Әйелдерге арналған D дәрумені

Әйелдерге арналған D дәрумені

Дәрумендер мен минералдар ең алдымен ағзадағы зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Адамның жасына, жынысына, денсаулық жағдайына, салмағына, бойына, дене қызметінің белсенділігіне, физиологиялық қажеттілігіне қарай адамға бұл заттар әртүрлі мөлшерде қажет болып отырады. Сол себептен дәруменнің жетіспеушілігін және аурулардың дамуына байланысты зардаптардың алдын ала болмауына көмектесетін нормалар бар. Д дәруменінің тапшылығының алдын-алу – денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі.

Әйел адамның денсаулығы үшін бағалы дәрумендердің арасында, әлбетте, D дәрумені (кальциферол) ерекше рөлге ие, ол екі формада шығарылады: D2 және D3 формасында. Олар бауыр мен бүйректе белсенді түрде іске қосылады.

Мазмұны

D2 және D3 түрлері

D3 (холекальциферол) «күн» дәрумені деп аталады, себебі ол теріде ультракүлгін әсерінің арқасында пайда болады. Ол үшін балалар мен ересектер күннің көзінде аптасына бірнеше рет 15-30 минуттай жүруі тиіс. Алайда D дәруменінің денсаулыққа зиян өндірісі белгілі бір у ақыттарда, яғни сағат 11.00 бастап 14.00 дейін жүреді, бұл кезде теріні қорғау қажет.

Сонымен қатар, дәруменнің ағзаға табиғи түрде сіңірілуі жас ұлғайған сайын төмендеп отырады, ал терісі қараторы адамдар оны анағұрлым баяу сіңіріп отырады. Күн сәулесін қабылдаудың жағымсыз сәттеріне күннен қорғайтын құралдар мен қолайсыз экология, мысалы ауаның ластануыда жатады. Сондықтан, тіпті жаз айларында да холецальциферол әрдайым бола бермейді және бәрі бірдей жинақтала алмайды.

D2 (эргокальциферол) ағзаға әдеттегі тағамдармен бірге түсіп отырады. Алайда Dдәруменіне бай жануар тектес өнімдер онша көп кездеспейді: майлы сұрыпты балық (майшабақ, сардина, албырт, скумбрия, тунец, сүтіл), қой еті, жұмыртқа (сарысы), сары май, қаймақ, кілегей, қатқыл ірімшік, сиырдың бауыры, теңіз өнімдері, нәлімнің бауыры, қызыл уылдырық, балық майы. Бұл дәрумен келесі өсімдік тектес өнімдерде аз мөлшерде кездеседі: түлкішек саңырауқұлақтары, сұлы ботқасы, картоп, апельсин, ақжелек, брокколи, жаңғақтар, өсімдік майлары.

Пайдалы дәрумен бүлінбеу үшін тамақ әзірлеу ережелерін ұстанып отырған маңызды. Тамақтың өзі де ағзаны D дәруменімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете алмайтыны дәлелденген, себебі ол үшін оған бай өнімдерді тым көп мөлшерде жеп отыру керек болады, олардың кейбірінде оған қоса холестерин де бар. Сонымен қатар, бұл тізімде жүкті және баланы емізіп жүрген әйелдерге алғашқы 6 айда сақтықпен жеуге кеңес берілген немесе мүлде рұқсат етілмейтін өнімдер де бар.

D дәрумені не үшін қажет

Кальциферол әйелдер денсаулығының дәрумені деп саналады. Шынымен де, ол әйелдер үшін өте маңызды. Себебі ол басқа дәрумендер сияқты еркектердің ағзасымен салыстырғанда анағұрлым жоғары мөлшерде шығындалып отырады. Бұл әйел ағзасының ерекшеліктерімен және оның функцияларымен байланысты: етеккір циклы, жүктілік, босану, емшек сүтін емізу, климакс. Сол себептен өмірдің түрлі кезеңдерінде D3 және D2 қажеттілігінің мөлшері артып отыруы мүмкін. Алайда ең бастысы – әйелдерге кальциферолдың жетіспеушілігіне немесе артық мөлшеріне жол бермей, оның тиісті мөлшерін сақтап отыруы қажет.

Осылайша, Dдәрумені ағзаға аса қажет, себебі:

  1. Қандағы кальций және фосфор сияқты минералдардың деңгейі үшін жауапты, олар сүйек-бұлшық ет ұлпасының (сүйектердің, буындардың, бұлшық еттердің, тістердің) сақталуы мен нығаюына ықпал етеді; тірек-қозғалыс аппараты үшін, сонымен бірге 20 жасқа дейін қалыптасатын келбеттің түзу болуы үшін маңызды;
  2. Иммундық, жүрек-қан тамырлары, эндокринді, гормоналді, жүйке жүйелерінің жұмысын бақылайды. Атап айтқанда, туа біткен иммунитеттің деңгейін сақтайды; көміртектік зат алмасуды реттейтін гормонның (D-гормон) рөлін атқарады, яғни арықтау мәселелерімен тікелей байланысты. Демек, дұрыс зат алмасу үшін және дененің оңтайлы салмағын ұстап отыру үшін қажет;
  3. 200 астам генді реттейді;
  4. Қабынуға қарсы, ісікке қарсы, иммунитетті күшейтетін әсерге ие, қартаю процестерін баяулатады, энергия береді;
  5. Бала көтеруге, жүктіліктің сақталуына және жүктіліктің қалыпты өтуіне ықпал етеді; жүктілік кезінде барынша қажет, себебі ұрықтың иммунитетінің және оның сүйек ұлпасының қалыптасуына әсер етеді;
  6. Босанған әйелдің ағзасын қалпына келтіреді; ЕАС кезіндегі күйді реттейді;
  7. Көру қабілетіне, назарға және есте сақтау қабілетіне жақсы әсер етеді.

Әйел ағзасында D дәруменінің жетіспеушілігі

D дәруменінің жетіспеушілігі әлем тұрғындарының 75%-да байқалып отырады, олардың басым көпшілігін әйелдер мен балалар құрайды.

Әйел ағзасына бұл заттың жетіспеу себептері мыналар болуы мүмкін:

  • D3 дәруменінің күннің әсерімен жеткілікті мөлшерде өндірілмеуі;
  • Жылдың қыс-көктем мезгілі (Қазан және Наурыз айраның аралығында);
  • Монодиеталар, ақуызды диеталар, теңгерімделмеген тамақтану, вегетариандылық; жүктілік;
  • Емшек сүтімен емізу: емшек сүтін емізген алғашқы 6 айда ананың ағзасындағы D дәруменінің деңгейі күрт төмендеп кетеді, бұл кальцийдің жүктілік кезіндегіден 4 есе артық мөлшерде шығындалуына әкеледі;
  • Кемел жас (50 жастан кейін);
  • Бауыр мен бүйрек, өт қабы, тік ішек аурулары, артық салмақ;
  • Денешынықтыру белсенділігінің жоқтығы;
  • Антацидтерді (асқазандағы қышқылдықтың жоғары деңгейін төмендететін) және холестеринге қарсы препараттарды қабылдау;
  • Эндокринді жүйенің , өт қабының созылмалы аурулары, панкреатит және т.б.

Мұндай жағдайлар органдар мен жүйелердің түрлі патологияларының дамуына әкеп соқтырады:

  • Иммунитет зардап шегеді;
  • Зат алмасудың бұзылуы байқалады;
  • Қалқанша тәрізді без, қалқанша жанындағы без, ұйқы безі, бүйрек безі, бүйрек, өкпе, жүрек, ішек, асқазан, гипофиз, гипоталамус және т.б. органдардың жұмысында іркілістер орын алып отыруы мүмкін;
  • Жүктілік кезінде асқынулар орын алуы мүмкін;
  • Етеккір циклы бұзылуы мүмкін;
  • Сүйек ұлпасында өзгерістер орын ала бастауы мүмкін, бұл остеомаляцияға (сүйектегі минералдардың шайылуына), ал кейіннен остеопорозға әкеп соқтыруы мүмкін, бұл сынулар мен жарақаттарды тудырады;
  • Келбеттің бұзылуы, бұлшық еттердің әлсіздігі мен ауруы байқалады;
  • Аналық бездер мен жатырмен проблемалар байқалады: эндометриоз, миома және т.б.
  • Гормоналдық теңгерім бұзылады: тестостерон мен эстроген көп мөлшерде түзіле бастауы мүмкін, бұл уақытынан бұрынғы климаксты тудыруы мүмкін;
  • Терінің (Д дәрумені тері жасушаларының жаңару процесіне қатысады), шаштың, тістің (кариес) жағдайы нашарлайды. Тері ауруларының белгілері пайда болуы мүмкін;
  • Артық салмақ жиналады;
  • Үрейлену, ұйқысыздық, жабығу сезімі пайда болады;
  • Созылмалы шаршағыштық, бас ауруы сезіледі;
  • Гипертония, диабет, артрит, шашыраңқы склероз белгілері туындауы мүмкін; ЖРВЖ және ЖРА жиі орын алады.
Әйел ағзасы үшін D дәруменінің артық мөлшерде болуы

Әйел ағзасы үшін D дәруменінің артық мөлшерде болуы

Жүктілік кезінде немесе етеккір тоқтаған кезде әйелдер дәруменді кешендерді, ББҚ мен дәрілік препараттар түріндегі синтезделген D3 дәруменін қабылдай бастайды. Алайда, ол майда ерігіш болып келетінін және ағзадан шығуы қиын екенін білген маңызды. Көп жылдар бойы дозасын 10 000 ХБ-дан асырып ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда D дәрумені уыттылық дәрежесіне жетеді. Сондықтан оның асқын мөлшері де қауіпті болып келеді. Оның артық мөлшеріне бұл затқа деген гиперсезімталдық та ықпал етуі мүмкін. Бір қызығы, күн D дәруменінің артық мөлшерінің себебі болып табылмайды.

Гипервитаминоз проблемасының екі сатысы болады. Бастапқыда уланудың зардаптары жүрек айну, шөлдеу, бас ауру, тәбеттің болмауы, арықтау, іш қату немесе іш өту, кіші дәретке жиі бару, сусыздану, әлсіздік, қызудың көтерілуі, тартылу, ашушаңдық, бұлшық ет пен буын аурулары түрінде байқалып отырады. Кейіннен кальций жұмсақ ұлпаларда жиналып, атеросклероз дамуы мүмкін. Ауыр жағдайға есінен тану мен кома жатады.

Кальциферолдың ағзада артық мөлшерде болуы бедеулікке және етеккір кезеңінің бұрын тоқтауына, жиі түрде суық тиюлер, аритмия, гипертония, бауырдың ұлғаюына және т.б. әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы айта кеткен жөн.
Сол себептен дәруменнің мөлшерін дәрігер қан талдауларының нәтижесін алғаннан кейін тағайындауы тиіс. Ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда үнемі түрде бақылау жүргізіп отыру қажет.

D дәруменінің ағзадағы мөлшері жайлы қалай білуге болады?

Ағзадағы D дәруменінің мөлшерін 25ОНД қан талдауын жүргізіп білуге болады. Әдетте мұндай зертханалық зерттеу жүкті әйел күннің көзінде тым аз болып, солтүстік аймақтарда тұрып, вегетариан болып, оның созылмалы аурулары немесе аталған дәруменге қатысты зат алмасудың тұқым қуалайтын бұзушылықтары болып, онда остеопороз белгілеріне қатысты күдіктер туындаған жағдайда жүргізіледі.

D дәруменінің мөлшерін теңгерімдеу

D3 қабылдау – бұл аурулардың алдын-алу, ішкі органдардың патологияларын емдеу, жақсы көңіл-кү мен ұзақ өмір сүрудің рецепті. Алайда оның ағзада игерілуі тікелей түрде дене қызметінің белсенділігіне, мысалы, фитнеспен, жаяу жүріспен айналысуға байланысты. Бір қызығы, суда жүзу D дәруменінің өндірілуіне ықпал етпейді, себебі су дене салмағын азайтумен, оған түсетін жүктемеден босатады.

D дәруменін тек қана дәрігер тағайындай алады – оның ұсыныстарын мүлтіксіз орындап отыру керек. Ересек әйелдерге, сондай-ақ жүкті және емшекпен емізетін әйелдерге арналған ең жоғары дозасы – тәулігіне 4000 ХБ (100 мг). Бұл жағдайда әйелдер кальций, магний, D дәруменінің игерілуін жақсартатын А, С, Е, В6 дәрумендеріне, мырыш, фосфор, кальцийге көңіл бөлуі тиіс. Дәл сол себептен профилактикалық мақсатта дәрумендік кешен тағайындалады. Емшек сүтін емізіп жүрген жас анаға немесе етеккір үзілісінен кейінгі кезеңдегі әйелге арнайы кешендерді қабылдап отыруға болады.

Ең танымал өнімдердің бірі ретінде Amway өнімі – NUTRILITE кальций, магний, D дәрумені кешені саналады, оның құрамында D дәруменінің тәуліктік нормасы қамтылған. Оны 1 ай бойы тамақпен бірге күніне 3 мәрте 1 таблеткадан қабылдап отыру ұсынылады. Мәскеу бойынша немесе еліміздің басқа қалалары бойынша өнімді сатып алып және жеткізуді ресімдеу Amway ресми сайтында ыңғайлы болады.

Мұндай кешендерді немесе жеке түрде D дәруменін қабылдаған кезде оның ағзаға сіңірілуін нашарлататын темірді қабылдамаған дұрыс болады. Анағұрлым күшті әсеріне қол жеткізіп және ағзаға қажеттінің барлығын беру үшін рационға да өзгерістер енгізу қажет. Оған қоса, D дәруменінің игерілуіне алкоголь мен шылым шегудің қатты зиян тигізетінін есте сақтау керек.

Балалар мен «күн» дәрумені

Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын орын алған D дәруменінің ашылу тарихы балалар рахитының емін іздеумен байланысты болатын. Бұл аурудың ағзада кальциферол тапшылығының белгісі екені анықталған болатын. Бұл заттың ағзадағы мөлшері анасының құрсағында жатқан балаға, кейіннен емшек сүтін емізген кезде әсер етеді. Кальциферолдың жүкті әйелдер мен емшекпен емізетін аналардың ағзасындағы тапшылығының алдын алу сол себептен де қажет болып табылады.

етіспеушілік сүйек қаңқасы жүйесінің қалыптасуымен және нәрестенің туғаннан кейін біраз уақыттан кейін, сонымен бірге ересек адамдарда ауруларға деген бейімділіктің пайда болуымен байланысты мәселелерге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ балалардың дене салмағы аз болып туылу тәуекелі туындайды.

Шала туылу, емшек сүтін емізуді уақытынан бұрын тоқтату, күннің болмауы, дұрыс тамақтанбау баланы қажетті дәруменнен айырады. Ал ол сүектің беріктілігін арттыру үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы даму үшін қажет, себебі D дәрумені когнитивті әлеуеттің деңгейімен өзара әрекеттесіп және баланың мектептегі үлгеріміне әсер етеді. Балаларда D дәруменінің тапшылығы белгілері жайлы көбірек біліңіз.

D дәрумені және еркектің денсаулығы

Еркектің өмірі дене қызметінің жүктемелерімен байланысты, сол себептен өзіне тірек-қозғалыс аппаратының беріктігі байланысты болып келетін дәруменнің маңызы аса зор. Оған қоса, нормадағы D3 және кальций еркектің күшіне, шәуетінің сапасына, эмоциялық күйіне, бұлшық еттерге жауапты тестостеронды жоғары деңгейде ұстап тұрады, сондай-ақ оның антагонисі –эстроген әйелдер гормонының мөлшерін азайтып отырады. Демек, бұл дәруменнің жетіспеушілігі шаршау сезімінің, белсіздіктің, қуықасты безі ауруларының, бұлшық ет көлемін жоғалту, семіру, төзімділігінің төмендеу белгілерінің туындау тәуекелін тудырады. Еркектерге D дәруменін тиісті мөлшерде ұстап отыруға белсенді және салауатты өмір салты, спортпен айналысу, күннің көзінде болу (дегенмен де жас ұлғайған сайын D3 дәруменінің өндірілуі төмендеп отырады), дұрыс тамақтану, D дәруменін қабылдау көмектеседі.



Сондай-ақ біліңіз: