Artistry Go Vibrant™
Суға төзімді ұзартқыш тушь

₸ 17 300,00
₸ 14 705,0014705.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 126740
Салмағы/көлемі: 8,5 мл
Мөлшері:

    ARTISTRY GO VIBRANT™
    Мінсіз макияж
    Айқын көзқарасқа арналған табиғаттың тамаша сыйы

    Кірпікті ұзартатын суға төзімді тушь

    Теріні қоректендіруге, қалпына келтіруге және бабымен күтуге арналған табиғи құрамдас заттар:
    • Nutrilite™ ақ чиа дәндерінің сығындысы теріні тыныштандырып, жұмсартады;
    • Nutrilite™ фермаларынан жиналған анардың сығындысы антиоксиданттық қасиеттерге ие;
    • Жожоба тұқымының майы кірпіктердің өсуін ынталандырады, олардың түсуіне және сынуына жол бермейді;
    • жүзім сүйектерінің майы қастың өсу процесіне ықпал етеді, түктің құрылымын қалпына келтіреді;
    • тікенекті макадамия дәндерінің майы қасты қоректендіріп, қалыңдатады;
    • ши майы қастың ұзындығы мен қалыңдығын қалпына келтіреді;
    • авокадо майы қасты қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан қорғайды;
    • күнбағыс тұқымының майы кірпіктерді нәрлендіреді және күтеді;
    • карнауб балауызы қас пен кірпікті нығайтып, оларды ұзартады, аздаған зақымданулардан қорғайды;
    • өсімдік кешені суға төзімді етіп, бояудың жағылмауын қамтамасыз етеді.
    Artistry Go Vibrant™ көз макияжына арналған өнімдердің құрамында техникалық көміртек (күйе), тальк және қызыл кармин жоқ. Осы үш құрамдас зат денсаулыққа зиян екеніне қарамастан, көзге арналған құралдарда жиі кездеседі.

    Қызыл кармин жануарлардан алынатын өнім болғандықтан, біз одан бас тарттық.

    Зерттеушілер командасының бай тәжірибесінің арқасында біз көзге арналған сәндік косметиканың күні бойы (10 сағатқа* дейін) өзінің әсемдігімен және тұрақтылығымен қуантатын инновациялық әрі таза формулаларын әзірлеп шығардық.
    Формулалардың құрамында мына заттар жоқ:
    • Минералды майлар
    • Парабендер
    • Фталаттар
    • Хош иістендіргіштер
    • Біздің тізімімізге енгізілген бұдан басқа да қолдануға болмайтын құрамдас заттардың 1000-нан астам түрі

    Негізгі қасиеттері:

    Кірпікті барынша ұзартуға арналған суға төзімді тушь.
    Арнайы әзірленген формула мен ерекше щетка құралды түйіршіксіз оңай жағуға мүмкіндік береді.
    Жарты ай пішініндегі щетка әр кірпікті көтеріп қайырады, сол арқылы көзқарасты бұрынғысынан айқынырақ етеді.
    Суға төзімді және бояудың жағылуынан қорғайтын өсімдік кешенімен қамтамасыз етілген.
    Табиғи майлар кірпікке күтім жасайды.
    Тушь кірпікте 10 сағатқа дейін* сақталады.

    Негізгі құрамдас заттар:

    Nutrilite™ ақ чиа дәндерінің сығындысы өзінің тыныштандыратын және жұмсартатын қасиеттерімен белгілі.
    Құрамына Е, F және С дәрумендері қосылған дәруменді кешен.
    Жүзім сүйектерінің, жожоба дәндерінің және тікенекті макадамия дәндерінің майы кірпікті қоректендіруге, қорғауға және нығайтуға арналған.
    Суға төзімді және бояудың жағылмауын қамтамасыз ететін өсімдік кешені.
    «Таза сұлулық» стандарттары
    Artistry Go Vibrant™ вегандық формулалары Artistry™-дің таза сұлулық стандарттарына — Artistry™ өнімдерінің тазалығына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепілдік беретін қатаң ережелерге сәйкес келеді. Формулалардың құрамында жануар тектес құрамдас заттар жоқ, олар жануарларға сыналмайды және Веган қоғамымен тіркелген.
    * 3rd Party Clinical Study DEF-MKUET045(8)-22146 (DERMAPRO Ltd.)
    Барлығын көрсету
    САРАПШЫДАН ЛАЙФХАК
    Artistry Skin Nutrition™ макияжды кетіруге және теріні тазартуға арналған құралды (123791) тушьті жеңіл әрі ыңғайлы кетіру үшін қолдануыңызға болады.
    Барлығын көрсету
    Құрамы:
    ISODODECANE, TRIMETHYLSILOXYSILICATE, SYNTHETIC WAX, MICROCRYSTALLINE WAX/CIRE MICROCRYSTALLINE, HYDROGENATED POLYISOBUTENE, IRON OXIDES (CI 77499), POLYPROPYLSILSESQUIOXANE, MICA (CI 77019), PARAFFIN, SYNTHETIC BEESWAX, DEXTRIN PALMITATE, CETYL ETHYLHEXANOATE, DISTEARDIMONIUM HECTORITE, DEXTRIN ISOSTEARATE, SILICA, CALCIUM STEARATE, CELLULOSE, LAURYL PEG-8 DIMETHICONE, SORBITAN SESQUIOLEATE, 1,2-HEXANEDIOL, PROPYLENE CARBONATE, TOCOPHERYL ACETATE, CAPRYLYL GLYCOL, ETHYLHEXYLGLYCERIN, PENTYLENE GLYCOL, ISONONYL ISONONANOATE, SALVIA HISPANICA SEED EXTRACT, ARGANIA SPINOSA KERNEL OIL, MACADAMIA TERNIFOLIA SEED OIL, RICINUS COMMUNIS (CASTOR) SEED OIL, SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA) SEED OIL, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL, GLYCERYL LINOLEATE, GLYCERYL LINOLENATE, GLYCERYL ARACHIDONATE, ASCORBYL PALMITATE.
    Сақтау шарттары: +5 және +25°С аралығындағы температурада сақтаңыз
    Көлемі: 8,5 мл
    Кореяда шығарылған
    Барлығын көрсету
    Қолдану әдісі
    Табиғи, айқын көзқарасқа қол жеткізу үшін тушьті жарты айдың имек жағын жоғары қаратып жағыңыз. Жарты айдың сырт жағындағы қылшықтар әр кірпікті ажыратып бөлу үшін ұзынырақ етіп жасалған. Жарты айдың ішкі жағы құралды көп мөлшерде жағуға мүмкіндік беріп, ұзартатын әсерін күшейтуге көмектеседі.

    Үстіңгі кірпіктерге қолданған кезде щетканы көлденеңінен ұстап, кірпіктің түбінен ұшына қарай қозғалтыңыз. Астыңғы кірпіктерге щетканы тігінен ұстап, бояуды ұшымен жағыңыз.
    Барлығын көрсету