбаның бір стаканын ішіп отыру арқылы тұмаудың алдын алуға болады. Итмұрынның тұнбасын толыққанды түрде алмастырып және өзіңізді мұндай сусынды демдеу және тұндыру әурешілігінен босату үшін NUTRILITЕ шайналатын таблеткаларын немесе NUTRILITE С дәрумені плюс өнімдерін қабылдауға болады.
  • Бал шын мәнінде микроэлементтер мен минералды заттарға ең бай өнімдердің бірі болып саналады. Иммунитетті қолдау үшін күніне бір ас қасықтан қабылдап отырған жеткілікті болады. Алайда ауырған жағдайда балдың әсерін оған басқа дәрілік өнімдерді қосумен күшейтуге болады. Қоспаны даярлау әдісі барынша қарапайым: блендерге сарымсақтың 3 түйірін, 1 лимон салып ұсақтап, осыған ½ стакан бал қосыңыз. Осы қоспаны аш қарынға және ұйықтар алдында бір ас қасықтан қабылдап отыру ұсынылады. Сарымсақтың орнына зімбірді немесе алоэ шырынын пайдалануға болады.
  • Алоэ шырынын дәрілік шөптердің қайнатпасына немесе тіпті балға қосуға болады. Оған қоса, бұл тұмауды емдеуге арналған табиғи өнім – ол үшін мұрынның тесіктеріне осы шырынның бірнеше тамшысын тамызған жеткілікті.
  • Адамшөп тамырында микроэлементтер өте көп және ол иммундық жүйені нығайтуда чемпион деп саналады. Ол иммундық реакциялардың жылдамдығын арттырады, қандағы «жаман» холестериннің деңгейін төмендетеді, көру қабілетін жақсартады, тахикардия мен тағы басқа көптеген ауруларды емдейді. Адамшөпті табиғи түрінде табу қиын. Сол себептен оны спирттік тұнба, шай, таблеткалар мен капсулалар түрінде қабылдайды.
  • Лимон суық тиюмен байланысты аурулар кезінде таптырмайтын өнім. Баспа мен фарингит кезінде тамақты бір стакан суға араластырылған лимон шырынымен шаюға болады. Суық тиген жағдайда дәл осы ерітіндіге ас тұзы қосылады.
  • Зімбір тамыры қайнатпалар мен шайларды әзірлеу үшін, сондай-ақ ингаляция ретінде қолданылады. Зімбір суық тиюді жылдам еңсеруге, аурудан кейін күш жинауға көмектеседі.
  • Сарымсақтың құрамында аллицин деген антибиотик бар, ол зиянды микроорганизмдерді өлтіріп, иммунитет пен күйзеліске төтеп беру қабілетін арттырады. Суық тиюдің алдын алу үшін күніне бір рет сарымсақтың бір түйірін жеп отырған жеткілікті. Ал сарымсақтың жағымсыз иісінен қорқатын және оны өңделмеген қалпында қабылдай алмайтындарға NUTRILITE™ Сарымсақ таблеткалары көмектеседі, олар құрамындағы пайдалы заттардың мөлшері бойынша табиғи өнімнен кем түспейді.
  • Грек жаңғақтары дәрумендер мен эфир майларының орасан зор мөлшеріне ғана емес, сондай-ақ жоғары тағамдық құндылыққа ие. Мысалы, 100 грамм грек жаңғағы жанышталған ет кесегін алмастыра алады. Грек жаңғағына лимон, мейіз, қақ өрік пен қара өрік қосылған қоспалар қолдануда өте ыңғайлы болып келеді – аталған ұсақталған өнімдерді теңдей етіп араластырып, бал қоссаңыз болғаны.
  • Көк шайдың құрамында алкалоидтер (ақыл-ой қызметін жандандырады, еңбек қабілетін жақсартады) мен полифенолдар (қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі) бар. Көк шайды кез келген мөлшерде ішуге болады. Ал егер мұндай сусын сізге ұнамаса, құрамында көк шайдың сорындылары бар NUTRILITЕ Көкөністер мен жемістердің концентратын қабылдауға болады.

Биологиялық белсенді қоспалар

Өкінішке орай, қала тұрғындарының сапалы жас көкөністерден тағамдар әзірлеп және өз рационындағы дәрумендер мен микроэлементтердің теңгерімін қадағалап отыруға әрдайым мүмкіндігі бола бермейді. Бұл жағдайда ББҚ-лардың көмегіне жүгінуге болады. Мысалы,NUTRILITE™ Дэйли таптырмайтын дәрумендер мен микроэлементтердің бастапқы жиынтығын қамтыған. Бір таблетканың құрамында құныс балықтың 280 граммындағыдай мөлшерде йод, сондай-ақ дәрумендер, 6 өсімдіктің минералдары мен фитонутриенттері бар. Бір қаптамасы бір айға жетеді.

NUTRILITE Кальций, магний, D дәрумені кешені ™ сүйекті нығайтып және сынулардың тәуекелін төмендетеді, олар қарт адамдарға, сондай-ақ спортпен белсенді түрде айналысатындарға аса қажет. Препараттың тәуліктік дозасында ақ ірімшіктің 350 граммындағыдай мөлшерде кальций және грек жаңғағының 625 граммындағыдай мөлшерде магний бар.
ББҚ-лар рациондағы дәрумендердің мөлшерін арттырудың керемет құралы болып табылады, олар сирек ауырып және жүктемелерді жеңіл еңсеріп отыруға көмектеседі. Бұл дәрі-дәрмектік препараттардың мойындалған баламасы. Оларды дәрігермен келіскен түрде қабылдап отырған дұрыс болады.


Сондай-ақ біліңіз: